Хамитов Қуанышбек Хансұлтанұлы
Ақтөбе қаласы, Ырғыз ауданы,
Ө.Қанахин атындағы орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі
Талаптыға нұр жауар. Үздік информатиктер
(білгірлер, тапқырлар білім сайысы)
Құрметті ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып, «Үздік информатиктер» атты білгірлер мен тапқырлардың білім сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.
Ойын-толқын, жатқандай асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
І тур. «Өзім туралы». Бұл турда өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген оқушылар топ атымен және эмблемаларын таныстырып өтеді. ( әр топ бірдей киініп, аттарына сай эмблемаларын , өзін - өздері таныстырады).
І топ – 8а сынып
ІІ топ – 8ә сынып
ІІІ топ – 8е сынып
ІV топ – 8д,г сыныптар
ІІ тур. Өмір деген көк мұхиттың толқыны,
Бір-бірімен жатқан шулап, жалғасып.
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып,
О, толқындар арпалысып алға шық!
Өмір деген мәңгі гүлдеп жататын
Құштарлықтың толғағы мен көктемі – деп Төлеген Айбергенов жырлағандай өмірдің өзі сайыс. Бүгін информатика пәнінің алғырлары білімдерімен күш сынасуға келіп отыр. Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, шыңдарға биік қоңғайсыңдар демекпіз. Ал, жас қырандар енді ІІ-турымызды бастаймыз.
Бұл тур «Кім тапқыр?» деп аталады. Барлық топқа ортақ сұрақ қойылады, алдарындағы жалаушаны кім бірінші көтереді, сол топ жауап береді, қате болса жалаушаны екінші көтерген топ жауап береді. Сұрақтар:
Алғашқы есептеу құрылғысы ..... (саусақ).
Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас.......... (интерфейс).
Есептер панеліндегі пуск батырмасын басқанда не шығады? (бас меню)
Ең бірінші программа құрған оқымысты .......... (Ада Лавлейс)
Өшірілген файлдар қай папкада сақталады? (корзинада (себетте))
Wort Pad редакторымен Ms Wort редакторының айырмашылығы
неде? (мүмкіндігінде)
Электронды есептеуіш машинасының (ЭЕМ) дамуының неше буыны бар?
(5 буын )
8. «Информатика» ғылымы нені зерттейді? (ақпараттық процестерді)
9. Жұмыс үстеліндегі қай элемент компьютердің барлық ресурстарын пайдалануға мүмкіндік береді? (менің компьютерім).
10. Қозғалыссыз бейнені есте сақтайтын кәдәмгә құрылғы? (фотоаппарат)
11. Қолданбалы программа жұмысы көрінетін экран аймағы қалай аталады? (терезе).
12. Үлкен әріптермен теру үшін қандай пернені іске қосамыз? (сарс лук)
13. Windows жүйесінде компьютерді өшіру үшін қандай команда орындаймыз?
14. Адамның ойлау нысандары мен заңдары туралы, нақты айтқанда дәлелді пікір заңдары туралы ғылым? (логика)
15. Буып-түйілген (сығылған) файл қалай аталады? (архив)
ІІІ-тур. «Ойлан, тап» деп аталады. Бұл турда информатика терминдері бойынша құрастырылған ребусты шешу. Әр топ өз ребустарын басқа топтарға көрсетіп жауабын тыңдайды. Информатика терминінің мағынасын түсіндіру керек. Егер жауап бере алмаса, дайындап келген топ өзі жауабын айтады. Жауабын білетін топ алдарындағы жалаушаны көтереді.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба аман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағыда үйренеміз аман болсақ!
ІV-тур. «Сен маған, мен саған». Бұл турда топтар бір-біріне информатика пәні бойынша жұмбақтар дайындап келу керек еді. Командалар дайын болса жұмбақтарын қойсын. Ал жауабын білетін команда жалаушасын көтерсін. (5 жұмбақтан оқылады).
/ Оның үш түрі бар, оның кейбіреулері инемен жұмыс істегенді ұнатады. Оның істеген жұмысының нәтижесін тек қағаздан көруге болады. (принтер)/
/ Олар компьютердің қосымша бөліктері. Олар ағалы-інілі. Олар сыбырлап та, айқайлап та сөйлейді. (колонкалар). /
V-тур. « Мықты болсаң . . . »
Компьютер құрылғыларының бір бөлігі көрсетіледі, келесі бөлігін көрсету үшін сұрақтарға жауап беру керек.
1. Компьютердегі мәліметтерді сақтайтын негізгі құрылғы қалай аталады? (қатты диск)
2. Компьютердің қандай құрылғысында информация өңделеді? (процессор)
3. ОЖ дегеніміз не? (басқарушы және қолданбалы программа)
4. Экранның фонын өзгерту үшін қандай әрекет орындаймыз?
(свойства-жұмыс үстелі)
5. ОЖ сыртқы құрылғылармен байланысын қамтамасыз ететін программалар. (драйверлер)
6. Құжатты баспаға шығару құрылғысы. (принтер)
7. MS Office пакетіне кіретін программаларды ата.
8. 1Г байт информация неше Мбайтқа тең? (1024 Мбайт)
9. Ақпараттың ең кіші бірлігі.... (бит)
10. Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программа? (компьютерлік вирус).
11. Іздеу командасы не үшін қолданылады?
12. Процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар арасмындағы байланысты не деп атайды? (магистраль).
13. Қазіргі кезде кеңінен тараған архиваторды ата. (winRar, WinZip),
14. Монитор экранындағы кескіннің минимал элементі, әдетте ол квадрат пішінді болады. (пиксель).
15. графикалық кескіндерді құруға және қарап шығуға арналған программа (графикалық программа).
16. Сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері. (санау жүйелері).
17. ЭЕМ арифметикалық есептеулерді екілік санау жүйесінде орындайды деген принципті енгізген кім? (американ ғалымы Джон фон Нейман)
18. Логикалық қосу қалай аталады? (дизъюнкция).
VI тур. «Терезелер сөйлейді» деп аталады. Әр топ кезекпен кезек шығып кубикті лақтырып, қай терезе түссе сол бойынша қысқаша айтып беру керек. Дайындалуға 5 минут уақыт беріледі.
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, доссқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа!
Қолыңды бекерге бос, соға берме,
Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме.
Зерделеп, сұрақ-жауап санаңа түй,
Сонда ортақ боласың бар жеңіске!
Сонымен, сайысқа катысушылардың әділ бағасын беретін әділқазыларға сөз кезегін береміз. Үздік информатиктерді анықтайтын кез келді!
Алтын уақыттарыңызды бөліп, осы сайысқа келгендеріңізге үлкен рахмет. Сау болыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |