Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің



жүктеу 2,23 Mb.
бет1/3
Дата18.12.2017
өлшемі2,23 Mb.
#5040
  1   2   3


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

2014 жылғы «5» желтоқсандағы

бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің

2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

 

Мазмұны

 

1. Миссиясы және пайымы



2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістерін талдау

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтижелер көрсеткіштері

4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту

5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл

6. Тәуекелдерді басқару

7. Бюджеттік бағдарламалар



1-бөлім. Миссиясы және пайымы

 

Миссиясы

 

Мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді салааралық үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру жолымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. Еңбек құқықтарын қорғау, жұмыспен нәтижелі қамтуға және халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу.



 

Пайымы

 

Халықтың қажеттілігіне сай келетін тиімді және қолжетімді денсаулық сақтау жүйесі. Өмiр сүру деңгейi мен сапасын нәтижелі жұмыспен қамтудың қолжетiмдiлiгiн кеңейту, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейiн арттыру, халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiн дамыту және оңтайландыру негiзiнде арттыру.



  

2-бөлім. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдістерін талдау



1 - стратегиялық бағыт.Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету
Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері

 

Халық денсаулығын сипаттайтын медициналық-демографиялық жағдай мен көрсеткіштерде мынадай оң серпін: халықтың туу деңгейі


1000 адамға шаққанда 22,5-ден (2011 жыл) 22,73-ге (2013 жыл) дейін артқаны, өлім көрсеткішінің 1000 адамға шаққанда 7,98-ден (2013 жыл) 8,71-ге төмендегені, тиісінше, халықтың табиғи өсу коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,75-ге (2013 жыл) дейін ұлғайғаны (2011 жыл - 13,79) байқалды.

Қазақстанда 2011 жылмен (69,01 жас) салыстырғанда 2013 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы артты және 70,45 жасты құрады, бұл республиканың Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы (бұдан әрі - ТМД) позициясын жақсартуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары (2010 жылы – 79,8 жас) және Еуропа одағы елдерімен (World Factbook бағалауы бойынша 2013 – 79,9 жас) салыстырғанда Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы айтарлықтай төмен.

Әйелдер мен балалардың денсаулығы жақсарып келеді. Соңғы жылдары
(2011 жылдан бастап) ана өлімі 1,4 есе төмедеді, нәрестенің шетінеуі 1,3 есе төмендеді.

Ана мен бала (нәресте) өлімін төмендету бойынша жағдайға әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын жақсартуға, оның ішінде, ауруларды профилактикалауға, ерте анықтауға және оларды сауықтыруға бағытталған іс-шаралардың белгілі бір әсері тиді. Халықаралық талаптарға сәйкес ана мен баланың денсаулығын сақтау бойынша диагностика мен емдеудің 40-астам хаттамасы, оның ішінде 8 клиникалық нұсқаулық әзірленді, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Соңғы үш жылдың ішінде әлеуметтік мәні бар аурулар таралуының және одан халықтың өлімінің кейбір көрсеткіштерінің төмендегені байқалады.

Ел ауқымында 2010 жылдан бастап негізгі әлеуметтік мәні бар ауруды (қанайналым жүйесі ауруы, онкологиялық аурулар) ерте анықтау мен алдын алуға бағытталған Ұлттық скринингілік бағдарлама енгізілді. Мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Скринингілік зерттеулер жүргізу қанайналым жүйесі ауруларының (бұдан әрі – ҚЖА) анықталушылығын жақсартуға мүмкіндігін берді, соған байланысты ҚЖА-мен сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 2 277,1-ден 2013 жылы 2 463,1-ге дейін өсті. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі ҚЖА-дан өлімнің 2011 жылғы 309,61-ден 2013 жылы 207,4-ке дейін төмендеуі болып табылады.

2010-2013 жылдардағы кезеңде ҚЖА кезінде жоғары технологиялық көмектің өсуі байқалады, коронароангиографияның саны 2 есе, стенттеу –


4,5-есе артты және т.б. Кардиологияға үздік технологияларды енгізу асқынулардың және жүрек-тамыр ауруларынан болатын өлімнің деңгейін айтарлықтай төмендетті, бұл толық қалды еңбекке және белсенді тіршілік етуге қайтарылған пациенттер санының артуына әкелді.

Өлім мен мүгедектікке алып келетін ауыр асқынулардың бірінен ауыратын ми қан айналымының жіті бұзушылығы бар науқастарға көмек көрсету мақсатында республикада 40 инсульт орталығы, оның ішінде


2011 жылы ҚР 6 облысында 8 инсульт орталығы, 2012 жылы – ҚР
10 облысында тағы 12-сі, 2013 жылы 20-сы ашылды. 2014 жылы 8 инсульт орталығын ашу жоспарлануда.

2011 жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткішінің артуы (100 мың адамға шаққанда 183-тен 193,9-ға дейін) байқалып отыр. Бұл көрсеткіштің ең жоғарғы деңгейі өнеркәсіп дамыған өңірлерде тіркелген, бұл Солтүстік Қазақстан (269,8), Павлодар (264,5), Шығыс Қазақстан (271,1) және Қостанай (258,9) облыстары.

Онкологиялық ауруларды ерте анықтауға, химиялық препараттармен қамтамасыз етуге, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған іс-шаралар қатерлі ісіктерден өлім көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 102,4-тен 2013 жылы 99,49-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Жарақаттануылық тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да көптеген елдерінде де маңызды медициналық-әлеуметтік проблемалардың бірі болып отыр. Қазақстанда халықтың сырқаттанушылық, еңбекке уақытша жарамсыздық және өлім құрылымында, сондай-ақ мүгедектікке алғаш шығу бойынша үшінші орынды алады. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) шеңберінде жол-көлік оқиғаларынан (бұдан әрі – ЖКО) болатын өлімді төмендету жөніндегі пәрменді шаралар қабылданды, оның ішінде ЖКО-да зардап шеккендерге шұғыл көмек жүйесі жетілдірілді – жарақаттанушылық қауіптілігінің жоғары деңгейі бар республикалық маңызы бар автомобиль трасссаларының бойындағы


40 ауданаралық травматологиялық бөлімше ұйымдастырылды. Нәтижесінде жазатайым оқиғалардан және жарақаттанушылықтан болатын өлім 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 102,6-дан 2013 жылы 96,85-ке дейін төмендеді.

Қант диабеті көптеген елдердегі сияқты республикада да маңызды проблема болып отыр. Талдау кезеңінде қант диабетімен сырқаттанушылық өсті және 100 000 адамға шаққанда 2011 жылғы 158,3-пен салыстырғанда


2013 жылы 170,4-ті құрады.

Халықтың өмір сүру сапасын және ұзақтығын арттыру мақсатында скринингілік зерттеулермен 2013 жылы қант диабетін ерте анықтау үшін


2,6 млн. адам қамтылып, оның ішінде ауру 9,6 мың адамда қант диабеті анықталды. Қант диабетімен ауыратын барлық науқас инсулинмен 100% қамтылған.

Республикада туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болып қалуда, оның айғағы ретінде халықтың барлық жас топтарының арасындағы сырқаттанушылықтың, өлімнің және туберкулездің резистенттік түрлерінің таралуының төмендеуі болып табылады. Туберкулезбен сырқаттанушылық пен өлім деңгейі 100 мың адамға шаққанда 2011 жылғы 86,6-дан 2013 жылы 73,4-ке дейін және 2011 жылы 8,4-тен тиісінше 2013 жылы 5,6-ға дейін төмендеді. Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі рейтингінде (бұдан әрі - БЖИ) Қазақстан туберкулезбен сырқаттанушылық бойынша


102-орынды алып отыр және туберкулездің бизнеске әсері бойынша 111-позицияда тұр.

Елімізде туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға ел ауқымындағы қабылданатын жүйелік шаралар ықпал етеді. Төсек қорын оңтайландырумен инфекциялық бақылаудың халықаралық талаптарына сәйкес науқастарды бөлумен және ұстаумен туберкулезге қарсы ұйымдарды қайта құрылымдау іске асырылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДҰ) деректері бойынша Қазақстан АИТВ/ЖИТС індетінің шоғырлану сатысында (әлемдік орташа көрсеткіштің 1,1 %-ына, халықтың 0,16 %-ы, Қазақстан Республикасы тиісті Шығыс өңірде – 0,8) (2010 және 2011 жылдары – 0,18) тұр. Өткен 2013 жылы 15-49 жас аралығындағы халықтың арасындағы ең жоғары көрсеткіш Қарағанды - 0,306, Павлодар - 0,335 облыстарында және Алматы қаласында - 0,316 тіркелген.

2007 және 2012 жылы V және ІV жүргізілген ұлттық әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша Қазақстанда темекіні тұтынудың таралушылығын 27%-дан 26,5%-ға дейін, яғни 1,8%-ға дейін төмендету үрдісі байқалады. Бұл ретте, ДДҰ-ның Қазақстанда темекімен күресудің негіздемелік конвенциясының (бұдан әрі – ТКНК) қағидаттары соңғы 2-3 жылдың ішінде енгізіле бастағанын атап өткен жөн.

ДДҰ-ның Қазақстанда темекімен күресудің негіздемелік конвенциясының бүкіл қағидаты енгізілген темекімен күрестің көп жылғы тәжірибесі бар елдерде темекіні тұтынушылықтың таралуышылығын төмендету қарқыны жоғары емес және орта есеппен 3-5 жылда 0,3%-дан 4,1%-ға дейін құрайды (Таиландта темекі шегудің төмендеуі 2009 жылғы 27,2%-дан 2011 жылғы 26,9%-ға дейін құрады, яғни 3 жылда 0,3%-ға төмендеді, Австралияда 2010 жылғы 15,1%-дан 2013 жылы 12,8%-ға дейін құрады, яғни 4 жылда 2,3% төмендеді, Түркияда 2008 жылғы 31,2%-дан 2012 жылы 27,1%-ға дейін төмендеді, яғни 5 жылда 4,1%-ға төмендеді).

2012 жылғы зерттеулердің нәтижелері бойынша (V), алкогольді тұтынушылықтың таралушылық деңгейі 35,6%-дан 33,1%-ға дейін, яғни 7%-ға төмендеді.


Негізгі проблемаларды талдау

 

Медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң серпініне қарамастан туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы төменгі деңгейде қалып отыр және көрсеткіші 2013 жылдың қорытындысы бойынша 70,45 жасты құрады, бұл табыстың ұқсас деңгейі бар елдермен салыстырғанда 4 жылға төмен.



Әлемнің барлық елінде жүрек-қан тамыры ауруларынан болатын өлім1-орынды, 2-орынды онкологиялық аурулардан болатын өлім, 3-орынды жарақаттанушылықтан болатын өлім алады.

Жыл сайын Қазақстанда обырдан шамамен 17 мың адам, оның ішінде 42% еңбекке қабілетті жастағы адам қайтыс болады.

Республиканың трассаларындағы ЖКО-да шамамен 3 мың адам қайтыс болады және 29 мыңнан астам адам жарақат алады, бұл проблеманың ауқымдылығы мен маңыздылығын білдіреді.

Ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы айтарлықтай жақсаруға қарамастан республикада ана мен бала нәресте өлімінің көрсеткіштері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның (ДДҰ) Еуропалық өңірімен салыстырғанда әлде де жоғары болып қалуда.

Жоғарыда көрсетілген проблемалардың басым көпшілігін МСАК деңгейінде шешуге болады. Халықаралық тәжірибе МСАК қаржыландырудың көлемі денсаулық сақтаудың шығыстарынан кем дегенде 40 %-ды құраған жағдайда МСАК-пен барынша қамту мен тиімділігіне қол жеткізілетінін көрсетеді. Бірақ, 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі - ТМККК) қаржысынан қаражатты МСАК-қа жеткіліксіз бөледі.

Отбасын жоспарлау, халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша хабардар болуын арттыру жөніндегі жұмысты қоса алғанда МСАК-тың жеткіліксіз профилактикалық бағыттылығы проблемалары сақталуда.


Сыртқы және ішкі негізгі факторларды бағалау

 

Халық денсаулығының жай-күйін көрсететін көрсеткіштердің деңгейіне мынадай сыртқы және ішкі факторлар ықпал етеді.



Сыртқы факторлар:

1) Саламатты өмір салтын сақтамау, қоршаған ортаның жағымсыз жағдайы (ДДҰ деректері бойынша, адам денсаулығының 50 %-ы оның өмір сүру жағдайына байланысты (әлеуметтік-экономикалық факторлар, білім деңгейі, зиянды әдеттерге бейімділік, саламатты өмір салтын ұстану және басқалар); 20%-ға дейін денсаулық деңгейі қоршаған орта жағдайына байланысты), оның ішінде:

- ауыз суының нашар сапасы (халықтың 87,7 %-ы ғана қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етілген, бұл өз кезегінде инфекциялық сырқаттанушылықтың жоғары деңгейін көрсетеді);

- қауіп факторлары (жеті жетекші қауіп факторына созылмалы аурулардың жалпы ауыртпалығының 60 %-ы келеді: темекі шегу (12,3 %), қауіпті мөлшерде алкогольді тұтыну (10,1 %), жоғары артериялық қысым (12,8 %), гиперхолестеринемия (8,7 %), дене салмағының артық болуы (7,8 %), жеміс-жидек пен көкөністерді жеткіліксіз тұтыну (4,4 %), дене белсенділігінің төмен болуы (3,5 %);

2) Қазақстанмен тікелей көлік қатынасы бар шекаралас елдер мен мемлекеттерде аса қауіпті инфекциялардың таралуы бойынша шиеленіскен эпидемиологиялық ахуал, қайта туындаған инфекциялық ауруларға, оның ішінде құс тұмауына эпидемиологиялық қадағалауды күшейту қажеттілігі;

Ішкі факторлар:



  1. жүргізілетін профилактикалық тексеріп-қараулар мен ерте диагностикалау тиімділігінің жеткіліксіздігі;

  2. ауруларды диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың дәлелді медицинаға негізделген жаңа әдістері мен хаттамаларының жеткіліксіз енгізілуі;

  3. МСАК пен стационардың арасындағы сабақтастықтың болмауы.

  4. медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметтінің қоғамдық денсаулық сақтаудағы, оның ішінде инфекциялық емес аурулармен сырқаттанушылықты профилактикалау және төмендету бойынша жеткіліксіз рөлі;

  5. медициналық иммунобиологиялық препараттарды, бірінші кезекте диагностикумдарды, тест жүйелерін және басқаларды шығару бойынша өндірістік базаны дамытудың төмен деңгейі.

МСАК-тың қолжетімділігін, тиімділігін, сапасы мен дамуын арттыру мақсатында медициналық-әлеуметтік бағыттылықты қоса алғанда МСАК-ты одан әрі жетілдіру жоспарлануда.

2-стратегиялық бағыт. Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру

Денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі өлшемдері

 

2013 жылы ауруханалық төсектермен қамтамасыз ету көрсеткішінің (Денсаулық сақтау министрлігінің жүйесінде 10 мың адамға шаққанда


2011 жылғы 61,4-ке қарағанда 56,3-ке дейін) төмендегені байқалады. Төсекпен қамтамасыз етудің жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (83,2) және Ақмола (82,3) облыстарында, ал ең төменгі деңгейі Оңтүстік Қазақстан (10 мың адамға шаққанда 47,6) және Алматы (47,2) облыстарында байқалады.

БҰДЖ-ның шеңберінде стационарды алмастыратын көмек белсенді дамуда, оның көмегімен 2013 жылы 965,8 мың адам емделіп шықты, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 47,5 мың адамға көп.

Медициналық көмектің сапасын арттыруға және шығындарды ұтымды басқаруға бағытталған ең үздік халықаралық тәжірибе ескеріле отырып, 2012 жылдан бастап стационар деңгейінде – клиникалық-шығындық топтар бойынша, 2013 жылдан бастап – жаһандық бюджет бойынша, яғни 1 ауыл тұрғынын шаққанда кешенді жан басы тарифі бойынша ақы төлеудің жаңа әдістері енгізілді, мұнда амбулаториялық және стационарлық деңгейлерде қызмет көрсетуге арналған шығыстар енгізілген. Қатерлі ісіктерді ерте анықтау мен онкологиялық науқастардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында бір онкологиялық науқасқа арналған кешенді тариф бойынша ақы төлеу жүйесі енгізілді.

Медициналық көмек көрсетудің жоғары технологиялары дамуда, біреге» технологиялар белсенді енгізілуде.

Материалдық-техникалық базаны нығайту және негізгі қаражатты тиімді пайдалану мақсатында медициналық ұйымдарға лизинг арқылы жабдықтар сатып алу мүмкіндігі берілді.

БҰДЖ-ның екінші кезеңінің шеңберінде әлеуметтік қызметтерді дамытуға аса назар аудара отырып, медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК) ұйымдастыру мен қаржыландыру жүйесі жетілдірілуде. 2011 жылдан бастап, МСАК ұйымдарының штатына әлеуметтік қызметкерлердің, психологтардың лауазымдары енгізілді. Бекітілген халықпен профилактикалық жұмысты (скринингтер, нысаналы топтарды қалыптастыру, салматты өмір салтына және профилактикаға үйрету) 2 және 3 мейіргер лауазымы енгізілді.

2014 жылдан бастап, БҰДЖ-ның екінші кезеңінің шеңберінде өңірлердегі қаржыландыруды кезең –кезеңімен теңестіру мақсатында амбулаториялық-емханалық деңгейде көмек көрсетуге кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – КЖН) енгізілді. Егер 2014 жылы КЖН республика бойынша орта есеппен 808 теңгені құраса, 2015 жылы 896 теңгені құрайды.

2011 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) тізбесі халықтың әлеуметтік-осал топтарына қымбат тұратын қызметтер көрсету, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ортодонттық көмек бөлігінде кеңейтілді.

Қазақстан Республикасының электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, түпкілікті мақсаты еліміздің бүкіл халқының 2020 жылға қарай электрондық денсаулық паспорттарын қамту болып табылады.

Көмек көрсетудің әртүрлі деңгейлерінде косультация жүргізңнді 2013 жылы Ұлттық телемедицина желісі құрылды, оның көмегімен медициналық салыстырғанда телемедицина консультацияларының саны 12%-ға ұлғайды (2012 жылы – 15751, 2013 жылы – 17752).

Халыққа, әсіресе шалғайда және жетуі қиын жерлерде тұратын ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін  49 жылжымалы медициналық кешен (бұдан әрі – ЖМК), 26 трассалық медициналық-құтқару пункті, 3 емдеу-диагностикалық пойызы жұмыс істейді. 2011 жылғы шілдеден бастап Республикалық санитариялық авиация үйлестіру орталығы жұмыс істейді, бейінді мамандардың консультация өткізуі мақсатында олардың ұшуы іске асырылуда.

Дербестікті қамтамасыз ету мақсатында медициналық ұйымдарды кезең-кезеңімен шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар (бұдан әрі – ШЖҚ МК) мәртебесіне ауыстыру жүзеге асырылуда, 2014 жылғы 1 қаңтардағы ахуал бойынша республикада 489 медициналық ұйым ШЖҚ МК мәртебесіне ауыстырылды.

Халықтың медициналық қызметке тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін денсаулық сақтаудың инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында «100 мектеп және 100 аурухана салу», «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана салу» ауқымды жобалардың шеңберінде 174 денсаулық сақтау объектісі іске қосылды және таяу төрт жылда 275 денсаулық сақтау объектісін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдана отырып салу жоспарлануда.

Елбасының тапсырмасына сәйкес халықаралық аккредиттеу стандарттары кезең-кезеңімен енгізілуде.

Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, сертификатау жүйесін жетілдіру басталды.

ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алу бүгінгі таңда тұтынудың жалпы көлемінің 70 %-ын құрайды.

Жыл сайын бірыңғай дистрибуция жүйесі (заттай мәнінде) арқылы ТМККК шеңберінде жалпы көлемде сатып алынатын отандық дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың үлесі ұлғаюда (2012 жылы - 35%, 2013 жылы - 40%).

Ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы құрылды.

ТМККК шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың бағаларын мемлекеттік реттеу енгізілді.

Терапиялық тиімділікті, фармакоэкономиканы және жанама әсерлердін мониторингілеуді ескере отырып, дәрілік заттарды ұтымды қолдануға бағытталған дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің формулярлық жүйесі енгізілді. Дәрілік заттардың бағаларын мониторингілеу орталығы құрылды.

ТМККК шеңберінде азаматтарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету құқықтарын іске асыру мақсатында амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдірілді. Бұрын 50 % жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттар тегін негіздегі дәрім заттардың тізбісі оқтайландырылды, халықтың әлеуметтік осал топтарын тегін босатылады. Қымбат тұратын нозологиялар бойынша дәрілік заттарды сатып алуды республикалық бюджет қаражатының есебінен бірыңғай дистрибьютер жүзеге асырады.

Диспансерлік науқастардың тіркелімі және амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі құралды, бұл әрбір пациенттің мемлекет кепілдік берген дәрілік препаратты алуын нақты қадағалауға мүмкіндік береді.

Ауыл тұрғындарына дәрілік көмектің физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін дәріханалық ұйымдары жоқ 3000-нан астам ауылдық елді мекенге МСАК объектілері арқылы дәрілік заттарды өткізу ұйымдастырылды
(2011 жылы – 3030, 2012 жылы – 3100, 2013 жылы – 3200).

Медициналық көмектің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін медициналық қызметтер сапасын басқару тетіктері жетілдірілуде.

Пациенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңестер және денсаулық сақтау саласында азаматтардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар құрылды. Медициналық ұйымдарда шағымдардың алдын алуға және шағымдар пайда болған жерлерде «сол жерде және қазір» қағидаты бойынша жұмыс істеуге арналған Ішкі бақылау қызметтері жұмыс істейді.

Пациенттердің хабардарлығын арттыру, денсаулық сақтау саласында бәсекелестік ортаны дамыту, транспаренттілік және медицина ұйымын еркін таңдау қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында Министрлік 2012 жылы сыртқы, ішкі бақылау және пациенттер пікірлерінің негізінде Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарын рейтингтік бағалау жүйесін енгізді.

Объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз сараптама дамуда, 2013 жылы тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, тексерулердің үлесі 32% құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда (27%) 5%-ға артық, (2012 жылы - 30%).

Мемлекеттік бағдарламаның шенберінде денсаулық сақтау кадрларын даярлаудың сапасына қолжеткізу бойынша шараларды көздейтіп, Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық бiлiм беру iсiн дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді.

Инновациялық білім беру технологияларын оқу процесіне енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, медициналық ЖОО-ларда оқу-клиникалық орталықтары құрылды.

Халықаралық үздік тәжірибені енгізу мақсатында Министрліктің, Данди университетінің (Ұлыбритания) және Қазақстанның медициналық ЖОО-ларының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде бірлескен оқыту бағдарламалары, ғылыми-зерттеу жобалары, студенттерді, магистранттарды, оқытушыларды алмастыру бағдарламалары іске асырылатын болады.

Дүниежүзілік медициналық білім беру федерациясының Халықаралық стандарттарына бейімделген республикадағы медициналық білім беру ұйымдарын институционалдық аккредиттеу стандарттары енгізілді. 2013 жылы тәуелсіз ұлттық аккредиттеу органдары (АРТА – Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігі және БСҚТҚА – Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттік) 3 медициналық ЖОО-да: С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (АРТА), Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика (АРТА), «Астана медицина университеті» АҚ-да (БСҚТҚА) институционалдық аккредиттеу жүргізді.

Медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ел ішінде де шетелде де үздіксіз кәсіби даму қамтамасыз етіледі, үздік шетелдік мамандарды тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастырылады.

БҰДЖ шеңберінде, медицина кадрларына қосымша білім беруді қаржыландыру тетіктері жетілдірілді. Жыл сайын республикалық бюджет қаражатының есебінен 30 мыңнан астам маман өз біліктіліктерін арттырып отырады.

Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын дамытудың 2013-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарының шеңберінде нормативтік құқықтық база жетілдірілуде, денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын жоспарлау және болжамдаудың мемлекеттік жүйесі құрылды, мейіргерлік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері жетілдірілуде.

Әлеуметтік қолдау және мамандардың жұмыс өтеуін нормативтік бекіту бойынша қабылданған шаралар мамандарға деген қажеттілікті 2012 жылғы
5,8-ден 2013 жылы 4,5 мыңға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында ұжымдық пайдаланудағы 2 ғылыми молекулярлық-генетикалық зертхана жұмыс істейді, олар заманауи аспаптарға және студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, жас ғалымдарға және медициналық ғылыми ұйымдар мен ЖОО-лардың қызметкерлеріне арналған зерттеулерді орындауға рұқсатты қамтамасыз етеді.

Жыл сайын халықаралық жарияланымдардың үлес салмағы (2011 ж. – 16%, 2012 ж. – 18%, 2013 ж. – 19,1%), биологиялық белсенді заттарға, фармакологиялық және дәрілік заттарға, медициналық мақсатты бұйымдар мен медициналық техникаға жүргізілген клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулердің саны (2012 ж. – 14 және 2013 ж. – 50) ұлғаюда.

2013 жылы медициналық ғылымды 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Бәсекеге қабілеттілікке және әзірлемелердің сұранысқа ие болуына қол жеткізу, олардың негізінде озық медициналық технологиялар мен инновацияларды енгізу отандық медицина ғылымын дамытудың негізгі мақсаты болып айқындалды.

Тұжырымдаманы іске асыру шеңберінде 2016 жылға дейінгі бірінші кезеңде ғылыми-инновациялық процестің барлық деңгейіндегі менеджментті жетілдіру қамтамасыз етіліп, ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыми кадрларды даярлау сапасын арттыру, медициналық және фармацевтикалық ғылымды, білім мен практиканы интеграциялау үшін жағдай жасау бойынша шаралар қабылданды.
Негізгі проблемаларды талдау

 

БҰДЖ шеңберінде қаржыландыру тетіктерін (қор ұстау, екі компонентті жан басына шаққандағы нормативті) енгізу жолымен қол жеткізілген бәсекелестік ортасын қалыптастырудағы оң өзгерістерге қарамастан мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының төмен басқарушылық дербестігі мен денсаулық сақтау ұйымдарындағы менеджерлердің жеткіліксіз біліктілік деңгейі медициналық қызметтерді берушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға кедергі келтіреді.



Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының бастапқы буынында жалпы дәрігерлік практика және халықпен профилактикалық жұмыс жүргізудегі денсаулықты сақтау технологиялары нашар дамуда.

ТМККК нақты тізбесінің жоқтығы және медициналық қызметтерге қолжетімділіктің теңсіздігі азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлемде медициналық көмек алу құқықтарын толық көлемде іске асыруына мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде азаматтардың бір бөлігі ақылы негізде қызметтер алу үшін жеке денсаулық сақтау секторына қаралады. Бұл жағдай азаматтарды денсаулығын сақтауына арналған құқықтары туралы нашар ақпараттандыруға байланысты қиындай түседі.

Медициналық қызметтердің сапасының жеткіліксіз деңгейі сақталуда, медициналық ұйымдардағы ішкі аудит жүйесі жеткіліксіз дамыған, тәуелсіз сарапшылардың жеткіліксіз әлеуеті орын алған. Пациенттердің құқықтарын қорғау жүйесі нашар дамыған.

БҰДЖ белсенді енгізуге қарамастан, денсаулық сақтаудағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның жеткіліксіз деңгейі, медицина қызметкерлерінің арасындағы компьютерлік сауаттылықтың төмен деңгейі сақталып отыр.

Медициналық ұйымдардың жеткіліксіз материалдық-техникалық базасына байланысты мәселелер проблема күйінде қалып отыр. Бұл ретте лизинг жүйесінің мүмкіндігіктері толық пайдаланылмайды.

Қазақстанның ауылдық денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымның оқшаулануына (алыста орналасуына), нашар дамуына, материалдық базаның нашар болуына, қатаң климаттық жағдайларға, медицина қызметкерлерінің жеткіліксіздігіне және кадрлардың кетуіне байланысты елеулі қиындықтарға ұшырап отыр.

Ауылдағы бірқатар медициналық ұйымдар бейімделмеген, санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес келмейтін үй-жайларда орналасқан, қазіргі заманғы медициналық жабдықтармен, санитариялық автокөлікпен, жеткіліксіз жарақтандырылған.

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан фармацевтикалық қадағалау, фармакоэкономикалық зерттеулер, дәрілік заттардың жанама әсерлерін мониторингілеу жүйесі, жалған және контрафактілік дәрілік заттардың өндірісімен және таралуымен күрес жұмыстары одан әрі жетілдіруді қажет етеді.

Халықтың, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын халықтың дәрілік заттарға қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері одан әрі шешуді қажет етеді.

Денсаулықты сақтау мәселелерін шешуде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жеткіліксіз тиімділігі өзекті болып қалуда.

Денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері әртараптандырылмаған, мемлекетке негізгі қаржылық жүктеме жүктелген, іскери қоғамдастықтың үлесі жеткіліксіз, ал азаматтардың қаржылық қатысуы өз денсаулығы үшін олардың жауапты көзқарасын ынталандырмайды.

Кадрларды даярлау сапасына, жұмыс істейтін мамандардың біліктілік деңгейіне негізгі проблемалық мәселелер сақталуда болып отыр.

Даярланған медицина кадрларын шығаруды жыл сайын ұлғайтуға қармастан медицина кадрларын бөлуде теңсіздік орын алған: 10 мың адамға шаққанда 20-дан 45,7-ге дейін. Ауылдық денсаулық сақтау саласының дәрігерлермен қамтамасыз етілуі әлі де төмен болып отыр және
10 мың адамға шаққанда 11,0-ден 18,9-ға дейінгі шекте ауытқиды.

Ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы және денсаулық сақтау саласындағы маңызды инновациялық жетістіктердің болмауы орын алып отыр, бұл медициналық ғылымды дамытуға кедергі болатын көптеген факторлардың болуына байланысты, оның ішінде медициналық ғылыми ұйымдардың әлсіз материалдық-техникалық базасы, ғылыми зерттеулердің тиімсіз менеджменті, зерттеушілердің жеткіліксіз әлеуеті және өзін-өзі дамытуға олардың уәждемесін арттырудың тиімді тәсілдерінің болмауы.

ЖОО-ның ғылымын дамыту деңгейінің төмен болып қалуы жалғасуда, бұл білім ұйымдарының жеткіліксіз ғылыми әлеуетіне және ғылыми бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуына профессорлық-оқытушы құрамының төмен жұмылдырылуына байланысты.
 Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

 

Халыққа медициналық көмек көрсету деңгейіне мынадай ішкі және сыртқы факторлар ықпал етеді.



Сыртқы факторлар:

  1. қаржыландырудың пайдаланылатын құралдары денсаулық сақтау экономикасының тиімділігіне жеткіліксіз әсер етеді;

  2. Қазақстанның климаттық-географиялық ерекшеліктері.

Көрсетілген факторлардың жағымсыз әсерін жою үшін бөлінетін ресурстардың тиімділігін арттыру, ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу, қосымша (бюджеттен тыс) қаржыландыру көздерін жұмылдыру бойынша іс-шараларды жетілдіру және енгізу қажет. Жетуі қиын өңірлерде, сондай-ақ, климаттық катаклизмдер уақытында медициналық көмек көрсетудің уақтылығын және сапасын қамтамасыз ету үшін ұтқыр және санитариялық авиацияны дамыту қажет.

Ішкі факторлар:



  1. саладан медицина қызметкерлерінің кетуі, әсіресе ауылдық жерлердегі және мамандар біліктілігінің жетіспеушілігі;

  2. пациенттерді қадағалап қарауда кезеңділікті сақтамау;

  3. өңірлерде амбулаториялық-емханалық деңгейдегі медициналық көмекті қаржыландырмау;

  4. медицина персоналын уәждеудің сіздігі тиімді жүйесінің жетістік;

  5. медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының жеткіліксіз деңгейі;

  6. басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы медициналық ұйымдардың дербестігінің төмендігі.

Денсаулық сақтау жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру мемлекеттік, азаматтық жәй жұмыс берушінің жеке және қоғамдық денсаулыққа жауапкершілігінің теңгерімін қалыптасыру үшін мыналар жоспарланады:

  1. міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу;

  2. БҰДЖ шеңберінде МСАК-ты жетілдіру: қаржыландырудың жаңа әдістерін дамыту, МСАК-тың әлеуметтік бағдарлылығы;

  3. медициналық ұйымдардың қызметін бағалаудың нысаналы индикаторларын құру арқылы медициналық қызметтердің сапасын сыртқы мониторингілеу жүйесін жетілдіру;

  4. аккредиттелген субъектінің мәртебесін алуға және сақтауға уәждемелерінің жүйесін әзірлей отырып, денсаулық сақтау ұйымдарын және тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу ресімдерін жетілдіру;

  5. мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту;

  6. корпоративтік басқару қағидаттарын енгізе отырып, мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының дербестігін арттыру;

  7. денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жетілдіру;

  8. көліктік медицинанын, оның ішінде авиациялық медициналық тасымалдауды дамыту;

  9. денсаулық сақтау мамандарын даярлауға жергілікті атқарушы огандардың мақсатты тапсырыстарын қалыптастыру практикасын жалғастыру.

Халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін және сапасын арттыруға мынадай ішкі және сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін:

Сыртқы:


ДСҰ мен Кеден одағына кіру.

Сыртқы факторларды жою үшін дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің үйлесімділігі, рұқсат құжаттарын өзара тану, Кеден одағы шеңберінде дәрілік заттардың сапасын инспекциялау мен бақылаудың интеграцияланған жүйесін құру қажет.

Ішкі факторлар:


  1. отандық фармацевтикалық нарықтың бәсекеге қабілетсіздігі;

  2. жалған және контрафактілік өнімдерді тестілеу үшін зертханаларды жарақтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі;

  3. дәрілік заттардың бірыңғай дистрибуциясының тиімді менеджментінің жеткіліксіздігі;

  4. медициналық жабдықтарды, әсіресе қымбат тұратын медициналық жабдықтарды мониторингілеу деңгейінің жеткіліксіздігі.

Халыққа дәрілік заттардың сапасын, тиімділігін, қауіпсіздігін және қолжетімділігін арттыру мен медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану үшін мыналар жоспарланып отыр:

  1. жабдықтарды жеткізудің лизингтік тетіктерін және сервистік келісімшарттар жүйесін енгізе отырып, медициналық техникамен орталықтандырылған қамтамасыз ету және оған қызмет көрсету жөніндегі үйлестіру орталығын құру;

  2. дәрілік заттарды сертификаттау мен бақылау бойынша мемлекеттік зертханаларды халықаралық аккредиттеу.


3-стратегиялық бағыт. Еңбек ресурстарының өсуіне жәрдемдесу

Реттелетін қызмет саласының негізгі даму өлшемдері

Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына сәйкес экономиканың сапалы өсуі елдің үдемелі индустриялық-инновациялық дамуына ықпал ететін физикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, адами ресурстарды дамытуға және институционалдық базаны нығайтуға негізделеді.

Бұл проблеманы шешу демографиялық ахуалдың жақсаруына және халық санының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге байланысты. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында көзделген халық санының 10 % өсіміне қол жеткізу үшін бала туу санының одан әрі өсуін және көші-қонның оң сальдосын қамтамасыз ету қажет.

Осы проблемалардың шешімі Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті органдарының қызметін үйлестіруді және өзара іс-қимылын ұйымдастыруды қажет етеді.

Демографиялық процестерді басқару жүйесіндегі буындардың бірі болып табылатын Министрлік бала тууды арттыру, балалы отбасылардың жағдайын жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге арналған.

Министрліктің бала туу өсіміне жәрдемдесу жөніндегі қызметінің негізгі бағыттары оның қазіргі жағдайы ескеріле отырып айқындалған.

Өткен кезеңде халық санының артқаны байқалады: ол 2014 жылғы 1 қаңтарға 17,2 млн. адамды құрады, бұл 1999 жылғы деңгейден 2,2 млн. адамға көп.

Халық санының өсімі бала туу өсімінің есебінен қамтамасыз етілді. Соңғы үш жылда туылған балалардың орташа жылдық саны 381,5 мыңнан асты (2011 жылы – 372,2 мың, 2012 жылы – 379,1 мың, 2013 жылы – 393,4 мың) бала туу коэффициенті 2011-2013 жылдары орта есеппен 23-ті құрады.


Бала туу серпіні

(жалпы бала туу коэффициенті, 1000 адамға шаққанда)



Халықтың жас құрылымы оң тұрғыдан өзгерді. 2014 жылдың басына:

1) еңбек етуге қабілетті азаматтардың үлесі 49,6 %-дан (2003 ж.) 63,3 %-ға дейін көбейді (2011 жылы – 6 3,2 %, 2012 жылы – 63,8 %);

2) 18 жасқа дейінгі балалардың үлесі ел халқының үштен бірінен асты (2011 - 2013 жылдары 30,9 %)

Демографиялық ахуалды жақсартуға балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау жүйесі айтарлықтай ықпал етті. 2003 жылдан бастап халықаралық тәжірибеде кеңінен таралған мынадай қолдау түрлері кезең-кезеңімен енгізілді:

1) отбасыларға табысына қарамастан 30 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) (2014 жылғы 1 сәуірден бастап 31,41 АЕК-ден) (бірінші, екінші және үшінші баланың туылуына) бастап 50 АЕК-ге дейінгі мөлшерде (2014 жылғы 1 сәуірден бастап 52,35 АЕК) (төртінші және одан кейінгі балалардың туылуына) республикалық бюджеттен төленетін баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

2) бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша жәрдемақы. Жұмыс істемейтін аналарға ол табысына қарамастан республикалық бюджеттен 5,5 АЕК-ден 8,5 АЕК-ге дейінгі 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 5,76 АЕК-ден 8,90 АЕК-ке дейінгі мөлшерде (отбасында туылған және тәрбиеленіп жатқан балалардың санына байланысты) төленеді. Жұмыс істейтін аналар бала туған күнге дейін соңғы 24 айдағы сақтандырылған табысының 40 % мөлшерінде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-дан әлеуметтік төлемдер алады;

3) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға арналған ең төмен жалақы, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап – ең төмен жалақының 1,05 мөлшеріндегі жәрдемақы (2010 жылдан бастап енгізілді);

4) табысы азық-түлік себетінің құнынан аз күнкөрісі төмен отбасыларға жергілікті бюджеттен бір АЕК, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап – 1,05 АЕК мөлшерінде тағайындалатын және төленетін 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы.

2010 жылдан бастап көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерімен марапаттау шарттары өзгертілді және оларға төленетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері арттырылды (3,9 АЕК-ден 6 АЕК-ге дейін), 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 6,4 АЕК.

Ана мен баланы қорғаудың жаңа жүйесі қызмет еткен кезеңде баланың тууына байланысты жәрдемақы алатын отбасылардың саны 157,5 мыңнан (2003 жылы) 391,7 мыңға дейін (2 еседен астам) артты.

Халықаралық тәжірибе Ресей Федерациясында, Беларусь және Украина Республикаларында балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйелерінің ұқсас екенін көрсетті. Мәселен, аталған елдерде балалы отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар жүйесі жұмыс істейді, ол жүктілік және босану бойынша жәрдемақы, бала тууға берілетін біржолғы жәрдемақы, бала күтімі бойынша жәрдемақы түрлерін қамтиды. ТМД елдерінің жүйелері де Қазақстан Республикасындағы секілді тұрақты дамып, жетілдіріліп отырады.

2008 жылдан бастап жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылған жағдайға мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру енгізілді. Осы қатер басталған жағдайда, жұмыс істейтін әйел міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және жүктiлiгі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген кезең үшін қатер басталғанға дейін соңғы 12 айдағы сақтандырылған табысына байланысты әлеуметтік төлем алады. Осы төлемдерді қаржыландыру көзі болып Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры белгіленген.

Сонымен қатар, егер бұл еңбек және (немесе) ұжымдық шарттың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделген болса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүктілік және босану бойынша берілетін әлеуметтік төлем сомаларын шегеріп, орташа жалақыны сақтай отырып, жұмыс беруші жүктілік және босану бойынша демалыстың бір бөлігін, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалысты төлейді.

Бұдан өзге, әйелдердің зейнетақы жинақтарының деңгейін арттыру және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу үзілістерін болдырмау мақсатында жұмыс істейтін әйелдер үшін бала туу және олардың күтімі бойынша демалыстарда болу кезеңіне мемлекет қаражаты есебінен қосымша міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау енгізілді.

Халықаралық тәжірибеде басқа елдерде де осыған ұқсас төлемдер жүзеге асырылады. Бұл ретте қаржыландыру көздері әртүрлі болады, Ресейде Әлеуметтiк сақтандыру қоры болса, мысалы Ұлыбританияда, бұл Үкімет пен жұмыс беруші, Германияда – Медициналық сақтандыру қоры мен жұмыс беруші болады.




Негізгі проблемаларды талдау
Демографиялық салада мынадай проблемалар да кездеседі:

1. Халық тығыздығының салыстырмалы түрде төмендігі (бір шаршы километрге 5,7 адам) өңірлік даму мүмкіндіктерін шектейді және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа әсер ететін факторлардың бірі болып табылады.

2. Халықтың қартаю үрдісінің дамуы. Болашақта (2020 жылға дейін) соғыстан кейінгі кезеңде туған адамдардың есебінен (бала туудың «қарқынды» кезеңінде) еңбекке жарамды жастан асқан адамдар үлесінің артуы болжанып отыр. Халықтың қартаю үрдісі кейінгі жылдары да сақталатын болады. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің есебі бойынша 2030 жылға қарай қарт адамдардың үлесі 11,1 – 11,3 %, 2050 жылға қарай – 14,7 – 15 % дейін артады.

Халықтың қартаюы экономиканың өсуіне, жинақтар мен инвестицияларға, жұмыс күшінің ұсыныстары мен жұмыспен қамтуға, зейнетақымен қамсыздандыру бағдарламаларына, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қызмет көрсетуге, салық салуға, отбасының құрамына және тұрмыс тәртібіне әртүрлі әсер ететін болады.

3. Ұлттық еңбек нарығындағы еңбек ресурстарының тапшылығы.

4. Балалар мен отбасылық жәрдемақылардың мөлшері салыстырмалы түрде көп емес, бұл балалардың теңдей бастапқы дамуына мүмкіндік жасауға кедергі болады.


Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

 

Еңбек ресурстарының өсу деңгейіне мынадай сыртқы және ішкі факторлар ықпал етеді.



Сыртқы факторлар:

  1. қоршаған ортаның жай-күйі және организмге зиянды әсері;

  2. ана мен бала өлім-жітімі;

  3. мектепке дейінгі мекемелерге және балалар үшін сапалы білімге қолжетімділік;

  4. тұрғын үй жағдайларының болмауы;

  5. көші-қон ағыны;

  6. халықтың қартаю үрдісі;

  7. еңбек нарығындағы ахуал.

Көрсетілген факторлардың теріс әсерін жою тұрақты экономикалық өсуді және халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуді, кедейлік деңгейін төмендетуді және табыстар бойынша саралауды азайтуды, адам капиталын интенсивті дамытуды және тиімді әлеуметтік инфрақұрылым (денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау) құруды қоса алғанда, айтарлықтай дәрежеде әлеуметтік-экономикалық дамудың ауқымды міндеттерінің ойдағыдай шешілуіне байланысты.

Әлеуметтік қолдау деңгейін айқындауда және бағалауда сондай-ақ жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және отбасындағы еңбек етуге жарамды мүшелердің табыстарының өсуіне ықпал ету, отбасылық міндеттердің өндіріске қатысумен үйлесім табуы үшін жағдайлар жасау, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік және оның сапасы сияқты ресурстарды назарға алу қажет.

Ішкі факторлар:


  1. еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілік;

  2. азаматтаардың табыс деңгейі;

  3. әйелдердің репродуктивтік денсаулығы;

  4. қызмет көрсету сапасы.

Аталған факторларды әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік кепілдердің деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын жүргізу бойынша халықты уәждемелеу арқылы еңсеруге болады.

Мыналар:


1) бала тууға, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша берілетін жәрдемақылардың және көп балалы аналарға арналған арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың (индексация) мөлшерін арттыру;

2) «шартты әлеуметтік көмек» және отбасылардың әлеуметтік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету механизмдерін пилоттық режимде енгізу;

3) қиын өмірлік жағдайда жүрген отбасылар мен балаларды жеке әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету жүйесін дамыту көзделеді.

Бұдан басқа, ұзақ мерзімді перспективаға жаһандық дамудың әлемдік үрдістері де ықпал етеді, экономикалық белсенді халық санының азаюы соның бірі болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде еңбекке қабілетті жастағы халық санының қысқаруы және соның салдары ретінде, экономикалық белсенді халық санының азаюы болжанып отыр, бұл еңбек ресурстары ұсынысының қысқаруына алып келеді және еңбек нарығындағы ахуалды ушықтырады.

Келешекте бала тууды ынталандыру, көп балалы болуды және балалы отбасыларды қолдау үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында ана мен баланы қолдау жүйесін жетілдіруді жалғастыру көзделіп отыр.

4-стратегиялық бағыт. Нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу

Саланы дамытудың негiзгi өлшемдері
Жұмыспен қамту саясатында әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыра отырып, Министрліктің қызметі бір жағынан, еңбекке ынталылықты арттыруға және нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге және екінші жағынан экономиканың жоғары білікті жұмыс күшіне қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталатын болады.

Жоспарланып отырған жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік қатерлерді басқару жүйесін дамыту бүгінгі таңда аталған салада қалыптасқан болмыстың, проблемалары мен үрдістерінің көрінісі болып табылады.

Еңбек нарығы және жұмыспен қамту.

Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында елімізде қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы құрылды, экономикалық белсенділік және халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі тұрақты дамуда. Халықтың экономикалық белсенділік деңгейі 2011 жылғы 52,6 %-дан 2014 жылғы екінші тоқсанда 71,7 %-ға дейін, жұмыспен қамтылған халықтың саны 8,3 млн. адамнан 8,7 млн. адамға дейін көбейді (2012 жылы – 8,5 млн. адам, 2013 жылы – 8,6 млн. адам ). Бұл ретте жеке меншік нысандағы кәсіпорындарда жұмыспен қамтылу басым болып отыр.

2014 жылғы екінші тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық белсенді халықтың саны 9,1 млн. адамнан асқан (2011 жылы – 8,8 млн. адам, 2012 жылы – 9,0 млн. адам, 2013 жылы – 9,0 млн. адам). Экономикалық белсенді халықтың жалпы санында қала халқы 5,0 млн. адамды (54,7 %), әйелдердің саны – 4,5 млн. адамды (49 %) құрады.

Экономикалық тұрғыдан белсенді халықты жұмыспен қамту деңгейі 94,9 %-ға жетті. Жұмыспен қамтылған халық құрылымында жалдамалы қызметкерлердің саны 6,0 млн. адамды немесе 70,1 % құрады (2011 жылы – 5,6 млн. адам, 2012 жылы – 5,8 млн. адам, 2013 жылы – 6,0 млн. адам), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 2,6 млн. адам немесе 30,2 % (2011 жылы – 2720 мың адам, 2012 жылы – 2693 мың адам, 2013 жылы – 2621 мың адам), әйелдердің үлесі 48,6 %-ды құрады (2011 жылы – 48,8 млн. адам, 2012 жылы – 48,6 млн. адам, 2013 жылы – 48,8 млн. адам).

Жұмыссыздық деңгейі – 2011 жылғы 5,4 %-дан, 2013 жылы 5,2 %-ға дейін, 2014 жылғы бірінші тоқсанда 5,1 %-ға азайды. Ресейде жұмыссыздық деңгейі – 5,5 %-ды, АҚШ-та – 7,4 %-ды, Польшада – 10,3 %-ды, Францияда – 9,9 %-ды, Түркияда – 8,8 %-ды, Чехияда – 7,0 %-ды құрады (ҰЭМ Статистика комитетінің 2013 жылға берген деректері).

Жұмыссыз халықтың саны 2013 жылы 470,7 мың адамды құрады, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2 есеге аз, 2014 жылғы бірінші тоқсанда 464,0 мың адамды құрады (2011 жылы – 473,0 мың адам, 2012 жылы – 474,8 мың адам, 2013 жылы – 470,7 мың адам).



Еңбек нарығының серпіні AutoShape 1

Соңғы жылдары қалыптасқан еңбек нарығындағы тұрақты оң ахуал уақтылы дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруды да қамтамасыз етеді. Бұл, ең алдымен – Жұмыспен қамтудың жол карталарын (2009, 2010 жылдар) іске асыру. 2011 жылы Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы дамытылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2011 жылғы 1 шілдеде басталған және тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуға ықпал ету жолымен халықтың табысын арттыруға бағдарланған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) әзірленді және Жұмыспен қамту 2020 жол картасы болып өзгертілді.

2011– 2014 жылдары Бағдарламаны іске асыруға 280 млрд. теңге бөлінді. Бұл Бағдарламаға үш жүз жиырма мыңға жуық адамды тартуға мүмкіндік берді, оның ішінде 60 %-ынан астамы бұрынғы жұмыссыздар, 30 %-дан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Келісімшарт жасағандардың қалған бөлігі табысы аз адамдар мен жалдамалы қызметкерлер (0,7 %).

Бағдарлама іске асырыла бастағалы бері 279 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бағдарламаға қатысушылардың 115 мыңынан астамы оқуға жіберіліп, оқуын аяқтағаннан кейін шамамен 85,5 %-ы жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтары өкілдерінің 82,8 мыңы жұмысқа орналастырылды, жастар практикасы шеңберінде 56,7 мың оқу бітіруші уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді.

Бағдарлама шеңберінде алынған микрокредиттердің есебінен 15 мыңнан астам адам ауылда жеке ісін ашты және 7 мыңнан астам адам бизнесін кеңейтті, нәтижесінде қосымша құрылған жұмыс орындарына тағы да 19,5 мың адам жұмысқа орналастырылды.

Экономикалық әлеуеті жоғары елді мекендерге 14,7 мыңға жуық адам көшірілді. Көшірілген еңбек етуге қабілетті азаматтардың қатарынан 75 %-ы тұрақты жұмысқа тұрды.

2341 жобаны іске асыру шеңберінде 43 мың жұмыс орны құрылып, оларға 23 мың Бағдарламаға қатысушы тартылды.

Халықаралық тәжірибеге жасалған талдау, еңбек нарығындағы белсенді саясат (бұдан әрі – ЕНБС) озық елдердің ұлттық жұмыспен қамту саясаттарының шеңберінде үлкен маңызға ие екенін көрсетті. Қазақстанда ЕНБС шет елдерде қолданылатын көптеген құралдарды қамтиды. Дамыған елдерде халықтың қартаюының белсенді демографиялық үрдістері аясында жастарды, зейнеталды жастағы және қарт адамдарды жұмыспен қамту проблемасы ерекше өткір тұр, жоғары жастағы қызметкерлер қатарының көп болуы, сондай-ақ жас қызметкерлерді еңбек нарығынан ығыстыру соның салдары болып табылады.

Жастарды, зейнеталды жастағы және қарт адамдарды бір мезетте жұмыспен қамту проблемасы ішкі қарама-қайшылықпен сипатталады: үлкен жастағы қызметкерлер жастарға жұмыс орындарын босатуға тиіс. Халықаралық зерттеулер көрсеткендей, 55 жастан асқан адамдарды жұмыспен қамтуды 1 %-ға арттыру жастарды жұмыспен қамту деңгейін 0,2 %-ға төмендетеді.
Негiзгi проблемаларды талдау

Сонымен қатар, ұлттық еңбек нарығын дамыту белгілі бір проблемалар мен қиындықтарға тап болып жатады.

1. Ұлттық еңбек нарығы теңгерілмеген. Жұмыссыздық сақталуда, оның деңгейі әсіресе жастар арасында жоғары. Жұмыссыздықтың орын алуына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарда орналастырылмаған жұмыс орындары (бос жұмыс орындары) сақталуда. Жаппай жұмысшы кәсіптері қызметкерлеріне, сондай-ақ жоғары білікті қызметкерлерге де сұраныс қанағаттандырылған жоқ.

2. Экономиканың формальды емес секторы әлеуметтік қорғаудан шет қалған экономикалық белсенді халықтың елеулі бөлігін құрап тұр. Жұмыс істейтін халықтың 33,4 %-дан астамы нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар болып табылады.

3. Еңбек ресурстарының сапасы инновациялық экономиканың қажеттілігіне жауап бермейді (шамамен жұмыс істейтін тұрғындардың үштен бірінің кәсіптік білімі жоқ).
Негiзгi сыртқы және iшкi факторларды бағалау
Ұзақ мерзімді перспективада ұлттық еңбек нарығының жай-күйіне урбандалу және ғылыми-техникалық прогресс тәрізді ғаламдық дамудың әлемдік үрдістері маңызды ықпал етеді.

Тез урбандалу процесінде интеграциялық және ғаламдану процестері, халықтың көші-қоны күшейеді. Жалпы, әлеуметтік-экономикалық дамудағы инновациялардың рөлін нығайтатын технологиялық өзгерістердің жаңа толқыны күтілуде. Қызмет көрсету және ғылымды қажет ететін салалардағы жұмыстан өндіруші және дәстүрлі өңдеу өнеркәсібіне ауысу жүргізілуде, бұл орта біліктілікті талап ететін жұмыс орындары санының қысқаруына алып келеді.

Сыртқы факторлардың әсерімен қолдағы стратегиялардың әлеуеті қолданылатын болады. Жұмыспен қамту 2020 жол картасын одан әрі жетілдіру: жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының арасында да, Бағдарламаға қатысуға үміткерлер арасында да кәсіптік бағдарлау институтын енгізуді; тірек ауылдарды кешенді дамыту, рекрутингілік компаниялардың қызметі үлгісінде жұмыспен қамту орталықтарын кезең-кезеңімен жаңарту және азаматтарды оқыту және жұмысқа орналастыруға үкіметтік емес ұйымдар және жеке жұмыспен қамту агенттіктерін кеңінен тартуды; еңбек нарығында болжау жүйесін енгізу; сондай-ақ бағдарламаның іске асырылуы мониторингі жүйесін жетілдіруді және т.б. көздейді.

Экономиканың тұрақты дамуы, тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту халықтың әл-ауқатының өсуіне берік негіз бола алады.


5-стратегиялық бағыт. Халықтың көші-қоны саласындағы

мемлекеттік саясатты іске асыру

Саланы дамытудың негізгі өлшемдері
Халықаралық көші-қон ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан көші-кон процестері ерекше күшті байқалатын елдердің қатарына жатады. Қазақстанда көші-қон процестерінің ауқымы, олардың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсері үдей түсетін болады.

Халық саны және атап айтқанда, көші-қонның әлеуметтік-экономикалық проблемалары барлық жоғары дамыған мемлекеттердің негізгі мәселелерінің қатарында тұр. Қазіргі кезеңде АҚШ, Канада, Австралия сияқты елдер мен бірқатар Еуропа мемлекеттері келіп жатқан шетел азаматтарына қатысты ерекше селективті көші-қон саясатын жүргізеді. Сонымен қатар, бірқатар елдер, бірінші кезекте, Германия, Израиль және Польша ұлттық ұқсастықтары мен өз мемлекеттерінің ерекшелігін сақтау мақсатында өзгеше этнотарихи көші-қон саясатын жүргізеді.

Қазіргі кезде республикада көші-қон жағдайы былайша сипатталады:

1) ішкі қарқынды көші-қон. Қазақстанда соңғы жылдар ішінде өңіраралық көші-қон және көші-қон ағындары бағыттарының жоғары көрсеткіштері сақталуда. 2011 жылдың басынан бастап 2014 жылғы екінші тоқсанды қоса алғанда өңіраралық көші-қон процестеріне 1 млн. астам адам тартылды. Халықты ауылдық елді мекендерден өмір сүру деңгейі неғұрлым жоғары және инфрақұрылымы дамыған өңірлерге, экологиялық қолайсыз өңірлерден экологиялық ортасы жақсы өңірлерге көшіру оның құрамдас бөлігі болып табылады.

2013 жылы басымды түрде еңбек етуге қабілетті жастағы халықтың ең көп кету ағыны Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында байқалады. Астана, Алматы қалалары, Алматы және Маңғыстау облыстары халықтың келу ағынының негізгі өңірлері болып табылады.

2) шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК ) оңтайлы тарту. Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ШЖК тартуға квота белгілеуде. 2014 жылға квота республиканың экономикалық тұрғыдан белсенді халқына 0,7 % мөлшерінде белгіленді, ол 63 мың адамды құрайды (2011 жылы – 0,85 % немесе 73,5 мың адам, 2012 жылы – 1 % немесе 89 мың адам, 2013 жылы – 1,2 % немесе 108 мың адам). 2014 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 28,7 мың рұқсат қолданыста немесе жалдамалы қызметкерлер санының 0,5 %-ы (2011 жылы шамамен 28,7 мың рұқсат берілген, 2012 жылы – 21,7 мың, 2013 жылы – 23 мың рұқсат).

Бұл ретте тартылатын ШЖК арасында мамандардың үлесі (шетелдік қызметкерлердің 1-3-санаттары) 71,6 %-ды құрады (2011 жылы – 77,8 %, 2012 жылы – 82 %, 2013 жылы – 75,6 %).

Рұқсат беру кезінде жүктелетін ерекше шарттарды орындау шеңберінде жұмыс берушілер қазақстандық азаматтар үшін 2011 жылы – 32336, 2012 жылы – 29855, 2013 жылы – 19613 қосымша жұмыс орнын ашты, 2011 жылы – 33427, 2012 жылы – 40036, 2013 жылы – 24125адам оқытылды, 2011 жылы – 1727, 2012 жылы – 1904, 2013 жылы – 290 шетел маманы қазақстандық кадрлармен ауыстырылды.

3) жыл сайын келетін этникалық қазақтардың өсу қарқыны тұрақты. Тәуелсіздік жылдары 250 мыңнан астам отбасы немесе 950 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына келді (2011 жылы – 14,8 мың отбасы немесе 47,1 мың қазақ, 2012 жылы – 15,1 мың отбасы немесе 39,4 мың қазақ, 2013 жылы – 15,3 мың отбасы немесе 34,0 мың қазақ).

Ішкі көші-қонды жетілдірудегі халықаралық тәжірибеге жасалған талдау көрсеткендей ШЖК тартудың ашық нарығын құру кезінде жоғары білікті мамандарды тарту үшін үлкен мүмкіндіктер ашылады. Мысалы, Сингапурдың, Канаданың, Гонконгтың, Жаңа Зеландияның иммиграциялық саясаты осындай нарықты құруға бағытталған.


Негізгі проблемаларды талдау
Көші-қон процестерінде бірқатар проблемалар бар, оларды шешу үшін көші-қон саясатын басқаруды күшейту қажет болады.

1. Халықтың көші-қонының өсуін төмендету: көші-қон сальдосы 2013 жылы 279-ды құрады.

2. Ішкі көші-қон процестерінің стихиялық дамуы, ауылдық өңірлерден қалаларға көшу облысаралық аумақтық орналасудың басым нысаны болып қалып отыр.

3. Еліміздің аумақтары бойынша көшіп-қонушыларды бір қалыпты орналастырмау, этникалық қазақтардың тарихи отанына баяу кірігуі салдарынан шиеленістің артуы.

4. Заңсыз көші-қон, көші-қон әлеуеті шиеленіскен елдерден көшіп келудің ұлғаюы.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау

Көші-қон процестеріне әсер ететін сыртқы және ішкі факторларды үш топқа бөлуге болады:



  1. басқарылмайтын, тұрақты қолданылатын факторлар – көбінесе климаттық, географиялық, геологиялық және экологиялық факторлар,

  2. жанама ықпалмен реттелуі мүмкін уақытша факторлар – кезең-кезеңімен өзгеруі мүмкін факторлар. Бұл деңгей аумақтардың игерілу деңгейі, атап айтқанда, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құру, халықтың жыныстық, жасына қарай, этникалық құрамы. Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы бойынша құрамы көші-қон процестеріне барынша әсер ететін уақытша факторлардың бірі болып табылады.

  3. реттелетін ауыспалы факторлар – жалақыны ұлғайту, белгілі бір жеңілдіктер белгілеу немесе алып тастау, кадр саясаты, ұлттық саясаттағы өзгерістер және тағы басқалар.

Осыған байланысты, Қазақстанның қазіргі даму кезеңінде көші-қонның барлық сыртқы және ішкі факторларын ескере отырып, көші-қон ағынын реттеудің кешенді жүйесін құру қажет.

Ішкі факторлар – еліміздің барлық өңірлерінде, әсіресе ауылдық жерлерде өмір сүрудің теңдей жағдай жасаудың, қажетті жұмыс орындарын құрудың, тұрғындарды нәтижелі жұмыспен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі.

Сыртқы факторлар – экономиканың жаһандануы, шекаралас елдердегі саяси тұрақсыздық және күрделі әлеуметтік-экономикалық ахуал, көші-қон процестерін реттеу және бақылаудың тиімсіз тетіктері басқарылмайтын көші-қонның өсуіне, ішкі еңбек нарығындағы қысымға алып келуі мүмкін. Бұл қысым жақын келешекте бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі аясында жұмыс күшінің еркін араласқан кезінде сезілетін болады.

Осыған орай тартылатын білікті шетелдік жұмыс күшінің үлесін ұлғайту шараларын күшейту көзделуде.


6- стратегиялық бағыт. Азаматтардың еңбек құқықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету

Саланы дамытудың негiзгi өлшемдері
Еңбек қатынастарын реттеу саясатында әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыра отырып – Министрліктің қызмет еңбек жағдайларын жақсартуға, экономикалық тиімділікпен әлеуметтік қорғалуды үйлестіруге, келіссөздер әлеуетін арттыру мен еңбек қақтығыстарының алдын алу негізінде тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін 2013 жылы еңбек заңнамасын жаңарту жұмыстары жүргізіліп, бірқатар заң жобалары жетілдірілді. 2014 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті:

1) әлеуметтік диалогты дамыту және оның тиімділігін арттыру мақсатында әзірленген және қызметкерлердің мүддесін білдіруде және қорғауда, еңбек даулары мен қақтығыстарының алдын алуда және шешуде кәсіптік ұйымдардың рөлін арттыруға бағытталған «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (жаңа редакцияда);

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіптік одақтардың қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,бұл заң мынадай:

- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға түзетулер еңбек құқықтарын бұзу тәуекелдерін ескертуді күшейтуге және мемлекеттік еңбек инспекторларының құзыретін нақтылауға бағытталған. Тиісті органдарда алдын ала тіркелусіз мемлекеттік еңбек инспекциясына қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қатер туындаған жағдайда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы талаптарды сақтау жөнінде жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыру құқығын беру түрінде мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі енгізілуде;

- Қазақстан Ресупбликасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне – әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын реттеудің тиімділігін арттыру, құқық бұзушылықтардың қоғамдық-қауіпті салдарларын төмендету мақсатында ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істерді соттардың қысқартылған мерзімдерде (10 күн) қарауы бойынша нормалар көзделген;

- әлеуметтік шиеленістің және еңбек қақтығыстарының алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына;

- жаңа «Еңбек» орденін бекітуді көздейтін «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыруларды көздейді.

Адамдардың әлеуметтік өштесуді қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шартты орындамағандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті бекіту нормалары 2014 жылғы 3 шілдеде жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне ҚК 402 және ҚК 157-баптары және 2014 жылғы 5 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне енді.

2012 жылдың желтоқсанында Үкімет Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне жаппай құқықтық оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013 – 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдады. Оны іске асыру нәтижесінде 2013 жылы құқықтық жалпы оқытумен 1895 ұйымның 80 мыңнан астам қызметкері қамтылды, 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында еңбек заңнамасының негіздеріне оқыту 1744 ұйымда жүргізіліп, 68,5 мыңнан астам қызметкер қамтылды. Семинар-кеңестерде еңбек заңнамасының негізгі ережелері, оның ішінде еңбек дауларын шешу рәсімі бойынша түсіндірулер берілді.

2013 жылдан бастап шамамен 110 мың дана арнайы әзірленген анықтамалықтар еңбек ұжымдарында тарату және оқу жүргізу үшін өңірлерге жіберілді.

Соңғы үш жылда 1,5 есе жалақы бойынша мерзімі өткен берешекті азайтудың оң серпіні байқалады.

Еліміздің кәсіпорындарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде 1266 халықаралық және ұлттық стандарт енгізілді. Соның арқасында, өндірістік жарақаттану деңгейінің төмендегені байқалады – 2013 жылы өндірісте 1 997 адам, 2012 жылдың осы кезеңінде 2 241 адам, 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 936 адам, 2013 жылдың осы кезеңінде 954 адам зардап шекті.

2012 жылы 1000 қызметкерге шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 0,45-ті құрады, Қырғызстанда ұқсас көрсеткіш деңгейінде (0,5), Тәжікстанда (0,3), сонымен бірге Ресейде көрсеткіш жоғары (3,92), 2013 жылы көрсеткіштің төмендегені байқалады – 1000 қызметкерге шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілігі 0,42-ні құрады.

Қазақстан Республикасында 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында 1000 қызметкерге шаққанда адам өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті шамамен 0,03-ті құрады, бұл ретте 2011-2013 жылдары ол орташа есеппен алғанда 0,06-ны құрады, Ресей Федерациясындағы ұқсас көрсеткіштерден (0,124) төмен, бірақ соған қарамастан Еуроодақтың Дания (0,03), Швеция (0,03) немесе Норвегия (0,06) сияқты елдеріндегі тиісті көрсеткіштен жоғары.
Негiзгi проблемаларды талдау
Еңбек қатынастарын дамытуда белгілі бір проблемалар мен қиындықтар кездеседі. Еңбек заңнамасының бұзылуы сақталып отыр.

Еңбек қатынастары саласы үшін салыстырмалы түрде келіссөздер әлеуеті төмен сипатқа ие, бұл еңбек қақтығыстарының қатерін туындатады. 2011-2014 жылдар кезеңінде республика бойынша 75 еңбек қақтығысы орын алды. Еңбек қақтығыстарының ішінде жалақының уақытында төленбеуі – 37 қақтығыс (49,3 %), қызметкерлердің жалақы мөлшеріне қанағаттанбауы – 32 қақтығыс (42,7 %) және еңбек жағдайларымен келіспеу, этникааралық жек көру және т.б. – 6 қақтығыс (8%) негізгі себептер болып табылады.

Көрсетілген кезеңде орын алған еңбек қақтығыстарына жасалған талдау жалақыны уақтылы төлемеу тұрғысындағы наразылық акциялары құрылыс саласындағы кәсіпорындарынға тән екенін көрсетті, ал жалақы деңгейіне қанағаттанбаушылық мұнай-газ және тау-кен металлургия салаларындағы наразылық акцияларының туындауына түрткі болған.

Егер жалақы бойынша берешек 2011 жылы 1,4 млрд. теңгені құраған болса, 2014 жылдың 7 айында ол 196,5 млн. теңгені құрайды, яғни 7 еседен көп төмендеген.

Халықаралық өлшемдер бойынша өндірістік жарақаттанудың және кәсіптік аурулардың деңгейі жоғары күйінде қалып отыр.
Негізіг сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Келешекте еңбек қатынастарын дамытуды басқару Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес еңбек қатынастарының негізгі субъектілерінің мүдделерін үйлестіру және олардың конституциялық құқықтары жүзеге асырылатын болады. Әлеуметтік диалогтың рөлін ұлғайту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру көзделеді.

Азаматтардың еңбек құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету мынадай сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады.

Ішкі факторлар – еңбек заңнамасының нормаларын сақтаудың жеткіліксіздігі, әлеуметтік әріптестік жүйесін дамыту, еңбекті қорғау жүйесін жетілдіру және т.б.

Мемлекеттік еңбек жөніндегі инспекциялардың жұмысы бизнес үшін кедергілерді қажетті деңгейге дейін төмендету жағдайында жүзеге асырылады. Қатерлерді бағалау жүйесінде құқық бұзушылықтардың, өндірістегі жазатайым оқиғалардың профилактикасына, орын алған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға ерекше назар аудару керек.

Еңбекті қорғауды басқарудың өтемақылық, шығынды моделінен кәсіптік қатерлерді басқарудың заманауи жүйесіне өтуді қамтитын еңбекті қорғауды басқару жүйесінің идеологиясын түбегейлі өзгертуге бағытталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жаңа стратегиясын әзірлеу көзделеді.

Жұмыс берушінің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатумен бір мезгілде еңбек жағдайларына сәйкестігін ерікті түрде ресмилендіру енгізілетін болады.

Еңбек қатынастарын басқарудың мемлекеттік саясатын әзірлеу және іске асырудың сыртқы факторы немесе ортасы экономиканың жаһандануы, ТМД, ЕурАзЭҚ шеңберінде интеграциялық процестерді дамыту, бірыңғай кедендік кеңістікті қалыптастыру болып тұр.

Халықаралық әлеуметтік институттардың ұсынымдарын ескере отырып, салыстыру мақсатында еңбек қатынастарының ұлттық стандарттарын дамыған елдердің стандарттарына жақындату жұмыстары жалғастырылатын болады.


7-стратегиялық бағыт. Халықтың әл-ауқатының артуына жәрдемдесу

Саланы дамытудың негiзгi өлшемдері
Әлеуметтік қамсыздандыруда әлеуметтік жаңғыртуды жүзеге асыра отырып – Министрліктің қызметі мемлекеттік кепілдіктерді азаматтардың және жұмыс берушілердің негізгі әлеуметтік қатерлер туындаған кезде әлеуметтік төлемдері мөлшерінің сәйкестігі мен әлеуметтік қамсыздандыру үшін дербес жауапкершілігімен үйлестіруге, сондай-ақ масылдықтың алдын алу және еңбек ету қабілеті сақталған табысы аз азаматтардың еңбек әлеуетін жандандыруға бағытталады.

Халық табысының негізгі бөлігі жалақы есебінен қалыптасады.

Соңғы үш жылда жалақының ең төменгі мөлшері 1,2 есе арттырылды (2011 жылғы 15999-дан 2013 жылы 18660 теңгеге дейін, 2012 жылы 17439 теңгені құрады). 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ТМД елдері ішінде ең төменгі жалақы мөлшері бойынша Қазақстан Беларусьтен, Түркіменстаннан, Ресейден, Украинадан, Әзербайжаннан кейінгі 6-орынды иеленіп отыр.

Жалпы ел бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы экономикалық қызмет түрлері бойынша – 1,2 есе артып, 2013 жылы 109 141 теңгені, 2014 жылдың қаңтар-маусым айларында – 116 679 теңгені құрады (2011 жылы – 90028 теңгені, 2012 жылы – 101 263 теңгені құрады).

Бюджеттік салада сондай-ақ қызметкерлер жалақысының мөлшері арттырылды, оның ішінде 2011 жылғы 1 шілдеден бастап – 30 %-ға арттырылды. 2013 жылы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы, орташа есеппен алғанда – 75 239 теңгені, 2014 жылдың қаңтар-шілде айларында – 81 006 теңгені құрады.

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау мақсатында 2015 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілетін азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделінің жобасы әзірленді, ол негізгі персонал қызметкерлерінің жалақысын біліктіліктеріне қарай сараланған түрде: денсаулық сақтау саласында – 7%-дан 28 %-ға дейін, білім беру саласында – 15 %-дан 29 %-ға дейін, басқа салаларда – 28 %-дан 40 %-ға дейін арттыруды қамтамасыз ететін болады.

Өнеркәсіптің сегіз саласында (тау-кен металлургия, машина жасау, көмір, мұнай-газ, құрылыс, химия, электр энергиясы, теміржол) еңбекақы төлеудің ең төменгі стандартын есептеу үшін еңбекақы төлеудің салалық арттыру коэффициенттері бекітіліп, қолданылуда.

Халық табысының құрамында екінші орынды әлеуметтік жәрдемақылар алады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда нарықтық экономиканың қағидаттарына сәйкес келетін әлеуметтік қамсыздандыру үшін жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көпдеңгейлі үлгісі қызмет етеді.

Әлеуметтік қамсыздандырудың негізі үнемі жаңартылып отыратын ең төменгі әлеуметтік стандарттар болып табылады. 2011 жылмен салыстырғанда:

1) ең төменгі күнкөріс деңгейі 15999 теңгеден 2014 жылы 19966 теңгеге дейін артты (2012 жылы – 17439 теңге, 2013 жылы – 18660 теңге);

2) базалық зейнетақы төлемдерін ескергендегі ең төменгі зейнетақының мөлшері – 1,3 еседен артық 24047 теңгеден 2014 жылғы 1 сәуірден бастап 32186 теңгеге дейін (2012 жылы – 26211 теңге, 2013 жылы – 28396 теңге) өсті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына, «Нұр Отан» партиясының халықтық тұғырнамасы әлеуметтiк бағдарламасының негiзгi ережелерiне және Үкiметтiң iс-әрекет бағдарламасына сәйкес 2011 жылы зейнетақы төлемдерi 30 %-ға, ал 2012-2013 жылдары – 9 %-ға арттырылды (инфляция деңгейінен 2 % ілгерілетіп). 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 % -ға, ал 1 сәуірден бастап тағы 14 %-ға арттырылды. Әлеуметтiк төлемдер 2011-2013 жылдары – 7 %-ға арттырылды. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7 %-ға, ал 1сәуірден бастап тағы 12 %-ға ұлғайтылды.

Осы арттырулар мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн төлемдердi ескергенде, жиынтық зейнетақы төлемдерiнiң орташа мөлшерi 2014 жылы 45 мың теңгеден асты.

Әлемдік тәжірибеде зейнетақымен қамсыздандыруды ұйымдастыру критерийлерінің бірі зейнетақы мөлшерінің еңбек қызметі кезеңінде алатын табыстарға барабарлығы болып табылады.

Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін жүйелі арттыру қарт азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға және ТМД елдері арасында зейнетақымен қамсыздандырудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Базалық және ынтымақты зейнетақы төлемдері есебінен жиынтық табысты алмастыру коэффициенті 2014 жылы 42,8 %-ға жетті, ол ХЕҰ-ның ең төмен нормаларынан жоғары (40 %-дан кем емес). 2011 жылы – 41,8 %, 2012 жылы – 43,1 %, 2013 жылы – 41,2 %.

Алмастыру коэффициенті еларалық тұрғыдан алғанда мынадай түрде сипатталады: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) елдері бойынша орта есеппен – 56-57 %, ЕО елдерінде шамамен – 50 %, ЭЫДҰ-ға кіретін қалыптасқан нарықты таңдау бойынша орта есеппен – 52 %, Ресей Федерациясында – 35 %.

Қызметкерлердiң мiндеттi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне (бұдан әрi – ЖЗЖ) және міндетті әлеуметтiк сақтандыру жүйесiне қатысуы кең етек алуда. Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны 2014 жылғы 1 шілдеде 9,6 млн. құрады, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың саны 5,6 млн. адамға жетті.

Қазіргі таңда мемлекеттің қаржылық-экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты Мемлекет басшысының 2013 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан халқына зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі үндеуінде жариялаған тапсырмаларын кезең-кезеңімен іске асыруды бастады. 2013 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің институционалдық базасын дамыту және тиімділігін арттыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) құрылды. 2014 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оған 4,1 трлн. теңге зейнетақы активтері шоғырландырылды.

Қазақстанда табысы аз халықтың бір бөлігін қамтитын әлеуметтік көмек жүйесі қызмет етеді. Ол әлеуметтік төлемдер (арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек, күнкөрісі төмен отбасылардағы 18 жасқа толмаған балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар, тұрғын үй көмегі және т.б.) түрінде көрініс табады.

Атаулы әлеуметтік көмек және қолдау жүйесімен қазіргі уақытта бір миллионнан астам қазақстандық қамтылған.

Еліміздегі кедейлік деңгейі төмендеуде – табысы күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2013 жылы 2011 жылғы осы кезеңдегі 5,5 %-дың орнына, 2,9 %-ды құрады (2012 жылы 3,8 %). Қазақстандағы кедейлік деңгейі ТМД елдерімен салыстырғанда төмен, мәселен 2013 жылдың қорытындысы бойынша кедейлік деңгейі Беларусьте – 6,3 %, Украинада – 7,8 %, Ресейде – 11,0 % құраған.
Негізгі проблемаларды талдау
Қабылданған шараларға қарамастан, Қазақстан Республикасында өмір сүру деңгейі анағұрлым дамыған елдердегі деңгейден қалып келеді.

Еңбекақы төлеуде салалық және өңiрлiк саралануы сақталуда, бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы оның жалпы экономика бойынша деңгейінен айтарлықтай артта қалып келеді. Еңбекке ақы төлеудің оның нәтижесіне байланыстылығы бұзылған – жалақының өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан озық.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде әлеуметтік төлемдердің алдыңғы табыстарға және елдегі өсіп отыратын өмір сүру деңгейіне барабар келмеуі негізгі проблема болып табылады. Сондай-ақ зейнетақы қорларының табыстылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылуы төмен.

Өз бетінше жұмыспен қамтылған халықтың басым бөлігі әлеуметтік қамсыздандыру жүйесімен қамтылмаған, бұл аталған азаматар санатының әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуын кеңейтуге бағытталған жүйелі шаралар қабылдауды талап етеді.

Осының салдарынан елде кедейлік сақталып отыр. Кедейлікке бірінші кезекте, көп балалы отбасылар мен ауыл тұрғындары ұшырайды. Кедейлер санатында еңбек етуге қабілетті азаматтар да бар, бұған табысының өзін-өзі қамтуға жеткіліксіз болуы ғана емес, еңбек етуге ынталандырудың (жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары) жеткіліксіздігі де себеп болуда.

Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Халықтың әл-ауқатын арттыруға бірқатар факторлар әсер етеді.

Сыртқы факторлар – тұрақты макроэкономикалық ахуал, халықаралық ынтымақтастықпен байланысты басымдықтарды пайдалану мүмкіндігі, әлеуметтік қатерлерді басқару жүйесін жетілдіру – заманның негізгі талаптарына жауап беруге тиіс және халықтың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ететін орта болып сақталып отыр.

Ішкі факторлар – бұл еңбекақы төлеу ,әлеуметтік заңнаманы жетілдіру мәселелерін шешу, кедейлікті еңсеру проблемаларын шешу қажеттігі және басқалар.

Халық табысында жалақының ерекше маңызы сақталатын болады.

Бұл ретте, әлеуметтік әріптестерге еңбекақы төлеу мәселелерін ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесіне қосу; еңбекақы төлеудің ең төмен стандартын белгілеу практикасын кеңейту; жалақының еңбек өнімділігі мен қызметтің түпкілікті нәтижесіне байланыстылығын қамтамасыз ету қажет.

Бұған қоса, келешекте азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделін қосымша пысықтап, көзделеді.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылай тұрақтылығын күшейтудің маңызды факторы әлеуметтік заңнаманы жаңарту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан халқына зейнетақы реформасы мәселелері жөніндегі үндеуінде айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2050: стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы ескеріле отырып Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетін болады:

1) базалық деңгейде зейнеткерлер арасында кедейлікті азайту және азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысуын ынталандыру мақсатында мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау тетігі жетілдіріледі;

2) міндетті деңгейде жинақтаушы құрамдауыш сақталады және қосымша – жұмыс берушілердің 5 %-дық жарналарының есебінен өз қызметкерлерінің пайдасына қалыптастырылатын шартты-жинақтаушы құрамдауышы енгізіледі;

3) үшінші – қызметкерлердің және/немесе жұмыс берушілердің ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын ерікті деңгей сақталып, одан әрі дамытылатын болады.

Осы факторларды іске асыру Министрліктің халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі жұмысының негізі болуға тиіс.

Экономикалық тұрақтылық және индустриялық-инновациялық дамуға көшу маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу және ең алдымен, кедейлікті еңсеру үшін экономикалық өсуді пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Пилоттық жобаны 2014 – 2015 жылдары іске асыру нәтижелерін ескере отырып шартты ақшалай көмектің жаңа нысандарын енгізу көзделуде. Кәсіптік даярлау және қайта даярлау, жұмыс іздеу және жұмысқа орналастыру бағдарламаларына міндетті қатысу шартымен белсенді қолдау көрсетуді көздейтін келісімшарттық жүйе еңбек уәждемесін күшейту және еңбек нарығына халықтың еңбек етуге қабілетті табысы аз санаттарын тарту тетігі болады.

Нәтижелі жұмыспен қамтудың қолжетімділігін кеңейту және кедейлікті азайту мәселелерін кешенді шешу әлеуметтік көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың шеңберін тарылтып, оның атаулы сипатын күшейтуге мүмкіндік береді.


8-стратегиялық бағыт. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру

Саланы дамытудың негізгі өлшемдері
Қазақстан Республикасында, кез келген басқа елдердегі сияқты халықтың белгілі бір бөлігі – қарт адамдар, мүгедектер және халықтың нысаналы топтарының өзге де өкілдері ерекше әлеуметтік қолдауға мұқтаж. Ол арнаулы әлеуметтік қызметтер түрінде көрініс табады.

Әлеуметтік қолдауды ұйымдастыруда жергілікті мемлекеттік басқару органдарының рөлі артып, өкілеттіктері кеңеюде. Азаматтық қоғам өкілдерімен әріптестік дамып, қайырымдылық өсіп келеді.

Өмірлік қиын жағдайды еңсеру шарттарын қамтамасыз ету үшін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету белсенді пайдаланылады. «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қиын өмiрлiк жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету сапасын арттыру шаралары қабылдануда. Қазіргі кезде 85 мыңнан астам адамға (мүгедектер, оның ішінде психоневрологиялық патологиясы бар және (немесе) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балалар, егде жастағы, белгілі тұратын жері жоқ адамдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік қамсыздандыруды жаңарту шеңберінде арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттары енгiзiлді, арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілді көлемінің тізбесі айқындалды, оларды көрсетудің нысандары кеңейтілді. 2013 жылы 2011 жылмен салыстырғанда медициналық-әлеуметтік мекемелердің жанындағы жұмыс істеп тұрған (4 мыңнан астам адамды қамтитын 43 бөлімше) күндізгі болу бөлімшелерінің (қызмет көрсетумен 931 адамды қамтитын 22 бөлімше) саны 2 есе артты. Қажетті әлеуметтік қызметтерді көрсетуге үкіметтік емес ұйымдар тартылуда.

Әлеуметтік қолдау көрсетуде мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік деңгейде мүгедектерді медициналық, әлеуметтік және кәсіби оңалтудың кешенді шаралары әзірленді. Тегін кепілді медициналық көмек көрсету, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, білімнің, ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету, денсаулық жағдайын ескере отырып қызмет түрін еркін таңдау, кәсіптік даярлау және қайта даярлау, еңбек ету қабілетін қалпына келтіру және жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мүгедектердің қоғам өміріне қатысуына тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Мүгедектердің құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды кезең-кезеңімен имплементациялау ниетін растай отырып, Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға даярлық шеңберінде қолжетімді ортаны қамтамасыз етуге, өмір сүру функцияларын қалпына келтіруге қажетті жағдай жасауға бағытталған мүгедектердің өмір сүру сапасын қамтамасыз ету және жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары кезең-кезеңімен іске асырылуда.


Негізгі проблемаларды талдау
Халықты әлеуметтiк қолдау жүйесiнде шешімін талап ететін маңызды проблемалар ретінде мыналар сақталып отыр:

1) мұқтаж адамдардың әлеуметтік қолдаумен жеткілікті қамтылмауы;



2) мүмкіндіктері шектеулі адамдарға ұсынылатын оңалту қызметтері тиімділігі жетіспейді;

3) әлеуметтік қызмет көрсетудің балама түрлері мен арнаулы әлеуметтік қызметтер нарығындағы бәсекелес орта жеткіліксіз дамыған.

4) мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоғам өміріне толыққанды қатыстыру мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі.

Халықты әлеуметтік қолдау жүйесінде осы және өзге де проблемалардың болуы әртүрлі себептерге байланысты. Объективті түрде олар макроэкономикалық жағдайға, қаржы-экономикалық мүмкіндіктер мен жалпы мемлекеттік және өңірлік ауқымдағы басымдықтарға байланысты. Субъективті тұрғыдан – әлеуметтік қолдау көрсету тетігінің жетілмеуімен, әлеуметтік қызметкерлер кәсібилігінің төмендігімен және жауапкершілігінің жеткіліксіздігімен, олардың еңбекақы деңгейінің жетілмеуімен және салыстырмалы түрде төмендігімен байланысты.

Мұндай жағдайларда әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту бұл үшін қолда бар сыртқы және ішкі факторларды барынша пайдалануды талап етеді.
Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және олардың қоғам өміріне араласуы үшін тең мүмкіндік жасау бойынша жұмыс алдағы уақытта Қазақстанның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және оның Факультативтік хаттамасына қол қоюы арқылы өзіне қабылдаған халықаралық міндеттемелерді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының екінші кезеңін (2014 – 2015 жылдар) іске асыру басталды. Жоспарда мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру; МКФ ережелерін ескере отырып медициналық-әлеуметтік денсаулық, тыныс-тіршіліктің және денсаулықтың шектелуі жүйесін жетілдіру; оңалту және арнаулы әлеуметтік қызметтердің тиімділігін арттыру; өндіріс инфрақұрылымын дамыту және мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен және тиісті қызметермен қамтамасыз ету;жұмыспен қамту қол жетімділігін қамтамасыз ету; мүгедектердің тыныс-тіршілігінің негізгі салаларындағы объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету көзделген.

Соған қарамастан, қазіргі кездегі жағдайға мүгедектерді қоғамға кіріктірудің жеткіліксіздігі тән және көбінесе бұл мүгедектердің тұрғын үй-коммуналдық, әлеуметтік және рекреациялық инфрақұрылымға кіруінің шектелуіне байланысты. Мұндай жағдайларда облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне шұғыл шаралар қабылдау қажет болады. Жергілікті деңгейде қоршаған ортаның қол жетімділігін арттыру үшін жол инфрақұрылымына мүгедектердің ерекше мұқтаждығын бейімдеу жұмыстарын жақсарту, жүріп-тұруы қиын мүгедектерге көрсетілетін көлік қызметтерінің тізбесін кеңейту, объектілердің қол жетімділігі картасын әзірлеу және басқалар жоспарлануда.

2017 жылға дейінгі кезеңде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін реформалауды жалғастыру көзделуде.
3.1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері

1-стратегиялық бағыт. Азаматтардың денсаулығын нығайту және өлім-жітім деңгейін төмендету

1.1-мақсат: Аурулар профилактикасының, емдеудің және оңалтудың тиімді жүйесі

Мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның кодтары: 001, 009, 010, 011, 012, 014, 015, 016, 017, 024, 104


Р/с№

Нысаналы индикатор

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті жыл

Ағымда

ғы жылдың жоспары



Жоспарлы кезең

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017

ж.


2018

ж.




Күтілетін өмір сүру ұзақтығы

Стат.деректер

жыл

69,61

70,45

71

71,4

71,8

72,2

72,6



Жалпы өлім-жітімді төмендету

Стат.деректер

1000 тұрғын

ға


8,51

7,98

7,62

7,35

7,1

6,9

6,8



БЖИ позициясы бойынша күтілетін өмір сүру ұзақтығы

ДЭФ деректе

рі


позиция

104

103

100

97

94

91

88



Нәресте шетінеуі бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректе

рі


позиция

98

98

96

79

77

75
73



Туберкулездің таралуы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректе

рі


позиция

107

105

104

102

101

100

99



Туберкулездің бизнеске орта мерзімді әсері бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректе

рі


позиция

112

111

110

109

108

107

106



АИТВ таралуы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректе

рі


позиция

12

45

44

43

42

41

40



АИТВ/ЖИТС-тің бизнеске орта мерзімді әсері бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректе

рі


позиция

73

76

74

79

77

75

73



Мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдердің айқындығы бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректері

позиция

32

29

28

39

38

37

36



Мемлекеттік қызметкерлердің шешімдер қабылдаудағы фаворитизм бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректе

рі

позиция




77

76

52

51

50

49



Саясаткерлерге қоғамдық сенім бойынша БЖИ позициясы

ДЭФ деректе

рі

позиция




35

34

33

32

31

30

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері:

1.1.1-міндет. Аурулардың профилактикасы және саламатты өмір салтын қалыптастыру әдістемелерін жетілдіру

Р/с№

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017

ж.


2018

ж.




Халық арасында темекі шегудің таралуы

ДСӘДМ

деректері



%

26,8

26,5

18,2

18,2

18,2

18,2

16,5



Халық арасында алкогольді шектен тыс тұтынудың таралуы

ДСӘДМ деректері

%

16,6


15

14,0

14,0

14,0

14,0

13,0



Тұрғындарды скринингілік тексеріп-қараумен қамту

ДСӘДМ деректері

нысан

ды халық


тан %

70

70

70

70

70

70

70



Үкіметтік емес ұйымдармен және бизнес-құрылымдармен бірлескен түрде іске асырылатын жобалардың жалпы саны

ДСӘДМ деректері

бірлік

25

11

9

10

11

12

12



Жастардың жалпы санынан Жастардың денсаулық орталықтары

ның қызметімен қамтылған жастардың үлесі



ДСӘДМ деректері

%

4,5

5,3

6,0

7,0

8,0

9,0

10,0

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

  1. Ұлттық скринингілік бағдарламаны жетілдіру және мониторингілеу

X

X

X

X

X

  1. МСАК объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайту

X

X

X

X

X

  1. МСАК деңгейінде әлеуметтік қызметкерлер институтын дамыту

X

X

X

X

X

  1. Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу

Х

Х

X

X

X

  1. Амбулаториялық деңгейде науқастарды диагностикалау және емдеу хаттамаларын әзірлеу және жетілдіру

Х

X

X

X

X

6. Азаматтардың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін арттыру механизмдерін әзірлеу

Х

X

X

X

X

7. Жастардың денсаулық орталықтарында саламатты өмір салты аспектілері және аурулардың профилактикасы бойынша таралған ақпараттық-оқу материалдарының саны

Х

X

X

X

X

1.1.2-міндет. Негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттардың диагностикасын, емдеуді және оңалтуды жетілдіру



Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017

ж.


2018 ж.



Қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.деректер

100 мың халық

қа


251,9

207,4

205,9

250,0

249,0

248,0

247,0



Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.деректер

100 мың халық

қа


100,3

99,5

95,8

95,5

95,0

93,5

92,5



Жарақаттардан, жазатайым оқиғадан және уланудан болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.деректер

100 мың халық

қа


96,8

95,85

92,1

91,0

89,4

86,7

84,0



Туберкулезден болатын өлім-жітімді төмендету

Стат.деректер

100 мың халық

қа


7,5

5,6

5,5

6,7

6,6

6,5

6,4



Туберкулезбен сырқаттанушылықты төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халық

қа


81,7

73,4

71,4

75,7

74,9

74,2

73,4



АИТВ инфекциясын 15-49 жастар тобында таралуын 0,6-дан асырмай ұстау

ДСӘДМ деректері

%

0,2

0,2

0,6

0,6

0,6

0,6

0,6



І-II кезеңде анықталған қатерлі ісіктердің үлес салмағын арттыру

ДСӘДМ деректері

%

50,1

53,6

55,1

53,0

53,5

54,0

54,5



Қатерлі ісіктері бар науқастардың 5-жылдық өміршеңдік үлес салмағын арттыру

ДСӘДМ деректері

%

51,6

50,0

50,6

52,2

52,5

52,7

53

9.

Балалар арасындағы суицидті төмендету

Стат.деректер

%

23,8

17,6

17,5

17,4

17,3

17,2

17,1

10.

Психологиялық және мінез-құлықтық бұзылулармен біріншілік сырқаттанушылық көрсеткіштерін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халыққа

101,7

90,5

90,0

89,5

89,0

88,5

88,0

11.

Стационарлық және стационарды алмастыратын көмектің жиынтық көлемінде стационарды алмастыратын технологиялардың үлес салмағын ұлғайту

ДСӘДМ деректері

%

29,0

29,2

30

30,5

31

31,5

32

12.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесінде енгізілген инновациялық медициналық технологиялардың саны

ДСӘДМ деректері

бірлік







14

14

14

14

14

13.

Даярлаудан және қайта даярлаудан өткен онкологиялық қызмет мамандарының саны

ел ішінде

ДСӘДМ деректері

адам

50

278

146

171

69

-

-

шет

елде


ДСӘДМ деректері

адам




53

97

113

113

-

-

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

  1. Әлеуметтік мәні бар ауруларды диагностикалау және емдеу стандарттарын жетілдіру және енгізу

Х

Х

Х

Х

Х

  1. Зертханалық диагностикалаудың жаңа стандарттарын енгізу

Х

Х

-

-

-

  1. Астана қаласында Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық салу







Х

Х




  1. Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған радиациялық онкологияның 5 өңірлік жоғары технологиялық орталығын құру

Х

Х

-

-

-

  1. Симуляциялық орталықты және 2 ядролық медицина орталығын құру

Х

Х

-

-

-

  1. Онкологиядағы қазіргі заманғы технологияларды енгізу

Х

Х

Х

Х

Х

  1. Ел ішінде және шетелде онкологиялық қызмет мамандарын даярлау және біліктілігін арттыру

Х

Х

Х







  1. Халықаралық стандартқа сәйкес онкологиялық аурулармен ауыратын науқас балаларды қазіргі заманға сай диагностика және емдеу әдістерін енгізу

Х

Х

Х

Х

Х

  1. Туберкулезбен ауыратын науқастарға әлеуметтік қолдау шараларын әзірлеу

Х

Х

-

-

-

  1. Емі аяқталмаған туберкулезбен ауыратын науқастарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды іздеу және емін жалғастыру тетіктерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Х

Х

-

-

-

  1. АИТВ жұқтырған науқастардың вирустық жүктемесін анықтау үшін ЖИТС РО референс-зертханаларын тест-жүйелермен қамтамасыз ету

X


X


X


X


X


  1. Медициналық жедел жәрдем қызметі стансаларының және стационарлардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру

X

X

X

X

X

  1. Санитариялық авиация қызметінің жұмысын үйлестіру және мониторингілеу

X

X

X

X

X

1.1.3-міндет. Инфекциялық сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу

Р/с№

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017

ж.


2018 ж.



В вирусты жіті гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халық

қа


1,2

1,01

3,4

3,0

2,9

2,8

2,7



А вирусты жіті гепатитімен сырқаттанушылық көрсеткішін төмендету

ДСӘДМ деректері

100 мың халық

қа


8,6

5,1

4,9

23,0

22,0

21,0

20,0

Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар:

  1. А вирустық гепатитке қарсы профилактикалауға жататын халықты вакцинациямен қамту

Х

Х

Х

Х

Х

  1. В вирустық гепатитке қарсы профилактикалауға жататын халықты вакцинациямен қамту

X

X

X

X

X

жүктеу 2,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау