«Тіл-ел байлығы»



жүктеу 17,84 Kb.
Дата20.11.2023
өлшемі17,84 Kb.
#44393
эссе


ЭССЕ
«Тіл-ел байлығы»

Тіл- мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.


Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жарияланды.
Сол тіл мәселесі, оның ішінде мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің тағдыры жайында тіл маманы ретінде айтарым: Мемлекеттік тілімізді аман сақтап, ілгері дамыту үшін бәрімізге ұлттық сана, азаматтық биік тұғыр, мемлекеттік идеология қажет. Еліміздің экономикасы мен әл-қуаты артып, саяси-әлеуметтік еңсесі көтерілген сайын, ұлттық тіл мен ұлттық рухымыздың да өскенін, ұлттық мүддемізді екінші қатардағы қосалқы дүниедей болып қалмауын қадағалау – бәрімізге парыз.
Қазір біз тілдің дамуының бүкіл жауапкершілігін өз мойнымызға алдық, өзімізден өзіміз талап ететін кезеңге жеттік. Қазақ тілі үшін бәріміз де қарыздармыз, сондықтан қолымыздан келген қамқорлығымыз бен көмегімізді өз тілімізден аянып қалмайық, өйткені тіл – біздің ертеңгі ұрпақтарымыздың панасы.
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
Қазақ тілі — қазақ халқының басты рухани байлығы. Әр халық үшін тіл маңызды құндылық. Біздің ата-бабамыздан қалған баға жетпес мұра. Тілден құдіретті, бағалы қасиет жоқ деп ойлаймын. Жарық дүниеге келген сәби бұл әлемді қай тілмен таныса сол тіл ол адам үшін қымбат. Себебі сол тілмен ой өрісі дамып, көкірегі ашылып, көңілі небір жақсы сезімдерді тұшып, жүрек тұңғиығында сараланады. Себебі сол тілмен алғашқы өмірде нәр беретін нұрлы асыл сөздерді атайды. Сәбидің алғашқы ана-әке, ата-әже деген аяулы сөздері өмірді тану құлшынысының бастамасы. Тіл отбасылық қарым-қатынас қана емес, ол қоғамдық дамудың маңызды сатысы.
Бүгінгі күні қазақ тілінің қолданысына мен де қатты толғанамын. Тіліміздің қолданысының кеңеюі артады деген үмітпен әлі келе жатырмыз. Өкінішке орай, өзге ұлт түгілі өз қазағымыздың қазақша сөйлей алмай тұрғанына іштей қынжыламыз. Егер қазақ қазақ болып өз ана тілінде сөйлемесе, өзге ұлт қазақ тілін қайтсін. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқалы ана тіліміз өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ, ертеңгі болашағы да қазақ ұрпағы. Тіл – өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің мәртебесі, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден – бір міндеті болып табылады. Халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғымТіл – еліміздің іргетасы. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тіл – асыл ойдың бұлағы. Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.
Қазақстанда өмір сүретін әр азамат елін ойласа, ұлтының рухын ойласа, мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосуы қажет. Қазақта «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» деген керемет нақыл сөзде айтылғандай, тілдің құдіретін бүгінгі жас ұрпақ ерте сезінуі керек.Алға қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана Мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды. Олай болса ата-бабаларымыз салған сара жолдан таймайық, елдігімізбен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі — Мәңгілік Ел, Мәңгілік тіл! Ол — барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы. Қазақстанның болашағы қазақ тілінде! Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін еш уақытта ұмытпайық!
жүктеу 17,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау