Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы



жүктеу 0,79 Mb.
Pdf просмотр
бет17/58
Дата07.02.2020
өлшемі0,79 Mb.
#28564
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58

 
   7-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ 
      26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың
 
               объектілері мен субъектілері
 
      1. Денсаулық сақтаудың электрондық ақпараттық ресурстары, ақпараттық жүйелері 
мен электрондық қызметтер көрсетуі денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың 
объектілері болып табылады.
 
      2. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру саласындағы қызметті жүзеге 
асыратын немесе құқықтық қатынастарға түсетін мемлекеттік органдар, жеке және заңды 
тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың субъектілері болып 
табылады.
 
      3. Денсаулық сақтау саласының ақпараттандыру саласындағы қызмет "электрондық 
үкімет" шеңберінде денсаулық сақтау саласының ақпараттық және коммуникациялық 
инфрақұрылымын дамытуды, жеке және заңды тұлғаларды медициналық-статистикалық 
ақпаратпен қамтамасыз етуді, сондай-ақ өзге де электрондық қызметтер ұсынуды 
қамтиды.
 
      27-бап. Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандырудың
 
               принциптері
 
      Денсаулық сақтау саласындағы ақпараттандыру мынадай:
 
      1) басқарудың барлық деңгейлеріндегі әкімшілік процестерді стандарттау мен 
ресмилендіру, денсаулық сақтауды басқарудың бірыңғай саясатын әзірлеу мен іске 
асыру;
 
      2) денсаулық сақтау және ақпараттандыру саласындағы халықаралық стандарттарды 
кеңінен пайдалану;
 
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектелген 
электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, денсаулық сақтау органдары мен 
ұйымдарының қызметі туралы ақпаратты қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға 
еркін қолжетімділікті қамтамасыз ету;
 
      4) жариялы таратылуының міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық 
ресурстарды берудің уақтылығы, оның объективтілігі, толықтығы және дәйектілігі;
 
      5) денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстары деректерінің сақталуы мен 
құпиялылығын қамтамасыз ету;
 
      6) жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық 
ақпараттық ресурстардың құпиялылығын және пациенттің өз дербес деректеріне қол 
жеткiзуiн қамтамасыз ету;
 
      7) медициналық ақпараттың пациентпен ілесе жүруін қамтамасыз ету 
принциптеріне негізделеді.
 
      
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.05.2013 
№ 95-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
      28-бап. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін
 
               қорғауды қамтамасыз ету
 
      1. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық 
ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, 
олардың жиналуы, өңделуі жинау мақсаттарымен шектеледі.
 
      2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше 
белгіленбесе, жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын 
электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін дербес деректерді жинау, өңдеу 
жеке тұлғаның (пациенттің) немесе оның заңды өкілінің келiсiмімен жүзеге асырылады.
 
      3. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерін қамтитын электрондық 
ақпараттық ресурстарды алған ақпараттық жүйелердiң меншiк иелерi немесе иелерi 
оларды қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. Мұндай мiндет жеке тұлғалардың 
(пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар алынған 


 
кезден бастап оларды жойып жiбергенге дейін не иесіздендiргенге дейiн немесе осы 
дербес деректер өзiне қатысты адамнан оларды жария етуге келiсiм алынғанға дейiн 
туындайды.
 
      4. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық 
ақпараттық ресурстарды мүлiктiк және (немесе) моральдық зиян келтiру, Қазақстан 
Республикасының заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтар мен бостандықтарды iске 
асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берiлмейдi.
 
      5. Жеке тұлғалардың (пациенттердің) дербес деректерiн қамтитын электрондық 
ақпараттық ресурстарға медицина персоналының қол жеткізуіне жеке тұлғаға 
(пациентке) медициналық көмек көрсету мақсатында ғана рұқсат берілуге тиiс.
 
      
Ескерту. 28-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.05.2013 
№ 95-V
 (алғашқы ресми 
жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
 
   8-тарау. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ 
      29-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық
 
               ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары
 
      1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары:
 
      1) Қазақстан Республикасының және оның азаматтарының денсаулық сақтау 
саласындағы мүдделерін қорғау;
 
      2) Қазақстан Республикасының эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
 
      3) денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді мемлекетаралық деңгейде шешу үшін 
халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін қолдану;
 
      4) салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру болып табылады.
 
      2. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың бағыттары:
 
      1) денсаулық сақтау саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу;
 
      2) денсаулық сақтау саласындағы техникалық көмекті мемлекетаралық деңгейде 
тарту және көрсету;
 
      3) Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелге емделуге жіберу және 
шетелдік азаматтарға медициналық көмек көрсету;
 
      4) халықаралық инновациялық технологияларды енгізу және денсаулық сақтау 
жүйесін жаңғырту;
 
      5) әлемдік медицина ғылымына интеграциялану;
 
      6) медицина және фармацевтика қызметкерлерінің ақпараттық және зияткерлік 
ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;
 
      7) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру 
мен қайта даярлау саласындағы мемлекетаралық өзара іс-қимыл;
 
      8) төтенше жағдайлар туындаған кезде денсаулық сақтау саласында халықаралық 
көмек көрсету;
 
      9) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық 
техниканың айналысы саласында ақпарат, технология алмасу және фармацевтикалық және 
медициналық өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптарды үйлестіру;
 
      10) шекараларды санитариялық қорғау, әкелінетін өнімнің қауіпсіздігін 
қамтамасыз ету болып табылады.
 
      30-бап. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық
 
               ынтымақтастықтың экономикалық және құқықтық
 
               негіздері
 
      1. Денсаулық сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың экономикалық 
негізін:
 
      1) халықаралық ұйымдарға берілетін міндетті және ерікті жарналар;
 
      2) халықаралық жобалар мен іс-шараларды қаржыландыруға қатысу;
 
      3) гранттарды тарту мен пайдалану;
 
      4) жасалған халықаралық шарттарға сәйкес қаржыландыру құрайды.
 


жүктеу 0,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау