Excel электрондық кестесі мен access берілгендер базасын басқару жүйесін оқыту әдістемесі



жүктеу 32,38 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.05.2018
өлшемі32,38 Kb.
#16680


ӘӨЖ.  378.016.02:004.9(574) 

 

EXCEL ЭЛЕКТРОНДЫҚ КЕСТЕСІ  МЕН ACCESS - БЕРІЛГЕНДЕР БАЗАСЫН 

БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ 

 

Маябасова М.Б.  

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент қ. 

 

Ғылыми жетекшілері:  Алдешов С.Е -  п.ғ.к., доцент, Бүркіт Ә.Қ. – аға оқытушы 



 

Электрондық кесте. Ехсеl - электрондық кестесі экономикалық және математикалық 

күрделі  есептеулерді,  диаграммаларды  және  т.б.  көптеген  іс-әрекеттерді  орындауға 

арналған.  Super  Calc  (SC)  -  бұл  да  электрондық  кесте.  Оның  SC4  және  SC5  түрлері 

қолданылған.  SC-ның  мүмкіндігі  де  дәл  Ехсеі-дегідей,  бухгалтерлік  есептеулерді 

жүргізуге  арналған.  Сабаққа  қызығушылықты  арттыру  үшін  алдын-ала  әзірленген 

тапсырманы  демонстрациялап  көрсетеді.  Ол  тапсырма  күрделі  болмайды.  Сөйтіп, 

кестедегі  мәндердің  берілгендерін  өзгерте  отырып,  оқушылардың  реакциясын  байқауға 

болады. Оқушыларға осы тапсырманы аз уақыт ішінде қолмен (қағазда) орындап көріңдер 

деп,  олардың  мотивтерін  күшейтуге  болады.    Оқыту  мақсатына  мыналар  жатады: 

бағдарламалық  қамтамасыздандыру  құралын  меңгеру;  тапсырманың  қойылуы    мен     

шешімін     бағдарламалаушы көмегінсіз-ақ анықтау; ақпараттың кестелік   түрде      берілу      

түсінігін,            ұғымын  қалыптастыру;  ақпаратты  өндеу  тәсілдерін  меңгеру;  тапсырманың 

абстрактылы және нақты жақтарын байланыстыра алу, сондай-ақ модельдеу. 

      Электрондық  кестемен  жұмыс  істеу  деңгейлері.            Электрондық  кестені 

меңгерудің мынадай кезеңдері бар: 

1) дискідегі дайын файлмен жұмыс, ягни оқушылар кестедегі берілгендердің мәндерін 

өзгерте  отырып,  нәтиженің  өзгергендігін  бақылайды.  Бұл  әдіс  бір  жагынан  мұғалімнің 

демонстрациялап  көрсетуі  арқылы  да  орындалады.  Нәтижеде  оқушылардың  кестемен 

жұмыс  істеуге  деген  сенімділігі  артады,  сондай-ақ  осы  тәріздес  тапсырмаларды одан  әрі 

қарай өздері орындай алатындай дәрежеде сезінеді; 

2)  бұйрықтарды  меңгереді,  яғни  кесте  ішінде  орын  ауыстыру,  жылжу,  ұяшықтарға 

сандарды енгізу; 

3)  формуланы  түгелдей  көруі  үшін  «формат»  сияқы  бұйрықтармен  жұмыс  жасайды. 

Мұнда  барлық  бағандар  ең  үзын  формула  өлшеміндей  болып  кеңейеді.  Оқушылар  «E  - 

қосынды» функция түрімен танысады. 

Kестедегі 

бір 

қатарды 


жою 

сияқты, 


яғни 

«жою» 


бұйрығымен 

жұмыс 


істейді. 

Оқушылар 

әрбір 

өзгерісті 



дәптеріне 

жазып 


отырады. 

Қатарды 


не 

болмаса 


бағанды 

жойған 


уақытта 

нәтиже 


(не 

формула) 

қалай 

өзгергендігіне 



назар 

аударады. 

Сонымен 

бірге, 


қатарды, 

бағанды қою, көшіру тәсілдерін де меңгереді.  Бақылау  нәтижесінде,  оқушылар  дайын 

формулалар  жүйесі  үшін  әрбір  ұяшыққа  мәндерді  енгізуі,  олардың  өздерінің  енгізген 

формулалар жүйесін жазуы керек.  Оқытуды     ұйымдастыру     түрінің     ең     негізгісі     

әртүрлі  материалдар  бойынша  жаппай  зертханалық  жұмыс  орындау.  Білімді  жалпылау. 

Білімді жалпылауға арналған сұрақтар: Электрондық кесте мүмкіндігі, электрондық кесте 

не  үшін  қажет?,  формуланы,  санды,  мәтінді  қалай  енгіземіз?,  ұяшыққа          енгізілген     

формула          қандай          тәртіппен,         ретпен орындалады?,   формуламен      бірге     санды,   

мәтінді   енгізгенде,   нәтиже   қандай болады? 

ACCESS  -  берілгендер  базасын  басқару  жүйесі  кітапхана,  билеттерді  сату  және  т.б. 

орындарда  кең  түрде  қолданылуда.  Берілгендер            базасын            басқару            жүйесінің      

мүмкіндіктері    компьютердің  пайдалану  аймағын  ұлғайта  түсуде.  DBASE  деп  аталатын 

түрінің келешегі зор болуда. 

Берілгендер  базасын  басқару  жүйесі  сұхбаттық  байланыс  орната  отырып  әртүрлі 




есептеулерді жүргізуге арналған. Оның көмегімен берілгендер қасиеті жөнінде логикалық 

дұрыс  тұжырым  жасап,  олар  арқылы  іздеуді  орындауға  болады.  Берілгендер  базасын 

басқару  жүйесінің  кейінгі  жылдары  DBASE-2,  DBASE  -4,  ҒОХРRО,  ACCESS  және  т.б. 

түрлері  шықты.  Берілгендер  базасын  басқару  жүйесі.  Берілгендер  базасын  басқару 

жүйесіне  кіріспе.  Мотиві.  Оқушыларды  сабаққа  қызықтыру  үшін  Берілгендер  базасын 

басқару  жүйесінің  калькулятор  режимінен  бастаған  жөн.  Бұл  материал  өте  күрделі, 

сондықтан да сұхбаттық бағдарламалық - мәзірді қолданғанда оқушыларға оның көптеген 

іс-әрекетті  орындай  алатын  мүмкіндігін  және  қуатын  айту  керек.  Берілгендер  базасын 

басқару жүйесін калькулятор ретіндегі ролі. Егер берілгендер базасын басқару жүйесінде 

математикалық  функциялар  болса,  онда  оны  сұхбаттық  есептеуде  қолдану  керек. 

Сұхбаттық  алгоритм.  Сұхбаттық  алгоритм  оқушылардың  қызығушылығын  тудырумен 

қатар, алгоритмдеу негізін түсіндірудің қуатты құралы болып табылады. 

Оқушылардың  берілгендер  базасын  басқару  жуйесінде  жұмыс  істеу  барысы.  Дайын 

мәзірмен  жұмыс.  Практикада  дайын  бағдарламамен  жұмыс  істеу  әдісін  қолданғанда 

аддымен  диалогты,  мәзір  арқылы,  қолданушымен  қатынас  жасау  тәсілдерін,  сосын 

берілгендер  базасын  басқару  жүйесіні»  мүмкіндіктерімен:  мәтінді  редакторлау; 

берілгендер  базасындағы  жазуды  редакторлау;  берілгендер  базасын  тікбұрышты  кесте 

түрінде  қарастыру; берлігендер базасындағы іздеу; берілгендер базасындағы реттеу; есеп 

дайындау  және  т.с.с.  таныстыру  керек.  Берілгендер  базасын  басқару  жүйесінің 

материалының  күрделілігіне  шолу  жасап  болған  соң,  енді  оқыту  мақсатына  тоқталуға 

болады (күрделі тақырыптардың әдістемесін қарастырғанда, оның мақсатын соңына қарай 

анықтағанда түсініктірек). 

Практнкалық білімі: берілгендер базасымен жұмысты параметрлік қолданушы ретінде 

меңгеру;  берілгендер  базасын  құруды,  толтыруды,  редакторлеуді  білуі;  олардың  дұрыс 

толтырылғандығын бақылай білу; 

Теориялық  білімі:  Берілгендер  базасын  басқару  жүйесі  бұйрықтар  жүйесі  туралы 

түсінік  алу,  мәзір  арқылы  жұмыс  істеу  ыңғайлылығын  сезіну  және  бағалау;  берілгендер 

базасын  қолдану  аймағын  анықтау  және  түсінікті  кеңейту;  алгортим  мен  орындаушы 

туралы түсінікті толықтыру; берілгендер түрі жүйесімен танысу; оларды өңдеу тәсілімен 

танысу. 


Дамыту:  берілгендер  қасиеті  туралы  тұжырым  жасай  алуды  қалыптастыру; 

Берілгендер базасын басқару жүйесі басқа да қолданулы тәсілдерін көре білу. 

Тәрбие:  өзінің  еңбегінің  нәтижесіне  деген  жауапкершілік,  берілгендер  базасын 

толтырушылардың еңбегін құрметтеу. 

Оқыту  әдістері:  Берілгендер  базасы  шарттарын  құру,  оны  дұрыс  толтыру 

шығармашылық  жұмыс  болып  табылады.  Ол  абстракциялық  және  нақты  ойлау 

операцияларын  талап  етеді:  тақырыптың  күрделілігі  бір  компьютерде  екі  оқушының 

жұмыс  істеуін  қажет  етеді.  Мұғалім  бұл  тақырыпты  түсіндіруі  үшін  алдымен  өзі 

компьютерде  демонстрациялап  көрсетуі  тиіс.  Электрондық  пошта  -  компьютер  арқылы 

алыстағыларға  хат,  әртүрлі      хабарлар      жолдау      мен      оларды      қабылдауға      арналған 

программа. Хабарды сервер арқылы таратып, қабылдауға болады. 

Интернет (inter - интернационал, халықаралық; network - желі) желісі көмегімен бүкіл 

дүниежүзілік  байланыс  жасап,  өзімізге  қажетті  информацияларды  ала  аламыз.  Интернет 

желісі  арқылы  компьютерлер      интернетке  тұрақты  қосылып,  желіге  келіп  түскен 

мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оны интернет серверлері  деп атаймыз. 

 

Әдебиеттер  

1.  Р.Ә.Медетбекова. Алгоритм. Шымкент, 2009. –Б. 17-18. 



2.  Ә.Қ.Бүркіт. Информатика.  Шымкент, 2010. –Б. 96-97. 

 

жүктеу 32,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау