Бағдарламасы және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы"



жүктеу 437,7 Kb.
Pdf просмотр
бет12/17
Дата16.02.2018
өлшемі437,7 Kb.
#9837
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

жоспарлау (сервистің орнатылған деңгейін сақтау, мәселен, жолдағы уақыт), транзиттік көлікті

басқару үшін қажетті борттық жабдықтарды біріктіру);

      11) коммерциялық көлікті бақылау (шекарадан өту, жүктің салмағын бағалау, қауіпті 

жүктерді тасымалдау кезіндегі экологиялық параметрлерді қосқанда, барлық маршрут бойынша 

көлік құралдарын сүйемелдеу);

      12) коммерциялық көлікті басқару (жол-көлік апаттарын тіркеу, жүктің қауіпсіздігі, 

жүргізушіні сәйкестендіру және басқалары, коммерциялық КҚ борттық жүйелерін біріктіреді);

      13) жүк және жолаушылардың автокөлік құралдарының салмақтық және габариттік 

параметрлерін сақтауды бақылау;

      14) т/ж, су және автомобиль көліктері саласындағы мәліметтерді бірыңғай деректер 

қорына шұғыл алу.

      3. Мүмкіндіктері шектелген адамдардың қажеттілігін ескеретін және көліктің аялдамаға 

келіп тоқтайтын уақыты, тізбесі, маршруттары мен осы жолмен жүретін қоғамдық көлік түрлері, 

жол жүру кестелеріндегі өзгерістер, жол жүру маршруттарындағы өзгерістер, жол жүру төлемдері

тарифтеріндегі өзгерістер, қылмыстық және төтенше жағдайлардың орын алуы туралы 

ақпараттандыруды қамтамасыз ететін кешенді ақпараттық жүйесін енгізу.

      4. Қоғамдық көлікте және аялдамаларда дабыл түймесін басу арқылы ахуалдық орталық және

төтенше жағдайлар қызметінің диспетчерін шақыру мүмкіндігі бар бейнебақылау жүйелерін енгізу

.

      5. Ұтқыр құрылғылар арқылы билеттерді броньдау, жол ақысын төлеу жүйелерін енгізу.



Агроөнеркәсіп кешеніндегі АКТ

      Агроөнеркәсіп кешені (бұдан әрі - АӨК) қоғам үшін өмірлік маңызы бар өнім өндіретін 

және аса үлкен экономикалық әлеует шоғырландырылған Қазақстан экономикасының құрамдас бөлігі

болып табылады.

      Аграрлық саласы дамыған жетекші елдердің тәжірибесі олардың барлығының «технологиялық 

төңкерістен» өткендігін көрсетеді. Классикалық экстенсивті егін шаруашылығын нақты (

прецизионды) егін шаруашылығы ығыстырады. Геоақпараттық технологиялар, көп операциялы 

энергияны үнемдеуші ауыл шаруашылығы агрегаттары, өсімдіктердің мол түсімді сорттарының 

селекциясы және жануарлардың жоғары өнімді тұқымын шығару кеңінен пайдаланылады.

      АКТ ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді ауа райы болжамы, ауыл шаруашылығы 

өнімдерінің бағасы тәрізді пайдалы ақпаратпен қамтамасыз етуде, сондай-ақ оларды жаңа 

технологиялар жөнінде хабардар етуде аса маңызды рөлге ие.

      Тиімді әрі бәсекеге қабілетті АӨК құру үшін дәстүрлі шығынды емес, инновациялық 

қорларды үнемдеуші АКТ-ны енгізуге, шаруашылықтың тиімділігін арттыруға, өндірілетін 

өнімдердің өзіндік құнын төмендетуге нысаналы құралдарды жұмсау қажет.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Ауыл шаруашылығының неғұрлым өткір проблемасы жалпы техникалық және технологиялық 

артта қалушылық, салаға АКТ-ны әлсіз енгізу болып табылады, ал ауыл шаруашылығы жұмыстарын 

жүргізудің әлемдік тәжірибесі қазіргі күннің өзінде АКТ-мен тікелей байланысты.

      Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында мынадай ақпараттық жүйелер қолданылады: «

Е-Agriculture» агроөнеркәсіп кешені салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі,

аграрлық саладағы электрондық сауда жүйесі, Электрондық астық қолхаттарының жүйесі. Ағымдағы

жылы 12 рұқсат беру қызметі мен 4 лицензияны беруді автоматтандыру жүргізіледі.

      «Электрондық үкімет» порталы арқылы ауыл шаруашылығы саласында екі электрондық 

мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Жалпы, осы салада жыл сайын шамамен 700 рұқсат беру құжаты 

беріледі, 2011 жылы берілген құжаттар саны 6 миллионнан асты.

      Сонымен қатар ауыл шаруашылығында мониторингтеу және сәйкестендірудің бірыңғай 

жүйелері дамымаған. Кеңістіктік ақпаратқа (карта, жоспарлар, сызбалар) байланысты 

мемлекеттік қызметтердің көбі автоматтандырылмаған. Кеңістіктік ақпараттар бір аумаққа 

әртүрлі нақтылықпен, түрлі әдістермен, әртүрлі байланыстыру арқылы және әрқилы 

деректемелермен бірнеше мәрте жасалады. Кеңістіктік тіркеуді республикалық және жергілікті 

деңгейдегі түрлі мекемелер жүргізеді. Деректердің бір ғана түрі бойынша тіркеу жұмыстарын 

түрлі органдар жүргізеді, бұл мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімі мен сапасына кері 

әсерін тигізеді.

      Міндеті: агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін қазіргі заманға сай, біріктірілген және 



тиімділігі жоғары ақпаратты ортаны ұйымдастыру.

      Нысаналы индикаторлар:

      1) интернет желісіне қолжетімділігі бар АӨК кәсіпорындарының үлесі 2017 жылы - 80 %, 

2020 жылы - 100 %;

      2) АӨК қызметкерлердің компьютерлік сауаттылық деңгейі 2017 жылда - 70 %, 2020 жылда -

100 %.


      Қол жеткізу жолдары

      Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін қазіргі заманға сай, біріктірілген, тиімділігі 

жоғары ақпаратты ортаны ұйымдастыру мақсатында мынадай іс-шаралар іске асырылады:

      1) прецизионды (нақты) егін шаруашылығын мониторингтеу және дамыту үшін әртүрлі 

мемлекеттік органдар пайдаланатын жер қоры туралы ақпаратты бір ізге салу мәселесін шешу 

бойынша ұсыныстарды қарастыру;

      2) ауыл шаруашылығы саласындағы бизнес-процестерді автоматтандыру жөніндегі 

ұсыныстарды қарастыру.

      АӨК саласында агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын, олардың 

бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 

электрондық-ақпараттық ресурстардың, жүйелердің және ақпараттық-телекоммуникациялық 

желілердің бірыңғай ақпараттық кеңістігін (АӨК-тұғырнама) құру жобасын іске асыру 

жалғастырылуда, сонымен қатар:

      1) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен оның аумақтық комитеттері пайдаланушыларының 

барлық нысаналы топтарының ақпараттық ресурстарын ақпаратты алудың және пайдаланудың 

бірыңғай ұжымдық жүйесі ретінде біріктіру - 100 % қамту;

      2) корпоративтік енгізудің барлық зияткерлік жүйелері шоғырландырылған супер-офис 

сыныбындағы автоматтандырылған жүйе құру - жүйелерді 100 % ықпалдастыру;

      3) барлық деректерді тиісті басқаруды қамтамасыз ету және апатты жағдайлар мен 

жұмыстағы басқа да ақаулар (көшу, жөндеу жұмыстары және т.б.) жағдайында операцияның 

жалғастырылуына кепілдік беру;

      4) ақпараттық деректердің барлық үлгілерін жіберудің бірыңғай кәбілді жүйесімен 99,9 %

қамту.

Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа арналған



зияткерлік жүйелер

      Қазіргі уақытта энергия тұтынуды азайту және өмір сүру үшін қажетті барлық салалардың 

энергетикалық тиімділігін арттыру проблемасы бірінші кезекке шығуда. Қазіргі заманғы АТК-нің

жоғары деңгейін және шетелдік тәжірибені ескере отырып, оларды халықтың тұрмыс-тіршілігінде 

тұрғын үй-коммуналдық жүйелердің жұмысында және энергиямен жабдықтауда қолдану тиімділігі 

зор екенін атап өткен жөн.

      Қазіргі заманғы тиімді тұрғын үй-коммуналдық жүйесі мен энергиямен жабдықтау жүйесін 

құрудың басты бағыты коммуналдық ресурстарды тұтыну деректерінің өлшемі мен оларды берудің 

зияткерлік жүйесін құру болуы тиіс.

      Ағымдағы ахуалды қысқаша талдау

      Қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын (бұдан әрі - ТКШ) жаңғырту 

бағдарламасының шеңберінде күрделі қорды жаңғыртуға көп көңіл бөлінуде, алайда салада АТК 

қолдау мәселесі назардан тыс қалуда.

      ТКШ объектілерінде объектілерді диспетчерлеу деңгейі барынша төмен, инженерлік жүйелер

тиімді бақыланбайды және басқарылмайды, әртүрлі штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде шұғыл 

әрекет ету проблемасы кездеседі.

      Коммуналдық төлемдерді жинаудың, өңдеу мен сақтаудың қазіргі жүйесі ашық емес, бұл 

өнім берушілерге деген сенімсіздікті тудырады және ең бастысы энергия және ресурс үнемдеуге 

ынталылық болмайды.

      Еліміздегі өнеркәсіп және тұрғын үй секторы бүгінде энергия сыйымдылығы бойынша 

Еуропалық одақ елдеріндегі осыған ұқсас көрсеткіштен бес есе жоғары. Мемлекеттік 

мекемелердің көбі (мектептер, ауруханалар және т.б.), сондай-ақ тұрғын үйлер тиімсіз энергия

жүйелерімен жарақтандырылған және жаңартуды талап етеді.

      Міндеті: ТКШ саласында қызметтер көрсету сапасы мен АКТ енгізу есебінен энергия 

үнемдеу тиімділігін арттыру.



жүктеу 437,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау