Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-
гуманитарлық бағытындағы 10-сынып
мұғалімдеріне арналған құрал
Алматы “Мектеп” 2019
Әдістемелік
нұсқау
Физика
10
Д. М. Қазақбаева, Ж. Ж. Абжалелова
© Қазақбаева Д.М., Абжалелова Ж.Ж.
© “Мектеп” баспасы, көркем
безендірілуі
Барлық құқықтары қорғалған
Басылымның мүліктік құқық тары
“Мектеп” баспасына тиесілі
Қазақбаева Д. М. т.б.
Физика. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық
бағы тындағы 10-сынып мұғалімдеріне арналған құрал / Д.М. Қазақбаева,
Ж. Ж. Абжалелова, — Алматы: Мектеп. — 277 б.
3
Кіріспе
Ұсынылып отырған әдістемелік құрал жалпы орта білім беру деңгейінің
жаңартылған мазмұндағы мектеп бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін
және қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған “Физика” (Д.Қазақбаева,
Б.Кронгарт, У.Тоқбергенова) оқулығын пайда ланатын мұғалімдерге
бағытталған. Құралда 10-сынып физика курсы мазмұнын тақырыптық
жоспарлау үлгісі, оқушылардың дайын дық деңгейіне қойылатын талаптар
және мұғалімдерге арналған ұсыныстар берілген.
Тақырыптық жоспарлау үлгісі физиканы аптасына 2 сағ оқытуға есептелген.
Құралда оқулықта қамтылған “Механика”, “Жылу физикасы”, “Электр
және магнетизм” бөлімдері бойынша тақырыптарды зерделеудің бірқатар
әдістемелік ұсыныстары берілген. Оқу құралының мақсаты — курстың барлық
тақырыптарын ашып көрсету емес, курстың бірқатар тақырыптарына талдау
жасау барысында пән мұғаліміне әдістемелік сипаттағы нұсқаулар ұсыну.
Оқу құралының авторлары курстың нақты материалын оқытудың
мақсаты мен мазмұнына байланысты әр мұғалімнің қалыптасқан өзіндік
ұстанымдарының болатынын ескереді. Өйткені мұғалім білім беруші ғана
емес, оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастырушы болып табылады,
сондықтан оған шығармашылық үдеріс тән.
Физиканың жалпы білімдік курсы физика ғылымының негіздерін
құрайды, алайда физиканың ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды
орын алатынын ескеру қажет. Өзінің мазмұнында деректерді, түсініктерді,
заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерді, физика әдістерін
және т.б. қамтитын физикалық теория аясында адамзат қызметінің
түрлі салаларында кеңінен қолданыс табатын ұғымдар, ойлау жүйесі мен
практикалық қызмет үшін тиімді болатын тәсілдер қалыптастырылатын
болады. Оқушылар физиканың практикалық қолданыстарымен, көрнекті
ғалымдардың өмірімен танысады және физиканың әртүрлі кезеңдегі дамуы
туралы мағлұмат алады.
Жаратылыстану саласындағы кең дамыған ғылым ретінде физика ғылыми
көзқарастардың және ғылыми ойлау стилін қалыптастырудың негізі болып
табылады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін ашу және осы негізде
ғылыми дүниетаным мен ой-өрісті қалыптастыру — физика курсының басты
мақсаты. Сонымен қатар, оқытудың негізгі мақсатына физиканы адамзаттық
мәдениеттің маңызды компоненті ретінде таныстыру қажеттігі жатады. Демек,
мектепте физиканы оқытудың мәдени үйлесімділік, гуманитарлық сипаты
болуы тиіс. Осы айтылғандардың бәрі физиканы оқытудың мемлекеттік
стандартына және оқу бағдарламасына сәйкес келеді.
Физикалық білім мазмұнын таңдап алу кезінде физика негіздерін зерделеу
үшін таңдап алынған деректер, түсініктер, заңдар, теориялар оқушыларға
жүйелі берілуі тиіс екені ескерілді. Кез келген ғылымда ақпаратты жүйелеу
оның мәнін түсіну үшін де, ол ақпаратты тиімді пайдалану үшін де маңызды
рөл атқаратыны белгілі. физика пәні бойынша білімді жүйелеу біліктілік,
бірізділік сияқты дидактикалық принциптерге сәйкес жүзеге асырылды.
Оқулық авторлары физика курсындағы оқу материалдарын жетекші
физикалық идеялардың немесе принциптердің айналасына топтау немесе
біріктіруді, яғни, оны генерализациялауды басшылыққа алды.
4
Әлемнің осы заманғы бейнесі — іргелі физикалық теориялар тұрғысынан
табиғаттағы процестер мен объектілер туралы түсініктердің жүйесі болып
табылады. Демек, оқушылар әлемнің физикалық бейнесі жайлы түсінік алу
үшін іргелі физикалық теориялардың мазмұнын, олардың негізінде жатқан
философиялық идеяларды, осы теориялардың ерекшеліктері мен өзара
байланыстарын білуі тиіс.
Оқу материалын физикалық теориялар айналасына топтастыру оқушы-
лардың теориялық ойлау элементтерін, теорияның танымдығы рөлімен,
теория мен эксперименттің арақатынасымен байланысты әдіснамалық білімдер
жүйесін қалыптастыруға, тарихи тәсілді жүзеге асыруға, физиканы қоғамның,
мәдениеттің дамуымен байланыстыруға ықпал етеді. Бұл оқу материалын
зерделеудің эмпирикалық негізін кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Физика курсында зертханалық жұмыстар қарастырылған, олар бақылаулар,
болжамдар жасауға үйретіп, қарапайым практикалық дағдылармен қарулан-
дыруды көздейді.
Оқу материалы деңгейінде мазмұнды ашуда жаратылыстану пәндерімен де,
әдебиет, тарих және т.б. гуманитарлық пәндермен де пәнаралық байланыстар
ескерілген.
Жаңа ұғымдар тәжірибе деректерін талдау негізінде енгізіледі, ал бұл өз
кезегінде оқушыларға олардың анықтамаларының мағынасын ұғынықты түрде
жеткізуге мүмкіндік береді. Физикалық шаманың анықтамасын және осы
анықтамаға сай келетін формуланы білумен қатар оқушылар бұл шаманың
Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (ХБЖ) өлшем бірлігін де білуі керек.
Бұл білімдер оларға зерделенген құбылыстар мен заңдарда, жалпы алғанда
қоршаған әлемде бағдарлана алуға мүмкіндік береді.
Күрделі материалды түсіндіру кезінде дәлелдеулерге ғана көп арқа сүйемей,
көрнекілікке, түсініктілікке, тілдің анықтығына, жеке қағидаларды көрсету
үшін нақты мысалдарға көбірек көңіл бөлген дұрыс. Оқыту процесінде
көрсетілімдік тәжірибелерге, оқушылардың өздері бақылаған құбылыстарына,
жүргізген бақылауларына сүйенген жөн.
Физиканы оқытуда тарихи тұрғыдан қарауға елеулі көңіл бөліну керек.
Мысалы, кейбір бөлімдерді қарастырылатын құбылысқа қатысты ғылыми
көзқарастардың қалыптасуын қарастырумен аяқтаған орынды болмақ.
Физика оқушылардың алдында әлдеқашан ашылып қойған ережелер мен
заңдардың жиынтығы емес, қоршаған әлемді танып-білу үшін өз үлестерін
қосқан бірнеше буындағы ғалымдардың шығармашылық ізденіс те рінің
процесі мен нәтижесі ретінде қарастырылуы тиіс. Мұғалімнің көрсеті лімдік
тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа материалды түсіндірудегі ізденім-
паздығы әртүрлі есептермен, тапсырмалармен, тәжірибелермен, дидактикалық
материалдармен, ғылыми-көпшілік әдебиетті пайдалана отырып, тарихи және
қызықты есептерді шығарумен жалғасын табатын болады.
Жоғары сыныптарда физиканы оқыту мұғалімнің пәнді жақсы меңгеріп
қана қоймай, оның әдістемелік шеберлігін де талап етеді. Шығармашылықпен
жұмыс істейтін мұғалім үшін әдістемелік нұсқау осы ізденіс жолындағы
көмекші құрал болып табылады.
Àâòîðëàð
Достарыңызбен бөлісу: |