«Влияние фаст фудов на организм человека»



жүктеу 0,54 Mb.
Pdf просмотр
Дата26.11.2018
өлшемі0,54 Mb.
#24579


                                            

№14 ЖОББМ КММ 

 

 



 

 

 



 

 

 



Ғылыми жоба 

Тақырыбы: «Фаст-фуд   тағамдарының   адам ағзасына әсері» 

Тема:  «Влияние фаст – фудов на организм человека» 

Theme:  «The influence fast foods on the human body» 

 

 

 



 

 

                                                      

Орындаған:  Ахметжанова Гульжихан                                                                                                                                                                                                                                                          

 

          9 сынып оқушысы 



                                        Жетекшісі :  Какенова Айгуль Нуркаировна 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


МАЗМҰНЫ 

 

Кіріспе   



І.  Әдебиеттерге шолу 

1.1 Фаст-фуд тағамдарының қысқаша тарихы  



ІІ . Негізгі бөлімі: 

2.1 Фаст-фуд тағамдарының құрамы және адам ағзасына әсері  

2.2 Фаст-фуд тағамдарының  оң және теріс жақтары  

ІІІ. Зерттеу бөлімі:                                                                                                            

3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы 

3.2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола” сусынына сапалық 

реакция 


Қорытынды  

Қолданылған әдебиеттер тізімі  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Түсінік хат 

 

Зерттеу мақсаты: фаст-фуд өнімдерінің мектеп оқушыларының  денсаулығына 

әсерін анықтау 



Зерттеу жұмысының негізгі болжамы:  егер адамдар фаст-фуд тағамдарының 

зиянын  және  әр  түрлі  аурулар  туғызатынын  білсе,  онда  салауатты  өмір  сүру 

деңгейі жоғары болар еді. 

Зерттеу жұмысының әдістемесі: 

- ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау; 

- тәжірибелер жүргізу; 

- оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу; 



Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі: 

•  фаст-фуд  немесе  жеңіл  тағамдардың  адам  ағзасына  әсері  жөнінде  жан  – 

жақты сипаттама берілді;  

•  адамның  денсаулығы  үшін  тиімді  тамақтана  білу  және  құрамында  түрлі 

қоректік  заттардың  толық  мөлшері  бар  тағамдармен  тамақтанудың 

жолдары көрсетілді. 



Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: 

•  ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау арқылы фаст-фуд өнімдеріне жан – 

жақты зерттеу және пайдасы мен зиянын көрсету жұмыстың теориялық 

мәні болып табылады.  

•  тәжірибе барысында фаст-фуд өнімдерінің ағзаға зиянын көрсету яғни, 

жұмыстың практикалык мәні болып табылады.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 




Аннотация 

 

Цель исследования: определить влияние фаст –фуд продуктов на здоровье 

школьников 



Прогноз исследования: если люди будут знать о вреде фаст – фуда и о том что 

они являются источниками разных болезней, то у них будет более высокий 

уровень здорового образа жизни 

Методы исследовательных работ: 

 



обзор научной литературы; 

 



проведение опытов; 

 



провести анкетирование среди школьников 

Новизна исследования: 

 



дана все сторонняя характеристика о влияний фаст – фуда и 

легких продуктов на организм человека; 

 

указаны пути питания калорийной пищей полезной для 



организма человека 

Теоретическая и практическая значения исследования: 

 



обзор научной литературы показывает пользу и вред фаст- фуд 

продуктов является теоретическим значением; 

 

практическим значением работы будет показ на основе опытов 



вред фаст –фуд продуктов 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Annotation 

 

 

Aim of research: to determine the effect of fast food products on the health of 

schoolchildren 



Prognosis research: if people know about the dangers of fast foods and that 

they are sources of a variety of diseases, then they will have a higher level of 

healthy lifestyle 

Methods research:  

  a review of the scientific literature; 



  experiments; 

  conduct a survey among schoolchildren 



The originality of the research: 

  given all the other characteristics about effect of fast food and light 



products on the human body; 

  ways to supply nutritious food useful for the human body 



          Theoretical and practical significance of the research: 

  a review of the scientific literature shows the benefits and harms of the 



fast food products is a theoretical value; 

  practical value of work will be a display on the basic of experiences of 



the dangers of fast food products 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


КІРІСПЕ 

 

      Фаст-фуд  қазіргі заманның ажырамас бөлігі.  Қарқынды өмір  салты қазіргі 

заман адамына асықпай , сүйіспеншілікпен отырып тамақтануға мүмкіндік 

бермейді. Күнделікті тамақтанудың орнына жақын маңдағы тамақтанатын 

жерден  бизнес-ланч, пакеттегі жылдам еритін лапша, гамбургерлер немесе хот-

догтар мен газдалған сусындар сияқты жеңіл тамақтармен тамақтануға тура 

келеді.  

    Қазіргі таңда қалада кез-келген аяқ басқан жерден тамақтануға болады. 

Көптеген жерлерде арнайы орындар тұрғызылған, онда ыстық самсалар, 

қамырдағы бәліштер, құймақтар және тағы да басқа жеңіл тағамдар сатылады. 

Жалпы аш қалмайсың. 

    Бізді қызықтыратыны, осы фаст-фуд қайдан шықты? Неліктен, ол ересектер 

мен балалар арасында танымал? Дәрігерлер мен диетологтар айтқандарындай 

фаст-фуд адам ағзасына , денсаулығына , әсіресе балаларға шынымен зиян ба? 



Зерттеудің  өзектілігі:  фаст-фуд өнімдерінің зиянын тәжірибе арқылы 

дәлелдеп, оқушылар арасында үгіт жүргізу арқылы қолданушылар санын азайту  



Зерттеудің қарама-қайшылықтары  дәрігерлер қаншалықты фаст-фудтың 

зиянын айтқанымен көптеген адамдар жиі пайдаланады. 



Зерттеудің мәселесі: фаст-фуд өнімдерін пайдалану. 

Зерттеудің міндеттері: -фаст-фудтың шығу тарихымен танысу. 

-фаст-фуд өнімдерін қаншалықты жиі пайдалану мен сүйікті тамақтануын 

анықтау мақсатында мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізу. 

-фаст-фуд дайындау барысында оның құрамымен танысу 

-газдалған сусынмен іс-тәжірибе жасау. 

Зерттеу нысаны: фаст-фуд өнімі. 

   Жүргізілген зерттеу жұмыстарда келесі зерттеу әдістерін пайдаланды: іздеу 

(ақпараттар жинақтау), сауалнама  (әлеуметтік сауал), талдау (жинақталған 

ақпараттарды салыстыру). 

 

І. Әдебиетке шолу 

1.1 Фаст-фуд тағамдарының қысқаша тарихы 

     Фаст-фуд (ағылшанша « fast food» –тез тамақтану) тез әзірленетін 

тамақтар. «Фаст-фуд» термині ең алғаш рет 1951 жылы  Merriam-Webster 

сөздігіне енгізілген.  

1920 жылдары ең бірінші фастфуд тағамы Америкада қолданысқа ие болды. 

1921 жылы Канзаста White Castle атты компания ашылып, алғашқылардың бірі 

болып гамбургер дайындаған еді. Бұл компания келушілерді гамбургердің 

бағасының тұрақтылығымен жаулап алды, бірақ тағамның сапасымен 

құндылығы жөнінде компания басшысы Билли Инграма ойламады. 1940 

жылдардың соңында White Castle компаниясының мықты бәсекелесі болып 

McDonald's компаниясы бой түзеді. Сол жылдан бастап McDonald's компаниясы 

алпауыт компаниялардың бірі болды.Тоқсаныншы жылдары гамбургер 

кедейлерге арналған зиянды тағам болып есептелінетін. Оны қала көшелерінде 

ғана үйсіз-күйсіз адамдарға сататын болған. Тек кейінірек бұл тағам 



ресторандарға жол тартты. Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде 

айына бір рет McDonald's ресторанына барады. 

   Aмерикада әрбір 10 адамның тоғызы кем дегенде айына бір рет  McDonald's 

ресторанына барады. Америкалықтар 1970 жылы фаст-фудқа 6 миллиард доллар 

жұмсайтын еді. Бұл көрсеткіш 2011 жылы 142 миллирд  долларға өсті. 

СолтүстікКореяда Кока-Кола мен Пепси-Кола сатылымда жоқтың қасы. 

Гамбургер туралы БАҚ-тарда алғаш рет 1894 жылы «LosAngelesTimes» 

газетінде сөз болды.АҚШ-тың өзінде фаст-фуд сататын  300 мың ресторан 

жұмысістейді. Ричард және Морис Макдональдтар өздерінің алғашқы 

ресторанын 1949 жылы Калифорния  штатындағы Сан Бернардинода ашты. 

McDonald's Бразилиядағы халықты жұмыспен қамтып отырған ең үлкен 

компаниялардың бірі болып саналады.    Фри картофельдерінің көпшілік 

арасында кеңе тек жайғанығы соншалық,  оның сатылымының көлемі шикі 

картоптардан да асып түсті. Мысалы, тек 2010 жылы американдықтар 3 миллион 

тонна фри картофелін жеді.Рональд Макдональд америкалық балалар  арасында 

Санта Клаустан соң ең танымал тұлға болып есептелді. Фаст-фуд тағамдарының 

кең етек алуы америкалықтардың күрт семіруіне әкелді. Америка ауруларды 

бақылау орталығының есептеуінше,  семіздіктен жылына 248 мың америкалық 

өледі  екен. 

ІІ . Негізгі бөлімі: 

2.1 Фаст-фуд тағамдарының құрамы және адам ағзасына әсері. 

        Қазіргі таңда тез дайындалатын тағамдар өркендеуде. Тез дайындалатын 

тағам ас мәзіріне кіретін тағамдар: гамбургерлер, картопты «фри», картопты 

чипстер, ход-дог және сусындардың қатарына : «Кока - кола», «Пепси», 

«Фанта», «Меринда», «Сэвен - Ап», «Спрайт» және т.б. кіреді. Тәтті газдалған 

сусындар. Жоғарыда айтылып кеткен сусындардың құрамында: көптеген 

консерванттар, ароматизаторлар, бояулар мен қоюландыратын заттар. Бүкіл 

тәтті газдалған сусындарда көмірқышқылы бар. Бұл қышқылдық әсерінен 

асқазаның үрленуі мен кекірік пайда болады. Тәтті газдалған сусындарда 

құрамында тағы химиялық қоспалардың бүкіл түрлері қолданылған. Яғни 

сусының дәмін, иісін, түсін жақсарту үшін.  

    Тәтті сусын қауіпті аллерген болып саналады. Тәтті газдалған сусында көп 

мөлшерде қант қолданылған. Сондықтан бұндай сусындар қан диабетімен 

ауыратын адамдар үшін өтте қауіпті. Тек диабет ауыратын адамдар үшін еместе 

тағы бауыр, бүйрек, асқазан ауыратын адамдар үшін де қауіпті. Бұндай сусының 

орнына ондай химиялық қоспалар аз сусындарды ішкеніңіз жөн. Картопты 

«Фри» - құрамында аса қауіпті заттар бар, көп көлемдігі майлар мен акриламид. 

Акриламид токсидті зиянды зат екенін ғылымда дәлелденді. Ол адамның 

психикалық жүйесіне және генетиканың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Акриламид 

көміртеке өте бай . Швед биохимиктері зертеуінде бір порция картопты «Фри» - 

де акриламид нормасынан 50 есе асып тұр. Яғни бір порция да 50 грамм 

акриламид бар тіпті бір қорап темекінің өзінде акриламид 20 грамм.  

   Бір порция картопты «Фри» жесек онда біз 2, 5 қорап темекі шекенмен бірдей 

болдық. Гамбургер. Бір гамбургер құрамында 46 % тұз, 45 % майлар ал бұл бір 




күндік норма. Және бұдан басқа 25 % калорий және холестирин. 15 % 

көмірсутек, 10 грамм қант, 1, 5 грамм зиянды майлар. Катлетер грилде 

дайындалғандықтан құрамында концерогендер болады. Гамбурге арналған етте 

арнайы қоспалар болмауыда мүмкін. Бірақ тоқаш құрамында борлы бидайлы ұн, 

зиянды майлар, силикаттар, карбонат және сульфат натрийі, қамыр үшін 

конденсаторлар, калий пропаны. Гамбурге арналған соус құрамында : қант, 

сироп, майлар, пропиленгликоль альгинат, бензоаты натрий және калий.  

      Гамбургер құрамында ондай аса қауіптілігі химиялық қоспалар жоқ екен. 

Бірақ гамбургерді адам көп қорек етсе онда ол адамның салмақ қосуы әбден 

мүмкін. Тез дайындалатын тағамның қатарына бәріне танымал кеспелерде 

жатады. Тез дайындалатын кеспелердің құрамы : қант, пальма майы, бояуыштар, 

қайнатыңқыраған тұз, лимон қышқылы, ароматизаторлар, кептірілген тауық етті 

немесе сиыр етті, кептірілген көкөністер, саңырауқұлақтар. Бұндай өнімдерді 

Қазақстанға басқа елдерден әкелінеді, жақында айтылған жаңалықтарда тез 

дайындалатын кеспелерді Ресей жерінен әкелінеді. Бұл кеспелерді арнайы 

тексерістен өтті, кеспелерде адам ағзасына зиян шек таяқшалары бар екенін 

анықталды. Басқа елдерден тек кеспелер ғана емес басқа да тағам өнімдері 

Қазақстан жеріне танымалданып отыр осының нәтижесінен басқа тағамдарда 

бұндай ішек таяқшалары болмауын бізге кім кепілдік береді. Жоғарыда айтылып 

кеткен тез дайындалатын тағамдарда емес тағы күнделікті қолданысқа келетін 

тағамдардың құрамында химиялық қоспалар бар екенін бәрімізге белгілі. 

Дүкендердегі сатылатын өнімдердің 70-95 % тамақтануда қолдануға болмайды.  

    Сонымен қатар, өсімдік өнімдері химиялық тыңайтқыштар, гербицидтер, 

инсектицидтер көмегімен өндіріледі. Жануарларды өсіру гормоны 

антибиотигімен жемдейді. Тағам өндірісі фабрикалары өнімдерді табиғи 

жұғымды заттардан айырып, өңдейді. Оның орнына өнімдерге синтетикалық 

дәрмендер, жасанды консерванттар, қоспалар, ароматизаторлар қосады. Бізге 

ұнай ма,  ұнамай ма - біз химиялық сұйық заттарды амалсыздан ішуіміз керек. 

Химиялық қоспалар біздің ағза тарамдарында жиналып, сақталады, соңында оны 

іштен бұзады. Адам жылына ағзаға зиянды 2-3 килограмм химиялық заттарды 

жеп тауысады екен .Олар күнделікті әдеттегі және залалсыз тағам өнімдерінің 

құрамында болады.  

    Химиялық қоспалар көмегімен астық өнімділігін арттырады, өсімдіктің сақтау 

мерзімін көбейтеді, жемістер, көкөністер, дәндердің сыртқы түрін жақсартады. 

Алайда бұл өнімдердің нәрлік құндылығы төмендейді. Ал адам ағзасында олар 

ақырын, прогрессивті түрде ағзалар мен жасушаларды бұзады, бұл әр түрлі 

ауруларға яғни ерте қартаю мен мезгілсіз өлімге әкеледі. Азық - түлік сатып 

алған кезде өнімнің тауар құлақшасындағы (этикетка) канцерогенді заттар 

туралы мәліметке мұқият назар салған жөн. Сапасы төмен, канцерогені өте 

жоғары өнімді тұрақты түрде пайдаланып жүрген кісінің дертіне дауа жоқ. 

Қылтамақ сияқты емі жоқ аурулардың бәрі де осы канцеро -гендік заттардан 

туатынын ғылым дәлелдеп отыр.  

   Жылдар бойы улы заттар жиналған адамның ағзасы генетикалық өзгерістерге 

ұшырайды. Ал, геннің өзгеруі адамның азуына, көңіл - күйінің құлдырауына 




әкеліп соғады. Бауырдың, талақтың, бүйректің қатерлі ісігіне шалдығуына 

себепкер осы канцерогендер. Егер тамақтың тауар құлақшасында құрамында 

«Е» деген зат бар деп көрсетілсе, онда өнімге азықтық қоспалар, химиялық 

дәмдегіштер, жасанды бояу қосылды деген сөз. Олар өнімді бұзылудан 

сақтайтын күшті реагенттер. Сау адамды науқас қылатын да дәл осы реагенттер. 

Дүниежүзілік тамақ өндірісінде азықтық қоспаның үш түрін мүлдем қолдануға 

тиым салынған.  

   Олар Е-121 қоспасы – қызыл цитрус тағамдық бояуы, Е-123 – амарант бояуы, 

Е-240 – формалдегид консерванты. Сіздің денсаулығының сіздің қолыңызда. 

Бірақ қазіргі таңда консервант, химиялық қоспасы жоқ тағамдардың саны төмен 

деп барады. Яғни бұндай тағамдардың әсерінен ауру адамдардың, әйелдердің 

бала тумау саны жоғарлап бара жатыр. Жоғары да айтылып кеткендей сау 

адамды науқас қылатын дәл осы тағамдар. Өтініш тағамдардың құлақшаларына 

(этикетка) қараңыздар!!!  

                                       Зиянды тағамдық заттар қоспалары 

Өте қауіпті 

Е 123, Е 510, Е 513, Е 527  

Қауіпті  

Е102, Е110, Е120, Е124, Е127, Е129, Е155, Е180,  

Е201, Е220, Е222, Е228, Е233, Е242, Е400-405, Е501  

Канцерогенді  

Е131, Е142, Е219, Е954, Е213, Е212Е338,  

Асқазан 

құрылысына  

Е338-341, Е343, Е450, Е461-463, Е465, Е466  

Тері аурулары  

Е151, Е160, Е231, Е232, Е239, Е311, Е312, Е320  

Ішек құрылысы   Е154, Е626, Е627, Е628, Е629, Е630, Е631, Е632-635  

Бала үшін өте 

қауіпті  

Е270  

Тыйым 


салынған  

Е103, Е105, Е111, Е121, Е123, Е125  

Күдікті  

Е104, Е122, Е141,Е171, Е173, Е241, Е471  

Қысымға  

Е154, Е250, Е252  

 

Ростикс KFC тағамдарының калориялығы 



 

Тағам 

атаулары 

Тағам 

массасы, г 

Ақуыз  Май  Көмірсу 

Энергетикалық 

құндылығы (ккал) 

Тауық 

159 


18,5 

12,8 


14,1 

245,6 


Тауық 

қанаттары 

216 


16,6 

20,7 


15,4 

314 


Тауықтан 

дайындалған 

стрипстер 

140 


22,3 

10,3 


15,8 

245,1 


Сэндвичтер 

253 


17,6 


21,3 

280 


Бургерлер 

258 


12,8 

11 


22,6 

240 



Фри 

картобы 

240 


22,3 

11,8 


15,9 

259 


Чикен поп-

корн 

100 


3,8 

15,5 


30,1 

270 


 

              2.2 Фаст-фуд тағамдарының  оң және теріс жақтары 

•      Ауруды уақытша тоқтататын (обезбалевающее) қасиеті бар. Осы 

сусынның  химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. 

Көктем, жаз айларында қала сыртына шығып дем алғанда жәндік, шыбын 

– шіркей шағып алғанда ашып немесе ауырып тұрған жерінізге осы кока- 

коланы құйып жіберсеңіз жеңілдеп қаласыз. 

•  Кока- кола тотты жақсы кетіреді. Үйдегі қолданыстан шығып қалған 

металл заттарды бірнеше сағат осы сусынға салып қойып, ысқылап 

жусаңыз сол зат тазарып шыға келеді. 

•  Кока -кола терезені жақсы тазартып жуады. Сусын құрамындағы лимон 

қышқылы терезеңізді немесе автокөлігіңізді жуу кезінде жақсы нәтиже 

көрсетеді. 

•  Кока- кола дақты және иісті  жақсы кетіреді. Кір жуғыш ұнтақпен бірге 

араластырып киімдеріңізді жусаңыз нәтиже жаман болмайды.  

 

   Фаст – фуд тақырыбын зерттеу барысында, біз бұл құбылыстың оң жақтарын 



тапқымыз келді, бірақ өкінішке орай дәмді және жылдамдығынан басқа өзімізге 

қажетті ештеңе таба алмадық. Ешқандай пайдасы туралы сөзді кездестірмедік. 

Тағам біздің ағзамызға дәм мен рахаттан бөлек пайда әкелу керек.  

         Осы мәселе төңірегінде дәрігерлердің пікірлерімен таныса келе білгеніміз, 

барлық дәрігерлер мен диетолог мамандардың пікірлері бір арнада тоғысады – 

олардың ойынша фаст – фудтың екі түрі болады: зиянды және өте зиянды. 

Жылдам тамақтану жүйесінің кейбір аспектілерін қарастырайық. 

1.Құнарлығы.  

     Фаст –фудт өнімдерінде құнарлық шектен тыс көп, бірақ құрамында пайдалы 

дәрумендер мен минералды заттар мүлдем жоқ. 

2.Майлар. 

    Фаст – фуд мейманханаларындағы барлық түскі ас трансгенді майларды қосу 

арқылы әзірленеді. Бұл майлар өсімдік майлары мен маргариндердің бірнеше 

қайтара қайнатылғаны. Бұл майлар адам қанындағы холестерин мөлшерін 

көтереді, зат алмасу процесін нашарлауына әкеп соғады, жүрекке, бауырға т.б. 

адам ағзаларына зиян келтіреді. Бұл өнімдердің онкологиялық ауруға душар ету 

қауіпі жоғары. 

3.Шамадан тыс тұзды қосу. 

Тұз жүрекке, бүйрекке өте зиян. Біздің ағзамызға аз ғана мөлшерде тұз керек, 

атап айтсақ тұздың құрамына кіретін натрий. Натрийдің көп мөлшері ағзаға кері 




әсер береді. Бұлардың барлығынан біздің ағзамызға зияны болмаса, пайдасы 

жоқ. 


ІІІ. Зерттеу бөлімі: 

3.1 Мектеп оқушыларына жүргізілген сауалнама қорытындысы 

Мектебіміздің 5-9 сынып оқушыларынан төмендегі сұрақтар бойынша 

сауалнама алынған еді: 

1. Фаст фуд өнімдерін күнделікті қолданасың ба? 

2. Кириешки мен чипси өнімдерін  және “коко-кола” сусындарын аптасына 

неше рет қолданасыз? 

3.Фаст фуд өнімдерінің денсаулыққа қандай зияны бар? 

4.Осы өнімдердің ішінде жиі қолданылатын қандай түрі бар?  

   

 

 



Сауалнамаға барлығы 70 оқушы қатысты.Сауалнама нәтижесін саралай келе 

көзіміздің жеткені, біздің мектептің оқушылардың  20% күнделікті, 30%  

аптасына 2- 3 рет,  35% айына  – 1 рет, 15 % мүлдем  қолданбайтындығы  

анықталды. Оқушылардың 70% саңырауқұлақтар қосылған кириешки мен 

чипсилерді пайдаланатындықтары анықталды. Оқушылардың 70%  олардың  

құрамын қарамайтындықтарын айтқан. Ал оқушылардың   

30 % кириешки және чипсидің, коко-кола сусынын организмге әсерін 

білмейтіндігі анықталды. Оқушылардың арасында жүргізілген сауалнама 

қорытындылары бойынша ең көп пайдаланатын кериешкилар болып табылды.  

                          Фаст -фуд өнімдерін күнделікті қолданасың ба?  

                       

 

             Фаст- фуд тағамдарының денсаулыққа қандай пайдасы бар? 



                           

 

                                Қандай сусындарды қолданасыз? 

                   

 

 



Балалардың осы тағамды қалауының басты себебі, олардың оны өте дәмді деп 

есептеуі. Содан кейін барып екіншіден оның жылдам дайындалып , ыңғайлы 

болуы. 

3.2 Кириешки және Чипсы өнімдеріне және “коко-кола” сусынына сапалық 

реакция 

Фаст –фуд өндірісінің дамуы мен шығу тарихымен таныса келе, фаст –фуд 

кафелерінде сусын ретінде салқын газдалған сусын ұсынатынын білдік. Салқын 

газдалған сусын ағзаға майдың сіңуін баяулатады, сондықтан  аз уақыт ішінде 

біз қайта ашығу сезімін бастан кешіреміз. 

          Сонымен қатар, біз ата –аналарымыздан, дәрігерлерден газдалған 

сусындардың біздің ағзамызға зиянды екенін жиі естиміз. 

          Біз бұны іс-тәжірибе арқылы анықтауды жөн көрдік. 

№1 тәжірибе: Тот басқан шеге 

№2  тәжірибе: Тауық еті 

№3  тәжірибе: Чипси өнімінің құрамындағы крахмалды  және  майдың  

мөлшерін анықтау 

№4 тәжірибе: Чипсыдың жануы 

№5 тәжірибе: Коко-кола және жұмыртқа 

№6 тәжірибе: Коко-кола және сүт 

Біз 2 түрлі су түрін алдық – кәдімгі жай су,  кока – кола. Тәжірибе нысаны 

ретінде датталған шегені, тауық етін алдық. 

Осы барлық сынақ үлгілерін әртүрлі суға батырдық. 



Сурет  №1 Тот басқан шеге 


                

 

Сурет №2   Тауық еті 

   


                                 

Алғашқы минуттардан бастап біз тәжірибелерімізден қандай өзгерістер орын 

алатынын бақыладық. Газдалған суға батырылған тауық еті бірден су бетіне 

қалқып шығып, іри бастаған . Екінші күні ет бөлшегі аздап кішірейе  бастаған. 

Кәдімгі қарапайым суға батырған тауық еті сол қалпында стакан түбінде 

өзгеріссіз қалды. Ешқандай көлемі де, түсі де өзгеріске ұшыраған жоқ, ал 

керісінше газдалған суға батырылған тауық еті былжырап, ісініп, түсі  сарғыш -  

қызыл немесе қоңыр түске боялды. Борсыған иіс таралған. 

  

  

                      



 

2-3 күннен кейін газдалған суға батырылған тот басқан  шеге тазара бастады. 




        

        


     

        


 

 

 Сурет №3  Чипсы және кириешки өнімінің  құрамындағы  крахмалдың 



және майдың мөлшерін  анықтау 

1. Қытырлауық картоп құрамындағы майдың мөлшерін анықтау 

 

Алғашқы  тәжірибе  қытырлақ  картоп  құрамындағы  майды  анықтау.  Ол  



үшін  маған:  сүзгі  қағаз,  қытырлақ  картоп  қажет.  Практикалық  жұмыстың 

барсында сүзгі қағазды алып үстіне өнімді саламыз. Үстіне тағы да сүзгі қағазды 

жауып,  өнімді  езгілейміз.  Қытырлауық  картоп  қалдығын  түсіріп  нәтижесін 

қарастырамыз. Сүзгі қағазда майлы дақтар көп байқалды. Бұл өнім құрамындағы 

майдың көп екенін дәлелдейді.   

          

  

          2.  Крахмал мөлшерін анықтау 

 

Екінші  тәжірибе  қытырлақ  картоп  құрамындағы  крахмалды  анықтау.  Ол 



үшін  маған:  тамшуыр,  йод  ерітіндісі,  қытырлақ  картоп,  кириешки  өнімі  қажет. 

Қытырлақ  картоптарды  және  кириешкиді  алып  үстіне  тамшыуырмен  иод 

ерітіндісінің аз ғана мөлшерін тамызамыз. Қай өнімнің қара - көк түске өзгеруін 

байқадық. Егер қара-көк түске айналса,  крахмал мөлшері көп дегенді білдіреді. 

Ал  түс  өзгермесе  крахмал  мөлшері  аз  деген  сөз.  Нәтижесінде  өнімде  крахмал 

мөлшері көп екендігін көреміз. Келесі, қуырылған нан мен чипсы сынды балалар 

қызықтап  жейтін  астарда  да  тәжірибе  барысында  крахмалдың  көп  мөлшерде, 

сонымен қатар көзге үйреншікті  жазулар Е- 120, тағы сол сияқты қоспалар өте 

көп кездесетінін байқадым.  



       

   


               

№4 тәжірибе: Коко-кола және жұмыртқа 

               

 

             



 

 

Коко-колаға жұмыртқаны салып, бір тәулік тұрған соң,  ең бірінші жұмыртқа 



қабығы жібіп, жұқарады.Содан соң  қара түске айналады.  

№5 тәжірибе: Чипсыдың жануы 

Кез-келген чипсыды алып, оны  сіріңкемен жағамыз. Чипсы жанады. Бұл 

чипсыдағы майдың мөлшері өте көп екендігін көрсетеді. 

 



 

 №6 тәжірибе: Коко-кола және сүт 

Стақанға кока-кола құйылады және оның үстіне сүт құямыз. Нәтижесінде 

коладағы қышқылдар  сүттегі протеиндермен араласып, тұнба түзеді. Ал үстінде 

таза сұйықтық пайда болады. 

        

 

 



                

 



     Тәжірибенің  нәтижелері: 

    №1 тәжірибе: Тот басқан шеге 

Бұл тәжірибе     коко-коланың  құрамында ортофосфор қышқылы болғандықтан, 

татты жоя алаады. Коко-кола құрамындағы ортофосфор қышқылы адам 

ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін.    



№2 тәжірибе:   Тауық еті 

Кока-кола сусынын еттің мөлшерін азайтып ондағы керекті мөлшерде болатын 

түрлі элементтер, сонын ішінде кальций, калий, магний сынды элементтерді оп – 

оңай ерітіп организмге сіңдірмейді. 



 №3 тәжірибе:  Чипсы және кириешки өнімінің  құрамындағы  крахмалдың 

және майдың мөлшерін  анықтау 

1. Қытырлауық картоп құрамындағы майдың мөлшерін анықтау 

 

Сүзгі қағазда майлы дақтар көп байқалды. Бұл өнім құрамындағы майдың 



көп екенін дәлелдейді.  Бұл адам организіміне өте зиян. 

2.  Крахмал мөлшерін анықтау 

 

Қытырлақ  картоп,  кириешки  өнімдеріне  йод  ерітіндісін  тамызған  соң  



қара-көк  түске  айналса,    крахмал  мөлшері  көп  дегенді  білдіреді..  Нәтижесінде 

өнімде  крахмал  мөлшері  көп  екендігін  көреміз.  Көп  мөлшердегі  крахмал  адам 

организіміне өте зиян. 

№4 тәжірибе: Чипсыдың жануы 

Чипсы  жанады.  Бұл  чипсыдағы  майдың  мөлшері  өте  көп  екендігін  көрсетеді. 

Адам организімінде майдың, крахмалдың көп мөлшері өте зиян. 

№5 тәжірибе: Коко-кола және жұмыртқа 

Осы ғылыми тәжірибем Кока-Коланың кальцийді ерітетін қасиетінің бар екенін 

дәлелдейді, яғни ол біздің тісімізге өте зиян. Осы сусынды көп мөлшерде 

қолдансақ, онда тісімізді құртатыны анық болды. 



№6 тәжірибе: Коко-кола және сүт 

Бұл тәжірибе коко-коланың құрамында ортофосфор қышқылы болғандықтан, 

татты жоя алады.Кока-коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам 

ағзасындағы кальций тапшылығына әкелуі мүмкін. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


Қорытынды 

      «Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Тиімді 

тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар 

тамақпен ағзаны дұрыс, уақтылы қамтамасыз ету. Жақында американдық 

ғалымдар зерттеулер жүргізіп, өте жоғары температурада дайындалатын 

тағамдардың құрамынан адамның денсаулығына өте зиянды «акриламид» деген 

затты тапқан. Жоғарыда айтылға шаурма, донер-кебабтарға қоса гамбургер, хот-

дог, гриль, поп-корн, чипсы, кириешки, картошка фри, қақталған шұжық секілді 

тағамдар өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ  

күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің 

толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда 

болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан 

мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген 

дұрыс екенін айтар едім». 

Фаст-фуд тағамдарынның тұтынушыларға кеңестер 

•  Тез әзірленетін тағамдар сататын дәмханаларға  жиі бармағаныңыз жөн 

•  Өзіңізді фаст-фуд өнімдерінің орнына жеміс-жидектер, аз коллориялы 

йогурт немесе каша жеуге көндіріңіз 

•  Газдалған сусындардың орнына түрлі жемістердің шырынын ішіңіз  

•  Қуырылған тамақтарды көп жемеуге тырысыңыз.  

•  Көкөністерден жасалатын тағамдарды жиі қолданыңыз.  

Менің ұсынысым 

  өнімді аларда мұқият этикеткасын қарап танысыңыз 

  өнімнің тым ашық түстілерін алмаңыз 

  ұзақ мерзімге созылған өнімді алмаңыз 

  құрамы аз болса, дәмдеуіштері мен қоспалары да аз екенін көрсетеді 

  егерде сол өнімге қызықсаңыз оны қолдану мөлшерін азайтыңыз 

  кириешки мен чипсыді кішкентай балаларға ұсынбаңыз 

  асқазан және ішек аурулары бар оқушыларға мүлдем қолдануға 

болмайтынын  ескеріңіз.  

         Осы жұмысты зерттеу барысында көптеген мәліметтерге қанықтым 

және біз қазіргі уақытта өз ағзамызды біртіндеп улап жатқанымызды 

байқадым. Бұрын чипсидың, кириешкидің құрамында не бар екенін 

білмейтінмін. Сондай-ақ кока-кола сусынының қалай жасалатынын білмеген 

едім. Қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде көзім жетті. Мысалы 

бір сатақанға (200мл) тырнақты салып қойса 2-3 сағат ішінде әлгі заттың жоқ 

болғанын байқадым. Осыдан-ақ ол сусынның соншалықты қауіпті екендігіне 

көзім жетті. Қазіргі уақытта мектеп оқушыларының көпшілігінің семіздікке 

бой алдыра бастағанын байқауға болады. Мұның себебін осы фаст -фуд 

тағамдарынан деп есептеймін. 

    Алдағы уақытта осы жұмысымды тереңірек зерттеп, өз достарыма, өз 

халқыма көмегім тисе екен деп армандаймын.  

 

 



Қолданылған әдебиеттер 

 

1. “Биолог анықтамалығы” ғылыми-педагогикалық журнал   №5, 6 2011 жыл 

2. “Биология және салауаттылық негіздері” 

3. “Орталық Қазақстан”. 2010ж  №4 

4. “Қазақстан әйелдері” 2011 ж  №2 

5. “Пайдалы кеңестер”    

6. Ғаламтордан алынған мәліметтер 

 

 



 

 

жүктеу 0,54 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау