Әдістемелік нұсқау Физика 10


ФизиКа  Курсын  оҚытуДың ҚоғаМДыҚ-



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет2/89
Дата08.01.2020
өлшемі1,89 Mb.
#26040
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89

5
ФизиКа  Курсын  оҚытуДың ҚоғаМДыҚ-  
гуМанитарлыҚ  бағытынДағы 
10-сыныпҚа  арналған  бағДарлаМа 
түсінік хат
Табиғаттың  жалпы  заңдары  туралы  ғылым  болып  табылатын  физика, 
мектептегі оқу пәні ретінде қоршаған әлем туралы білім жүйесіне елеулі үлес 
қосады.  Ол  қоғамның  экономикалық  және  мәдени  дамуындағы  ғылымның 
рөлін түсінуге, қазіргі заманғы ғылыми дүниетанымның қалыптасуына ықпал 
етеді. 
Мектептегі  физикалық  білім  беру  мазмұнының  даму  тенденциясы 
Физикалық ғылымның ғарыштық құбылыстар, Жер бедері мен планеталардағы 
құбылыстар, заттың конденсацияланған күйі заманауи физика проблемалары, 
тіршілік дүниесіндегі және тірі объектілердің кейбір қасиеттері, ақпараттық 
жүйе салаларындағы зерттеу объектілерінің кеңеюімен байланысты.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарға арналған “Физика” оқу 
пәнiнің  мазмұны  мәдениеттiң  құрамдас  бөлiгi  ретiндегi  физика  туралы, 
әлемнiң физикалық бейнесi, физика ғылымының даму жолдары мен кезеңдерi 
жайлы  және  қоғамның,  экономиканың,  жалпыадамзаттық  мәдениеттiң 
дамуымен,  тұтас  алғанда  философиялық  идеялардың,  ғылыми  ақиқатқа 
деген  философиялық  көзқарастың  дамуы  туралы  оқушылардың  түсiнiгiн 
қалыптастыруға, өз бетiнше ойлау, бiлiм алу дағдыларын, шығармашылық 
қабiлеттіліктерін, адамның дүниеге қатынасын айқындайтын әлеуметтiк мәнi 
бар бағдарларды дамытуға әсер етуi тиiс.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-сыныпқа арналған “Физика” оқу 
пәнін  оқытудың  басты  мақсаттары  –  оқушыларда  ғылыми  дүниетаным 
негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық бейнесін біртұтас қабылдай алуды 
қалыптастыруға, құндылық бағдарларды тәрбиелеуге ықпал ету. 
Оқу пәнін оқытудың мiндеттерiне мыналар кiредi:
— Физика ғылымының негiзi болып табылатын эксперименттiк деректер, 
ұғымдар, заңдар, теориялар және олардың практикалық қолданыстары туралы 
бiлiм беру;
— Физика ғылымының негiзгi әдiстерi — теориялық және эксперименттiк 
әдiстермен таныстыру;
— құралдарды, аспаптарды пайдалана бiлу, эксперимент нәтижелерiн өңдеу 
сияқты тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру;
—  оқушылар  бойына  физика  ғылымына  деген  шынайы  құрмет  пен 
сүйiспеншiлiктi дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабiлет-
терiн дамыту.
“Физика”  пәні  бойынша  білім  беру  мазмұны  ғылымилық,  жүйелілік, 
түсініктілік, біртұтастық, сабақтастық сияқты принциптер негізінде таңдалып 
алынған.


6
оҚу пәнінің базалыҚ МазМұны 
(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Механика (16 сағ)
Êèíåìàòèêà. Дене қозғалысы кинематикасының теңдеулері мен графиктері. 
Салыстырмалы қозғалыс. Қисықсызықты қозғалыс кинематикасы.
Äèíàìèêà.  Күштер.  Күштерді  қосу.  Ньютон  заңдары.  Бүкіләлемдік 
тартылыс заңы. Гравитациялық өрістегі снарядтың қозғалысы.
Статика  және  гидростатика.  Массалар  центрі.  Тепе-теңдік  түрлері. 
Қатынас ыдыстар. Гидравликалық пресс. Паскаль заңын қолдану. Торичелли 
тәжірибесі.
Сақталу заңдары. Механикадағы импульс пен энергияның сақталу заңдары.
Гидродинамика. Сұйықтық кинематикасы.
Көрсетілімдер: 
1. Санақ жүйесін модельдеу. 
2. Траекторияның таңдалып алынған санақ жүйесіне тәуелділігі.
4. Механикалық қозғалыстың түрлері.
5. Баллистикалық пистолеттен атылып шыққан снарядтың қозғалысы.
6. Қозғалыстың салыстырмалылығын көрсетілімдеу.
7. Денелердің инерциямен қозғалуы.
8. Денелердің инерттілігі.
9. Денелердің өзара әсерлесуі кезіндегі үдеулерінің олардың массаларына 
тәуелділігі.
10. Серпімділік күшінің деформацияға тәуелділігі.
11. Үйкеліс күштері.
12. Потенциалдық  энергияның  кинетикалық  энергияға  және  керісінше, 
түрленуі.
13. Жіпке және серіппеге ілінген жүктің еркін тербелістері.
14. Реактивтік қозғалыс.
15. Зымыранның моделi.
16. Импульстiң сақталу заңы.
Практикалық  жұмыс:  сапалық,  есептеу  және  эксперименттік  есептер 
шығару.
 
Зертханалық жұмыс: “Тұтқырлығы әртүрлі сұйықта қозғалатын кішкентай 
шардың қозғалысын зерттеу”.
Молекулалық Физика (16 сағ) 
Молекулалық-кинетикалық теорияның негіздері. Молекулалық-кинети-
калық  теорияның  негізгі  қағидалары.  Термодинамикалық  параметрлер. 
Кристалл және кристалл емес заттар.
Газ  заңдары.  Идеал  газ  күйінің  теңдеуі.  Изопроцестер.  Адиабаталық 
процесс.
Термодинамика негіздері. Термодинамика заңдарын қолдану. Жылу қоз-
ғалт қыштары.
Сұйық  және  қатты  денелер.  Ауаның  ылғалдылығы,  шық  нүктесі. 
Сұйықтың беттік керілуі. Жұғу, қылтүтіктік құбылыстар.


7
Көрсетілімдер: 
1.
 Жылулық қозғалыстың моделі.
2. Броундық қозғалыстың моделі.
3. Штерн тәжірибесінің моделі.
4.  Көлем  тұрақты  болғанда  температураның  өзгеруіне  байланысты  газ 
қысымының өзгеруі.
5.  Қысым  тұрақты  болғанда  температураның  өзгеруіне  байланысты  газ 
көлемінің өзгеруі.
6. Температура тұрақты болғанда қысымының өзгеруіне байланысты газ 
көлемінің өзгеруі.
7.  Жұмыс  атқарылғанда  және  жылу  берілу  кезінде  денелердің  ішкі 
энергиясының өзгеруі.
8. Жылу қозғалтқыштарының модельдері.
Практикалық  жұмыс:  сапалық,  есептеу  және  эксперименттік  есептер 
шығару.
 
Электр және магнетизм (29 сағ)
Электростатика.  Электр  өрісі.  Электрсыйымдылық.  Конденсаторлар. 
Сыйымдылықтың өлшем бірлігі және электр мөлшері.
Тұрақты  ток.  Ток  көзінің  электр  қозғаушы  күші  мен  ішкі  кедергісі. 
Кернеу және потенциалдар айырмасы. Толық тізбек үшін Ом заңы. Электр 
тогының жұмысы мен қуаты. 
Әртүрлі ортадағы электр тогы. Металдардағы электр тогы. Жартылай 
өткізгіштердегі  электр  тогы.  Электролиттердегі  электр  тогы.  Газдардағы 
электр тогы. Вакуумдағы электр тогы. Жартылай өткізгішті құралдар. Асқын 
өткiзгiштiк. 
Магнит  өрiсi.  Магнит  өрісі.  Магнит  индукциясының  векторы.  Бұрғы 
ережесі. Ампер күші, Лоренц күші. Заттың магниттік қасиеттері. Жасанды 
магниттер. Соленоид.
Электромагниттiк  индукция.  Электромагниттiк  индукция  заңы. 
Электромагниттік құралдар. Магниттік-резонанстық томография.
Көрсетілімдер: 
1. Электрометр. Зарядталған денелердің өзара әсерлесуі.
2. Электр зарядының сақталуы. 
3. Электр зарядының бөлінгіштігі.
4. Зарядталған шардың электр өрісі.
5. Зарядталған конденсатордың энергиясы.
6. Толық тiзбек үшiн Ом заңы.
7. Өткізгіштерді тізбектей жалғау.
8. Өткізгіштерді параллель жалғау.
Практикалық  жұмыс:  сапалық,  есептеу  және  эксперименттік  есептер 
шығару.
 
Зертханалық  жұмыс:  “Электролиттердегі  электр  тогының  пайда  болу 
шарттарын зерттеу”.
Физикалық практикум (7 сағ)


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау