Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіптік колледждерде техникалық



жүктеу 2,08 Mb.
Pdf просмотр
бет2/12
Дата29.01.2020
өлшемі2,08 Mb.
#27587
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

Жалпы бөлім 



 

1.1 «Пісіруші» мамандығының маңыздылығы және қажеттілігі 

 

Қазіргі таңда пісіруші мамандығы құрылыс саласындағы ең көп талап 

етілетін  мамандықтардың  бірі  болып  саналады.  Жұмысшы  мамандарының 

жетіспеуі  салдарынан  пісіруші  мамандары  ерекше  сұранысқа  ие,  өйткені 

пісіру  жұмыстары  әрбір  өндіріс  саласында  қажет.  Бұл  маман  иелері  түрлі 

металл бұйымдарын, бөлшектерді және әртүрлі сыйымдылықтағы, көлемдегі 

құбырларды  біріктірумен  айналысады.  Алайда,  бұл  мамандық  жоғары 

жауаптылықты, орындалатын жұмысқа деген аса ұқыптылықты қажет етеді. 

Пісірілген  жіктің  сапасы  металл  конструкцияларының  қауіпсіздігіне, 

мықтылығына, беріктігіне және ұзақ жұмыс істеуіне тікелей байланысты, сол 

себепті  бұл  жерде  қателік  жасаудың  құны  өте  жоғары.  Кез-келген  жұмыс 

барысындағы ұқыпсыздық, немқұрайлылық ойламаған жерден өте үлкен, тіпті 

кейде  катастрофалық  жағдайларға  алып  келуі  мүмкін.  Сол  үшін  де  кәсіби 

пісіруші маман белгілі бір пісіру түрінің технологиясын және пісіру жіктерін 

тексеру  тәсілдерін  ғана  емес,  сондай-ақ  жылу  процесстерінің  физикасын, 

электротехникасын,  химиясын  және  әртүрлі  металлдар  мен  қоспалардың 

химиялық  және  физикалық  қасиеттерін  білуі  тиіс.  Одан  басқа,  пісіру 

жұмыстарының және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын білуі керек. 

Пісіруші  мамандарға  қойылатын  талаптар:  электр  техникасы  және 

металл балқыту технологиясын, пісіру процесіне қатысатын барлық газдардың 

қасиеттерін,  қолданылатын  агрегаттар  мен  жабдықтардың  әрекеттесу 

принциптерін,  еңбек  қорғау  және  қауіпсіздік  техникасы  бойынша 

нұсқаулықтарды және т.б. білуі керек [13]. 

Қажетті  және  жоғары  жалақылы  маман  болу  үшін  әркез  өзінің 

дағдыларын  және  кәсіби  шеберлігін  жетілдіріп  отыруы  тиіс.  Бұл  деген 

электрпісіруші  квалификацияны  жоғарылататын  курстардан  өтіп,  жоғары 

кәсіби тәжірибені алуы керек.  Тек жоғары тәжірибелі мамандар жіберілетін 

мұнайқұбыры және газқұбыры жұмыстарында арнайы оқытуды талап етіледі. 

Пісірушінің кәсіби тәжірибесі қаншалықты жоғары болса, соншалықты кәсіби 

мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болады.  

Пісіруші разрядтары: 

Бірінші  разрядтағы  пісіруші,  шын  мәнінде,  жұмысты  жаңа  бастаған 

шебер, немесе, керісінше, студент. Мұндай жұмысшылар біліктілікке ие емес, 

олар әлі күнге дейін оқып жатыр және олар оңай құрылымдарды кесу және 

дайындау  бойынша  қарапайым  операцияларды  орындай  алады.  Мұндай 

разрядтар кәсіби мектептердің студенттеріне беріледі. 

Екінші разрядты пісіруші – пісіруді төменгі және тік күйінде орындай 

алатын пісіру курсын бітірген маман. Дегенмен, мұндай маман толыққанды 

пісіру жұмыстарын орындай алмайды. 

3-ші рязрядты пісіруші кәсіптік  оқу орнын бітірген маман. Бірақ оның 

өндірісте немесе құрылыста жұмыс жасауда тәжірибесі жоқ. 



 

Біріншіден, 3-разрядты пісіруші бұрышты, тік және төменгі буындарды, 



сондай-ақ пісіру герметикалық құбыр құрылымдарын пісіре алуы керек. 

Екіншіден,  пісіру  жабдықтарын  ажырата  білуі  керек,  жабдықтардың 

жұмыс істеу принциптерін, сондай-ақ пісіру жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік 

техникасын жете меңгерген болуы керек. 

Үшіншіден,  ол  сызбаларды  оқып  білуі  керек,  себебі  оларға  оқу 

барысында  оны  үйретеді.  Сол  сызбаларға  сәйкес,  конструкцияларды  жинай 

алуы  керек.  Бірақ  мұндай  маманға  тек  қарапайым  өнімдерді  жасау  ғана 

тапсырылады. 

4-ші разрядты пісіруші күрделі емес, орташа деңгейлі құрылымдар және 

бөліктермен жұмыс істей алады. Бұл разряд білікті мамандарға беріледі жәе де 

ол  пісіруді  кез  келген  бағытта  орындай  алуы  тиіс.  Бұдан  басқа,  қысыммен 

жұмыс  істейтін  екі  құбырды  пісіру  кезінде  оның  тығыздалған  буындарын 

жасай  алу  дағдылары  бар.  Сызбалар  мен  басқа  да  дағдыларды  жетік  білуі 

қажет. 


5-ші  разрядты  пісіріуші.  Бұл  разряд  кез  келген  жағдайда  пісіруді 

жүргізетін және жұқа материалдардан кез келген бөлшекті қиып ала алатын 

шеберлерге беріледі. Бұл ретте бесінші разрядты мамандарға құбырлардың кез 

келген  түрлерін  пісіруге  дейін  рұқсат  етіледі.  Ол  кез  келген  қалыңдықтағы 

дайындамаларды,  металдың  кез  келген  маркасын  және  оның  қорытпаларын 

пісіре алады. 

6-разрядты  пісіруші.  Бұл  жоғары  дәреже.  Оның  иесі  барлық 

операцияларды  алдыңғы  разряд  иегері  сияқты  орындайды.  Бірақ  тек  оған 

ешкім  және  ешқашан  пісірмеген  эксперименталды  қорытпалардан  жасалған 

дайындамаларды  біріктірумен  байланысты  пісіру  жұмыстарын  жүргізу 

жұмыстары  тапсырылады.  Осы  алтыншы  жоғары  разряд,  пісірушіге  қандай 

режимде  және  қандай  шығын  материалдарымен  (электродтар,  қоспалар, 

газдар және т.б.) қалай пісіруді өзі анықтауға құқық береді. 

Мамандықтың  артықшылықтары:  еңбек  нарығында  өте  жоғары 

сұранысқа  ие  және  тәжірибелі  пісірушінің  жоғары  жалақысы.  Ал, 

кемшіліктері: көптеген ауыр еңбек жағдайлары (кейде төтенше жағдайларда, 

үлкен биіктікте немесе түрлі метеорологиялық факторлардың әсерінен жұмыс 

істеуге  тура  келген  жағдайда);  инфрақызыл  және  ультракүлгін  сәулелердің, 

доғаның жоғары жарығы салдарынан маманның көз жанарына әсерін тигізуі; 

өндірістік шаңды жұтудан көптеген кәсіби аурулардың пайда болуы. 

Бүгінгі таңда еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның 

басты мақсаты — ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде жұмыс атқара 

алатын, біліктілігі  жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. 

Шынымен,  бүгінгі  елдің  әлеуметтік-экономикалық  дамуында  кәсіптік 

білім  беруді  жетілдірудің,  сұранысқа  ие  мамандарды  даярлаудың 

маңыздылығы  артып  отыр.    Отандық  білім  беру  мен  еңбек  нарығы  тығыз 

байланыста.  Білім  беру  орындары  еңбек  нарығына  жұмыс  істеуі  тиіс. 

Мамандық  иесі  болу  үшін  алдымен  білім  мен  қабілет  қажет.  Өйткені,  білім 

арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз 

үлесін тигізеді. Мамандық – әрбір адамның болашағы, сондай-ақ шаруашылық 




жүктеу 2,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау