Тлеуова Бақытгүл Дүйсеналықызы Химия-биология пәні мұғалімі



жүктеу 3,39 Mb.
Дата20.11.2018
өлшемі3,39 Mb.
#22282
  • Талшықтардың классификациясы — талшықтар табиғи және химиялық деп бөлінеді. Табиғи материалдардан: мақта, кенеп, жүн, табиғи жібектен бірден алынатын талшықтарды табиғи талшықтарға, ал химиялық әдістер көмегімен көмегімен өндірілетін талшықтарды химиялық талшықтарға жатқызады.
  • Химиялық талшықтарды ары қарай жасанды және синтетикалық деп бөледі.
  • Жасанды деп - табиғи жоғары молекулалық заттарды (мысалы, клетчаткалар, белоктар) өңдеу жолымен алынатын талшықтарды атайды. Оларға вискоза, ацетат, казеин және басқа да талшықтар жатады.
  • Синтетикалық деп синтетикалық полимерлерден жасалатын талшықтарды атайды.
  • Синтетикалық талшыққа мысал ретінде капрон талшығын алуға болады. Синтетикалық талшықтарды алу үшін алдымен мономерлерге синтездейді; мономерлерден полимер, ал полимерлерден синтетикалық талшық жасап шығарады.
  • 1.Жібек
  • Жібек құртының пілләссынан өндіріліп, тоқыма мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Кейде ол талшықтан тоқылған матаны да жібек деп атайды. Жібек құрты қуыршаққа айналар алдында арнаулы бездері бөлетін жібек жіпше піллә түзеді. Өндірістік жібек негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін(асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынады. Асыранды жібек құрты барлық жібектің 90% береді. Көп еібек қажет ететіндіктен жібек ең қымбат талшық саналады, сондықтан қазір жасанды жібек өндірісі жолға қойылған. Жалғыз пілләдан алынған талшық тым жіңішке болғандықтан, тікелей өндірісте қолданылмай, тек жібек қасиетін зерттеу үшін пайдаланылады. Жібектің механикалық қасиеттері жоғары әрі жақсы диэлектрик, 120-130 С ыстыққа төтеп береді, тек 160-170С та ыдырай бастайды. Табиғи жібек талшықтарынан тоқылған маталарды ерте замандарда адамдар өте жоғары бағалаған. Жібек маталар алғаш Қытайда шығарылып, Ұлы Жібек жолы арқылы Еуропа елдеріне таралған. Жібек құрты қазір тек Оңт. Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында, Қытай, Жапония, Үндістан және т. б. елдерде өсіріледі
  • 2.Жүн
  • Қой, ешкі, түйе және т. б. жануарлардың түрі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал тартқыш және берік болады. Қой, ешкі және түйе жүні құнды шикізат болып есептеледі. Дүние жүзінде қой жүні көп өндіріледі. Қой жүні талшықтарының жуан-жіңішкелігіне, құрылымына қарай бөлінеді. Жүн құрамындағы қылшықтардың ара қатынасы қой тұқымына байланысты әр түрлі болады. Сондықтан қой жүні биязы, биязылау, ұяң және қылшық жүн деп бөлінеді. Биязы жүн талшығының жіңішкелігі 14, 2-25 мкм, ұзындығы менирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл жүннен жоғары сапалы мата тоқылады. Биязылау жүн біркелкі ірілеу жүн мен аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25, 1-35 мкм. Мұндай жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң жүн құрамында жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады. Ұяң жүннен кілем тоқылады. Қылшық жүннің құрамында қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай жүн киіз, киіз аяқ киім, т. б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға. бағып, күтуге байланысты. Ешкі жүні қылшықты, түбіт аралас болады. Ангор, т. б. ешкі тұқымының жүні биязылау келеді. Түйе жүні берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт киім, әр түрлі бұйымдар жасалады. Сиыр, жылқы жүндерінен киіз, қоян жүнінен жеңіл киім жасайды. Ит жүні емдік мақсатта қолданылады
  • Кендір талшығы
  • Кендір талшықтары беріктігімен қатар ұзын әрі жіңішке, жұмсақ әрі жылтыр келеді. Сондықтан одан тоқыма өндірісінде ланылатын жіп иіріледі. Кендір талшығы кендір паясынан алынады да, сапасына(ұзындығына, жуандығына және түсіне)қарай бөлініп, түту машинасына жіберіледі. Түту нәтижесінде тал, тал ұзын талшықтармен қатар шатысқан қысқа талшықтар да алынады. Бұлар сапасына қарай әр түрлі жұйемен иіріледі. Ұзын талшықтардан жіп иіру үшін түтілген кендір алдымен дестелеуүш машинадан, сонан соң 3-4 лента машинасынан өткізіліп шүйкеленеді. Шүйкеленген талшық иіру машинасында қажетті мөлшерге дейін жіңішкертіледі де, беріктігі тиісті шамаға жеткізіле ширатылады. Қысқа талшықтардан жіп иіру үшін олар алдын ала көпсітіліп әрі тазартылып, білікті түту машинасының көмегімен ленталанады. Бұл лентадан екі, үш лента машинасы мен бір созу машинасынан өткізе отырып шүйке жасайды.
  • Химиялық талшықтардың табиғи талшықтармен салыстырғанда көптеген қолайлы жақтары бар.
  • Біріншіден, химиялық талшықтарды жасауға жұмсалатын қаржы табиғи талшықтарға қарағанда аз кетеді. Екіншіден, химиялық талшықты өндіру сияқты географиялық және климаттық жағдайларға байланысты болмайды, оны кез келген жерде және көп мөлшерде өндіруге болады. Үшіншіден, өзінің негізгі қасиеттері мықтылығы, әр түрлі әсерлерге төзімділігі, жылу сақталғыштығы, мыжылмайтындығы жөнінен химиялық талшықтар табиғи талшықтарға қарағанда жақсы болады. Олар шірімейтін болғандықтан, автомобиль доңғалақтарына қосылады, оны әр түрлі арқандар, балық аулайтын аулар жасауға қолданылады.
  • Химиялық талшықтар алу үшін полимерлер еріген немесе балқыған синтетикалық полимерлер болулары керек. Оларды жоғары қысыммен тар фильерлерден өткізгенде ауа арқылы түзілген талшықтар кебеді, сонан соң оларды орауға немесе созуға келеді.
  • Жасанды талшық табиғи органикалық полимерлерден синтездеу арқылы алынатын химиялық талшық. Жасанды талшық ең алғаш өнеркәсіптік масштабта 1891ж. Францияда целлюлоза нитратынан өндірілді. Жасанды талшықтарға вискозалы, мыс аммиакты, ацетатты, ақуыздық жасанды талшықтар жатады. Вискозадан мыс аммиакты және ацетатты талшықтарды алуға, көбінесе, мақта целлюлозасы пайдаланылады. Белоктық талшықты алуға өсімдіктекті және жануартекті(мыс. , казеин)ақуызды қолданылады. Жасанды талшықтарты полимер ерітінділерінен құрғақ немесе ылғал әдіспен қалыптап, тоқыма не арқан жіп ретінде шығарады. Жасанды талшықтың кемшілігі гигиеналық және гидроскопиялық қасиеттерінің төмендігі. Алайда берік, төзімді әрі арзан болғандықтан жасанды талшық өндіру артуда.
  • Ағаш целлюлозасын сілті және күкірт, көміртегімен өңдеп, одан шыққан тұтқыр ерітіндіні өте кішкене тесікті фильерадан сығып өткізу жолымен өте жіңішке жіп алынады. 13м ағаштан 200кг целюлоза, 160кг жіп не 1550 м тоқыма алынады. Вискоза талшықтарын мақта, табиғи жібек, жүн, бір қатар синтетикалық заттармен араластырып, іш киімді, көйлектік, костюмдік маталар, трикотаж даярлауға пайдаланылады
  • Мыс оксидінің аммиакты ерітіндісінде қысқа мақта талшықтарын ерітіп алады, оны жүнге қосып кілем тәрізді мата алады. Екеуі табиғи талшықтарға ұқсас: беті тегіс, иілгіш, созылғыш, жылтыр, жұмсақ, бірақ мықтылығы, әсіресе, ылғал тигенде нашар. Сондықтан мүмкіндігінше созуға, үйкеуге, ширатуға, ұзақ қыздыруға болмайды. Ал құрғатқан кезде беріктігі бұрынғы қалпына келеді.
  • Тоқыма талшықтарына қойылатын негізгі техникалық талап-жоғары механикалық беріктік. Ол затта әсер ететін молекула аралық тартылыс күштеріне байланысты. Молекулалар неғұрлым үлкен және бір-біріне жақын орналасқан болса, соғұрлым ол күштер көп болады. Химиялық талшықтар өндірісінде пайдаланылатын полимерлер тәртіпсіз орналасқан сызықты молекулалардан тұрады. Полимерге беріктігі жоғары талшықты структура беру үшін, олардың түзу бойына орналасуын тәртіптеу керек. Полимер макромолекулаларының, олардың қайта орналасу процесінде, көбірек қозғалғыштық пайда болу үшін, алдын ала молекула аралық күштерін кеміту қажет. Бұл заттарды еріту немесе балқыту жолымен іске асырылады. Осыған химиялық талшықтар өндірудің екі әдісі негізделген: ерітіндіден иіру және балқымадан иіру.
  • Синтетикалық талшықтардың смола балқымасынан қалыптасуы(мысалы: капрон). Ұсақталған смоланы бункерден қондырғының балқу жүретін бас тетігіне береді. Қыздырылып тұратын торда смола балқиды. Қоймалжың балқыма фильерге түседі, одан жіңішке ағым түрінде шахтаға шығады. Шахтаға суық ауа беріледі. Ағым суығанда жіңішке талшықтар алынады. Оларды әр түрлі жылдамдықпен айналып тұратын роликтерге созады және жіпке айналдырады.
  • Көптеген синтетикалық талшықтарды, пластмассалар қай мономерден алынатын болса, сол мономерден алады (полителен, полипропилен, поливинилхлорид, полистирол және басқа да талшықтар)
  • Целлюлоза (лат.cellula— клетка)-полиглюкопираноза,негізгі құрам бөліктері өсімдіктер клеткаларының қабығын түзетін үлкен молекулалы көмірсу (полисахарид). Целлюлоза өсімдік тіндеріне механикалық беріктік, серпімділік қасиет береді. Ол өсімдіктерде қарапайым көмірсулардан күрделі биохимиялық  синтез нәтижесінде түзіледі. Целлюлоза макромолекуласының қарапайым бунақтары  глюкозаангидриді (глюкопираноза) болып саналады. Целлюлоза негізінен кейбір өсімдіктер талшықтарының құрамында болады, мысалы, (мақта талшығында ағашта ), тінді дақыл талшықтарында (зығырда және талшықты көп жылдық өсімдік), т.б. көп. Целлюлозаның молекулалық массасы қай өсімдіктен алынғанына байланысты бірнеше миллиондаған көміртектік бірлікке дейін барады. Оның молекуласының құрылымы сызықты тармақталған, сондықтан, бір жылдық өсімдік сабақтарында (қамыс, жүгері, астық тұқымдастарда 30 — 40,қалақайында 80 — 90, мақта, зығыр, кендір т.б. талшықты материалдардың) целлюлозадан түзілетіндігі осыған байланысты.
  • Табиғи талшықтарда Целлюлоза макромолекулалары бір бағытта түзу орналасқандықтан талшықтары механикалық берік болады. Тоқу кезінде мақта, зығыр талшықтарынан ұзын және берік жіптер ширатылады. Ағаштан алынған Целлюлоза молекулалары да сызықты тармақталғанымен ретсіз орналасып, бірыңғай бағытталмайды, сондықтан ағаштан жіп ширатылмайды. Табиғи және синтездік үлкен молекулалы қосылыстар сияқты Целлюлоза да жартылай дисперсті. Оның себебі — кіші молекулалы фракциялардың болуы. Целлюлозаны химиялық жолмен қайта өңдеу одан жасалатын бұйымдардың қасиеттеріне күшті әсер етеді. Целлюлоза молекулалары күшті созылған, бірақ мықты емес, молекуласының пішіні әр түрлі әдістермен өңдеу кезінде көп өзгереді. Целлюлоза суда, сілті ерітіндісінде ерімейді, суда ісінеді, сілтілік металдар гидрототығының ерітінділерінде және кейбір тұздар мен қышқылдар ерітінділерінде күштірек ісінеді. Ағашты ауа қатыстырмай қыздырғанда Целлюлоза термоядролық жолмен ыдырап, органикалық ұшқыш заттар және су, көмір түзеді. Түзілген органик. өнімдерде метил спирті, сірке қышқылы, ацетон болады. Табиғатта таза күйінде Целлюлоза кездеспейді. Целлюлоза азот қышқылы эфирлерінің маңызы зор, ол күкірт қышқылы қатысында Целлюлозаға азот қышқылымен әсер еткенде түзіледі. Целлюлоза механикалық беріктігіне байланысты кеңінен қолданылады, одан түрлі бұйымдар дайындалады,Мата тоқылады, арқан есіледі, қағаз жасалады. Целлюлозаны гидролиздеу және одан түзілген глюкозаны ашыту арқылы этил спирті алынады. Оның химиялық өңдеу жолымен алынған эфирлері жасанды талшық, жұқа пленка, сыр, пластмасса, мылтық дәрісін өндіруде қолданылады.

жүктеу 3,39 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау