Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"



жүктеу 437,7 Kb.
Pdf просмотр
бет10/17
Дата16.02.2018
өлшемі437,7 Kb.
#9837
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %;

      2) «Электрондық медициналық карталармен» қамтамасыз етілген тұрғындардың үлесі 2017 

жылы - 60 %, 2020 жылы - 100 %;

      3) денсаулық сақтау ұйымдарының ақпараттық жүйелерін бірыңғай ықпалдастық 

тұғырнамасымен ықпалдастыру 2017 жылы - 40 %, 2020 жылы - 100 %;

      4) 100 медициналық қызметкерге есептегенде компьютерлер саны 2017 жылы - 60, 2020 жылы

- 100.

      Қол жеткізу жолдары



      АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу арқылы халыққа медициналық қызметтердің 

қолжетімділігі мен сапасын арттыру мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:

      1) ақпарат алмасу және ақпаратқа қолжетімділігі үшін елдің барлық медициналық 

мекемелерін ДСБАЖ-ға қосу;

      2) барлық бастапқы қағаз түріндегі медициналық құжаттаманы электрондық форматқа көшіру

(бұл ретте барлық медициналық құжат үшін бірыңғай формат қамтамасыз етіледі);

      3) қажет болған жағдайларда телекөпірлерді, консилиумдарды және саланың жетекші 

мамандарымен консультацияларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудың қорғалған

бірыңғай желісін құру;

      4) мекемелердің қызметі, мамандар, науқастарды қабылдау кестесі туралы барлық қажетті 

ақпаратты қамтитын бірыңғай ықпалдастырылған тұғырнаманы әзірлеу, енгізу және оған 

медициналық мекемелер мен денсаулық сақтау ұйымдарының барлық ақпараттық жүйелерін және 

деректер қорын қосу, тұрғындардың Интернет желісі немесе ұтқыр телефония арқылы медициналық 

деректер қорына қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Интернет арқылы жедел 

қолжетімділік мүмкіндігімен дәрігерге бару, ауруханаға жату, диагностикалық зерттеулер, 

амбулаториялық және стационарлы емдеулер туралы ақпаратты қамтитын, емделушінің қорғалған 

электрондық (ұтқыр) картасы арқылы нақты уақыт режимінде деректерді емделушінің электрондық 

картасына және емдеуші дәрігеріне жіберетін емделушінің денсаулық жағдайын мониторингтеу 

құрылғыларын енгізу;

      5) эпидемиялар мен ауру ошақтары, аурулар, олардың алдын алу және емдеу туралы 

мәліметтер, жарияланымдар, есептер, зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми және медициналық 

ақпараттың деректер қорын құру;

      6) Қазақстан Республикасында тіркелген дәрілік препараттардың және олардың дәріханалар

желісінде болуының жалпыға қолжетімді бірыңғай деректер қорын құру;

      7) емделушілердің тағайындау мұрағатына қолжетімділікті жедел алуға мүмкіндік беретін 

электрондық медициналық тағайындаулар мен рецепттердің жүйесін құру;

      8) егде тартқан және жалғызілікті азаматтардың (60 жастан асқан) денсаулық жағдайын 

мониторингтеудің телемедициналық білезігін енгізу;

      9) жедел жәрдем қызметін автоматтандыру;

      10) АКТ және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша денсаулық сақтау 

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және даярлау жүйесін құру.

3) Электрондық коммерцияны дамыту

      Электрондық коммерция - бұл біз үшін салыстырмалы түрде жаңа, ал Батыста және Оңтүстік

Шығыс Азияда жақсы дамыған экономика сегменті, ол компьютерлік желілердің көмегімен барлық 

қаржылық және сауда транзакцияларын, осындай транзакцияларды жүргізуге байланысты 

бизнес-процестерді қамтиды. Электрондық коммерция нарығы біздің елімізде соңғы екі жылда 

неғұрлым қарқынды дами бастады, бұл интернет-пайдаланушылар санының артуымен, әлеуметтік 

желілер ықпалының артуымен, электрондық төлемдер саласындағы монополияның артуын жоюмен және

жетекші веб-парақшалардың Web 1.0 технологиялық тұғырнамасынан Web 2.0 тұғырнамасына 

көшуімен түсіндіріледі.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Бүгінгі күні Қазақстан электрондық коммерцияны дамыту бойынша әлемнің индустриялық 

елдерінен айтарлықтай артта қалуда (электрондық сауда көлемі 2011 жылы 260 миллион АҚШ 

доллар немесе тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығының 0,4 % құрайды, бұл Ресеймен 

салыстырғанда он есе кем, олардың аталған көрсеткіші 4 %). Бұл Интернет желісінің 

қазақстандық сегментінде пайдаланушылардың шекті салмағының айтарлықтай кеш пайда болуымен 

түсіндіріледі. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, электрондық коммерция Интернет 



пайдаланушылардың саны халықтың жалпы санының 20 %-ынан артық болған кезде және онда кемінде

2-3 жыл болғанда (он-лайн төлеу қорқынышы кедергісін жою үшін жеткілікті уақыт) индустрияға 

айналады.

      Проблеманың екінші бөлігі - төлем карточкалары бойынша төлеу мәдениетінің 

жетіспеушілігі және e-commerce карточкалары бойынша төлеу кезінде бас тартудың аса жоғары 

деңгейі. Қазіргі кезде барлық транзакциялардың тек 21 %-ы - төлем карталарын пайдалана 

отырып қолма-қол ақшасыз төлемдер, ал қалғаны банкомат арқылы төлем карточкасынан ақша алу (

мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы тамыздағы деректері бойынша 

елімізде 11 млн. төлем карточкасына қолма-қол ақшаны алу бойынша 12,5 млн. транзакция және 

картадан 3,4 млн. қолма-қол төлемсіз төлем транзакциялары) сәйкес келеді. Интернетте төлем 

карточкасы бойынша төлеу туралы айтатын болсақ, жағдай бас тартулардың көптігімен тереңдей 

түседі (нарықтың түрлі ойыншыларының төлем карточкалары бойынша төлеу кезінде бас тарту 

деңгейі 37-ден 48 %-ға дейін құрайды).

      Міндеті: электрондық коммерцияның отандық нарығының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз

ету.

      Нысаналы индикаторлар:



      1) тауарлар мен қызметтердің жалпы нарығындағы электрондық коммерция үлесі 2017 жылы -

7 %, 2020 жылы - 10 %;

      2) электрондық түрде ақы төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы 

қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 40 %.

      Қол жеткізу жолдары

      Электрондық коммерцияны дамыту үшін мынадай шаралар қабылданады:

      1) салалық сауда алаңдарын құру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      2) Интернет-дүкендерде жасалатын транзакциялар (саны және көлемі) бойынша есептілікті 

қалыптастыру туралы мәселені қарау;

       3) электрондық коммерция саласындағы заңнаманы және құқық қолдану тәжірибесін 

жетілдіру;

      4) жалпы интернет-ортаны және негізінен интернет-бизнесті дамыту тақырыбына 

конференцияларды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді қолдау және интернетте электрондық төлем

құралдарын пайдалану бойынша ақпараттық-ойын-сауық жұмыстарын қолдану.

4) Электрондық экономиканы қалыптастыру

Өнеркәсіп саласындағы АКТ

      Ақпараттық технологиялар өндірістің икемділігі мен шешім қабылдаудың жеделдігін 

арттырады, жаһандық нарықтарға шығу мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін 

негіз жасайды. Алайда отандық өнеркәсіпті ақпараттандырудың айтарлықтай төмен деңгейі 

жағдайында оларға деген сұраныс тұрақты және қарқынды өсуді көрсетпей отыр. Кәсіпорынның 

экономикалық базалары АКТ-ны қарқынды тұтынуға әлі дайын емес. Ал жоғары технологиялар кіріс

қалыптастыруға қатыспайтын салалар бұл салаға біржолғы шығындарды ғана жұмсауды қалайды.

      Қазіргі заманғы ақпараттық және жоғары технологиялық дәуірде отандық өнеркәсіптік 

кәсіпорындар өзінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны өндірістік және 

әкімшілік-шаруашылық қызметте пайдалануға қатысты өзінің көзқарасын қайта қарауы және барлық

ішкі процестерді автоматтандыруға тиісті назар аударуы қажет.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес Қазақстан 

Республикасының өнеркәсіптік өндірісінің 2012 жылғы қаңтар-тамыз аралығындағы жалпы көлемі 

10 687 879 млн. теңгені құрады және өткен жылмен салыстырғанда 0,7 %-ға артты.

      Бүгінгі күні ірі және орташа өнеркәсіп кәсіпорындары мен өндірістердің саны 1 848 

құрайды.


      Өнеркәсіп көрсеткіштерінің оң серпініне қарамастан, өнеркәсіп кәсіпорындарының өзінің 

өндірістік қызметінде жоғары технологияларды игеруінің деңгейі төмен екенін атап өту қажет.

      Өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін АКТ-ны енгізу 

және өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметкерлерін АКТ саласындағы арнайы біліктілікке оқыту 

арқылы өндірістік процестерді тұрақты жетілдіру талап етіледі. Сол себепті кәсіпорындардың 



жүктеу 437,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау