13
- ацетон – тазартқыш ретінде пайдаланылады. Пісіруден бұрын немесе
барлық пленкаларды алу үшін ағынның бетіне
төгілмес бұрын қолданылады;
- кесте вице – кез келген жағдайда иілу үшін. Олар тез пісіру процесі
жүріп жатқанда бөлшектерді бекітуге арналған;
- газ қыздырғыш – металды қажетті температураға дейін қыздыру үшін
пайдаланылады. Пісіруге металл бетінің соңғы дайындығы деформациядан
сақтап қалу үшін қыздыруды қамтиды.
Металлды пісіруге дейін және одан кейінгі қыздырып өңдеу. Пісіру
алдында металды алдын ала қыздыру температураның өзгеруіне сезімтал
материалдар, сондай-ақ деформациядан сақтап қалу үшін, қауіпсіз болу үшін
міндетті процедура болып табылады. Мұндай процедуралар үшін газды
қыздырғыш пайдаланылады.
Пісіру алдындағы операциялар толығымен орындалса, металлды
пісіруге жіберуге болады. Бұл операциялар орындалмаған жағдайда пісіру
сапасы төмен болады, сызатталған, сынған, жарықшаланған яғни жөндеуді
қажет ететін жағдайлардың әсерінен металл бетінде әртүрлі қалдық
элементтер қалуы мүмкін. Сол элементтерді жою үшінде бірінші кезекте
слесарлық операциялар орындалады. Осы операциялар аяқталғаннан кейін
пісіру жұмыстарына кірісуге рұқсат етіледі,металлды пісіріп болғаннан кейін
міндетті түрде тазалауға жіберіледі. Ол тазалау пісірілген бетті қождардан
тазартады.
Пісіру орнын дайындау
Пісіру жұмыстарын жүргізу үшін пісіруге арналған арнайы
жабдықтармен жабдықталған орынды-пісіру орны деп атайды.
Пісіру орны пісіруге қажетті пісіру трансформаторынан, доғаны электр
тогымен нәрлендіру көзінен, пісіруге арналған сымдардың жинағы,
электродұстағыштар, электродтар жинағы, пісірушінің арнайы брезент киімі,
қолғап, шлем және қалқаншамен, айла бұйымдармен, электродтарды
қыздырып, кептіру үшін қолданылатын кептіру шкафымен жабдықталуы
қажет. Электрдоғалы пісіру кезінде электрод қаптамаларынан қоршаған
ортаға, адам денсаулығына зиянды газдар бөлініп шығады. Осы орайды
зиянды газдардан қорғану мақсатында стационарлы пісіру орнында
желдеткіштер орналасуы керек. Пісіру орны стационарлы және жылжымалы
болып екіге бөлінеді. Стационарлы пісіру орны ғимараттың ішінде
орналасады. Пісіру орнында отырып жұмыс істеуге қажетті биіктігі 0,5-0,6 м
болатын пісірілген темір үстел немесе тұрып жұмыс істеуге арналған биіктігі
0,9 м болатын темір үстел орналасады.
Пісіруші пісіру жұмыстары кезінде металл жиектерін тоттан және басқа
да ластаушы заттардан тазарту үшін арнайы құралдарды пайдаланады.
Сонымен қатар ақауларды кесіп алып тастау үшін, және пісірілген жікті
шлактардан тазалау үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Аталған
жұмыстарды орындау үшін, металл тістері бар щетка, зубила, темір балға,
тұтқасы бар аралас зубила, бір бөлігі өткір, ал екінші бөлігі қарапайым зубила
түрінде келеді [12].
14
Кесетін жиектерді, пісірілген жік және бөліктердің арасын өлшеу үшін
ШС-2 үлгілер жинағы қолданылады. Үлгілер жиектердің бұрышын, пісіру
кезінде құрастыру сапасын, екі жиектің өлшемін бақылауға мүмкіндің береді.
Электродұстағышқа жалғанған кабельдің көлденең қимасының өлшемі,
кабельге келетін токтың мәнімен таңдалады: 240 А-ге дейінгі ток кезінде – 25
мм
2
, 300 А-ге дейінгі токта – 35 мм
2
, 400 А-ге дейінгі токта – 50 мм
2
, 500 А-
ге дейінгі токта – 75 мм
2
. Мыс кабельдер 220 В-қа дейінгі кернеу кезінде
қолданылады. Пісіру кабельінің жалпы ұзындығы 30–40 м-ден артық болмауы
қажет, себебі ұзын кабельмен пісіру кезінде пісіру тізбегіндегі кернеудің
төмендеуімен пісіру процесі төмендейді.
2.3 Пісірілген конструкциялардың ерекшеліктері
Пісірілгенген конструкциялар жекелеген бөліктердің арасындағы ең
күшті байланыспен ерекшеленеді, өйткені пісірілген конструкцияларды
өндіру технологиясы конструкциялардың бөліктерін молекулярлық деңгейде
біртұтас біріктіруге негізделеді. Бөліктердің шетіндегі металл сұйық күйге
дейін еріп, молекулалар алмасады. Нәтижесінде, металл конструкция
беріктігінің құрылымы, біртұтас металл бөліктің қаттылығына жақын болады.
Пісірілген конструкциялардың тағы бір ерекшелігі, пісірілген
конструкцияны дайындау барысында металлдың аз мөлшерде жұмсалуы.
Сонымен қатар металлды үнемдеу 20%-ға дейін жетеді, бұл дегеніміз
пісірілген конструкциялар тек қана материалдық шығындар бойынша ғана
емес, сондай-ақ барлық металл конструкцияларының құны бойынша тиімді
деп санауға болады. Яғни, пісірілген қосылыстары бар металл
конструкцияларын экономикалық тұрғыда өндіру кез келген басқа
конструкцияларға қарағанда үлкен пайда әкеледі.
Пісірілген конструкциялардың алдыңғы ерекшеліктерінен басқа тағы
керемет ерекшелігі – олар құйылған немесе тойтармалы қосылыспен қосылған
конструкцияларға қарағанда аз салмақ тартуы. Мұнымен қоса, беріктігі
жағынан кем түспейді және беріктігі асып кетуі де мүмкін.
Пісірілген жіктің сапасын тексеру. Пісіру жұмысы мен пісіру
қосылыстарының сапасын тексеру екі кезеңнен тұрады: құрастыру мен пісіру
және аяқталған пісіру қосылыстары кезінде.
Құрастыру және пісіру процесі кезінде тексеріледі: пісірушінің
квалификациясы, пісіру жабдықтарын пайдалану мүмкіндігі, аппаратура мен
аспаптар; пісіру сапасын бақылау үшін құрылғылар мен жабдықтардың
жұмысқа қабілеттілігі; пісіру материалдарының сапасы; құрастырудың
дұрыстығы; конструкцияның жобалық өлшемдері мен кемшіліктері;
пісірілетін шеттердің тазалығы; пісіру режимі, жікті қалыптастырудың
кезектілігін сақтау, технологиялық картамен қаралуы, пісіру жігінің оны
қалыптастыру кезіндегі сапалылығы. Пісіру жабдықтары мен аппараттарын
бақылау пісірудің әрбір түрі үшін қолданылатын жабдықтың сәйкестігін,
сондай-ақ оны пайдалану мүмкіндігін тексереді.