Мәдени құндылық дегеніміз не?



жүктеу 14,94 Kb.
Дата15.11.2022
өлшемі14,94 Kb.
#40176
мәдени құндылықтар


Мәдени құндылық дегеніміз не?

Мәдени құндылық деп әдетте адамның материалдық немесе рухани іс-әрекетінің бірегей қасиеттерге ие және айрықша қажеттіліктерді қанағаттандыра алатын объектілерін айтады.

Мәдени құндылықтар дегеніміз – үнемі дерлік психика мен санаға мазмұны арқылы ықпал жасайтын белгілі бір әлеуметтік, этникалық немесе социографиялық топтың игілігі. Көбінесе бұл өнер бағыттарының бірі ұсынған рухани немесе идеологиялық құндылықтар жайындағы ақпарат.

Мәдени құндылықтардың заңды анықтамасы бар – ол зайырлы және діни сипаттағы мәдени мұраға жататын бұйым, сондай-ақ тарихи, көркем, ғылыми немесе басқадай мәдени маңызы бар құндылықтар.

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207«Мәдениет туралы» Заңының 32 бабына сәйкес, мәдени құндылықтарға мыналар жатады:

1) археологиялық ескерткіштер, археологиялық олжалар (кәдуілгі және жасырын түрлерін қоса айтқанда) және археологиялық жаңалықтар;

2) флора мен фаунаның, минерологияның, анатомияның сирек жинақтамасы мен үлгілері және палеонтология үшін қызықты болып табылатын бұйымдар;

3) тарихқа қатысты құндылықтар, ғылым мен техника тарихын, соғыстар мен қоғам, ұлттық мәдениет тарихын, сондай-ақ ұлттық ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер қайраткерлері, ойшылдар, ғалымдар, жазушылар, ақындар мен әртістердің өміріне және ірі ұлттық уақиғаларға байланысты тарихты қоса есептегенде;

4) сирек қолжазбалар, көне кітаптар, айрықша қызығушылық (тарихи, көркем, ғылыми, әдеби) тудыратын құжаттар мен басылымдар, жекелей немесе жинақтама ішінде;

5) елу немесе одан да көп жыл бұрын шығарылған пошта маркалары, салық және аналогиялық маркалар жекелей немесе жинақтама ішінде;

6) монеталар, Қазақстан Республикасының әзірленген қорытпасы немесе металдарына байланыссыз ұлттық валютасының монеталарын қоспағанда, сондай-ақ өзге мемлекеттердің 100 жылдан аспайтын уақыт бұрын әзірленген монеталарын айтпағанда, медальдар, мөрлер және басқа да коллекциялық материалдар;

7) көне әрі бірегей музыкалық аспаптар;

8) мұрағаттар, мұрағаттар қоры, және коллекциялар, фоно-, фото-, видео-, киномұрағаттарды қоса айтқанда, сондай-ақ ғылыми-техникалық құжаттама;

9) тарихи-мәдени мәнге ие өнер туындылары;

10) этнографиялық, антропологиялық, этнологиялық және палеонтологиялық материалдар;

11) жүз жылдан астам уақыт бұрын жасалған, айрықша тарихи және мәдени құндылыққа ие көне бұйымдар;

12) Қазақстан Республикасы халқының өміріндегі тарихи уақиғаларға, қоғам мен мемлекеттің дамуына, ғылым мен техниканың тарихына , сондай-ақ ғылым, мемлекет қайраткерлерінің өміріне қатысты нысандар, оның ішінде мұражай бұйымдары мен жинақтамалары;

13) кез келген негізде, кез келген материалдан жасалған полотнолар, картиналар және қолдан салынған суреттер түріндегі көркем құндылықтар (сызбаларды, өндіріс бұйымдарын, қолдан жасалған әшекейлерді есептемегенде);

14) кез келген материалдан жасалған мүсін өнерінің біртума туындылары;

15) біртума гравюралар, эстамптар мен литографиялар;

16) бөлшектелген көркем және тарихи ескерткіштер мен археологиялық орындардың құрамдас бөліктері.
жүктеу 14,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау