Жалғасы
251
1. Магнит деп нені айтады?
2. Магниттердің қандай түрлері бар?
3. Электромагнит дегеніміз не? Олар
қайда қолданылады?
4. Соленоид деп нені айтады? Ол қандай
максаттарда қолданылады?
3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты
айтылады
4.
Бағалау критерийлерін анықтау
(оқушылармен бірге):
— Электромагниттік индукция заңы
жайлы мағлұмат алады;
— Электромагниттік индукция заңының
формулаларын есептер шығаруда қол-
дана білуге үйренеді;
— Топта бағалай алатын болады.
5. Бағалау.
Мұғалім ынталандыратын
сөздермен, бонустармен бағалайды.
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша
оқушылар арасында өзара бағалау
өткізіледі.
сабақтың
ортасы
30 мин
1)
Жаңа материалды зерделеу.
“броундық қозғалыс” әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді:
1. Электромагниттiк индукция құбылы-
сын түсiндiрiңдер. Оны ашқан кiм?
2. Электромагниттiк индукция құбылы-
сын тәжiрибе арқылы бақылауға
болатынына мысалдар келтiрiңдер.
3. а) Магниттi тыныштықтағы тұйық
контурға енгiзсек; ә) тыныштықтағы
магнитке тұйық контурды енгiзсек,
индукция ЭҚК мен индукциялық ток
пайда бола ма? Контурды тұйықтасақ
не болады?
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты мәлі-
мет тер мен ақпараттар орналас тыры-
лады.
Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала
жүріп, берілген тақырып бойынша
ақпарат жинайды.
Содан соң мұғалім:
— Эрстед ашқан өткiзгiштегi токтың
магниттiк қасиеттерiнен кейiн ғалым-
дар дың көпшiлiгi, мысалы, Ампер,
“Физика”
оқулығы,
10-сынып.
Физикадан
“Электро-
магниттiк
индукция заңы”
тақырыбындағы
видео-сабақ.
Жалғасы
252
Фарадей және т.б. осы құбылысты терең
де жан-жақты зерттеулерiн бастады.
Әлемдегi көптеген құбылыстардың
симметриялы болып келуi, айталық оң
мен сол, оң және терiс заряд, солтүстiк
пен оңтүстiк магнит полюстерi және т.б.
ғалымдарға тура жол сiлтегендей болды.
Ғалымдар егер өткiзгiштегi электр тогы
төңiрегiндегi кеңiстiкте магнит өрiсiн
тудыратын болса, онда магнит өрiсi де
өз кезегiнде өткiзгiште электр тогын
тудыруы тиiс деген сенiмде болды.
Эрстед ашқан жаңалықтан 12 жыл
өткеннен кейiн М. Фарадей адамзат
қоғамының бұдан әрi дамуының өзегiне
айналған электромагниттiк индукция
құбылысын ашты. Максвелл Фарадейдiң
ашқан жаңалығын математикалық
теңдеулерге айналдырып, бiрiккен өрiс
теориясын, яғни электромагниттiк
өрiс теориясын жасады да, ал оған
iле-шала дерлiк немiс ғалымы Г. Герц
Максвеллдiң электромагниттiк толқын-
дар жайлы гипотезасын тәжiрибе
жүзiнде дәлелдеп, электромагниттiк
толқын дарды алды.
Ленц ережесi:
I индукциялық ток
магнит өрiсi индукциясының ағынын
туды рады, ал оның ∆Ф
i
өзгерiсi сыртқы
магнит өрiсi индукциясы ағынының ∆Ф
өзгерiсiне кедергi жасайды, демек, ∆Ф
i
және ∆Ф бағыттары қарама-қарсы, яғни
электро магниттiк индукция
өрнегiндегi пропорционалдық коэффи-
циент
k = –1, ендеше,
E
i
= – ∆
Φ/ ∆ t.
Дескриптор.
1. Электромагниттiк индукция құбылы-
сын түсiндiредi;
2. Электромагниттiк индукция құбылы-
сын тәжiрибе арқылы бақылауға
болатынына мысалдар келтiру арқылы
дәлелдейдi;
3. Электромагниттiк индукция формула-
ларын жазады.
Бағалау
критерийлері.
ИТ (сұрақтар
көрсетіледі).
Жалғасы
253
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылар:
а) Электромагниттік индукция заңы
жайлы мағлұмат алады;
Электромагниттік индукция заңының
форму лаларын есептер шығаруда қол-
дана білуге үйренеді;
ә) Топта бағалай алатын болады.
Қб: “Бас бармақ” әдісі арқылы орында-
лады.
оқушылар:
— контурдағы индукциялық токтың
бағытын анықтауды үйренеді;
— жұпта, топта мәселелік сұрақтар
құрастырады, оларға жауап береді.
“Пікір алмасу” (Showdown). Әрбір
топ тақырыпқа қатысты 4 сұрақ
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің
бірінші жағына, ал жауабын екінші
ж а ғ ы н а ж а з ы п , к е л е с і т о п п е н
стикерлерін ауыстырады. Топ басшы-
сы стикердегі сұрақтарды оқиды,
топ мүшелері жауаптарын жазып
дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде,
барлығы өз жауабын ашады және жауап-
тарды талқылап, дұрыс жауаппен
салыстырады.
1. Тұйық контурға магниттi енгiзгенде
индукциялық токтың пайда болуын
түсiндiрiңдер.
2. Тұйық контурда пайда болған
индукция тогының шамасын қалай
есептеймiз?
3. Индукциялық ток пен сыртқы магнит
өрiсiнiң ағыны өзара қандай қатынаста
болады?
4. Ленц ережесiн тұжырымдаңдар.
Дескриптор.
а) Тұйық контурға магниттi енгiзгенде
индукциялық токтың пайда болуын
сипаттайды.
ә) Тұйық контурда пайда болған индукция
тогының шамасын тұжырымдайды.
б) Ленц ережесiн тұжырымдап жазады
2)
Зерделенген материалды бекіту.
Жалғасы
254
Оқулықтағы графиктер мен суреттерге
сүйеніп өтілген тақырыпты қайталау:
“Ойлан-жұптас-бөліс”. Берілген
тапсыр ма (сұрақ) бойынша әрбір
оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз
ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен
бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға
ұласады.
Жеке жұмыс. Оқушылар, өз бақылау-
ларына сүйене отырып, орындалған
жұмыс туралы қорытынды жазады.
Жұппен, топпен жұмыс. Әрбір топтан
бір оқушы жұмыс нәтижелері туралы
айтады, ал қалған оқушылар оны
толықтырады.
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушылар арасында өзара бағалау
өткізіледі.
Мұғалім оқушыларды үш топқа бірік-
тіріп, әр топқа тапсырма береді.
Әр топтың оқушылары тапсырма тақы-
рыбын талқылайды. Постер презен-
тациясын дайындайды және сынып
алдында сөйлейді.
Бағалау критерийлері.
1. Постер тақырыбын ашу.
2. Эстетикалық безендіру.
3. Ғылыми сауаттылық.
4. Ресурстар тізімі.
5. Бірігіп орындайтын жұмыс.
Топтар арасында жоғарыда аталған
талаптар бойынша өзара бағалау
өткізіледі.
Мұғалім сабақтың мақсатына жеткендігі
туралы қорытынды жасайды.
сабақтың соңы
5 мин
Мұғалім үйге тапсырма береді. Үй
тапсырмасы. § 43,44, бақылау сұрақ-
тарына жауап беру.
Кері байланыс.
Нені білген едім?
Нені білдім?
Нені түсіну оңай болды?
Нелер түсініксіз болып қалды?
Нені қосымша зерделеу қажет?
Достарыңызбен бөлісу: |