Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіптік колледждерде техникалық



жүктеу 2,08 Mb.
Pdf просмотр
бет12/12
Дата29.01.2020
өлшемі2,08 Mb.
#27587
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

29 

 

Электродұстағышқа жалғанған кабельдің көлденең қимасының өлшемі, 



кабельге келетін токтың мәнімен таңдалады: 240 А-ге дейінгі ток кезінде – 25 

мм

2



, 300 А-ге дейінгі токта – 35 мм

2

, 400 А-ге дейінгі токта – 50 мм



2

, 500 А-


ге  дейінгі  токта  –  75  мм

2

.  Мыс  кабельдер  220  В-қа  дейінгі  кернеу  кезінде 



қолданылады. Пісіру кабельінің жалпы ұзындығы 30–40 м-ден артық болмауы 

қажет,  себебі  ұзын  кабельмен  пісіру  кезінде  пісіру  тізбегіндегі  кернеудің 

төмендеуімен пісіру процесі төмендейді. 

Пісірушінің құрал-сайманы. Пісірушілерге пісіру жұмыстарын орындау 

үшін ең алдымен техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Арнайы брезент 

киімдер, қолғаптар, жарықтан қорғайтын қалғандар киу керек. Пісіру орнында 

пісіру трансформаторлары, түзеткіштер, УОНИ электродтары, балға, зубило, 

болат  щетка  және  пісіру  процесіне  қатысты  бірнеше  құрал-саймандар  болу 

керек [8]. 



Қаңқалы  конструкцияға  материал  таңдау.  Қаңқалы  конструкцияны 

пісіру  кезінде  швеллерді  таңдап  аламыз.  Топқа  бөлінген  білім  алушылар 

қаңқаның  көлеміне  сай  қажетті  өлшемдегі  швеллерді  таңдайды.  Екі  топтың 

таңдап  алған  швеллері  екі  түрлі  болады.  Себебі  екі  топтың  дайындағалы 

жатқан жетек қаңқасының көлемі екі түрлі.  

Қаңқалы конструкцияны пісіруге қажетті материал таңдалып болғаннан 

кейін, пісіру тогы таңдалады. Пісіру тогы бірнеше факторлармен анықталады. 

Пісіру тогын пісірілетін металдың қалыңдығына, электродтың диаметріне, ток 

полярлығына қарап таңдайды. 

II. Ағымды нұскау

Ағымдағы  нұсқауда  екі  топқа  бөлінген  білім  алушылар  таңдап  алған 

швеллерді  сызбадағы  өлшемге  сай  балгаркамен  кеседі.    Балгаркамен  кесу 

кезінде  дененің  ашық  жері  болмау  керек,  білім  алушылар  жабық  киім  киу 

керек.  Және  көзді  металдың  майда  ұшқынынан  қорғау  үшін  қорғаныс 

көзілдірігін тағып жұмыс жасайды. Швеллерді сызбадағы өлшемге сай кесіп 

болғаннан  кейін,  металдың  шетінде  металл  жоңқалары  қалып  қояды.  Оны 

білім  алушылар  механикалық  тазалау  әдісімен  тазалап  шығады.  Металдың 

шеттері тазаланып болғаннан кейін, металдың пісірілетін шеттерін қосымша 

механикалық тазалау жүргізіледі. Пісірілетін металдың шетін тоттан, басқа да 

лас  заттардан  тазартып  алады.  Тазартылып  болған  металды  сызбаға  сәйкес 

құрастыру  жұмыстарын  орындайды.  Құрыстыру  жұмыстары  арнайы 

ұстастыру құрылғыларымен орындалады.  

 

Құрыстыру  жұмыстары  толығымен  орындалғаннан  кейін,  қаңқалы 



конструкцияның  түйіндерін  пісіру  арқылы  ұстастырамыз.  Пісіру  арқылы 

ұстастыру конструкцияны пісіру кезінде пісірудің сапалы болуын, екі бөліктің 

арасында бос саңылаудың болмауын қамтамасыз етеді. 

 

Пісіру арқылы ұстату орындалғаннан кейін екі топтың білім алушылары 



өздерінің  конструкциянсын  пісіруге  кіріседі.  Білім  алушылар  пісіру 

жұмыстарын  өздері  орындайды.  Мастердің  жұмысы  білім  алушыларды 

сыртынан  қарап  жүріп,  кемшелік  жіберген  жерлерін  түзетіп,  бағыт-бағдар 

беріп  жүру.  Барлық  пісіру  жұмыстары  аяқталғаннан  кейін  конструкцияны 




30 

 

бөлме температурасы бойынша суғанын күтеміз. Суыған конструкцияның жік 



беттеріндегі қожын темір балғамен тазалап шығамыз. 

Орындалған  жұмысты  қабылдау.  Жік  бетіндегі  қождар  тазаланып 

болғаннан кейін, жіктің сапасын тексеріп, қаңқалы конструкцияны қабылдап 

аламыз.  жіктің  сапасын  тексеру  бірінші  кезекте  сырттай  қарау  әдісімен 

жүргізіледі.  Сырттай  қарау  кезінде  жіктің  сыртқы  көрінісі  бойынша 

шалапісірілімдер  тағы  басқа  да  ақауларды  анықтаймыз.  Жіктің  ішкі 

бөлігіндегі  ақауларды  арнайы  сұйықтықтар  жағу  арқылы  анықтаймыз.  Ол 

үшін  ақауді  анықтауға  арналған  пенетрант  сұйықтығын  қолданамыз. 

Пенетрант сұйықтығын жіктің бетіне жағамыз, пенетрантты 15-20 минуттай 

тұрғызып  жіктің  бетін  сүртіп  шығамыз.  Егерде  пісірілген  жікте  сызаттар, 

жарықтар  болса,  онда  сол  жерлерге  пенетрант  сұйықтығы  сіңіп  қалады. 

Осылайшы  жік  бойындағы  ақауды  анықтаймыз.  Екі  топтың  жасаған 

жұмыстарын  салыстыра  отырып,  жақсы,  сапалы  жасалған  жұмысты 

анықтаймыз.  

Барлық  жұмыстар  аяқталғаннан  кейін  білім  алушылар  шеберхананың 

ішін  тазалап,  артық  заттарды  сыртқа  шығарады.  Пісіру  аппараттарын  ток 

көздерінен ажыратып, шеберхананы мастерге тапсырады.  



Қорытынды  нұсқау.  Қорытынды  бөлімде  қаңқалы  конструкцияны 

пісіру барысында білім алушылардың жіберілген қателіктерін көрсетіп, түзету 

жұмыстары жүргізіледі.  

Жұмысты жақсы жасаған топты анықтап, екі топты да бағалау. 

Үй тапсырмасын беру. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 


31 

 

4 Еңбек қорғау бөлімі 



 

4.1 Еңбек қорғау заңдары 

 

Дипломдық  жұмыстың  бұл  бөлімі  Қазақстан  Республикасының 

келесідей заңдарына негізделе отырып жазылған: 

а) «ҚР Еңбек кодексі» 2007 жылдың 15 мамырдағы №252 – III ҚРЗ; 

ә)  «Қауіпті  өндірістік  объектілердегі  өнеркәсіптік  қауіпсіздік»  туралы 

2002 жылдың 3 сәуіріндегі №314 – II ҚР Заңы; 

б) 2004 жылдың 28 ақпанындағы №528  – II «Қауіпсіздік және еңбекті 

қорғау туралы» ҚР Заңы; 

в) «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» ҚР 1999 жылдың 10 

желтоқсанындағы №493-1 Заңы; 

г) «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР 2014 жылдың 11 сәуіріндегі № 188-

V ҚРЗ. 


 

 

4.2 Газбен пісіру кезіндегі техника қауіпсіздігі 



 

Ашық  отпен  жүргізілетін  кез-келген  жұмыстар  аса  қауіпті  болып 

табылады.  Сонымен  қатар,  пісірудің  біл  әдісінің  басқа  да  қауіптілік 

факторлары бар, өйткені пісіру жұмысы барысында ацетилен және оттегі газы 

қолданылады, ал оларда жарылыс қаупі бар. 

Газбен  пісіру  кезіндегі  қауіпсіздік  техникасы  белгілі  бір  кешенді 

ережелерді қамтиды, оларды орындау газбен пісіруші маманның айтарлықтай 

қауіпсіздендіруге мүмкіндік береді. Бұл ережелер жұмыс кезінде пісірушінің 

мінез-құлқына да, жұмыс кеңістігін ұйымдастыруға да, қолданылатын құрал-

саймандар мен жабдықтарға да қатысты болады. 

Газбен  пісіру  бірқатар  қауіптермен  қатар  жүреді.  Олардың  ішіндегі 

негізгілері: 

- газ баллондардың жарылу қаупі; 

- пісіру кезінде бөлінетін будың адамға әсері; 

- күйік алу қаупі; 

- адамның көзіне сәулелі энергияның теріс әсері; 

- пісіру кезінде механикалық жарақат алу қаупі; 

- өрт шығу қаупі. 

Газбен пісіру жұмыстарын тек қана кәмелетке толған, газбен пісіру 

технологиясын меңгерген, яғни арнайы оқытудан өткен (теория мен практика) 

орындай алады. Жұмыс басталар алдында газбен пісіру кезіндегі қауіпсіздік 

техникасы қызметкерден нұсқаулықтан өтуді талап етеді. Ең негізгі талаптар 

пісіруші  маманның  киіміне  қатысты.  Пісіру  жұмыстарын  отқа  төзімді 

құрамдар қосылған арнайы материалдардан тігілетін арнайы киімдерде ғана 

жүргізуге  болады.  Жұмыс  басталар  алдында  әрқашан  киімнің  күйген  жіне 

жыртылған жерлерінің жоқтығына көз жеткізу керек. 

 



32 

 

 



 

7 Сурет. Пісірушінің жұмыс киімі 



 

 

4.3 Пicipy шeбepxaнacын жeлдeтy 

 

 



Жeлдeтy    ‒  шeбepxaнaлapдa,  өндipic  opындapында  aya  aлмacтыpaды, 

aдaм  дeнcayлығынa  қoлaйлы  жaғдaй  жacaйды.  Жeлдeтy  aғындaтa  жeлдeтy, 

copa  жeлдeтy,  aғындaтa-copa  жeлдeтy,  жaлпылaй  aлмacтыpa  жeлдeтy  жәнe 

жepгiлiктi жeлдeтy бoлып бөлiнeдi. Aғындaтa жeлдeтy iшкe тeк тaзa aya бepyдi 

қaмтaмacыз  eтeдi.  Aл  ayaны  тыcқa  шығapy  iштeгi  қыcымның  apтyынa 

бaйлaныcты  caңылayлapдaн,  eciктiң  aшылып-жaбылyы  кeзiндe  icкe  acaды. 

Copa  жeлдeтy  жeлдeтiлeтiн  бөлмeдeгi  ayaны  әкeтy  үшiн  қoлдaнылaды.  Бұл 

жaғдaйдa  бөлмeдeгi  aya  қыcымы  кeмидi  дe,  eciктeн  жәнe  caңылayдaн 

тaзa  aya  кipeдi.  Aғындaтa-copa  жeлдeтyдe  тaзa  ayaның  eнyi  мeн  лac  ayaның 

әкeтiлyi  бip  мeзгiлдe  қaтap  жүpeдi.  Бұл  әдic  aya  aлмacyы  үнeмi  қapқынды 

жүpгeн кeздe ғaнa тиiмдi [11]. 

Жaлпылaй  aлмacтыpa  жeлдeтy  бөлмeдe  бөлiнeтiн  шeктeн  тыc  зиянды 

зaттapдың,  жылy  мeн  бyдың  тaзa  ayaмeн  зaлaлcыз  шeккe  дeйiн  apaлacyынa 

нeгiздeлгeн.  Aл  жepгiлiктi  жeлдeтyдe  зиянды  зaттap  (гaз,  бy,  т.б.)  oлapдың 

пaйдa бoлaтын жepлepiнeн copy құpaлдapы apқылы тыcқa шығapылaды. Бұл 

әдic  шeктeyлi  кeңicтiктe  ғaнa  қoлaйлы  aya  opтacын  тyдыpa  aлaды.  Жeлдeтy 

үйдiң жәнe cыpтқы тeмпepaтypaлapының aйыpмaшылығы мeн жeлдiң әcepiнeн 

(мыcaлы,  үймepeт  aэpaцияcы)  бoлaтын  тaбиғи  жeлдeтy  жәнe  мexaникaлық 

әcep  eтy  apқылы  (aya  жeлдeткiштep  apқылы  қoзғaлыcқa  түcipiлeдi) 

aтқapылaтын мexaникaлық жeлдeтy бoлып aжыpaтылaды. 

Aya  aлмacтыpyды  қaмтaмacыз  eтeтiн  тexникaлық  құpaл-жaбдықтap 

жиынтығы дa жeлдeтy дeп aтaлaды. Cыpттaн copылып aлынaтын ayaны шaң-

тoзaңнaн тaзapтy үшiн жeлдeтy жүйeлepiнe aya cүзгiлep opнaтылaды, aл тыcқa 

шығapылaтын  aya  шaң  тұтқыштap  ‒  aбcopбep  жәнe  aдcopбepлep  apқылы 

тaзapтылaды.  

 



33 

 

 



4.4 Пісіру шеберханасында қауіпті және зиянды факторларды талдау 

 

Өндірістік  пісіру  шеберханаларында  оқшаулы  бөлімшелер    телефон 



байланыспен  немесе  радиобайланыспен  міндетті  түрде    қамтамасыз  етілу 

шарт. 


Жұмыс барысында құрылыс алаңдарын,  уческелік жұмыстардың және 

жұмыс  орындарды  ұйымдастыру  шаралары  барлық  кезеңдерінде  орындау 

жұмыстарында істейтін еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті. 

Төменде көрсетілген факторлар пісіру жұмыстарын жүргізу барысында 

адам  өміріне  әсер  ететін  келесі  қауіпті  және  зиянды  еңбек  шарттары 

жұмыскерлерге әсер етеді: 

-  ең  бастысы  пісіру  барысында  электр  тоғымен  зақымдану  қаупі  өте 

жоғарғы деңгейде; 

-  электрдоғалы  пісіру  барысында  өндірістік  шеберханаларда  доға 

энергиясынана  бөлінетін  әр  түрлі    сәулелерінен  және  балқыған  металдың  

қождарының шашырауынан болатын қауіпті фактордан жұмысшының терісі  

және сонымен қатар  көру мүшелерінің зақымдануы мүмкін; 

-  газбен    пісіру  үрдісі  барысында  бөлінетін  әр  түрлі  газдар,  газдардан 

бөлек булар мен шаңдардың адам ағзасына тигізетің теріс кері  әсері қауіпті 

зиянды факторлардың бірі болып саналады; 

-  үлкен  цехтарда  пісіру  жұмыстарын  ұйымдастыру  барысында  және  

пісіру алдында бұйымдарды пісіруге дайындау кезіндегі қауіпсіздік ережесін 

сақтамаудың нәтижесінде пісіруші адам түрлі  механикалық жарақаттану алуы 

мүмкін; 

-  егерде  қорғаушы  жанар  газ  баллондардың  және  ацетилен 

генераторлардың қауіпсіздік ережесі бойынша дұрыс орналастырылмауының 

нәтижесінде жарылу  қауіптілігі туындайды; 

- жұмыс жасау барысында басты есте сақтайтын ережелердің бірі отпен 

жұмыс барысындағы өрт қауіпсіздігін болдырмау. 

Механикалық шеберханадағы  дыбыс деңгейі зерттеу нәтижесі бойынша 

65-75дБ-ні құрайды, жұмыс жасау барысында  цехта жұмыс режимінен ұзақ 

болуы әртүрлі қатерлер мөлшерінің өсуіне,сол сияқты адам ағзасына тигізетін 

әр түрлі кәсіби сырқаттардың тууына әкелуі мүмкін [3]. 

Шаң  дегеніміз  ‒  жұмыскердің  денсаулығына  зиянды  ықпал  ететін 

жіңішке дисперсиялы аэрозоль. Адам ағзасына шаң ұзақ әсер еткен кезде шаң 

бөлшектері тыныс жүйесіне түсіп, пневмоканиоз деп аталатын ауыр емделетін 

ауру туғыза отырып, өкпеге қауіпті өзгертулер әкеледі. 

Бұдан  басқа  өндірістік  цехтарда  кездесетін  зиянды  факторларға  шуыл 

мен  дірілдеу  кіреді,  олардың  адам  өміріне  шектен  тыс  ұзақ  уақытқы  әсері, 

жұмыскерлердің  жұмыс  қабілеттілігінің  төмендеуіне  әкеледі.  Шуыл  мен 

дірілдеу нәтижесінен тындайтын аурулар адам ағзасына ақырындап әсер ете 

бастайды,бұл жағдайды адамдар зақымданғанын сезбейді. 

 

 



34 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Бұл  дипломдық  жұмыста  «Талдықорған  сервис  және  технология 

колледжінде» пісіру ісі мамандығы бойынша пісіру ісінің негіздерінің циклін 

жүргізудің  әдістемесі  әзірленді.  Әдістеме  блокты  модульдік  оқыту 

технологиясына  сүйеніп  жасалды.  Қазіргі  қоғамдағы  жылдам  өзгерістер 

мектептегі жаңа білім сапасына қол жеткізу үшін жаңа тиімді тәсілдерді талап 

етеді. Жалпы білім берудегі жаңа өлшемдер өтпелі кезеңмен анықталады: 

-  оқуды  есте  сақтау  функциясы  ретінде  оқытудан  үйренуге  мүмкіндік 

беретін психикалық даму үдерісі; 

-  таза  ассоциативті,  статикалық  білім  үлгісінен  динамикалық 

құрылымдық жүйеге интеллектуалдық қызмет; 

-  бағдарланудан  бастап  орта  білім  алушыдан  дифференциалды  және 

дараланған оқу бағдарламаларына дейін; 

- ілімдердің сыртқы мотивациясынан ішкі моральдық және ерікті реттеу. 

Сондықтан  бүгінде  жалпы  білім  беруді  икемді,  аралас,  проблемалық, 

білім  сапасын  көтеруге  және  жақсартуға  бағытталған  жаңа  педагогикалық 

технологияларды  енгізу  мәселесіне  көп  көңіл  бөлінеді.  Кәсіптік  оқыту 

орындарында  оқушылардың  құзыреттілігін  қалыптастыруды  қамтамасыз 

ететін  технологиялардың бірі блокты-модульдік  оқыту  технологиясы  болып 

табылады.  

Дипломдық жұмыстың технологиялық бөлімінде пісіру ісінің негіздері, 

түрлері және жабдықтар жайында жазылды. 

Дипломдық жұмыстың әдістемелік бөлімде  « Қаңқалы конструкцияны 

пісіріп дайындау» тақырыбында сабақты жүргізу әдістемесі жасалды.  

Еңбек  қорғау  бөлімінде  еңбекті  қорғау  заңдары,  қауіпті  және  зиянды 

өндірістік  факторлармен,  өрт  қауіпсіздігімен  және  пісіру  кезінде  техника 

қауіпсіздігімен таныстық. 

Өндірістік  жобаның  аяқталуымен  студент  келесідей  нәтижелерге  қол 

жеткізеді  деп  жоспарланады:  оқу  кезінде  алған  білімдерін  жүйелейді  және 

жинақтайды;  зерттеудің  негізгі  нәтижелерін  анықтайды  және  талдайды; 

мамандыққа  қажетті  стандарттарға  сәйкестелген  кәсіби  басқарушылық 

дағдыларын қолданады. 

Дипломдық  жұмыста  қойылған  мақсатқа  қол  жеткізу  жұмыстары 

толығымен жүргізілді және бекітілген  міндеттер атқарылды. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


35 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



 

1.  А.Тапалов.  Газ  және  электрмен  пісірушіні  өндірістік  оқыту:  Оқу 

құралы. 2-басылым.- Астана: Фолиант, 2011.-192б.   

 

 



2.  Шакирова  Т.М.,  Маметсупиева  А.Ә.  Газ  және  электрмен  пісіру:  Оқу 

құралы. 2-басылым.-Астана: Фолиант, 2011.-168б. 

3.  Овчинников  В.В.Технология  электросварочных  и  газосварочных 

работ:  учебник  для  начального  профессионального  образования  / 

В.В.Овчинников.- 

2-е 


издательство. 

-М.: 


Издательский 

центр 


"Академия",2011. -272с. 

4. 


Государственный 

общеобязательный 

стандарт 

высшего 


и 

послевузовского образования, утвержденный постановлением Правительства 

РК от 23 августа 2012 г. 

5. Никифоров Н., Нешумова С., Антонов И., Әлиев Б. Газбен пісірушілер 

мен кесушілердің анықтамалығы. 2-басылым. -Астана: Фолиант, 2011. -256б. 

6.  Соколов  Н.И.  Газовая  сварка  и  резка  металлов.  –М.:  Высшая  школа, 

1978. 

7. Фомин В.П., Яковлев А.П. Электросварка. –М.: Высшая школа, 1979. 



8. Гудаев М.Н. Дуговая сварка. –М., 1936. -178с. 

9.  В.В.Овчинников.  Технология ручной  дуговой и  плазменной  сварки и 

резки  металлов:  учебник  для  начального  профессионального  образования  /-

М.: Издательский центр “Академия”, -2010. -240с. 

10. Мотяхов М.С. Электродуговая сварка металлов. –М.: Высшая школа, 

1975. 


11.  Қауіпсіздік  техникасы  жөнінде  газосварщиктерге  арналған  естелік. 

Қазақ  мемлекеттік  баспасы  Алматы  -1956.  Құрастырған  техника 

ғылымдарының кандидаты А.С.Торопов. 

12. Рыбаков В.М. Сварка и резка металлов. –М.: Высшая школа, 1977. 

13.  Свечникова  Е.А.  Надежная  защита  сварщика  от  вредных  факторов 

производственной  среды  //  Қазақстанда  еңбекті  қорғау  –  охрано  труда 

Казахстана. 2009.-№ 4.-С.58-63. 

14. А.В.Ершов Моя профессия газосварщик. Издательство литературы по 

строительству Ленинград. 1966. Москва. 

15.  Ы.  Қасенұлы.  Пісіру  өндірісінің  технологиясы.  Пәннің  оқу-

әдістемелік кешені (5В012000 – Кәсіптік оқыту мамандығы үшін). – Алматы: 

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қаз ҰТУ, 2013. 1- 87 б. 

16. https://svarkalegko.com/tehonology/razryady-svarshhikov.html 

17.


https://spravochnick.ru/pedagogika/teoriya_obucheniya/tehnologiya_bloch

no-modulnogo_obucheniya/

 

 

 



 

 

 




36 

 

 




37 

 

 




38 

 

 




39 

 

 




40 

 

 



жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау