- “Біз-бір ұжымбыз!”
- тренинг
- Мақсаты: Ұжымда бірауыздылықты, ашықтықты, сенімділік деңгейін, эмоционалды еркіндікті орнатуға жағдай жасау.
- Міндеті:
- Қатысушылардың бірін – бірі туралы көптеген мағлұматтар алу.
- Әр қатысушыға өзін бір үлкеннің кішкене бөлшегі ретінде, ұжымның бір мүшесі ретінде сезінуі үшін ұжым ішінде жағымды ахуал орнату
- Топтың бірігуіне әсер ету.
- Өтетін жері: жарық, кең, қарапайым бөлме.
- Керекті құралдар: Тренинг ережесі, арнайы әуен. Ақ парақ, плакат, маркер.
- Кіріспе:
- Сәлеметсіздер ме әріптестер?
- Бүгінгі біздің кездесуіміз әрбіреуіңізге қызықты әрі қажет болады деген сенімдемін. Сіздер бір ұжымсыздар. Бір ұжымда бірін – бірі білетін, алдына қандай мақсат қойғанын білетін, бойынды қандай қасиеттер бар екенін білетін адамдар жұмыс істесе оңайырақ болады. Мүмкін сіздер де осы ойыммен толық келісесіздер.
- Сол үшін бүгінгі кездесуімізді бір – бірімізді тануға арнағым келіп отыр. Олай болса тренингімізді сергіту сәтінен бастасақ.
- Бір-бірімізге күлімдей қараймыз
- Бір - біріміздің қолымызды қысамыз.
1.“Достық” ойыны - 1.Тапсырма: бой – бойларыңызбен
- тұрыңыздар
- 2.Тапсырма: туылған күндеріңіз бойынша тұрыңыздар.
- 1- қаңтар басында, 31- желтоқсан соңында
- «Достық алақаны» жаттығуы.
- Ақ парақтың бетіне әрбір қатысушы өз алақандарын басып салады. Астына өз есімдерін жазу керек.
- Қатысушылар стол үстіне парақтарын қалдырып,өздері парақтан параққа жылжиды.Тапсырма: алақан иесіне жақсы тілек немесе осы адамның бойында бүгін тренингте ұнаған жақсы қасиеттерін жазулары керек.
-
- 3.«Суретке қарағанда ең бірінші қандай
- бейнені байқадыңыз?
- Суретші – сіз шығармашылықтың адамысыз, ойыңызға келген қиялдарыңыздың барлығын жандандыра аласыз. Сіздің ең басты құралыңыз – ұшқыр қиялыңыз. Оның әрдайым дамуына жағдай жасап отырыңыз.
- Тас – бірқалыпты өмір сүруді жақсы көретін, жаныңызға жақын адамдарға барынша адал жансыз. Өмірдің ағысымен асықпай жылжудасыз. Кейде елеулі өзгерістер де болып тұрады. Өміріңізді жаңа жылдық от шашумен салыстыруға болады. Тыныштық, артынша жойқын жарылыс.
- Ағаштар – сіз әрдайым өсу үстіндесіз. Ақылыңыз, күш-қайратыңыз, шығармашылық белсенділігіңіз күннен-күнге толысуда. Бір орында тұрмай, дамылсыз жылжу үстіндесіз. Бұл қасиетіңізге қызғанышпен қарайтын адамдар жетерлік.
- Адамың басы – сіздің есте сақтау қабілетіңіз өте жақсы. Бұл өмірде өзіңізге қажетті мәліметтердің барлығын есте сақтай аласыз. Жақсы мен жаман адамдарды тез ажыратып, сізге деген көзқарасының қандай екендігін бірден анықтау қабілетіңіз бар.
- Үй – үй шаруасын, тыныштықты, жылы қарым-қатынасты, махаббат пен мейірімділікті, ас дайындауды жақсы көретін сезімтал жансыз. Үйіңізге қонақ шақырып, дастарханды түрліше етіп безендіргенді жақсы көресіз. Достарыңызбен жиналғанда әңгіме-дүкен құруда алдыңызға жан салмайсыз.
- Тренингтен алған әсерлеріңізді
- және жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер.
- Қортынды.
- Ақыл деген - өлшеусіз бір жарық нұр,
- Сол нұрға тән қамы үшін жан жұмсап жүр.
- Тағдырдың қиын сырлы сиқырымен
- Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.
- Ақыл деген – денеге егулі дән,
- Суарылса оған да кіреді жан.
- Ақылдың өсіп, өніп зор аймағы,
- Көрген, білген нәрседен ғибрат алған.
- Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан болады деп Шәкәрім бабамыз айтқандай бүгінгі кездесуімізді осындай ұлағатты сөзбен аяқтағанды жөн көрдік. Осы сөз барлықтарыңызға бір ой салар деген үміттеміз. Сіздерге үлкен
- алғысымызды білдіреміз! Рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |