Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындарының



жүктеу 250,52 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата01.01.2020
өлшемі250,52 Kb.
#25647
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


www.britishcouncil.kz

Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындарының 

ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУЫ



1

МАЗМҰНЫ

ТҮЙІНДЕМЕ

                                                                                                  

Зерттеу тұжырымдары                                                                                           2 

Перспективалар                                                                                                   2

 

КІРІСПЕ

                                                                                                      

4

 

ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

                                                                                          

5

 

ӘДІСТЕР 

                                                                                                    

6

 

2018 ЖЫЛҒЫ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ

                                                                      

Студенттердің мобильділігі                                                                                                                                                                             7 

Университеттердің профессорлар мен оқытушылар құрамының белсенділігі                           9 

Серіктестіктер                                                                                                     11 

Халықаралық қызметті басқару                                                                                 11

 

2018 ЖЫЛДЫҢ ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

                                                                                                                 

12

 

ҚОРЫТЫНДЫ

                                                                                                                                                                                         

14

 

ҚОСЫМША: ДЕРБЕС БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ

                                                                                                                             

15



2

БИЫЛҒЫ ЗЕРТТЕУДІҢ 

ТҰЖЫРЫМДАРЫ

   

Зерттеуге қатысқан барлық университеттер халықаралық 

ынтымақтастықтың қажеттілігін және басымдықтарын толық 

ұғынады 


   

Барлық университеттердің төл халықаралық стратегиялары, 

сондай-ақ халықаралық қызметті жүргізуге арналған 

басқарушылық құрылымдары мен процедуралары бар  

«Жоғарыдан төмен» қағидаты бойынша, сондай-ақ 

«төменнен жоғары» қағидаты бойынша түрлі басқару 

модельдері болады 

   

Жастардың эмиграциясы және қаржыландырудың 

қолжетімділігі секілді ішінара аймақтық сипаттағы 

проблемалар бар, бұл университеттердің жұмысына, соның 

ішінде интернационалдандыру саласында тікелей ықпал 

етеді және шектеулер қояды 



   

Шетелге оқуға баратын студенттердің көпшілігі 

бакалавриат бағдарламалары бойынша оқиды, алайда, 

пайыздық қатынаста магистратура мен докторантура 

студенттерінің саны айтарлықтай жоғары  Шетелден 

келетін студенттер де сондай-ақ негізінен бакалавриат 

бағдарламаларында оқиды; бұл орайда олардың саны 

пайыздық арақатынаста да жоғары  



   

Шетелдің жоғары оқу орындарында ғылыми дәреже алған 

оқытушылардың пайызы өте төмен  Сауалдама жүргізілген 

университеттерде жұмыс істейтін шетелдік оқытушылардың 

көпшілігі қысқа мерзімге келген және, негізінен алмасу 

бағдарламаларында немесе магистрлік бағдарламаларда 

сабақ береді 

   

Ресей, көршілес мемлекеттер мен Шығыс Еуропа елдері – 

оқытушылық және ғылыми қызметтегі негізгі серіктестер 

   

Жоғары білім беру бағдарламаларының тек аздаған саны 

ғана халықаралық аккредитация алған 

   

Тілдерді меңгеру және қаржы-қаражат – халықаралық 

ынтымақтастыққа көбінесе бөгет болатын осылар 

   

Сауалдама жүргізілген университеттердің әрқайсысы 

халықаралық қызметті кеңейтуге аса ынталы әрі дайын 

екенін білдірді 



ПЕРСПЕКТИВАЛАР

Қоғам бүгін қарыштап дамуда, және жастарда жаңа 

талаптар мен басымдықтар пайда болуда  Студенттердің 

білімге деген нақты сұранысы бар және жоғары білім беру 

бағдарламалары өздерінің келешекте кәсіптік және мансаптық 

өрлеуі үшін нақты артықшылықтар бергенін қалайды  Мықты 

институционалдық «месседж» инновациялық шешімдермен 

ұштастықта студенттерді дайындауға нақты бағдар бере 

алады да, онда интернационалдандыру елеулі артықшылыққа 

айналады 

Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, университеттердің 

төмендегі мүмкіндіктерді қарастыруы ұсынылады:



   

студенттердің шет тілдерін зерделеуге сұранысын 

талдау (атап айтқанда, шет тілдерін меңгеру жоғары оқу 

орындарының бағдарламаларын бітірген соң жұмысқа 

орналасуға және әрі қарай оқуға қалай ықпал етеді);

   

мүмкіндігінше бакалавриат бағдарламаларының міндетті 

құрамдасы ретінде шет тілдері курстарын енгізу және 

студенттерді магистрлік және докторлық бағдарламаларға 

қабылдау кезінде шет тілдерін меңгеру бойынша ең төмен 

талаптар қою;



   

инновациялық сабақ беру әдістерін енгізу және 

оқу бағдарламаларының реформаларын іске асыру 

мақсатында, профессорлар мен оқытушылар құрамының 

шетелдік университеттерде машықтанудан өту 

мүмкіндіктерін арттыру;



   

оқу бағдарламалары мен ұсынылатын мамандықтарды 

кеңейту мақсатында, шетелдік университеттермен 

серіктестікте ұлтаралық білім беру бағдарламаларын 

енгізу; 

   

ұсынылатын жоғары білім беру бағдарламаларының басым 

бөлігін халықаралық деңгейде аккредиттеу;

   

студенттер үшін қосымша мүмкіндіктер жасау мақсатында 

басқа қалаларда және (немесе) шетелдерде кампустар 

ұйымдастыру;



   

жергілікті өндіріс орындарымен және жұмыс берушілермен 

бірлесіп, жоғары білім беру бойынша аймақтық және 

трансшекаралық бизнестің қажеттіліктеріне сай келетін 

жаңа бағдарламаларды әзірлеу;

ТҮЙІНДЕМЕ



жүктеу 250,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау