Жалғасы
240
қатты денелер, электростатика, тұрақты ток, әртүрлі
ортадағы электр тогы.
Жабдықтар
Видео-сабақ: “Заттың магниттік қасиеттері”.
сабақ барысы
уақыт бойынша
бөліп жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар
сабақтың басы
5 мин
Сабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану.
2.
“Қар кесегі” әдісі
арқылы сабақтың
тақырыбына жетелеу.
Сұрақтар:
1. Ампер күшi деп ненi атаймыз?
2. Ампер күшiнiң бағытын қалай таба-
ды?
3. Магнит индукция векторының Физи-
калық мағынасы қандай?
4. 1 Тл дегеніміз не?
5. Зарядталған бөлшек электр өрісінің
а) күш
сызықтарына параллель;
ә) күш
сызықтарына перпендикуляр;
б) күш сызықтарына бұрыш жасай ұшып
кіргенде, ол өрісте қалай қозға лады?
3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айты-
лады.
4.
Бағалау критерийлерін анықтау
(оқушы лармен бірге):
1) Заттардағы магнит өрісі жайлы
мағлұмат алады;
2) Заттардағы магнит өрісінің форму-
лаларын есептер шығаруда қолдана
білуге үйренеді;
3) Топта бағалай алатын болады.
5. Бағалау. Мұғалім ынталандыратын
сөздермен, бонустармен бағалайды.
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша
оқушылар арасында өзара бағалау
өткізіледі.
“Заттың
магниттік
қасиеттері”
тақырыбына
презентация.
сабақтың
ортасы
30 мин
1)
Жаңа материалды зерделеу.
“серпілген сауал” әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді:
1. Магнит атауы қалай шыққан?
2. Ампер гипотезасының мәнісі неде?
3. Магниттік өтімділік дегеніміз не?
Жалғасы
242
1. Магнит атауы қалай шыққанын
түсiн дiредi;
2. Ампер гипотезасының мәнісі неде
болатынын дәлелдейдi;
3. Магниттік өтімділік дегеніміз не,
түсі нік терін жазады.
Күтілетін нәтижелер.
Оқушылар:
а) Заттардағы магнит өрісі жайлы
мағлұмат алады;
ә) Заттардағы магнит өрісінің формула-
ларын есептер шығаруда қолдана білуге
үйренеді;
б) Топта бағалай алатын болады.
Қб: “Бас бармақ” әдісі арқылы орын-
далады.
оқушылар:
— магниттік материалдардың (неодим
магниттер, датчиктер, сейсмометрлер,
металл детекторлар) заманауи қолдану
аймағын және олардың қолдану үрдісін
түсінеді;
— жұпта, топта мәселелік сұрақтар
құрастырады, оларға жауап береді.
“Пікір алмасу” (Showdown). Әрбір
топ тақырыпқа қатысты 4
сұрақ
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің
бірінші жағына, ал жауабын екінші
жағына жазып, келесі топпен стикер-
лерін ауыстырады. Топ басшысы
с т и к е р д е г і с ұ р а қ т а р д ы о қ и д ы ,
топ мүшелері жауаптарын жазып
дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде,
барлығы өз жауабын ашады және жауап-
тарды талқылап, дұрыс жауаппен
салыстырады.
1. Ферромагнетиктер деген не? Мысал
келтіріңдер.
2. Ферромагнетиктердің негізгі қасиет-
терін атаңдар.
3. 800°С дейінгі температурада қызды-
рыл ған темір магнитке тартыла ма?
4. Ферриттер дегеніміз не? Олар қайда
қолданылады?
Дескриптор.
Жалғасы
243
а) Ферромагнетиктер деген не? Мысал
келтіреді.
ә) Ферромагнетиктердің негізгі қасиет-
терін тұжырымдайды.
б) Ферриттер дегеніміз не? Олар қайда
қолданылатынын анықтайды.
2)
Зерделенген материалды бекіту.
Оқулықтағы графиктер мен суреттерге
сүйеніп өтілген тақырыпты қайталау.
“сұрақты ұстап ал!” әдісі.
Мұғалім сұрақ қойған кезде допты
лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кине-
тикалық сипат береді және оқушыларды
өз еркімен жауап беру үшін ниет
білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға
жауапты білмеген жағдайда сұрақты
басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік
бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсыр-
маны топпен шешуге де болады. Мұғалім
кезек-кезекпен допты әр командаға
лақты рады. Егер де қапшықты қағып
алған адам сұраққа жауап берсе,
онда команда 3 балл алады. Егер де
ол жауабын білмесе, допты басқа
командаға 2 балға лақтырады. Егер де
доп тағы да кері лақтырылатын болса,
онда дұрыс жауаптың құны 1 балға
дейін төмендейді.
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушылар арасында өзара бағалау
өткізіледі.
Мұғалім оқушыларды үш топқа бірік-
тіріп, әр топқа тапсырма береді.
Әр топтың оқушылары тапсырма тақы-
рыбын талқылайды. Постер презен-
тациясын дайындайды және сынып
алдында сөйлейді.
Бағалау критерийлері.
1. Постер тақырыбын ашу.
2. Эстетикалық безендіру.
3. Ғылыми сауаттылық.
4. Ресурстар тізімі.
5. Бірігіп орындайтын жұмыс.
Топтар арасында жоғарыда аталған
талап тар бойынша өзара бағалау өткізі-
леді.