Қашықтан жұмыспен қамту нысандарын дамыту үшін 2012 жылы еңбек заңнамасына қашықтан
жұмыспен қамту нысанын заңнамалық бекіту бөлігінде түзетулер енгізілді. Алайда жұмыстың
аталған нысанын кеңінен қолдану үшін нақты жағдай жасалған жоқ, дегенмен қашықтықта жұмыс
істейтіндер көптеген көрсеткіштерге әсер етеді, мысалы, жол кептелістерінің азаюы,
экологияға келтірілетін зиянды төмендету, мәселенің әлеуметтік жағы (мысалы, мүгедектердің
немесе жас балалары бар әйелдердің жұмыс істеуі), халықтың әл-ауқатын арттыру және т.с.с.
Міндеті: Қазақстанда ақпаратты қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретінде адами
капиталдың дамуына жағдайлар жасау.
Нысаналы индикаторлар:
1) адами капиталды дамыту индексі 2017 жылы - 0,764, 2020 жылы - 0,781;
2) электрондық білім беру ресурстарының үлесі 2017 жылы — 60 %, 2020 жылы - 100 %;
3) халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2017 жылы - 65 %, 2020 жылы - 80 %;
4) қашықтықтан жұмыс істейтіндер саны 100 тұрғынға 2017 жылы - 7 адам, 2020 жылы - 20
адам.
Қол жеткізу жолдары
Қазақстанда ақпаратты қоғамды қалыптастырудың басты факторы ретінде адами капиталды
дамыту үшін аталған бағдарламаның шеңберінде мынадай шаралар іске асырылатын болады:
1) қандай да бір саладағы қызметкерлердің компьютерлік сауаттылығын оның жұмысында
қолданылатын АКТ біліктілікті арттырудың мамандандырылған курстарды ашу;
2) қашықтықтан жұмыспен қамту нарығын дамыту мәселесін өңдеу;
3) компьютерлік сауаттылықтың негізгі машықтары мен шағын және орта бизнес
кәсіпкерлері, жұмыссыз және/немесе ішінара жұмыспен қамтылған жастар, сонымен қатар
денсаулық мүмкіндіктері шектеулі адамдар, қарттар мен халықтың әлеуметтік қорғалмаған
бөлігінің өзге де санаттарына жататын адамдар үшін электрондық нысанда мемлекеттік
қызметтерді пайдалану бойынша курстарды өткізу.
Жаңа технологиялардың жоғары өсімін ескере отырып, АКТ саласындағы мамандардың
біліктілік деңгейін арттыру үшін мынадай жағдайлар жасалады:
1) АКТ мамандықтары бойынша біліктіліктің салалық шеңберін әзірлеу;
2) АКТ мамандықтары бойынша кәсіби стандарттарды жасау;
3) АКТ саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
Білімді беру мен ғылымдағы АКТ
Қазіргі заманғы АКТ дамуы білім беруді дамытудың қарқыны мен бағытын белгілейді:
әдістемелер вариабельді, ғимараттар өндірістік тәжірибеге жақын болуы керек, ал оқытушылар
жоғары білікті болуымен өздерінің әдістемелік және өндірістік біліктілігін үздіксіз арттырып
отыруға міндетті болуға тиіс. Кері жағдайда АКТ-ның адами капиталды қалыптастыруға жасайтын
ықпалы теріс болып шығады.
Болашақтағы білім - бұл аралас білім, яғни білім беру процесіне күндізгі және желілік
оқу нысандарының тартылу дәрежесі әртүрлі симбиозы. Қазіргі уақытта әлемде аралас (дәстүрлі
және электрондық) оқыту тәжірибеге енгізілген. Болашақта аралас оқу нысаны орта білім беруде
басымдыққа ие болмақ.
Білім беру саласында АКТ-ны дамытудың барлық жаңа процестерін есепке алу және оларды
білім беру процестерінде пайдалану елдегі білім беруді жаңа деңгейге шығаруға көмектеседі.
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Орта білім саласына АКТ мүмкіндіктерін ғаламдық енгізу мақсатында 2011 жылы мектептер
мен техникалық және кәсіптік білім беруге (бұдан әрі - ТжКБ) электрондық оқытудың ақпараттық
жүйесін (e-Learning) енгізу жобасы басталды. Алайда, бұл жоба цифрлық білім беру контентін
стандарттау, білім беру ұйымдарын тегін немесе жеңілдікті КЖҚ қамтамасыз ету, оқушылар мен
оқытушыларды жеңілдікті Интернетпен қамтамасыз ету сияқты бірқатар ілеспе міндеттерді шешуді
талап етеді.
Міндеті: АКТ енгізу арқылы Қазақстанның білім беру және ғылым салаларының бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Нысаналы индикаторлар:
1) ғылыми білім берудің бірыңғай ұлттық желісіне қосылған ғылыми білім беру
мекемелердің үлесі 2017 жылы - 50 %, 2020 жылы - 100 %;
2) ерекше қажеттіліктері бар (инклюзивті білім беру) балалар үшін АКТ көмегімен сапалы
білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету 2017 жылы - 30 %, 2020 жылы - 50 %;
3) мектептер мен ТжКБ үшін ашық қолжетімділіктегі электрондық контенттің көлемі 2017
жылы - 60 %, 2020 жылы - 90 %.
Қол жеткізу жолдары
Білім беру саласына АКТ-ны толық ауқымда енгізу және АКТ көмегімен сапалы білімнің
қолжетімділігін арттыру үшін мынадай шаралар іске асырылды:
1) мультимедиа-технологияны қолдана отырып, цифрлық ғылым және білім ресурстарын
жүйелі түрде дамыту жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
2) білім беру саласындағы стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру;
3) мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық мәдениетті қалыптастыру тұжырымдамасын
әзірлеу;
4) мектеп жасына дейінгі балалардың тыныс-тіршілігін мониторингтеу және басқару
бойынша ресурстарды құру жөнінде ұсыныстарды әзірлеу.
Орта білім беру мекемелерінің білім беру процесіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
1) электрондық оқыту жүйесінің жұмыс істеуі үшін оқытушыларды және электрондық оқыту
жүйесінің әкімшілерін даярлау және біліктілігін арттыру;
2) мүгедек балаларды жабдықтармен және бағдарламалық қамтамасыз ету.
Жоғары оқу орындарының оқу процесіне АКТ-ны енгізу мыналарды көздейді:
1) ЖОО-лар жанында студенттердің өздерінің ғылыми жұмыстарын іске асыруы үшін қажетті
құралдармен жабдықталған зертханалар құру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
2) білім беру процестерін электрондық форматқа көшіру: материалдарды тарату,
жаңалықтарды жариялау, студенттердің өзара араласуы, оқу орындарының бәрінде (мектепке
дейінгі және жоғары) оқушылар мен оқытушылардың арасында жеке қарым-қатынас жасау;
3) білім беру процесіне мамандану бойынша нақты кәсіптік қызметке арналған жаңа
бағдарламалық шешімдер мен қосымшаларды тәжірибелік пайдалану курстарын оқуды (мысалы,
экономика факультеттерінің студенттеріне - экономика саласындағы қазіргі заманғы
бағдарламалық шешімдер) енгізу.
2) Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
АКТ-ны денсаулық сақтау саласына енгізу медициналық көмек көрсетудің сапасын жаңа
деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. АКТ дәрігерлік-санитарлық көмек көрсетуде және
қамтамасыз етуде өмірлік маңызды рөлге ие болады. Электрондық денсаулық сақтау
технологиялары емделушілерге қашықтықтан мониторинг жүргізуге, емделушілер арасында ақпарат
таратуды жақсартуға, медициналық-санитарлық көмекке қолжетімділікті, әсіресе шалғайдағы
аудандарда, мүгедектер мен егде жастағы адамдар үшін жақсартуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау
Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру саласында бірқатар жобалар іске
асырылды. 2011 жылы Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық денсаулық сақтау жүйесін (
бұдан әрі - ДСБАЖ) құру шеңберінде ДСБАЖ пилоттық аймағын ұйымдастыру бойынша жұмыстар
аяқталды. ДСБАЖ іске асыруды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында «Ауруханаға жатқызу бюросы
», «Бекітілген тұрғындардың тізілімі», «Есеп-тізілімдерді қалыптастыру» («Стационарлық
емделушілердің электрондық тіркелімі»), «Дәрігерлік-санитарлық көмектің ынталандырушы
құраушысы» порталдары жұмыс істейді.
Алайда шектен тыс төрешілдік проблемасы сақталып отыр, бұл өз кезегінде емделушілерге
қызмет көрсетудің сапасына әсер етеді. Жылдан-жылға емделушілердің дәрігердің кабинетіне
кезегінің артуы байқалады, емделушілердің дәрігерді таңдауы кезінде балама көп емес,
сондай-ақ оған бару уақытын жедел жоспарлай алмайды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі аталған
проблемаларды АКТ-ны кеңінен енгізу, «электрондық денсаулық сақтауға» көшу арқылы жоюға
болады, бұл медициналық қызметтердің халыққа қолжетімділігін арттыруға, емделушілерді
диагностикалау және емдеудің жеделдігі мен дәлдігін қамтамасыз етуге, қағаздарды толтыруға
кететін уақытты қысқартуға және тиісінше оны тікелей емделушіге қызмет көрсетуге жұмсауға
мүмкіндік береді.
Міндеті: АКТ-ны барынша пайдалану арқылы халыққа медициналық қызметтерді көрсетудің
қолжетімділігі мен сапасын арттыру.
Нысаналы индикаторлар:
1) бірыңғай денсаулық сақтау желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі 2017