Жалғасы
262
— Магниттік резонанстық томографтың
құрылысымен, оның жұмыс істеу
принципі жайлы мағлұмат алады;
— Магниттік-резонанстық томография-
ның практикалық маңызын үйренеді;
— Топта бағалай алатын болады.
5. Бағалау. Мұғалім ынталандыратын
сөздермен, бонустармен бағалайды.
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша
оқушылар арасында өзара бағалау
өткізіледі.
сабақтың
ортасы
30 мин
1)
Жаңа материалды зерделеу.
“Шеңбердегі доп” әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді:
1. Магниттік-резонанстық томография
деген не?
2. Магниттік-резонанстық томограф
қандай құрал? Оның құрылысы мен
жұмыс icтey принципі қандай?
3. МРТ негізі қашан қаланған?
4. Магниттік-резонанстық томография
қандай максаттарда қолданылады?
“Шеңбердегі доп” әдісі
Оқушылар шеңбер тұрып, бір-біріне
кішкене допты лақтырады. Доп қолына
тиген оқушы берілген сұраққа жауап
береді.
Содан соң мұғалім:
— Магниттік-резонанстық томогра-
фияның жұмыс принципі. Бұл диагнос-
тикалық шараның жұмыс прин ципінің
негізінде ядролық-магниттік резо-
нанс (ЯMР) құбылысы жатыр, оның
көмегімен организмнің ағзалары мен
тіндерінің қабаттық бейнесін алуға
болады. Ядролық-магниттік резонанс
— бұл атом ядроларының ерекше
қасиет терінде жатқан Физикалық
құбылыс. Электромагниттік өрісте
радио жиіліктік табиғаты бар импульс
көмегімен энергия арнайы сигнал
түрінде шығарылады. Компьютер бұл
энергияны бейнелеп көрсетеді және
суретін басып шығарады. ЯMР адам
организмінің сутек атомдарымен
қанық қандығына және организм
“Физика”
оқулығы,
10-сынып.
Физикадан
“Магниттік-
резонанстық
томография”
тақырыбындағы
видео-сабақ.
Жалғасы
263
тіндерінің магниттік қасиеттеріне
байланысты ол жайлы бәрін білуге
мүмкіндік береді. Қандай да бір сутек
атомының қай жерде екенін қарама-
қарсы жақта орналасқан екі фазаға
бөлінетін протондық параметрлердің
векторлық бағыты бойынша, сондай-
ақ олардың магниттік моментке
тәуелділігі арқылы анықтауға болады.
Атом ядросы сыртқы магнит өрісіне
орналастырылған кезде, магниттік
табиғаты бар момент өрістің магниттік
моментінен кері бағытқа бағытталады.
Организмнің белгілі бір аймағына
қайсыбір жиіліктегі электромагниттік
сәулелер әсер еткенде, кейбір протондар
бағыттарын өзгертеді, бірақ содан
кейін бәрі қайта қалпына келеді. Бұл
кезеңде компьютердегі арнайы жүйенің
көмегімен томографта алынған деректер
жинақталады, атомның бірнеше
“босаңсыған” ядролары тіркеледі.
МРТ — бүгінгі таңдағы сәулелік
диагностиканың адам организмінің
жай-күйі, метаболизмі, тіндері мен
ағзаларын дағы физиологиялық процес-
тер туралы неғұрлым дәл мәлімет бере
алатын бірден-бір әдісі. Зерттеу кезінде
организмнің жеке аймақтарының
суреттері алынады. Ағзалар мен тіндер
әртүрлі проекцияларда бейнеленеді, бұл
оларды қима кескінде көруге мүмкіндік
береді. Мұндай бейнелерді медициналық
бағалаудан кейін, олардың жай-күйі
туралы нақты қорытынды жасауға
болады. Жалпы, МРТ-ның негізі 1973
жылы қаланған деп саналады. Алайда
алғашқы томографтардың заманауи
томо граф
тардан елеулі өзгешеліктері
болды. Заманауи және сапалы әрі
дәл жұмыс жасайтын томографтар
пайда болғанға дейін оларды жақсарту
жолында әлемнің аса ұлы ойшылдары
еңбек етті.
Дескриптор.
Бағалау
критерийлері.
ИТ (сұрақтар
көрсетіледі).
Жалғасы
264
1. Магниттік-резонанстық томография
деген не түсiндiредi;
2. Магниттік-резонанстық томограф
қандай құрал екенін дәлелдейдi;
3. МРТ негізі қашан қаланған түсінік-
терін жазады.
Күтілетін нәтижелер.
Оқушылар:
а) Магниттік резонанстық томографтың
құры лысымен, оның жұмыс істеу прин-
ципі жайлы мағлұмат алады
б) Магниттік-резонанстық томогра-
фияның практикалық маңызын үйре-
неді;
в) Топта бағалай алатын болады.
Қб: “Бағдаршам” әдісі арқылы орында-
лады.
оқушылар:
— магниттік резонанстық томографтың
құрылысымен, оның жұмыс істеу
принципімен танысады.
— жұпта, топта мәселелік сұрақтар
құрастырады, оларға жауап береді.
“Пікір алмасу” (Showdown). Әрбір топ
тақырыпқа қатысты 4 сұрақ дайын-
дайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші
жағына, ал жауабын екінші жағына
жазып, келесі топпен стикерлерін
ауыстырады. Топ басшысы стикердегі
сұрақтарды оқиды, топ мүшелері
жауаптарын жазып дайындайды.
Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз
жауабын ашады және жауаптарды
талқы лап, дұрыс жауаппен салыс-
тырады.
1. Магниттік-резонанстық томография
деген не?
2. Магниттік-резонанстық томограф
қандай құрал? Оның құрылысы мен
жұмыс icтey принципі қандай?
3. МРТ негізі қашан қаланған?
4. Магниттік-резонанстық томография
қандай максаттарда қолданылады?
Дескриптор.
а) Магниттік-резонанстық томография
деген не екенін түсіндіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |