Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



жүктеу 12,08 Mb.
Pdf просмотр
бет158/271
Дата10.04.2023
өлшемі12,08 Mb.
#42092
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   271
Мәтін, Жағдай, Аспект
түсініктерін күнделікті 
сабақта оқып, түсініп, тапсырмаларын мұқият орындауы шарт, ал мұндай тапсырмаларды орындау 
дағдыларын қалыптастырып, дамыту жауапкершілігі ұстазға жүктелетіні сөзсіз. Егер ұстаз осы 
жолда үнемі ізденетін болса, өзінің еңбегінің жаңа бір қырынан нәтижесін көреді деген ойға келдім. 
Өз сабақтарымда қолдануда осыған көз жеткіздім, ұғынғаным оқушыда ешқандай бос уақыт 
болмайды, қызығушылығы туындағандығы сонша, жұмыссыз отырмайды. Сонымен қатар оқушыда 
жауапкершілік, еркіндік, сыйластық, өзіндік көзқарас қалыптасады. Бұрын мүлде дайындықсыз 
келіп, сабақтың бітуін мазасыздана күтетін оқушы, мүмкіндік бар екендігін сезінеді. 
Әдебиет: 
1.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000832 
2. Оқу сауаттылығы.Мұғалімнің жұмыс дәптері. PEARSON 2013 жыл 
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі. «Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім 
академиясы» РМҚК «TIMSS және PISA халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындауға 
арналған тапсырмалар жинағы», Астана: 2016 жыл 
4. Р.С.Куанаева "Оқу сауаттылығы: мәтінмен жұмыс», Астана, 2014 жыл 


320 
Джунусова М. Қ. 
С.О.Талжанов атындағы ЖББМ 
 
ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТІ 
Еліміздің бәсекеге қабілетті,қуатты мемлекет болып қалыптасуын қамтамасыз ететін негізгі 
факторлардың бірі және өзегі – білім беру жүйесі. Білім беру жүйесінің алдында тұрған басты 
міндет – білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, бұл өз кезегінде азаматтардың кез келген 
салада бәсекеге қабілетті болуын талап етеді. ХХI ғасыр – бәсекелестік ғасыры. Демек, әлемдік 
бәсекелестіктің дамуына ілесе алатындай білімді де тапқыр, дара тұлғаның тағдыры ұстаздар 
қауымына аманат етіп тапсырылып отырғаны анық. Еліміздің көркеюімен өркениетте еңселі,өресі 
биік тұруы ұрпақ бейнесінен көрінетіні айқын[1].
 
Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында 
Елбасы Н.Ә.Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «Мемлекетіміздің 
ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар – 
біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім беретін ұстаз – 
баға жетпес биік тұлға. 
Заманауи мұғалімнің қызметі әрбір оқушының, жеткіншек ұрпақтың, қоғам мен мемлекет 
тағдыры үшін жауап беретіндігімен сипатталады. Қазіргі мұғалім баланы өздігінен ізденуге үйрету 
үшін алдымен өзі метасауатты болуы қажет. Бұл дегеніміз не? Метасауаттылық немесе кейінгі 
сауаттылық өз бетімен білім алу, оқу нәтижесі басым шығармашылық потенциалдың даму деңгейі. 
Екіншіден, қазіргі мұғалім – функционалды сауатты болуы шарт. Демек, ұстаз деректерді ой 
елегінен өткізе отырып, бағалау және сыншылдықпен ұғыну қабілетіне ие болуы міндетті[2]. 
Оқушыларға ана тіліміздің байлығын,оның өзіндік көркемдігі мен ерекшеліктерін, қоғамдық 
ортада айтайын деген ойын айқын жеткізе білу тәсілдерін үйретуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл 
дамыту жұмыстары. Осы мақсатта жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетіне, сондай-ақ өз 
ойын жеткізе білуіне,шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушылардың тіл байлығы мен
функционалдық сауаттылығын дамыту мектеп қабырғасында жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Дауылпаз ақын М.Дулатов «Жалғыз сүйеніш,жалғыз үміт – оқуда... Надан жұрттың күні –
қараң, келешегі – тұман» деген екен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз 
мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірт тәрбиелеу – біздің ұлы міндетіміз[2]. 
Сол міндетті арқалаған ұстаздардың бірі – мен екенімді аса бір қуанышпен айта алатынымды 
мақтан тұтамын. Үздіксіз іздену барысында өзімнің іс-тәжірибемде көптеген әдіс – тәсілдерді 
зерделей отырып, оны тиімді қолдануыма тура келді. Тіл маманы болғандықтан болар, 
оқушылардың сауаттылығын үнемі басты назарда ұстаймын. Қазіргі қоғамда әр мұғалім оқу 
үдерісінде қажетті өзгерістерді, тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс – тәсілдерді дер 
кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі тиіс. Ол үшін әр ұстаз өз білімін жетілдірумен қатар, өз 
бетінше білімін толықтырып отыруы керек. Үздіксіз іздену – бүгінгі күні мұғалімдерге қойылып 
отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – әдістеме 
саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Оларды өзінің күнделікті 
қызметінде пайдалана білу, осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі, ең алдымен сабақпен 
байланысты. Демек, сапалы, тиімді, әрі нәтижелі жүргізген әрбір сабақ – ұстаздың тынымсыз 
еңбегінің айғағы. Жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім өзіне өзі бақылау жасап, өз жұмысына талдау 
беріп отыру керек. 
Шығармашылық тұлға қалыптастыру қазіргі заманда оқу процестерінің ең басты 
талаптарының бірі болып саналады. «Қызықтырар ұстаз болса, қызықпайтын шәкірт болмас» деп 
К.Д. Ушинский айтқандай, негізгі талап оқушыларды қызықтыра білуде.
 
Осы ретте өз жұмысымда «Жаңартылған оқу мазмұны»бойынша алынған білімімді оқу 
үдерісіне толықтай енгізіп, әр сабағымды тартымды, қызықты,сапалы өткізу – басты мақсатым деп 
санаймын. Осыған орай, оқу сапасын көтеру мақсатымен оқушылардың сауаттылықтарын арттыру 
бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жүргізуді қолға алдым. Атқарылған жұмыстарды зерделей 
келе, оқушылардың ой – өрісінің дамуына,тіл шеберлігінің қалыптасуына, дүниетанымын, қиялын, 
тілін дамытуда халық ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше екеніне көзім жетті. Оқу жылының 
басынан бастап, оқу сауаттылығы бойынша тапсырмалар дайындадым. Тапсырмаларды дайындауда 


321 
өтіліп жатқан ережелерді қамтуға тырыстым. Биылғы оқужылында мектептің 8-9сыныптар 
арасында мақал – мәтелдерді жатқа айту бойынша сайыс ұйымдастырдым. Бұл сайыстың ерекшелігі 
екі топта ұпай алу мақсатында жұмыс атқарады. Олай дейтінім, бір сынып мақал –мәтелді жатқа 
оқыса, екінші топ оның мазмұнын ашады, аша алмаған жағдайда ұпай «мақалшылар» тобына 
кетеді. Осылай, ойыншылар атқаратын міндеттерін ауыстыра отырып, екі мәрте кездеседі. Ойынды 
төрешілер бағалайды. Жеңіске лайықтылардың ие болуы оқушылардың «ойнай отырып, ойлауға 
үйренері анық». Ойын арқылы оқу үрдісін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық 
мүмкіншілік туады. Оқушының сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында колдануға, тез, 
жылдам сөйлеуге, жаттықтыруға ойын бірден – бір таптырмайтын құрал. 
Ойын барысында оқушылардың тіл байлықтарының дамуымен қатар, сауаттылықтары да 
біршама көтерілді. Сонымен қатар, балалар топпен жұмыс жүргізу дағдыларын дамытты, белгілі бір 
нәтижеге жұмыс атқарды.Ойын оқушыларға ұнап, тағы да ұйымдастыруымды өтінді. Мұны
атқарылған жұмысқа берілген «баға» деп санаймын. Алдағы уақытта әдіс – тәсілдерімді жаңарта 
отырып, жаңылтпаштар, жұмбақ жасыру бойынша да сайыстарды өткізуді жоспарлап отырмын[3]. 
Оқушыларымыздың қазіргі кезде көркем әдебиетке деген қызығушылықтары төмен. Оның 
басты себебі: қарқынды түрде техниканың дамуы және олардың оқушылардың өмірінен басты 
орын алуы болып табылады. Бүгінгі күні кітапты интернет жүйесімен айырбастап алғанымыз 
шындық. Сондықтан үнемі болмаса да, сабақтарымды сайыс түрінде ұйымдастырып, аз да болса әр 
оқушыны сөйлету, өз ойын айтуға машықтау – мен үщін үлкен жетістік болып табылады. 
Екінші тағы бір тәсіл: қысқаметражды ертегілермен жұмыс. Бұл жұмыстың да берері зор деп 
санаймын. Өз іс – тәжірибемде «Алдар Көсе» және қазақ ертегілері бойынша түсірілген фильмдерді 
пайдаландым. «Не? Қашан? Қайда?» интеллектуалдық ойынында «Алдар Көсе» фильмін көрсетіп 
алып, тыңдап болған соң, мазмұндау тапсырылса,келесі бір іс – шарада көрсетілген фильм сюжетін 
аяқтау тапсырылды. Бұл жерде оқушылар рольдерді өзара бөлісіп, фильм сюжетін өздерінше құрды. 
Бұл тәсіл арқылы сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге, 
батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңірері анық. 
Сонымен қатар, бірлесе отырып, оқушылар топпен жұмыс жүргізу дағдыларының
дамуымен қатар, бір – бірін тыңдауға, ой қоса білуге машықтанды. Бұл тәсіл қазіргі таңда 
оқушылардың тениканы жетік меңгергендіктерінің арқасында жақсы қабылданды. Оқушылар 
фильм сюжетін құра отырып, тақырыптан ауытқымауға талпынды. Осы әдіс арқылы оқушылардың
тіл байлықтарын дамытумен қатар, актерлік шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік аларымыз сөзсіз. 
Білім алушылардың берілген білімді игеруі мен іске асыру қабілеті, ойының дәлдігі, өмірге 
көзқарасының қалыптасуы, басқа ғылым негіздерін меңгеруі сауаттылық деңгейіне байланысты. 
Сондықтан,қоғам талабына сай оқығанын өмірде пайдалана алатын, ана тілін жетік білетін, 
ұлтжанды азамат дайындау – бүгінгі заманауи ұстаздардың басты мақсаты. 

жүктеу 12,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   271




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау