Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"



жүктеу 437,7 Kb.
Pdf просмотр
бет16/17
Дата16.02.2018
өлшемі437,7 Kb.
#9837
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

      1) мемлекеттік телеарналардың біреуін эксклюзивті материалдарды (ел өміріндегі ауқымды

оқиғалар туралы, жаһандық деңгейдегі маңызды жаңалықтар және шетелдік әріптестерден алынған 

бірегей бейнематериалдар) жаратушы ретінде белгілеу;

      2) мемлекеттік телеарналар мен олардың өңірлік филиалдары бейнематериалдарының HD 

форматына аудару сапасын арттыру;

      3) мультимедиалық өнімдерді жаңа форматтарда (анимациялық 3D-фильмдер, голографиялық 

кескін, инновациялық мультимедиалық-шешімдер) әзірлейтін орталық ашу бойынша ұсыныстарды 

әзірлеу;


      4) баспа БАҚ-ты басудың, беттеудің және таратудың жаңа технологияларын талдау және 

Қазақстан жағдайына бейімдеу, отандық газеттер мен журналдарды жеделдік, мультимедиалық, 

аудиториямен байланыс бөлігінде бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі заманғы өлшемдерінің тиісті

деңгейлеріне жеткізу;

      5) Қазақстан үшін саяси, экономикалық және ақпараттық жағынан маңызды болып табылатын 

елдер мен өңірлерде жетекші республикалық баспасөз БАҚ-тың шетелдік тілшілер пункттерін 

дамыту;

      6) қолданыстағы штат саны шегінде мамандандырылған интернет-редакцияларды болу 



мақсатында мемлекеттік БАҚ-тың штат кестесі мен құрылымын қайта қарау;

      7) мемлекеттік БАҚ интернет-ресурстарының тартымдылығы мен қолжетімділігін, ноутбуктар

мен смартфондардың, планшеттік компьютерлер мен интернетке шығуы бар теледидарлардың, 

автомобильдердегі мультимедиалық құрылғылардың экрандарында тартымды жабдықталуын арттыру 

үшін олардың жұмыс істеуінің тұжырымдамасын қайта қарау.

      Дайын медиа-өнімдерді ілгерілету мәселесіне ерекше назар аударылатын болады, атап 

айтқанда:

      1) бірегей және қызықты контентпен алдын ала құлақтандыру жетекші баспасөз және 

электрондық БАҚ-тар үшін міндетті практика болады;

      2) қазақстандық БАҚ-тың маңызды графикалық, фото- және бейнематериалдары Интернет 

желісінде белсенді түрде алға жылжитын болады;

      3) мемлекеттік БАҚ өзінің жеке қаражаты есебінен тоғыспалы технологияларды 

пайдаланатын болады.

      Ақпарат саласын басқару халықтың барлық санаттарын ескеретін БАҚ аудиториясының 

объективті өлшемдері нәтижелеріне негізделетін болады. Көрермендер сұранысын талдау 

нәтижелері бойынша телеарналардың эфирінен рейтингі төмен бағдарламаларды алып тастау 

жұмыстары жалғасын табуда. Арналардың көрермендер аудиториясын барынша көтеруге жетекші 

шетелдік аналогтер үлгісі бойынша қайта бағдарламалау қызмет етеді.

      Мемлекет мемлекеттік БАҚ-ты басқарудың жаңа тетіктерін белсенді түрде қолданатын 

болады, оның ішінде мемлекеттік БАҚ-қа стратегиялық жоспарлау талаптарының деңгейін арттыру 

есебінен жұмыстар жалғасады. Мемлекеттік арналар және газеттердің басшыларымен 

келісімшарттар, олар көрермендер аудиториясы мен жарнама нарығын ұлғайту, таралымды көбейту,

интернет-ресурстардың оқырмандарын арттыру және т.с.с. сияқты түпкілікті нәтижелерге 

негізделетін болады.

      Туындаған қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес барлық мүдделі тараптар тартыла отырып, БАҚ 

саласындағы заңнаманы жетілдіру процесі жүзеге асырылатын болады.

      Бағдарламаның қолданысы кезеңінде баспа БАҚ өз өзектілігін сақтап қалады, сондықтан 

мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсету жұмыстары жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдер 

аудиториясына бағытталған газеттер мен журналдарды, сондай-ақ олардың тиісті Интернет 

ресурстарын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

      Интернет желісінде орналастырылатын материалдар жаңа медиа форматқа бейімделетін 

болады. Жарияланымдарға қолжетімділікті арттыру БАҚ нұсқаларын ұтқыр коммуникация 

құралдарына қолжетімді етеді. Жалпы, барлық негізгі БАҚ-тың Интернетке көшуі жүзеге 

асырылады және Интернет масс-медиа үшін бірыңғай тұғырнамаға айналатын болады.

      Ақпараттың ұдайы өсу ағынында жаһандық желіде контентті дербестендіру бірінші 

кезектегі мәнге ие болады. Аудиторияның адалдығын қамтамасыз ету үшін БАҚ — 

Интернет-өнімдерін тақырып және өңірлік жақындықтары бойынша пайдаланушылардың нақты 

топтарының қызығушылықтарына бейімдейтін болады. Ақпараттық хабарламалар географиялық «

оқиғалар картасында» бейнеленуі мүмкін, ал геолокация технологиясы оқырман тұрған өңір 

туралы хабарламаларға назар аударуға мүмкіндік береді.

      Мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің 

біліктілігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады:




      1) Астана қаласындағы телерадиокешеннің мүмкіндіктері медиа-нарықтың 

инженерлік-техникалық және басқа да қазіргі заманғы мамандарын практикалық оқыту ісіне 

барынша жұмылдырылатын болады;

      2) халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Қазақстанның медиа-қауымдастығы өкілдерінің 

халықаралық көрмелерге, форумдарға, конференциялар мен сыйлықтарға белсенді қатысуы БАҚ 

саласында тәжірибе алмасуға және ынтымақтастық орнатуға арналған алаңға айналуға тиіс.

      Қазіргі заманғы ақпараттық әлемде аудиторияның сенімі баспа және электрондық БАҚ, 

интернет-ресурстың неғұрлым қажетті сапасы болып табылады. Сондықтан журналистік 

қоғамдастықтың өзін-өзі реттеу мәселесі жөніндегі масс-медиа саласындағы кәсіби мамандардың 

бастамаларына қолдау көрсетілетін болады. Мұндай жалпы мойындалған құндылықтарды қорғау 

тетігі бір уақытта мемлекеттің қоғамдастық пен БАҚ арасындағы қатынасқа араласу қажеттілігін

төмендете отырып, отандық БАҚ-ты күшейтуге мүмкіндік береді.

      Халықаралық деңгейдегі мемлекет имиджін нығайтуға және Қазақстан туралы жаһандық 

ақпаратты ілгерілетуге қазақстандық телеарналардың шетелдік аудиторияны қамтуы әсер етеді:

      1) Қазақстанның жақын көршілерінің тұрғындарына қазақстандық мәдени-білім беру 

арналарына қолжетімділік ұсынылатын болады;

      2) Қазақстанның стратегиялық әріптестері аумағында үш тілде хабар тарататын ақпараттық

және мәдени-білім беру телеарналарына қолжетімділік ұйымдастырылатын болады.

      Елді мекен ауқымында сымсыз ақпараттық-коммуникациялық желілерінің дамуымен, көлік 

кұралдары және қоғамдық пайдалану орындарда қазақстандық радио мен телеарналарға 

қолжетімділік мүмкіндігі ұйымдастырылатын болады.

3) Отандық ақпараттық контент өндірісін ынталандыру

      Ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың жаңа форматы қазіргі заманғы ақпараттық-идеологиялық

отандық өндірістің өнімдерін маркетингтік ілгерілетуге және өндірістің жаңа мәдениетін 

қалыптастыруға тиіс. Мемлекеттің тиімді ақпараттық саясатты іске асыруы үшін нәтижелілігі 

елдегі меншікті контент индустриясының даму деңгейіне тікелей байланысты болатын 

мамандандырылған коммуникативтік стратегияны әзірлеу және іске асыру қажет.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      2012 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 2 752 БАҚ жұмыс істейді, оның 

ішінде: мемлекеттік - 439 (16 %), мемлекеттік емес - 2 313 (84 %). БАҚ-тың жалпы санының 

ішінде 1 664 газет, 837 — журнал, 238 - электрондық БАҚ (51 телекомпания, 48 радиокомпания, 

133 кәбілді телевизия және 6 жерсеріктік хабар тарату операторы), 13 - ақпараттық агенттік.

      Тұрақты түрде іскерлік және жеке қажеттіліктері үшін Интернет мүмкіндігін пайдаланатын

адамдардың саны шамамен 8,9 млн. құрайды.

      Сонымен қатар құны бойынша шетелдік өніммен салыстыруға болатын қызықты, танымдық және

тартымды отандық өндіріс материалдарының жеткіліксіз екендігі байқалады. Нәтижесінде 

қазақстандықтар шетелдік ойын-сауық және интерактивті ресурстарға қызығушылық танытады.

      Міндеті: отандық ақпараттық кеңістіктің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.

      Нысаналы индикаторлар:

      1) отандық өндірістегі телеөнімдер көлемі 2017 жылы - эфирлік уақыттың - 53 %, 2020 

жылы - 60 %;

      2) прокаттағы отандық көркем фильмдердің саны 2017 жылы - 8 %, 2020 жылы - 10%;

      3) Интернет-трафиктің ішкі және сыртқы көлемінің арақатынасы - 2017 жылы - 0,7:1-ге, 

2020 жылы - 1:1-ге;

      4) «.kz» және «.қаз» домендеріндегі интернет-ресурстардың өсу санын 2017 жылы - 35 %-

ға, 2020 жылы - 50 %-ға жеткізу;

      5) қоса қаржыландыру шартының негізінде жеке меншік телеарналар арасында тапсырыс беру

тәсілімен телевизиялық өнімнің өндіріс көлемі 2017 жылы - кемінде 10 жоба, 2020 жылы - 

кемінде 15 жоба;

      6) қазақстандық интернет-ресурстарға орташа кіруді арттыруды 2017 жылы - 40 %-ға, 2020

жылы - 50 %-ға жеткізу;

      7) қазақстандық блог саласының көлемін - 2017 жылы 1 дербес интернет-блогқа 100 

Интернет пайдаланушы, 2020 жылы 2 дербес Интернет-блогқа 100 Интернет пайдаланушы;

      8) отандық телесериал түсіру 2017 жылы кемінде - 10, 2020 жылы - 20;

      9) мемлекеттік телеарналар контенті өндірісін 2017 жылы — 50 %, 2020 жылы - 60 % 



жүктеу 437,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау