26
4 Сурет. Жаттығудың параметрлерін орнату
Монитор экранында келесідей мәліметтер көрсетіледі: доға
ұзындығының уақытша тәуелділік графигі; ағымдағы уақыт көрсеткіші;
доғаның болу индикаторы; доға ұзындығы бойынша қате индикаторы; пісіру
жылдамдығы бойынша қате индикаторы; жұмыс құралының ауытқу
көрсеткіші көлбеу бұрыштары бойынша берілген мәндерден.
5 Сурет. Тренажердың ағымдағы нәтижелері
Студенттер жұмысты орындап болғаннан кейін, монитор бетіне
орындалған пісіру жұмысының нәтижесі график түрінде көрсетіледі.
Орындалып болған тренаж нәтижесі келесілерді қамтиды: доға ұзындығының
уақытша тәуелділік кестесі; жаттығу уақыты, доға ұзындығының орташа мәні,
берілген шекті мәндер бақыланатын параметрлер және әр параметр бойынша
жіберілген қателердің саны. Осы график бойынша білім алушылар істеген
жұмыстарына байланысты бағаланады.
27
6 Сурет. Тренаж нәтижелері туралы есеп
3.5
Сабақтың
әдістемелік
қамтамасыз
етілуі
«Қаңқалы
конструкцияны пісіріп дайындау»
Сабақ тақырыбы: Қаңқалы конструкцияны пісіріп дайындау
Сабақты жүргізу мақсаты: Студенттердің ұғыну, қабылдау іс-әрекетін
ұйымдастыру және жаңа тәсілдері мен білімін бекіту.
Білімділік: Студенттерге қаңқалы конструкцияны пісіруге дайындау
және пісіру жұмыстарын үйрету.
Дамытушылық: Шығармашылық ойлау қабілетін еңбек қызметінде
қалыптастыру және танымдылықты дамыту. Алған білімдерін практикада
пайдалануға дағдылау.
Тәрбиелік: Еңбекке деген жауапкершілікпен адалдыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтарды ұқыпты ұстауға және еңбек сапасына жауаптылығын
арттыру. Мұқияттылыққа тәрбиелеу.
Сабақты жүргізу түрі: Жаңа өндірістік операцияларды үйрену және
бекіту.
Сабақты жүргізу әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тәжiрибелiк.
Сабақты жүргізу формасы: Топтық-ұжымдық.
Сабақты жүргізудегі материалдық-техникалық жабдықтары: Пісіру
посты, пісіру жабдықтары, балғалар, болат щеткалар, соққыштар, УОНИ-
электродтары, арнайы брезент киімдер, көзді жарқылдан қорғайтын қалқандар
және қолғаптар, швеллер.
Объектiсi: Өндірістік пісіру шеберханасы.
Пәнаралық байланыс: Материалтану
Сабақты жүргізу барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. Студенттерді тізім бойынша тексеру.
Студенттердің сыртқы киімін тексеру (арнайы киімнің болуы). Студенттердің
сабаққа дайындығын тексеру.
I. Kipicпe нұскау.
1.Өткен тақырыпты қайталау
Білім алушыларға жаңа сабақты түсіндірмес бұрын өткен сабақтан
сұрақтар қою арқылы білімін, өткен сабақты қаншалықты меңгергенін
тексереміз. ТСВ01 пісіру тренажерымен жүргізілген жұмыстарды еске
28
түсіреміз. Түсінбеген студенттер болса, түсінбеген жерлерін қайтадан
түсіндіріп беру қажет. Өткен тақырыпты қайталау аяқталғаннан кейін білім
алушыларға қауіпсіздік ережесін сақтауды тағы бір рет қайталап өткен жөн.
2. Жаңа тақырыпты түciндіpy және ic-жүзінде көрсету
Жаңа сабақ басталғанда студенттерге бүгінгі сабақтың тақырыбын,
сабақтың мақсатын, пәнаралық байланыстарын таныстыру қажет.
Білім алушыларға сабақтың мақсатын түсіндіріп болғаннан кейін, білім
алушыларды екі топқа бөлдім. Өткен тақырыпта қолданған ТСВ01 пісіру
тренажерымен пісірілген қаңқалы конструкцияны еске түсіре отырып, енді дәл
сол жұмыстарды қолмен жасауға кірісеміз. Екі топқа екі түрлі жетекке қаңқа
жасауды тапсырдым. Екі топтың білім алушылары қаңқалы конструкцияны
сызбасын сызудан бастап, соңғы операция бояуға дейін жасайды. Соңында екі
топтың жасаған конструкциясын салыстырамыз.
Қаңқалы конструкцияны дайындау үшін алдымен білім алушылар жетек
түрін таңдап алады. Жетекке редуктор мен электрқозғалтқыш кіреді. Редуктор
мен электрқозғалтқыштың габариттік өлшемдерін алады. Қаңқалы
конструкцияның сызбасы дайындалады. Қаңқалы конструкцияның сызбасы
дайындалып болғаннан кейін пісіру орны дайындалады.
Пісірушінің пісіру орнын ұйымдастыру. Пісіру жұмыстарын жүргізу
үшін пісіруге арналған арнайы жабдықтармен жабдықталған орынды-пісіру
орны деп атайды.
Пісіру орны пісіруге қажетті пісіру трансформаторынан, доғаны электр
тогымен нәрлендіру көзінен, пісіруге арналған сымдардың жинағы,
электродұстағыштар, электродтар жинағы, пісірушінің арнайы брезент киімі,
қолғап, шлем және қалқаншамен, айла бұйымдармен, электродтарды
қыздырып, кептіру үшін қолданылатын кептіру шкафымен жабдықталуы
қажет. Электрдоғалы пісіру кезінде электрод қаптамаларынан қоршаған
ортаға, адам денсаулығына зиянды газдар бөлініп шығады. Осы орайды
зиянды газдардан қорғану мақсатында стационарлы пісіру орнында
желдеткіштер орналасуы керек. Пісіру орны стационарлы және жылжымалы
болып екіге бөлінеді. Стационарлы пісіру орны ғимараттың ішінде
орналасады. Пісіру орнында отырып жұмыс істеуге қажетті биіктігі 0,5-0,6 м
болатын пісірілген темір үстел немесе тұрып жұмыс істеуге арналған биіктігі
0,9 м болатын темір үстел орналасады.
Пісіруші пісіру жұмыстары кезінде металл жиектерін тоттан және басқа
да ластаушы заттардан тазарту үшін арнайы құралдарды пайдаланады.
Сонымен қатар ақауларды кесіп алып тастау үшін, және пісірілген жікті
шлактардан тазалау үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Аталған
жұмыстарды орындау үшін, металл тістері бар щетка, зубила, темір балға,
тұтқасы бар аралас зубила, бір бөлігі өткір, ал екінші бөлігі қарапайым зубила
түрінде келеді.
Кесетін жиектерді, пісірілген жік және бөліктердің арасын өлшеу үшін
ШС-2 үлгілер жинағы қолданылады. Үлгілер жиектердің бұрышын, пісіру
кезінде құрастыру сапасын, екі жиектің өлшемін бақылауға мүмкіндің береді.