Жалғасы
247
Электромагнит — бұл ішінде темір
өзек шесі бар, оқшауланған (изоляция-
ланған) сымнан тұратын катушка, ол
бойынан ток өткенде магнит өрісін
туды рады. Өзекше магнит өрісін
күшейту үшін қызмет етеді, өйткені
темір магниттік күш сызықтарын
ауаға қарағанда әлдеқайда жақсы
өткізеді (темір арқылы өтетін магнит
сызықтарының саны ауадағы дәл сондай
қима арқылы өтетін сызықтар санынан
жүзде ген есе көп). Электромагниттің
ток сағат тілінің бағытына қарсы
бағытта өтетін жағдайдағы ұшында
солтүс тік полюс
N, ал қарама-қарсы
ұшын да оңтүстік полюс
S түзіледі.
Дескриптор
1. Магнит деп нені айтуға болатынын
түсiндiредi;
2. Магниттердің қандай түрлері бар
екенін дәлелдейдi;
3. Электромагнит дегеніміз не, олар
қайда қолданылады, түсініктерін жаза-
ды.
Күтілетін нәтижелер.
Оқушылар:
а) Электромагнитпен, электромагнит -
тердің пайдалы қасиеттерімен, соле-
ноид пен және олардың қолданылуы
жайлы мағлұмат алады;
ә) Электромагнитпен, электро маг нит-
тердің пайдаболу қасиеттерімен есеп-
тер шығаруда қолдана білуге үйре не ді;
б) Топта бағалай алатын болады.
Қб: “Бас бармақ” әдісі арқылы орын-
далады.
оқушылар:
— электромагнитпен, электро маг нит-
тердің пайдалы қасиеттерімен, соле-
ноидпен және олардың қолданылуымен
танысады;
— жұпта, топта мәселелік сұрақтар
құрас тырады, оларға жауап береді:
“Пікір алмасу” (Showdown).
Жалғасы
248
Әрбір топ тақырыпқа қатысты 4
сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты
стикердің
бірінші
жағына,
ал
жауабын екінші жағына жазып, келесі
топпен стикер лерін ауыстырады.
Топ басшысы стикердегі сұрақтарды
оқиды, топ мүшелері жауаптарын
жазып дайындайды. Көшбасшы белгі
бергенде, барлығы өз жауабын ашады
және жауаптарды талқылап, дұрыс
жауап пен салыстырады.
1. Магнит деп нені айтады?
2. Магниттердің қандай түрлері бар?
3. Электромагнит дегеніміз не? Олар
қайда қолданылады?
4.Соленоид деп нені айтады? Ол қандай
мақсаттарда қолданылады?
Дескриптор.
а) Магнит деп нені айтады, мысал
келтіру арқылы түсіндіреді;
ә) Магниттердің қандай түрлері барын
тұжырымдайды;
б)
Соленоид
деп
нені
айтады,
түсіндіреді.
2)
Зерделенген материалды бекіту.
Оқулықтағы графиктер мен суреттерге
сүйеніп өтілген тақырыпты қайталау.
“сұрақты ұстап ал!” әдісі
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль
салынған қапшықты лақтырады. Бұл
сұрау үдерісіне кинестикалық сипат
береді және оқушыларды өз еркімен
жауап беру үшін ниет білдіруге
итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты
білмеген жағдайда сұрақты басқа
оқушы ға лақтыруына мүмкіндік бере
аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсыр-
маны топпен шешуге де болады.
Мұғалім кезек-кезекпен бұршақ салын-
ған қапшықты әр топқа лақты рады.
Егер де қапшықты қағып алған адам
сұраққа жауап берсе, онда команда
3 балл алады. Егер де ол жауабын
білмесе, қапшықты басқа командаға 2
балға лақтырады. Егер де қапшық
Жалғасы
249
тағы да кері лақтырылатын болса, онда
дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін
төмендейді.
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушылар арасында өзара бағалау
өткізіледі.
Мұғалім
оқушыларды
үш
топқа
біріктіріп, әр топқа тапсырма береді.
Әр топтың оқушылары тапсырма тақы-
рыбын талқылайды. Постер презен-
тациясын дайындайды және сынып
алдында сөйлейді.
Бағалау критерийлері.
1. Постер тақырыбын ашу.
2. Эстетикалық безендіру.
3. Ғылыми сауаттылық.
4. Ресурстар тізімі.
5. Бірігіп орындайтын жұмыс.
Топтар арасында жоғарыда аталған
талаптар бойынша өзара бағалау өткізі-
леді.
Мұғалім
сабақтың
мақсатына
жеткендігі туралы қорытынды жасай-
ды.
сабақтың соңы
5 мин
Мұғалім үйге тапсырма береді. Үй
тапсырмасы. §42, бақылау сұрақтарға
жауап беру; берілген жаттығу есептерін
шығару
Кері байланыс.
Нені білген едім?
Нені білдім?
Нені түсіну оңай болды?
Нелер түсініксіз болып қалды?
Нені қосымша зерделеу қажет?
XIV. ЭлеКтроМагниттIК инДуКЦиЯ
пән: Физика
ұзақ мерзімді жоспардың 10.3 бөлімі
Күні:
Мұғалім:
сынып: 10
Қатысушылар саны:
Қатыспағандар:
1-сабақ
сабақтың тақырыбы: Электромагниттiк индукция заңы.
Жалғасы
250
сабақ түрі:
Жаңа материалды зерттеушілік сипаттағы презентациялау
элементтерін пайдаланып зерделеу.
осы сабақ
арналған
оқытудың
мақсаттары
10.3.5.1 — магнит ағыны өзгеруі салдарынан электр
қозғаушы күштің пайда болуын түсіндіру;
10.3.5.2 — Ленц ережесін түсіндіру.
сабақтың
мақсаты
— Электромагниттік индукция заңы жайлы мағлұмат беру;
— Электромагниттік индукция заңының формулаларын
есептер шығаруда қолдана білуге үйрету;
— Топта бағалай білуге баулу.
бағалау
критерийлері
— Электромагниттік индукция заңы жайлы мағлұмат
береді;
— Электромагниттік индукция заңының формулаларын
есептер шығаруда қолдана білуге үйретеді;
— Топта бағалай білуге баулу
тілдік
мақсаттар
— Электромагниттік индукция заңы жайлы мағлұмат алу;
— Электромагниттік индукция заңының формулаларын
есептер шығаруда қолдана білуге үйрену;
— Өзін-өзі бағалай білуге баулу.
Құндылықтарды
дарыту
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларда: ынтымақ-
тастық, өз білімі үшін жауапкершілік сияқты
құндылықтар дамиды.
пәнаралық
байланыс
Ìàòåìàòèêà: графиктер, квадрат теңдеулер, теңдеулер
жүйесі.
аКт қолдану
дағдылары
Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер,
слайдтар.
осыған дейін
меңгерілген
білім
Физика, 10-сынып: Термодинамиканың бірінші заңын
термодинамикалық процестерге қолдану, сұйық және
қатты денелер, электростатика, тұрақты ток, әртүрлі
ортадағы электр тогы, магнит өрісі.
Жабдықтар
Видео-сабақ: “Электромагниттiк индукция заңы”.
сабақ барысы
уақыт
бойынша бөліп
жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар
сабақтың басы
5 мин
Сабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану.
2. “Қар кесегі” әдісі арқылы сабақтың
тақырыбына жетелеу.
Сұрақтар:
“Электро-
магниттiк
индукция заңы”
тақырыбына
презентация.
Достарыңызбен бөлісу: |