Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"



жүктеу 437,7 Kb.
Pdf просмотр
бет11/17
Дата16.02.2018
өлшемі437,7 Kb.
#9837
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

аталған аспектіге назар аударғаны және өндірістік қызметкерлер арасында инновациялық 

қызметті дамытуды ынталандыруы аса маңызды.

      Міндеті: қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін 

өнеркәсіп кәсіпорындарында қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндіріс құру үшін жағдай 

жасау.

      Нысаналы индикаторлар:



      1) компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыруға оқудан өткен өнеркәсіп кәсіпорындары 

қызметкерлерінің үлесі 2017 жылы - 70 %, 2020 жылы - 100 %;

      2) өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірген өнімі көлемінде АКТ-ға жұмсалатын шығындардың 

ұлғаюы 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 % (2012 жылға қатысты);

      3) кәсіпорынның үлестік АКТ-бюджетін арттыру 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 % (2012 

жылға қатысты);

      4) инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы - 15 %, 2020 жылы - 10 %;

      5) өнеркәсіп кәсіпорындарының жөнелтілген өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесі 

2017 жылы — 10 %, 2020 жылы - 20 %.

      Қол жеткізу жолдары

      Қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін өнеркәсіп 

кәсіпорындарында қазіргі заманғы жоғары технологиялық өндірісті құру үшін міндетті іске 

асыруға жағдай жасау жөніндегі мынадай шараларды қабылдау арқылы жүзеге асырылады:

      1) өнеркәсіптік кәсіпорындардың АКТ инфрақұрылымын дамыту;

      2) адам өміріне және денсаулығына қауіп деңгейі жоғары өндірістік процестердің 

барлығын роботтандыру;

      3) өнеркәсіп кәсіпорындарында технологиялық және ішкі процестерді басқару жүйелерін 

автоматтандыруды енгізу;

      4) отандық ғылыми-зерттеу ұйымдарымен және жоғары оқу орындарымен тығыз өзара іс-қимыл

жасау арқылы өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық қызметін дамыту;

      5) «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан 

Республикасының 

 мен салық және жер заңнамасын жетілдіру шеңберінде қолдау құралдарын 

Заңы


пайдалану арқылы өндірістік процесте энергия, ресурстарды үнемдеу, «жасыл» және АКТ-ны 

енгізуге өнеркәсіптік кәсіпорындарда ынталандыру;

      6) жаңа өткізу нарығын ашу үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік өнімдерін 

Интернет арқылы сатудың жаңа схемаларын дамыту және енгізу;

      7) қойма қорларын есепке алу процесін оңтайландыру, радиожиілікті сәйкестендіру (RFID)

технологияларын, геоақпараттық жүйелерді және ERP жүйелерін пайдалану арқылы жүктерді 

орналастыруды бақылау үшін өзінің логистикалық және қойма инфрақұрылымын дамыту; 

      8) өнеркәсіп кәсіпорындары нысандарының агрегаттары мен тораптарының жағдайын 

мониторингтеу үшін геоақпараттық жүйелерді және телеметрикалық тетіктерді пайдалану.

Көлік жүйесіндегі АКТ

      Қазақстанның көлік саласының тиімділігі мен тартымдылығын арттыру міндетін шешудің 

негізгі құралы зияткерлік көлік жүйесін (бұдан әрі - ЗКЖ) - көліктің барлық түрлерінің (жеке

, қоғамдық, жүк) жұмысын мониторингтеу және басқару, жол жүрісін басқару, өңірдің, елдің 

аумағында көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру туралы азаматтар мен кәсіпорындарды 

ақпараттандыру міндеттерін шешетін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешенін 

енгізу болуы тиіс. ЗКЖ үш негізгі мәселені шешуге бағытталады: қауіпсіздік, ұтқырлық, 

қоршаған ортаны қорғау.

      ЗКЖ-ны құрудың маңызды элементі жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйесі (бұдан әрі - 

НЖЖ) болып табылады. Аталған жүйенің негізіндегі шешімдер жер үстіндегі көлік кешені 

жұмысының тиімділігін арттырумен қатар, авиация, флот, теміржол саласында белсенді 

қолданылады, жіберу және тасымалдау желілерін синхрондау үшін қызмет етеді, деректерді 

жіберуді синхрондау үшін байланыста қолданылады және т.б.

      ЗКЖ қалыптастыру және енгізу тасымалдауды басқарудың тиімділігін арттырады, жүктерді, 

жолаушыларды тасымалдауға жұмсалатын өндірістік емес шығындарды қысқартады, 

көлік-коммуникациялық құрылымды дамытуды жылдамдатады, қолданыстағы навигациялық спутниктік 

жүйелердің негізінде сервистерді енгізу үшін қолайлы жағдай жасалды.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау



      Әлемдік сауда соңғы жиырма жылдың ішінде жоғары қарқынмен дамуда. Еуропа мен Азия 

арасындағы жыл сайынғы тауар айналымы қазіргі кезде шамамен 400 миллиард АҚШ долларды 

құрайды, 2015 жылға қарай 1 триллион АҚШ долларға жетуі мүмкін. Осыған байланысты 

Қазақстанның тиімді географиялық орналасуын Европа мен Азия арасындағы жүктер ағынын өткізу 

үшін пайдалану орынды болып табылады, бұл көлік компанияларының бюджеті мен Қазақстанның 

мемлекеттік бюджеті кірісінің артуына ықпалын тигізеді. 2015 жылы Қазақстан Республикасы 

Көлік және коммуникация министрлігі жүктер транзитінің көлемін 25 миллион тоннаға дейін 

арттыруды жоспарлап отыр, ал транзиттен түсетін жалпы кіріс 1,5 миллиард АҚШ долларды 

құрайды.

      Қазақстандағы көліктің негізгі кемшіліктерінің арасында тасымалдауды жеткіліксіз 

ұйымдастыруды, көлікте ескірген технологияларды пайдалану мен көлік қызметтері сервистерінің

төмен деңгейін атап өтуге болады. Дамыған елдерде көлік ағындарын оңтайландыру, олардың 

оңтайлы өзара іс-қимылынан пайданың көп бөлігін қамтамасыз ететін логистика Қазақстанда 

дамудың бастапқы деңгейінде.

      Бұл жағдайда Қазақстанның Шығыс пен Батыс арасында жүктердің транзитін қамтамасыз 

ететін қазіргі көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ дамыған мемлекеттердің көліктік 

ықпалдастығына қатысу деңгейі үшін жауап беретін халықаралық және ішкі жолаушылар тасымалын 

қалыптастыруы қажет.

      Міндеті: АКТ енгізу арқылы көлік қызметтерінің қолжетімділігін, қауіпсіздігі мен 

сапасын қамтамасыз ету үшін дамыған көлік инфрақұрылымын құру.

      Нысаналы индикаторлар:

      1) көлік инфрақұрылымы кәсіпорындарында Интернетке КЖҚ қамту деңгейі 2017 жылы - 30 %,

2020 жылы - 100 %;

      2) НЖЖ-мен жарақтандырылған жолаушылар және жүк көлігінің үлесі 2017 жылы - 30 %, 2020

жылы - 100 %;

      3) билеттерді сату электрондық форматта жүзеге асырылатын маршруттардың (рейс, бағыт) 

үлесі 2017 жылы - 40 %, 2020 жылы - 100 %.

      Қол жеткізу жолдары

      Көлікті дамытудың негізгі бағыттары көлік инфрақұрылымының төрт негізгі құраушысының 

тиімділігі мен ықпалдастығын арттыру болады: теміржол, автомобиль, әуе және су.

      Көлік инфрақұрылымын дамыту үшін мынадай шешімдерді іске асыру көзделеді:

      1. Мыналарды қамтамасыз ететін НЖЖ енгізу:

      1) көліктің әртүрлі түрлерін мониторингтеу және басқару;

      2) азаматтар мен ұйымдарға өңірде көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыру жөнінде нақты 

уақыт ауқымында ақпаратты ұсыну;

      3) көлікте қылмыстық және төтенше жағдайлар орын алған жағдайда шұғыл әрекет ету 

қызметтеріне ақпаратты жедел түрде ұсыну.

      2. Мынадай міндеттерді орындауға бағытталған ЗКЖ-ны енгізу:

      1) көлік ағындарының параметрлерін мониторингтеу;

      2) жол қозғалыстарын реттеу және ұйымдастырудың техникалық құралдарын басқару;

      3) жол қозғалысы қағидаларын бұзушылықтарды фотобейне тіркеу;

      4) арнайы көліктерді басқару (арнайы көліктің борт жүйелерін біріктіреді (

маршруттандыру, ақпараттандыру, шешім қабылдауды қолдау және басқалары), төтенше жағдайларға

тиімді жауап беру үшін арнайы көлікті байланыс құралдарымен, ақпараттық жүйелермен 

қамтамасыз етеді, төтенше жағдайлар аумағында экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және 

басқалары);

      5) шығарындыларды бақылау (олар туралы мәліметтерді жинайды және аталған мәліметтерді 

басқарады);

      6) логистика және көлікті басқару (жүк тасымалдарын басқаруды қамтамасыз етеді);

      7) ақпараттық порталдар мен БАҚ-пен ықпалдасуды қамтамасыз ету (жол жүрісіне 

қатысушыларды қажетті маршруттық және басқа да ақпаратпен қамтамасыз етеді), сондай-ақ 

Интернетте қажетті ақпараттық интерфейстерді ұсыну, борттық құрылғылармен өзара 

ықпалдастықты қамтамасыз ету;

      8) тұрақтарды басқару (тегін және ақылы тұрақтарды басқару, тарифтерді дайындау, 

тұрақтар бойынша көлік құралдарын (бұдан әрі - КҚ) бөлу және бос орындардың болуы туралы 

хабарландыру);

      9) көлікті маршруттандыру (ағымдағы және болжамды жағдайды ескере отырып);

      10) КҚ басқару (транзиттік көлікті маршруттандыру, транзиттік көліктің қозғалысын 




жүктеу 437,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау