Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"



жүктеу 437,7 Kb.
Pdf просмотр
бет15/17
Дата16.02.2018
өлшемі437,7 Kb.
#9837
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

1) Мәдениет саласында АКТ-ны дамыту

      Ақпаратты қоғамды қалыптастыру елді әлеуметтік-экономикалық дамытудың ажырамас бөлігі 

болып табылады. Кітапханаларда, мұражайларда, мұрағаттар мен басқа да мәдениет мекемелерінде

шоғырланған ақпараттық материалдар бұл процесте маңызды рөлге ие.

      Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, соңғы уақытта мәдениет саласын ақпараттандыруға, 

АКТ негізінде мәдениет мекемелерінің жаңа қызметтерін дамытуға, мәдени және ғылыми мұраны 

цифрландыруға және оған ашық қолжетімділікті ұсынуға, электрондық кітапханаларды ашуға баса 

назар аударылуда.

      Осыған байланысты таяудағы перспективада мемлекет мәдениет саласындағы АКТ-ны дамыту 

бойынша белсенді шараларды қабылдауы тиіс.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазақстанның мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік мекемелері жүйесінде 40 

республикалық және шамамен 8 мыңдай облыстық мәдени ұйымдар қызмет етеді.

      Бүгінгі күнгі жағдай бойынша елімізде 64 театр, 216 мұражай, 4 171 кітапхана, 94 

кинозал және кинотеатр, 74 концерттік ұйым, 3 169 мәдени мекеме, 105 цирк, хайуанаттар бағы,

ойын-сауық және демалыс саябақтары қызмет етуде.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2004 жылдан 

бастап ауқымы мен тарихи диапазоны бойынша теңдесі жоқ «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық 

жобасы іске асырылуда.

      2004 жылдан бастап ғылымды мыңдаған артефактілермен байытқан және ұлттық тарих туралы 

түсінік беретін 40-тан астам археологиялық және 30-дан астам ғылыми-қолданбалы зерттеулер 

жүргізілді.

      2011 жылы «Мәдени мұра - Культурное наследие» (www.madenimura.kz) ақпараттық 

порталының жаңа нұсқасын іске қосу жүзеге асырылды.

      Ресурс Қазақстанның мәдени мұрасы туралы жалпы көлемі 70 ГБ құрайтын кеңейтілген 

ақпаратты қамтиды. Мұнда 1 млн. файл, 2000 фотосурет және сурет, 360 кітап, 50 бейнематериал

орналастырылған.

      Археологиялық, тарихи және мәдени бірегей ескерткіштер, археологиялық қазбалар туралы 

мәліметтер іздеуге ыңғайлы формат - елді мекендер мен ескерткіштердің географиялық 

деректемелеріне сәйкес Қазақстанның мәдени мұрасының виртуалды картасында орналастырылған.

      Міндеті: азаматтардың мәдениет мекемелерінің материалдары мен нысандарына 

қолжетімділігін кеңейту.

      Нысаналы индикаторлар:

      1) «Мәдени мұра» жобалары туралы халықтың хабардар болу деңгейі 2017 жылы - 82 %, 2020

жылы - 85 % құрайды;

      2) «Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне

кіру 2017 жылы - 55 мың бірлікті, 2020 жылы - 57 мың бірлікті құрайды.

      Қол жеткізу жолдары

      Азаматтардың мәдениет мекемелерінің материалдары мен нысандарына қолжетімділігін 

кеңейту бірқатар шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі, атап айтқанда:

      1) «Ата мұра» веб-порталын сүйемелдеу және техникалық қолдау;

      2) ұлттық электрондық кітапханаларды, сондай-ақ кітапханалардың еркін электрондық 

каталогін жасау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      3) мәдениет және өнер саласындағы түрлі ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті, 

электрондық қызметтерді ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін бірыңғай интернет-порталды құру 

бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      4) мәдениет ескерткіштері, мәдени мұра нысандары туралы 3D-суреттер жиыны бар 

кітапхана ашу бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұражай қорының электрондық тіркелімін және 

мәдени ескерткіштер мен объектілер бойынша дерекқор жасау бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      6) құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасының Ұлттық 

мұрағат қорының құжаттарын автоматтандырылған есепке алудың бірыңғай жүйесін құру бойынша 

ұсыныстарды әзірлеу;

      7) мемлекеттік кітапханаларды интернет желісіне қосуды қамтамасыз етуді мониторингтеу;




      8) «Ұлттық электрондық құжаттар орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру 

бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

      9) Бірыңғай электрондық мұрағат жүйесін құру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.

2) Отандық БАҚ-тарын жаңғырту

      Жаһандық ақпараттық дәуірдегі қоғамдық қатынастардың өзгеру процесінде ашылатын 

мүмкіндіктер Қазақстанның тұрақты дамуына қызмет ететін ақпараттық-мәдени ортаны құру үшін 

пайдаланылуға тиіс. Сонымен қатар жаңа заман талаптары лайықты жауапқа ие болуы тиіс. Мұнда 

отандық БАҚ жаңғыруына негізгі рөл жүктеледі.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Отандық БАҚ ашық ақпараттық кеңістікте жұмыс істейді, онда ол аудиторияның назарын 

аудару үшін шетелдік БАҚ-тармен күресуге мәжбүр. Қазақстан шетелдік медиа-өнімдерді таратуды

әкімшілік тұрғыда шектеуге бағытталған шараларды қолданудан саналы түрде бас тартты. Осы 

бәсекелі күресте табысқа жету үшін Қазақстан өз медиа нарығының жоспарлы даму жолын таңдады.

      Мемлекет отандық БАҚ-тардың техникалық базасын жаңғырту жөнінде жұмыстар жүргізуде. 

2010 жылғы желтоқсанда DVB-S2 цифрлық стандарттағы MPEG-4 компрессия форматындағы ұлттық 

жерсеріктік желісін іске қосу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта оған 180 мыңнан астам абонент

қосылды.

      Астана қаласында мемлекеттік хабар таратушы компаниялардың басты технологиялық алаңына

айналған қазіргі заманғы телерадиокешен пайдалануға енгізілді.

      Міндеті: отандық БАҚ жұмысының сапасын арттыру.

      Нысаналы индикаторлар:

      1) ұлттық жерсеріктік желінің абоненттер саны 2020 жылы — 500 мың абонент;

      2) бүкіл ел аумағында қолжетімді отандық телеарналар 2017 жылы — 45;

      3) қазақстандық телевизия арналарын тарату географиясы 2017 жылы - 100 шет ел, 2020 

жылы - 110 шет ел;

      4) Интернетте баспа және электрондық БАҚ ұсынылуын 2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 95 %;

      5) Интернет арқылы қолжетімді БАҚ 2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 80 %;

      6) негізгі ақпараттық қажеттіліктерін отандық БАҚ есебінен қанағаттандыратын 

тұрғындардың үлесі (әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша) 2017 жылы - 64 %, 2020 жылы - 

70 %;


      7) мемлекеттік БАҚ-тар тарататын жарнама қаражатының көлемі 2017 жылы - 35 %, 2020 

жылы - 50 % (2012 жылға қатысты).

      Қол жеткізу жолдары

      Отандық БАҚ-ты жаңғыртудың техникалық базасы мыналар арқылы қамтамасыз етілетін болады

:

      1) телерадио хабарларын тарату желісінің ұлттық эфирін жаңғырту шеңберінде эфирлік 



цифрлық телевизияны енгізу;

      2) «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені төңірегінде өндірістік инфрақұрылымды дамыту;

      3) отандық телеарналардың өнім өндірудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалануы;

      4) телевизиялық бағдарламалардың таспасыз өндірісін қолдану бөлігінде мемлекеттік 

телеарналардың әлеуетін дамыту;

      5) «Қазмедиа орталығы» телерадиокешені негізінде мемлекеттік телеарналардың алтын 

қорының цифрлық мұрағатын құру бойынша ұсыныстарды енгізу;

      6) елдің медиаинфрақұрылымын дамыту.

      Қазақстан аумағында отандық БАҚ тарату географиясын кеңейту үшін:

      1) ұлттық жерсеріктік телехабарларын тарату желісін танымал ету жөніндегі жұмыстарды 

жалғастыру;

      2) елдің шалғайдағы елді мекендерінде республикалық арналардың көрсетілімін қамтамасыз

ету үшін электрондық БАҚ-тың жерсеріктік операторлармен өзара іс-қимыл жасауын кеңейту;

      3) мемлекеттік телеарналар мен баспа БАҚ-тың Интернет желісіне он-лайн-қатысуын 

қамтамасыз ету, Интернет нұсқаларын танымал ету бойынша ақпараттық науқан жүргізу;

      4) мемлекеттік емес дәстүрлі БАҚ-тардың Интернет желісіне шығуына жағдай жасау, оларға

ұтқыр қосымшаларды әзірлеуде қолдау көрсету.

      Қазақстандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін отандық контенттің өндірісін ынталандыру 

арқылы көтеру болжануда, сондай-ақ:



жүктеу 437,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау