Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
2016 жылдың жоспардың орындалуы туралы
Ақпарат
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Халықты жұмыспен қамту шараларының жүзеге асырылуы:
2016 жылы жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналасу мәселесімен 1131 адам жүгінді, сонымен қатар «Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 373 адам қатысты.
2016 жылы 880 адам жұмыспен қамтамасыз етілді немесе жұмыспен қамту бөліміне жұмысқа орналасу мәселесімен жүгінген азаматтардың санынан жұмысқа орналасу деңгейі 77,8% құрады.
2016 жылы 820 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, нақты құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 1046-ға жетті немесе 127,5%-ға орындалды.
Катонқарағай ауданы бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халық 14032 адамды құрайды, оның ішінде 13403 адам жұмыспен қамтылған адамдар, 629 жұмыссыз азаматтар немесе жұмыссыздық деңгейі 4,5 %.
2017 жылдың 01 қаңтарына жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген жұмыссыздар саны 91 адам немесе экономикалық белсенді халықтың 0,6% құрады.
Жыл басынан ақылы қоғамдық жұмыстарға жоспардағы 260 адамның орнына 262 адам қатысты, жоспар 100,7 %-ға орындалды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам жіберуге жоспарланған, нақты 16 адам қатысты немесе жоспар 106,7% орындалды.
2016 жылы 30 жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқуға жіберуге жоспарланған, нақты 35 адам жолданды, орындалуы 116,7 % құрады.
Жастар практикасына 15 түлекті жіберу жоспарланған, жыл басынан барлығы 18 түлек қатысты, немесе жоспар 120%-ға орындалды.
2016 жыға арналған халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу кешенінің жоспары бойынша 867 адамды жұмыспен қамтуға жоспарланып, нақты 1313 адамды құрады немесе жоспардың орындалуы 151% құрады.
Аз қамтылған тұрғындардың көлемін азайтуға бағытталған шаралар:
Атаулы әлеуметтік көмекті отбасылар саны -29 отбасы (135 адам), 2015 жылменсалыстырғанда алушылардың саны 25%-ға азайды (2015жылы -40 отбасы, 180 адам ). 2016 жылға бөлінген қаражат толық игерілді.
Балаларға мемлекеттік төленетін жәрдемақыларды алатын отбасылар саны 318 отбасыны құрады (оның ішінде 858 бала), 2015-жылмен салыстырғанда алушылардың саны 5,9 пайызға азайды (2015 жылы -337 отбасы, 911 бала). 2016 жылға бөлінген қаражат игерілді.
2016 жылы тұрғын үй көмегін отбасылар саны-54 отбасы (84 адамды) құрады. 2015 жылмен салыстырғанда отбасылар саны 8,5%-ға азайды (2015 жылы-59 отбасы болса, алушылар саны -80 адам). 2016 жылға бөлінген қаражаты толығымен игерілді.
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша АҚПАРАТ
Ауданда әлеуметтік келісім шарт жасасу негізінде жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен жеке тұлғаларға (отбасыларға) мемлекет ұсынатын шартты ақшалай көмекке бағытталған төлем- «Өрлеу» пилоттық бағдарламасы енгізілуде. «Өрлеу» бағдарламасы бойынша ақшалай көмекті (ШАК) енгізудің мақсаты азаматтардың табысы аз санаттарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға ынталандыру болып табылады.
«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша ашалай көмек алатындардың саны 57 отбасыны құрады (оның ішінде 260 адам), 2015 жылмен салыстырғанда алушылардың саны 61,5%-ға көбейді (2015жылы -34 отбасы, 161 адам ).
2016 жылға бөлінген қаражаты толығымен игерілді.
.
Мүмкіндігі шектеулі балалар, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар адамдар, жалғыз басты қарттар мен жалғыз басты мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуде
қолданылатын шаралар:
Жалпы әлеуметтік қызметкерлер көмек көрсетіп отырғандардың саны- 183 адам, оның ішінде:
Мүгедек балалар саны-23
18 ден асқан психоневрологиялық бұзылушылықтары бар адамдар
саны- 37
жалғызбасты қарттар мен мүгедектер саны-123
2016 жылдың аудан бюджетінен үйде тәрбиеленетін және оқытылатын 9 мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруға қаражат бөлініп, толық игерілді.
2016 жылғы 01 қыркүйек айында Мүмкіндіктері шектеулі балаларға, 18 жастан асқан психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектерге және қарт азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі Катонқарағай аумақтық орталығы ашылды, қызмет алушылар саны – 20, оның ішінде, мүгедек балалар саны – 8, 18 жастан асқан психоневрологиялық бұзылушылықтары бар адамдар саны - 12.
ҰОС ардагерлеріне және тыл зейнеткерлеріне әлеуметтік қызмет көрсетуде қолданылатын шаралары:
Жеңіс күні қарсаңында 3 Ұлы Отан соғысы мүгедегі мен 6 Ұлы Отан соғысы ардагерлерлеріне 4 млн 680 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек төленді. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (оның ішінде, жауынгерлердің жесірлері, интернационалист жауынгерлер, Чернобыль АЭС апатына қатысушылары) 3 млн 111 мың теңге материалдық көмек көрсетілді. 8 наурыз- Халық аралық әйелдер күні мерекесіне және 1- маусым Балаларды қорғау мерекесіне арнап «Алтын алқа», «Күміс алқа» атағын алған және 1, 2 дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 4 және одан да көп балалары бар көпбалалы аналарға 10217 мың теңге қаражаты беріліп,төленді.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша жүзеге асыру шаралары:
2016 жылдың Катонқарағай ауданы бойынша жалпы мүгедектер саны 1310-ны құрайды, 1,2-топ- 651, 3- топ -577, мүгедек балалар саны- 75.
2016 жылы міндетті гигиеналық құралдармен 54 мүгедек қамтамасыз етіліп, соның ішінде памперстер - 48633 дана алынды.
Ағымдағы жылы бөлімге жұмысқа орналасу мәселесімен 49 мүгедек жүгінді, 33 тұрақты жұмыс орнына орналастырылды, 6-ы уақытша жұмыс орнына, 6-ы қоғамдық жұмысқа қатысты, 5-і қайта даярлау оқуына жіберілді.
2016 жылы «Уба» шипажайында зейнеткер, үшінші топтағы мүгедектер денсаулықтарын жақсартты
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдараламасының жүзеге асырылуы бойынша ақпарат
Бағдарламаның бірінші бағыты «Инфрақұрылым мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» аясында 2016 жылы республикалық бюджеттен 4 транш бойынша 19 білім беру, мәдениет және ТҮКШ нысандары бекітілген. Сонымен қатар 9 денсаулық нысандарын жөндеу жұмыстарына қаражаттың бағдарлама администраторы - денсаулық сақтау басқармасы болып табылады, яғни облыстық қаражат. Барлығы 170 жұмыс орындары ашылып, соның 98 жұмыс орны халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы ашылған.
Екінші бағыт – «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту».
2016 жылы бағдарламаның екінші бағытының қатысушыларына несие бөлінген. Бүгінгі күні 28 адам несие алған. Соның ішінде жеке шаруашылығын дамытуға, жылқы өсіруге , басқа бағыттарға қаражат берілген.
Игерілуі - 101% . 28 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Үшінші бағыт - «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу».
Бағдарламаның үшінші бағытының екінші компонентін жүзеге асыру үшін 2016 жылы кәсіптік оқытуға сұранысқа ие болған жұмыс мамандықтары бойынша 9 адам жіберілді, соның ішінде «электрик» (3 адам), «ветеринарлық санитар» (3 адам), «электродәнекерлеуші» (3 адам).
Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 10 адам, жолданғаны 13 адам (130%). Жұмыс берушілермен 6 келісім шарт жасалды. Бөлінген қаражат 100% игерілді.
Жастар іс-тәжірибесіне жоспар бойынша 10 адам, жолданғаны 14 адам (140%). Бөлінген қаражат 100% игерілді.
Достарыңызбен бөлісу: |