"Ақпаратты Қазақстан - 2020" мемлекеттік бағдарламасы және "Мемлекеттік
бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығы
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922
сәйкес
Жарлығына
ҚАУЛЫ
:
ЕТЕМІН
1. Қоса беріліп отырған «Ақпаратты Қазақстан - 2020»
(бұдан
мемлекеттік бағдарламасы
әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін;
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс
істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4
наурыздағы № 931
белгіленген мерзімдерде және тәртіппен Бағдарламаның орындалу
Жарлығында
барысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ақпарат ұсынсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске
асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
Жарлығына
2010 ж., № 25-26, 185-құжат; 2011 ж., № 3-4, 39-құжат; 2012 ж., № 9, 171-құжат; № 47, 626-
құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар
мынадай
тізбесі
мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
«6.
«Ақпаратты Қазақстан -
2020» мемлекеттік
бағдарламасы
Қазақстан
Республикасы
Көлік және
коммуникация
министрлігі
2012 жылғы 1
қарашаға дейін
2013-2020
жылдар
2012 жылғы 1
желтоқсанға
дейін».
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне
жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 8 қаңтардағы
№ 464 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«Ақпаратты Қазақстан - 2020»
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
I. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауы «Ақпаратты Қазақстан - 2020»
мемлекеттік
бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіз «Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Көлік және
әзірлеу үшін жауапты коммуникация министрлігі
мемлекеттік орган
Бағдарламаны іске Орталық және жергілікті мемлекеттік
асыруға жауапты органдар, жергілікті өзін-өзі басқару
мемлекеттік органдар органдары
Бағдарламаның мақсаты Ақпаратты қоғамға көшу үшін жағдайлар жасау
Міндеттері 1) Мемлекеттік басқару жүйесінің
тиімділігін қамтамасыз ету.
2) Ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз
ету.
3) Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және
мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру.
4) Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Іске асыру мерзімі 1-кезең: 2013 - 2017 жылдар
2-кезең: 2018 - 2020 жылдар
Нысаналы индикаторлар 1) 2020 жылы Қазақстан Дүниежүзілік Банктің
«Doing Business» рейтингінде алғашқы 35
елдің тізімінде болуға тиіс;
2) «электрондық үкімет» индексі (БҰҰ-ның
әдістемесі бойынша) 2020 жылы алғашқы 25
елдің қатарында болуға тиіс;
3) Қазақстан Республикасы үй
шаруашылықтарындағы
ақпараттық-коммуникациялық
инфрақұрылымның қолжетімділігі - 100 %;
4) 2020 жылы Интернет желісін
пайдаланушылар саны - 75 %;
5) Қазақстан тұрғындарын эфирлік цифрлық
телерадио хабарларын таратумен қамту — 95%;
6) елдің ЖІӨ-не ақпараттық коммуникациялық
технологиялар (бұдан әрі - АКТ) секторының
үлесі - 4 %;
7) денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне
қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының
үлесі - 100%;
8) бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру
желісіне қосылған ғылыми-білім беру
мекемелерінің үлесі - 100 %;