Х. Искандеров атындағы орта мектебінің физика пән мұғалімі М. Айсарова



жүктеу 139,89 Kb.
Дата27.02.2018
өлшемі139,89 Kb.
#10823
түріСабақ


Х. Искандеров атындағы орта мектебінің

физика пән мұғалімі М. Айсарова



Кіріспе сөз

Қазіргі кезде сабаққа қойылатын талаптар өзгерді. Сабақ бұрынғы өз функцияларын өзгертті, бұрын тек қана ақпарат беретін болған болса қазіргі кезде ол сол ақпаратты рационал алатынды үйрететін болу қажет. Ол үшін сабақтарда оқушыларды белсенді өзі ақпарат алатындай етіп үйрету қажет. Бұл талапты орындау үшін интерактивті тәсілдерді қолданған жөн. Интерактивті тәсілдерді «Конструктор» деген техникалар деп жинап, ол тәсілдерді 2000 жылдан тартып Ресей мектептерінде кең түрде қолданады екен. Олар іскерлік ойындар ретінде берілген. Ойын формуладан, оған дайындықтан, ойын өзі, оны талқылаудан тұрады. Мысалға;



Блиц-бақылау

Формула: Оқушының келешекте білімі жоғары болуы үшін, оқушыларға жоғарғы деңгейде бақылау жұмыстар жүргізіледі. Алған білімі қарапайым және мағыналы болуы керек. Мазмұны бойынша Блиц- бақылау арқылы білім стандартын есепке ала отырып, формулаларын қаншалықты меңгергенін тексеру. Ол өз ішіне 7-10 мағыналы тапсырманы алады. Әр тапсырмаға 1 минуттан уақыт беріледі. Бұл Блиц-бақылаудың технологиясы болып табылады.

Оған дейін: шарттары нұсқау бойынша интерактивтік тақтада немесе проектормен тақтада ашылады. Уақыттың аяқталуымен, бұйрық берілуімен жұмыс тоқтатылады.

Одан кейін: жұмыстар мұғалімге өткізіледі немесе оқушылар өздері дайын нұсқа жауаптары бойынша тексереді.

А) Мұғалім дұрыс жауаптарды айтады немесе кестедегі дұрыс жауаптарды тақтаға іледі. Оқушылар өздерінің жауаптарын алу және қосу белгілері арқылы белгілейді.

Б) Оқушылардың сұрақтары бойынша қысқаша талқылайды.

В) Баға нормасы беріледі.

Бағдаршам

Сабақты бастаудан бұрын оқушылардың сабаққа даярлығы туралы хабар алуға қолданылады

Мысалға: Жасыл - дайын.

Сары – дайын, бірақ толық емес

Қызыл - Дайын емес.

Сұрақ түріне байланысты сұрау түрлері сұрақтар мен тапсырмаларға байланысты төмендегі түрлерге бөлінеді. Мысалға:

А-түрі. Жалпы сұрақтардың жауаптарын оқушылар жатқа білетін жағдайда. Бұл жерде қызыл-дайын емес белгісі қолданылады , бірақ баға журналға қойылмайды. (оқушы өзіні түсініп шынын айтады)

Ә- түрі. Шығарма сұрақтар. Оған барлық оқушылар жауап бермеуі мүмкін. Бірақ жасыл түс жауап бергім келеді дегенді білдіреді.

Жауап бермеген жағдайда баға қойылмайды.

Б-түрі. Оқушыларға дұрыс және дұрыс емес сұрақтар беріледі, яғни олар керекті түстерді қолданылады.

В) Жаңа тақырыпты жақсы түсіндім - жасыл түсті, түсіндім бірақ толық емес- сары,түсінбедім - қызыл түсті көрсетеді

Бұл ойын оқушыны өзін-өзі бағалауға дайындайды.



«Мәтінге сұрақ»

Мәтінді оқудың алдында оқушыларға тапсырмалар беріледі: мәтін бойынша сұрақ түзеді

Бұдан кейін :

-Оқушылардан сұрақтар бойынша жұмыс жүргізіледі.

-Ең қызық , қиын, қажетті сұрақтарға жарыс өткізіледі.

- Өз ара сұрақ өткізуді ұйымдастыру мүмкін.



«Синквейн»

«Синквейн»-бұл үлкен мөлшердегі ақбаратты қысқаша айту.

Синквейн жазу ережесі тақтаға ілулі тұру керек.

Ережесі – бұл жұмысты оқушылар жұппен немесе жеке орындауға болады. Үйге көркемдік безендіруге беруге болады

Мысалы:


  • Зат есімі Жұмыс

  • Сын есімі Жұмысшы

  • Етістік Жұмыс атқарады

  • Қанатты сөз Жұмыссыз өмір жоқ

  • Синоним іс-әрекет


Үй тапсырмасы 3 дейгейлі болуы мүмкін

Мұғалім бір мезгілде 2 немесе 3 деңгейлік үй тапсырмасын береді.



Бірінші деңгей міндетті минимум

Бұл тапсырманың ерекшелігі : Ол барлық оқушыларға түсінікті және орындай алатын болуы керек.



Екінші деңгей жаттығулық. Бұл тапсырманы сай меңгерген оқуға деген қызығушылығы бар оқушылар орындай алатын тапсырма. Мұғалімнің шешімі бойынша екінші деңгейдегі тапсырманы орындайтын оқушылар бірінші деңгейдегі тапсырманы орындамасада болады.

Үшінші деңгей – бұл тапсырма сыныптың дайындығына, сабақ тақырыбына қарап қолданылуы және қолданбауы мүмкін. Бұл шығармашылық тапсырма көп уақытта ол оқушының өз қалауымен орындалады, мұғалім жағынан жақсы баға қойылады, мадақтайды. Мысалы: оқушыларға төмендегі тапсырмалар беріледі.

  • Частушкалар, ертегілер, фантастикалық әңгімелер т.б.

  • Чайнворд, кроссворд т.б.

  • Қызықты оқиғалардың тақырыптық жиынтықтары

  • Оқу комикстері

  • Плакаттар, тірек сызбалар

Заманауи интерактивті технологиялар белсенді түрде қолдануда.

Интерактивті оқу құралдарымен интерактивті тәсілдер әдеттегі сабақты қызғылықты, әдемі процеске айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде оқу барысында оқушылардың назарын аударуға жағдай туғызады. Интерактивті оқыту ерекшіліктерінің тағы бір түрі - әр бір оқушыға жекеленген ыңғайдағы бағдар беру және балалар оқытудың заманауи интерактивті құралдарын, әдістерін ертерек пайдаланған сайын олардың қабілеттері, ақыл-ой әлеуеті тезірек ашыла түседі. Бұл интерактивті әдістерді қолдана отырып, мұғалім мен оқушының

қарым-қатынасы нығаяды, екеуі де тең құқылы, оқушы ақпаратты тек қана тыңдамай, өзі өзіндік жұмыс арқылы мұғалімнің жетекшілігінде игереді. Интерактивті тәсілдерді пайдаланған сабақтардың жоспары жазу үлгісіде өзгереді, мұғалім сабақтың әр бір кезеңінде өзінің және оқушылардың іс- әрекеттерін назарда ұстайды.




Кезеңдер

техника

Әрекеті

Мұғалімнің

Оқушының

Осы әдіс-тәсілдерді қолданған бір сабақтың жоспарын екі тәсілмен жазылғанын ұсынамын.

Термодинамикадағы жұмыс

Сабақтың тақырыбы: Термодинамикадағы жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Термодинамикадағы жұмыстың физикалық

мағынасымен таныстыру



Тәрбиелік: Өзіндік жұмыс жүргізгенде тапқырлыққа,

ұжыммен жұмыс жүргізгенде ынтымақтыққа

тәрбиелеу.

Дамытушылық: Салыстыра білуге, сөздік қорын молайту,

өзіндік жұмыс істету.



Оқытудың техникалық құралдары: электронды оқулық, графопроектор,

компьютер, проектор.



Сабақтың әдісі: интерактивті әдістер «блиц-бақылау», «алгоритм», «бағдаршам», «мәтінге сұрақ» бойынша жұмыс істеу, тәжірибені талқылау

Сабақ түрі: Дәстүрлі.

Сабақ типы: Аралас

Технология: Интерактивті әдістерді қолдану «Конструктор» технологиясы

Сабақтың кезеңдері:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.



ІІ. Блиц бақылау (физикалық диктант) өзін-өзі тексеру

ІІІ. Үй тапсырмасын бағалау. Жаңа тақырыптың мақсатын қою

IV. Жаңа тақырыпты меңгеру: 1) Тарихи мағлумат

2) Проблемалы эксперимент

3) Өзіндік жұмыс

4) Талқылау Электронды оқулық

V. Жаңа тақырыпты бекіту. Есеп шығару

VІ. Үй тапсырмасы (деңгейлі тапсырма)

VІІ. Бағалау. Сабақты қорыту. Рефлексия

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту.

Бір жас бала данышпанға келіп айтыпты «Мен өз өміріме қуаныш қабылдаймын» бірақ қуанғым келмейді, неге екенін түсінбеймін

Данышпан - ол жас жігіт алдына қасық, кесе, шам қойып «Нені таңдайсын» - деп сұрапты



  • Қасықты- депті жас бала

  • Данышпан оны бес рет қайтала - депті

Жас өспірім 5 рет қайталайды

  • Оған қолыңды созып алу керек.

Сол үшін бүгін сабақта сіздер өз білімдеріңді алып, практикада қолдануларыңызды тілеймін.

ІІ. Блиц-бақылау

  1. Ішкі энергия деген не?

  2. Механикалық энергия ішкі энергияға айналу мүмкін бе?

  3. Ішкі энергия неге тәуелді?

  4. Ішкі энергияны өзгертудің неше тәсілі бар?

  5. Термодинамика деп нені айтамыз?

  6. Ішкі энергияны қалай есептеуге болады?

  7. Ішкі энергия көлеміне тәуелдіме?

  8. Реал газдың ішкі энергиясы неге тәуелді?

  9. Дене ішкі энергияға ие болғанда механикалық энергияғада ие бола ма?

  10. Ішкі энергияның механикалық энергияға айналуына мысалдар келтір

Егер 10-9 сұрақ жауаптары дұрыс болса «5», 8-7 -«4», 6 – 5- «3»,

4 -тен төмен - «2»



ІІІ. Үй тапсырмасын бағалау. Балалар берілген кестеге баға нормасы бойынша өздерін бағалайды, ол бағаларды кестенің бірінші бағанасына қояды.

Бағалау парағы

Оқушылардың аты-жөні

І этап

Үй тапсырмасы

(блиц бақылау)

Жаңа тақырыпты меңгеру

Бекіту

Қорытынды баға

Ердәулетұлы Жоламан













Искандеров Жандос













Нурсадыкова Жұлдыз













Тәжиев Арсен













Қартбаев Айдар













Жаңа тақырыптың мақсаты қойылады

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1) Тарихий мағлумат (мұғалім)

1. М. Ломоносов үйкелісте қолдың қызатынын байқаған.

2. Б.Румфорд зембірек жасайтын заводта бұрғамен жұмыс істегенде темір қызады.

3. Дэви 1799 екі мұзды бір-біріне үйкелдіріп суға айналдырған.

4. Роберт Майер кеме дәрегері 1840ж арал Явада штормдан кейін су қызығанын байқаған.

2) Проблемалы эксперимент- тәжірибе (мұғалім).

Ауа тұтындырғыш аспабының ішіне мата үзіндісінің кішкіне бір бөлігін эфир тамшысымен ылғандандырып саламыз. Поршын тұтқасын тез арада қағып төмен түсіреміз. Сонда эфир буларының шығуы байқалады. Не себептен эфир булануы пайда болады.



3) Өзіндік жұмыс Оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы.

А) Экспериментатор: тәжірибені алгоритм бойынша айтып береді.

Б) Практик: тәжірибенің нәтижесін түсіндіреді.

В) Практик: тәжірибенің геометриялық анықтамасын түсіндіреді.

Қалған оқушылар мәтінге сұрақ дайындайды. Мәтінге сұрақ техникасын қолданады.


  1. Бұл кезеңді бағалау

V. Жаңа тақырыпты бекіту. Есеп шығару

  1. Гимнастикалық арқаннан түскенде қалай түсу керек?

  2. Неге метериориттер жоғары жылдамдықпен атмосфераға кіргенде күйіп кетеді?

  3. Шегені ағашқа балға мен кіргізгенде ол қызымайды, ал ағашқа кіргеннен кейін оны ұрса қызады?

Есеп

Газ қандай жұмыс атқарады егер зат мөлшері  изобаралы  температураға көбейсе.

Графиктегі жұмысты анықта


P Мпа

0, 2 1 2


1 2 3 Vm3

Бер: V1=3м3



=1м3

Р=0,2мПа

А-?

Бұл кезеңді бағалау

VІ. Үш деңгейлі үй тапсырмасы.

VІІ. Бағалау. Бағалау парағындағы бағалардың орташа бағасы журналға қойылады.

Сабақты қорыту. Рефлексия

«Бағдаршамның» В түрін қолданады.




Сабақтың тақырыбы: Термодинамикадағы жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Термодинамикадағы жұмыстың физикалық

мағынасымен таныстыру



Тәрбиелік: Өзіндік жұмыс жүргізгенде тапқырлыққа,

ұжыммен жұмыс жүргізгенде ынтымақтыққа

тәрбиелеу.

Дамытушылық: Салыстыра білуге, сөздік қорын молайту,

өзіндік жұмыс істету.



Оқытудың техникалық құралдары: электронды оқулық, графопроектор, компьютер, проектор.

Сабақтың әдісі: интерактивті әдістер «блиц-бақылау», «алгоритм», «бағдаршам», «мәтінге сұрақ» бойынша жұмыс істеу, тәжірибені талқылау

Сабақ түрі: Дәстүрлі, аралас

Технология: Интерактивті әдістерді қолдану «Конструктор» технологиясы

Сабақтың барысы

Кезеңдер

техника

Әрекеті

Мұғалімнің

Оқушының

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

Сәлемдесу Оқушылардың қызығушылығын ояту

Сәлемдесу , сабаққа дайындалу


ІІ.Үй тапсырмасын тексеру


Блиц- бақылау

(физикалық диктант)

10 сұрақ қойылады

Сұрақтарға жауап береді, өзін-өзі тексеру



ІІІ. Үй тапсырмасын

бағалау.

Балалар берілген кестеге баға нормасы бойынша өздерін бағалайды, ол бағаларды кестенің бірінші бағанасына қояды.


IV.Жаңа тақырыпты меңгеру

Мәтінге сұрақ

Алгоритм

1) Тарихи мағлумат 2) Проблемалы эксперимент

3) Өзіндік жұмыс 4) Талқылау

V. Жаңа тақырыпты бекіту.


Есеп шығару

3 логикалық сұрақтар мен 1 есеп беріледі

Сұрақтарға жауап беріп, есепті шығарады.

VІ. Үй тапсырмасы


Үш өлшемді деңгейлі түрде беріледі.

  1. Тақырыпты оқып келу

  2. Тақырып бойынша графикалық диктант сұрақтарын жазып келу

  3. Тақырып бойынша сөзжұмбақ түзу

Үйге тапсырма алу

VІІ. Бағалау. Сабақты қорыту.


Өзін-өзі бағалау

Бағалау парағындағы бағалардың орташа бағасы журналға қойылады.

Бағаларын қойдыру

ҮІІІ.Рефлексия

«Бағдаршамның» В түрін қолданады.


Жасыл - түсіндім

Сары – түсіндім, бірақ толық емес.



Қызыл түсінбедім-


Бағдаршам түсін таңдау

жүктеу 139,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау