Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет12/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58

 
      4) медициналық мақсаттағы бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу;
 
      5) медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзу қызметі хабарлама жасау 
бойынша жүзеге асырылады.
 
      
Ескерту. 3-тарау 13-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 
N 36-V
 (алғашқы 
ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 
Заңымен.
 
      14-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
 
      1. Көрсетілетін медициналық және фармацевтикалық қызметтердің денсаулық 
сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану 
мақсатында денсаулық сақтау субъектілері және дәрілік заттардың, медициналық 
мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілер 
денсаулық сақтау саласында аккредиттелуге жатады.
 
      Жеке тұлғалар денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сарапшылық 
бағалау жүргізу үшін аккредиттелуге жатады.
 
      2. Аккредиттеу ерікті сипатта болады және аккредиттелетін субъектінің 
қаражаты есебінен және тыйым салынбаған өзге де қаражат есебінен жүзеге асырылады.
 
      3. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу олардың қызметінің уәкілетті 
орган бекіткен аккредиттеудің белгіленген  стандарттарына сәйкестігін сыртқы 
кешенді бағалау негізінде жүргізіледі және ол мемлекеттік тапсырысты орналастыру 
кезінде ескеріледі.
 
      4. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі 
үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу олардың біліктілігін кешенді бағалау негізінде 
жүргізіледі.
 
      Тәуелсіз сарапшылар тарту тәртібін Қазақстан Республикасының 
Үкіметі белгілейді.
 
      5. Аккредиттеуді уәкілетті орган не уәкілетті орган аккредиттеген ұйым 
жүргізеді.
 
      6. Денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) 
денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу жөніндегі тиісті комиссияларды құрады және 
аккредиттелген субъектілер мен тәуелсіз сарапшылардың деректер банкін 
қалыптастырады.
 
      Аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені уәкілетті орган бекітеді.
 
      Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 
N 452-IV
 (2011.10.13 
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      15-бап. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау
 
      1. Денсаулық сақтау саласындағы аттестаттау - денсаулық сақтауды мемлекеттік 
басқарудың жергілікті органдары басшыларының, республикалық денсаулық сақтау 
ұйымдары басшыларының және олардың орынбасарларының (медициналық білімі бар), 
сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық 
сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ведомстволық бағынысты 
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының (бұдан әрі - аттестатталатын 
адамдар) кәсіптік құзыретінің деңгейін айқындаудың кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын 
рәсімі.
 
      2. Уәкілетті орган денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті 
органдары, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының және олардың 
орынбасарларының (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілігін аттестаттауды 
жүргізеді.
 
      3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық 
сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі - денсаулық 
сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары) ведомстволық бағынысты 
мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігін 


 
аттестаттауды жүргізеді.
 
      4. Уәкілетті орган мен денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті 
органдары аттестаттаудың объективті және құзыретті түрде жүзеге асырылуы мақсатында 
аттестаттау комиссияларын құрады.
 
      5. Аттестаттау кезіндегі бағалаудың негізгі критерийі аттестатталатын 
адамдардың өздеріне жүктелген міндеттерді орындау құзыреттілігі болып табылады.
 
      6. Аттестатталатын адамдар әрбір келесі үш жыл өткен сайын, бірақ тиісті 
лауазымға орналасқан күннен бастап бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
 
   4-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ СТАНДАРТТАР, 
ТАУАРЛАРДЫҢ (ЖҰМЫСТАРДЫҢ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ) 
СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ ЖӘНЕ ЖАРНАМА 
      16-бап. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар
 
      1. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың түрлері:
 
      1) денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу стандарттары;
 
      2) денсаулық сақтау саласындағы операциялық рәсімдер стандарттары;
 
      3) медициналық және фармацевтикалық білім беру стандарттары;
 
      4) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканың айналысы саласындағы стандарттар.
 
      2. Денсаулық сақтау саласындағы стандарттар Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіледі.
 
      17-бап.  Денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың
 
                 (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
 
                сәйкестігін растау
 
      1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы тауарлардың (жұмыстардың, 
көрсетілетін қызметтердің) сәйкестігін растау олардың адам өмірі мен денсаулығы 
үшін қауіпсіздігін айқындау мақсатында жүргізіледі және Қазақстан Республикасының 
техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
       2. 
Алып тасталды -
 
ҚР 2012.07.10 
N 34-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
       3. 
Алып тасталды -
 
ҚР 2012.07.10 
N 34-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 
N 34-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      18-бап. Денсаулық сақтау саласындағы жарнама
 
      1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканы жарнамалау уәкілетті орган белгілеген тәртіппен берілетін рұқсат бар 
болған ретте жүзеге асырылады.
 
      2. Медициналық қызметтер көрсетудiң, профилактиканың, диагностиканың, емдеу 
мен медициналық оңалтудың әдiстерi мен құралдарының (бұдан әрi - көрсетiлетiн 
қызметтердің) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканың, тағамға биологиялық активті қоспалардың жарнамасы дәйекті болуға, 
арнаулы білімсіз немесе арнаулы құралдарды қолданбай түсініліп-танылуға, басқа да 
көрсетілетін қызметтермен, дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен 
және медициналық техникамен, тағамға биологиялық активті қоспалармен салыстыруды 
болғызбауға, тұтынушыларды, олардың сеніміне, оның ішінде сипаттамаларына
құрамына, тұтынушылық қасиеттеріне, құнына (бағасына), қолданудың болжамды 
нәтижелеріне, зерттеулер мен сынақтар нәтижелеріне деген сеніміне қиянат жасау 
арқылы жаңылыстырмауға тиіс.
 
      3. Мыналарға:
 
      1) Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау