Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"



жүктеу 437,7 Kb.
Pdf просмотр
бет13/17
Дата16.02.2018
өлшемі437,7 Kb.
#9837
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

      Нысаналы индикатор:

      1) технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген табиғи 

монополиялар субъектілерінің үлесі:

      сумен жабдықтау және су бұру саласында 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 80 %;

      жылумен жабдықтау саласында 2017 жылы - 20 %, 2020 жылы - 80 %;

      газбен жабдықтау саласында 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 %;

      2) электр қуатын коммерциялық тіркеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесін енгізген 

электр қуатымен жабдықтау саласындағы табиғи монополиялардың үлесі 2017 жылы - 30 %, 2020 

жылы - 90 %.

      Қол жеткізу жолдары

      ТКШ саласында қызметтер көрсету сапасын және АТК есебінен энергия тиімділігін арттыру 

мақсатына қол жеткізу үшін мынадай шаралар іске асырылатын болады.

      Мынадай міндеттерді шешу үшін сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау, жылумен 

жабдықтау және энергиямен жабдықтау жүйелерінде технологиялық процестерді басқарудың 

автоматтандырылған жүйелерін енгізу:

      1) суды бұру, су-, жылу-, газ-, электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін арттыру;

      2) жабдықтау қызметінің мерзімін арттыру;

      3) техникалық қызмет көрсету шығындарын төмендету;

      4) энергияны тұтынуды төмендету;

      5) коммуналдық шығындарды тұтыну және оларды төлеуге жұмсалатын шығындарды нақты уақыт

режимінде пайдаланушылардың бақылауы;

      6) сумен жабдықтау, суды бұру және жылумен жабдықтау желілеріне рұқсатсыз қосылуды 

болдырмау;

      7) инженерлік желілердің жай-күйін мониторингтеу және нақты уақыт режимінде ағынды 

жерлерді анықтау.

      Ғимаратты, құрылыстарды салу, инженерлік желілерді төсеу кезінде қазіргі заманғы 

энергия- және ресурс үнемдеуші шешімдерді міндетті қолдануды көздейтін нормативтік 

техникалық құжаттар әзірленеді (жаңартылады).

      Қазіргі заманғы энергияны үнемдеуші технологияларды өндіріс процесіне енгізу бойынша 

өнеркәсіп кәсіпорындарын ынталандыру шаралары іске асырылады.

      Республиканың барлық қалаларында сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматты жүйесі 

енгізілетін болады.

Экологиядағы және гидрометеорологиядағы АКТ

      Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланумен және қоршаған ортаны ластаумен қатар жүретін 

өнеркәсіпті дамыту қоршаған ортаға антропогендік әсерді азайтуда барынша прогрессивті 

тетіктер қолдануды талап етеді. Қазіргі уақытта осындай тетіктердің бірі қоршаған ортаны 

электрондық қорғау сияқты ақпараттық технологияны енгізу болып табылады.

      Экономиканың барлық саласы тікелей немесе жанама түрде ауа райының жағымсыз жағдайлары

мен қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстардың ықпалына ұшырауда. Бұл ретте 

гидрометеорологиялық жағдайлардың әсер ету деңгейі нақты бір саладағы өндірістік қызмет пен 

технологиялық процестердің, сондай-ақ қолданылатын құралдар мен шаралардың сипатына қарай 

ерекшеленеді.

      АКТ экология және гидрометеорология саласында да үш бағыт бойынша қолданылады: АКТ 

жабдықтарының технологиялық өндірісін жетілдіру жолымен АКТ секторының өзінде энергия тұтыну

мен зиянды қалдықтарды қысқарту, өндірістік процестерді жедел басқарудың 

бағдарламалық-техникалық кешендерін енгізу және орнатылған компьютерлік жүйелер арқылы 

қалдықтарға және экономиканың басқа секторларында энергия тиімділігін бақылауды қамтамасыз 

ету және қоршаған орта мониторингінің АКТ жүйесін қолдану.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазіргі уақытта Қазақстанда атмосфераға уыттылығы жоғары газ тәрізді және қатты заттар

көптеп шығарылуда. Әртүрлі стационарлық көздерден шыққан шығарындылардың санын салыстыратын 

болсақ, оның шамамен 50 %-ы жылу энергия көздері, ал 33 %-ы - тау-кен және түсті металлургия

саласы шығарады, ауа бассейнін және қоршаған ортаның өзге де құрамдауыштарын ластайтындардың

тағы бірі - автокөлік болып табылады. Ол шығаратын зиянды шығарындылар, әсіресе, қалаларда 

25-тен 50 %-ға дейін жетеді.



      Су да қарқынды ластану объектісіне жатады. Судың негізгі ластаушысы өнеркәсіп және 

ауыл шаруашылығы болып табылады. Антропогенді әсердің салдарынан елдегі барлық дерлік 

өзендер мен су қоймаларының гидрохимиялық, гидрологиялық және санитарлық режимі өзгеріске 

ұшырады.


      Әрбір климаттық аймақ: орманды дала, далалық, жартылай дала, шөлді, сондай-ақ тау 

бөктері және таулы аймақтар үшін жүргізілген есептеулердің негізінде, Қазақстан Республикасы

аумағының метеорологиялық әлсіздік көрсеткіші «біршама жоғары» деп анықталды.

      Қоршаған орта мен табиғи ресурстарды мониторингтеудің бірыңғай мемлекеттік ақпараттық 

жүйесінің болмауы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен өзге де 

мүдделі мемлекеттік органдардың арасындағы экологиялық ақпаратты жүйелі алмасуды іске 

асыруға жол бермейді.

      Міндеті: Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін

қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа АТК енгізу есебінен қоршаған ортаның сапасын жақсарту.

      Нысаналы индикаторлар:

      1) республика аумағын Бірыңғай мемлекеттік мониторингтеу жүйесімен қамту 2017 жылы - 

50 %, 2020 жылы - 70 %;

      2) нақты уақыт режимінде (он-лайн) өндірістік экологиялық мониторинг туралы деректерді

қашықтықтан жіберу орнатылған І-санатты өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы - 50 %,

2020 жылы - 70 %;

      3) атмосфераға зиянды қалдықтардың шығарылуын қысқарту 2013 жылымен салыстырғанда 2017

жылы - 3 %, 2020 жылы - 5 %;

      4) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көміп тастау және ағынды сулар мен 

өндіріс және тұтыну қалдықтарын жер астына жіберудің мемлекеттік кадастрын толтыру деңгейі 

2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 70 %;

      5) мына болжамдардың ақталуын арттыру:

      агрометеорологиялық болжамдар 2017 жылы — 83 %, 2020 жылы - 85 %;

      ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар 2017 жылы - 83 %, 2020 жылы - 85 %;

      ұзақ мерзімді метеорологиялық болжамдар 2017 жылы - 91 %, 2020 жылы - 94 %;

      6) экология және гидрометеорология қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылық деңгейі 

2017 жылда - 70 %, 2020 жылда - 100 %.

      Қол жеткізу жолдары

      Жаңа АКТ енгізу есебінен Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және 

экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоршаған ортаның сапасын арттыру және 

тұрақтандыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылады.

      Қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қоршаған

орта мен табиғи қорларды мониторингтеудің кешенді шешімінің мәселесі пысықталатын болады.

      Каспий теңізінің қазақстандық секторын гидрометеорологиялық және экологиялық 

мониторингтеу жобасының шеңберінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының қоршаған 

ортасының жай-күйі және оған адамның өнеркәсіптік қызметімен байланысты жағымсыз 

факторларының әсері туралы жедел деректерді алуды қамтамасыз ету үшін АКТ кеңінен 

қолданылады.

      Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көміп тастау және ағынды суларды және 

өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жер астына жіберу процестерін басқару бойынша ұсыныстар 

әзірленеді.

      Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігімен тиісті жылға 

бекіткен стандарттау жоспарының шеңберінде қалдықтармен айналысу саласында стандарттар 

әзірленеді.

      Өндірістік экологиялық мониторинг және бақылау жүргізу үшін нақты уақыт режимінде (

он-лайн) қадағалауды жүзеге асыратын қазіргі заманғы технологиялық шешімдерді пайдалану 

мүмкіндігі мәселелері пысықталатын болады.

Туризмдегі АКТ

      АКТ саласындағы қазіргі заманғы жетістіктер туристік бизнеске жаңа мүмкіндіктер береді

. Туризмге қажетті барлық кеңістік ақпараттық технологиялармен қамтылады (дестинация, 

орналастыру, көлік, пэкидж-турлар және қызметтер туралы ақпарат) және мұндай қызметтердің 

болуын белсенді бақылау жүзеге асырылады.



жүктеу 437,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау