Қосымша
Маңғыстау облысы әкімдігің
2015 жылғы «___» __________
№ ____ қаулысымен бекітілген
«Жаңа серпін» орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ж А Р Ғ Ы С Ы
Ұйымдық-құқықтық нысаны
|
- Коммуналдық мемлекеттік
мекеме (КММ)
|
Мемлекеттік меншік түрі:
|
- коммуналдық
|
Орналасқан жері
|
- Қазақстан Республикасы
Маңғыстау облысы, 130000,
Ақтау қаласы, 23 шағын аудан
|
Ақтау – 2015 жыл
1. Жалпы ережелер
1. «Жаңа серпін» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – коммуналдық мемлекеттік мекеме) жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы «___» _________ № _____ қаулысымен құрылды.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкімдігі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
5. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы болып табылады.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Жаңа серпін» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Центр «Жаңа серпін».
7. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан.
2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
8. Коммуналдық мемлекеттік мекеме ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
9. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы жазылған мөрі болады.
10. Коммуналдық мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы бола алмайды.
11. Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
12. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.
3. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаттары
13. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні Маңғыстау облысының жастарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Маңғыстау облысының жұмыссыз халқының жұмыспен молырақ қамтылуына жәрдемдесу бойынша іс-шараларды іске асыру, жұмыс берушілердің, кадр агенттіктерінің өзара іс-әрекетінің тетіктерін әзірлеу болып табылады.
15. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мақсатқа қол жеткізу үшін қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) жұмыссыз халықтың біліктілік сипаттамасының сапасын жақсарту және сапалы өсуіне ықпал ететін іс-шараларды іске асыру;
2) жұмыссыз азаматтарға кеңес, заң көмегін беру, сондай-ақ оқушы жастрды кәсіби бағдарлау, оның ішінде кәсіби диагностикадан өткізу бойынша қызметтер көрсету;
3) азаматтарды жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламаларға қатысу мәселесі жөнінде хабардар ету;
4) кәзіргі заманғы ақпараттық технологияларды, еңбек ресурстарын басқару тиімділігін арттыру іс-шараларын енгізу, жұмыссыздар үшін кеңес беру қызметтерінің ақпараттық алаңдарын, және консалтингті дамыту;
5) жұмыссыз халықа кәсіби даярлықты, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
6) жұмыссыз халық арасында кәсіпкерліктің дамуына және молырақ өзін-өзі жұмыспен қамтуға, кеңес беру, қаржылық, техникалық рестурға қол жетімділік және т.б. жәрдемдесу;
7) жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, жұмыспен қамту органдарының мамандары үшін оқыту семинарлары мен тренингтерді ұйымдастыру және өткізу;
8) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру тетіктері мен құралдары туралы жұмыс берушілерге кеңес береді;
9) мемлекеттік бағдарламалар, қажет етілетін мамандықтар бөлінісінде жұмыс органдарын құруға болжам жасау және бос жұмыс органдарына мониторинг жүргізу;
10) жұмыс күшіне сұранысты қанағаттандыру үшін ұйымдардың еңбек ресурстарына, оларды қоныстандыру үшін тұрғын үй құрлысының қажеттіліктерін айқындау;
11) жұмыс күші шамадан тыс елді мекендерден еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
12) оқыту бағдарламаларымен қамтылған тұлғалар үшін коммуналдық жатақхананы басқару, сондай-ақ облыстық жұмыс күші шамадан тыс елді мекендерден көшіп келген, жұмысқа орналыстырылған жұмыссыздарды уақытша орналастыру;
13) жұмыссыздарға қызмет көрсету ұтқыр орталығының жұмыс істеуі;
14) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес азаматтардың, жұмыс берушілерінің және ұйымдардың шағымдары мен өтініштерін қарау;
Коммуналдық мемлекеттік мекемеге жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
16. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не директордың жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле тиісті саланың уәкілетті органының немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
17. Коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының коммуналдық мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.
4. Коммуналдық мемлекеттік мекемені басқару
18. Коммуналдық мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүзеге асырады.
19. Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) коммуналдық мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
2) коммуналдық мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
3) коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) коммуналдық мемлекеттік мекеме жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
5) коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
6) коммуналдық мемлекеттік мекеме директорының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
7) коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штаттық санын бекітеді;
8) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
20. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
21. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына және коммуналдық мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
22. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және коммуналдық мемлекеттік мекеменің жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
23. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметті жүзеге асыруы барысында мемлекеттік мекеме директоры Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) коммуналдық мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5) банк шоттарын ашады;
6) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
7) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
8) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
9) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы жарғымен және Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.
5. Коммуналдық мемлекеттік мекеме
мүлкінің құрылу тәртібі
24. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) өз қызметі барысында сатып алған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
25. Коммуналдық мемлекеттік мекеме дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
26. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметі жергілікті бюджеттен қаржыландырады.
27. Коммуналдық мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
6. Коммуналдық мемлекеттік мекемедегі
жұмыс тәртібі
28. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
7. Құрылтай құжаттарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
29. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен енгізіледі.
30. Жарғыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
8. Коммуналдық мемлекеттік мекемені
қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
31. Коммуналдық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Маңғыстау облысы әкімдігінің шешімі бойынша жүргізіледі.
32. Коммуналдық мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген басқа негіздер бойынша да таратылады.
33. Таратылған коммуналдық мемлекеттік мекеменің кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін калған мүлкін Маңғыстау облысының әкімдігі қайта бөледі.
34. Таратылған мемлекеттік мекеменің мүлкін өткізу нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, осы заңды тұлғаның кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған ақшасы облыстық бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.
Достарыңызбен бөлісу: |