3
•
профессорлар мен оқытушылардың жаңа құрамын
жұмысқа қабылдау кезінде шетелде алынған докторлық
дәрежесі бар мамандарға артықшылық беру;
•
университеттің мамандануының бейінді салаларында
шетелдік университеттермен бірлескен ғылыми орталықтар
мен зерттеулар құру;
•
профессорлар мен оқытушылар құрамының біліктілігін
шетелде жоғарылату, соның ішінде ғылыми қызметпен
айналысатын студенттерге бірлесіп жетекшілік ету
үшін, оқу демалысында жүрген шетелдік оқытушыларды
университеттің педагогикалық және ғылыми
ынтымақтастық бағдарламаларына жеке қатысуға тарту
мақсатында оқу демалыстары жоспарларын енгізу/кеңейту;
•
техникалық пәндер бойынша бағдарламаларды
интернационалдандыру бойынша тәжірибесі бар жоғары
оқу орындары үшін Вашингтон келісіміне қосылу жолымен
халықаралық деңгейде тануды жоғарылату (http://www
ieagreements org/accords/washington/);
•
профессорлар мен оқытушылар құрамы үшін университетті
интернационалдандыру стратегиясы және шетелдік
жоғары оқу орындармен жаңа серіктестіктерге бастамашы
болу процедуралары туралы нұсқаулықтар/ақпараттық
парақтар шығару;
•
мемлекеттік Аймақтық даму қорын, соның ішінде
техникалық емес пәндерге қолдау көрсету мақсаттарында
кеңейтуді лоббилеу;
•
түрлі елдердің бірге қызмет ететін университеттерімен
жоғары білім беру бойынша жаңа бағдарламаларды
бірлесіп әзірлеуді ынталандыру мен қолдау көрсетуді
қоса алғанда, Erasmus+ бастамаларының, атап айтқанда
потенциалды үдету бағдарламаларының шеңберінде ЕО
елдерімен өзара әрекеттесуді кеңейту;
•
аймақта белгілі бір салада «нөмір бірінші жоғары оқу
орнына» айналу үшін аймақта қолда бар мүмкіндіктерді
пайдалану және тиісті стратегиялар әзірлеу, соның ішінде
өз басымдықтарын дамыту;
•
ғылымдағы серіктестіктер үшін құндылықтар жасау;
•
ғылымдағы, оқытушылық және басқарушылық қызметтегі
жетістіктер үшін жеке көтермелеуді енгізу (мысалы,
ректормен бірге түскі ас ішу);
•
жаңа және бұрыннан бар серіктестіктерді дамыту кезінде
контрагенттерді тексеру үшін «дью-дилидженс» іс-
тәжірибесін пайдалану;
•
университеттердің филиалдары ашылғаннан кейін,
университеттердің стратегияларына сәйкес басқа
қалаларда немесе аймақтарда, атап айтқанда ТМД
елдерінде филиалдар құру;
•
жергілікті индустрия мен бизнес үшін мүмкіндіктерді
бірлесіп жасау мақсатында, қазақстандық университеттер,
аймақтық кәсіпорындар үшін институцоналдық
(кеңестемелік) қызметтер ұсыну;
•
алдыңғы қатарлы іс-тәжірибені енгізу тәжірибесінің
нәтижелерін тарату, жобаға қатысушы жоғары оқу
орындарымен өзара әрекеттестікті қолдау және білім
алмасу
•
Зерттеуге қатысушы барлық университеттер экономиканың
сервистік секторлары: кәсіпорындарға арналған
қызметтер, ақпараттық технологиялар, ғылыми және білім
беру қызметтері, жоғары маманданған медицина және
2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасында
белгіленген басқа салалар дамып келе жатқан ірі облыс
орталықтарында орналасқан Зерттеуге қатысушы
университеттер осы бағдарламаның шеңберінде
әзірленетін жобалармен өзара тығыз әрекеттесудің
мүмкіндігін қарастыра алады (егер ондай жобаларға әлі
қатыспайтын болса)
Британдық Кеңес мынадай мүмкіндікті қарастыруы мүмкін:
•
жобаны жалғастыру (екінші кезең) және зерттеуге
қатысқан университеттерге сапарлар ұйымдастыру,
сондай-ақ зерттеу нәтижелерін ең жақын аймақтық
университеттердің арасында тарату;
•
қазақстандық жоғары оқу орындары үшін халықаралық
іс-тәжірибенің негізінде ұлтаралық білім беру
бағдарламалары бойынша басшылыққа алынатын
нұсқаулар әзірлеу;
•
шетелдік студенттер мен оқытушылар үшін
Қазақстанның жоғары оқу орындарының тартымдылығын
бағалау;
•
ірі қалаларда орналасқан аймақтар хабтар мен
университеттер желісін нығайту мен кәсіпкерлік және
инновациялық қызметті дамытудың жаңа бағытын құру;
•
осы есепхатты Британдық Кеңестің Білім беру саласындағы
талдаушылар бөлімшесінің (British Council Education
Intelligence Unit) жариялауы үшін дайындау және оны
бөлімшенің ньюслеттеріне енгізу;
•
халықаралық академиялық қоғамдастықты барынша
кеңінен қамту және өзара әрекеттестікті дамыту
мақсатында, есепхаттың нәтижелерін білім беру
мәселелеріне арналған беделді журналдарда жариялауға
дайындау
4
КІРІСПЕ
Соңғы бірнеше жылда Қазақстан Үкіметі елдегі жоғары
білім беру ісін жаңартуға және интернационалдандыруға
бағытталған өр мақсатты реформаларды іске асыруда
Реформалардың негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
•
ғылыми зерттеулердің сапасы мен нәтижелілігін
жоғарылату және олардың нәтижелерін пайдалану;
•
жоғары оқу орындарының дербестігін жоғарылату
(бір студентке есепте қаржыландыру енгізу секілді
қаржыландыру реформаларын, сондай-ақ жоғары оқу
орындарын анағұрлым белсенді түрде аккредиттеу
мақсатында мемлекеттік үлгідегі дипломдардың күшін
жою);
•
жоғары білім беру жүйесіне ағылшын тілін енгізу (соның
ішінде көбірек пән бойынша ағылшын тілінде сабақ
беру және докторлық дәрежеге үміткерлікке арналған
жұмыстарды ағылшын тілінде орындау)
Жалпы білім беру жүйесінде дарынды оқушыларға жаңа
мектептер желісінде (Назарбаев зияткерлік мектептері) үш
тілде оқытудың жаңа үлгісі енгізілді (түрлі пәндер бойынша
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сабақ беру), оны
2019 жылдан бастап елдің барлық мектептеріне тарату
жоспарлануда
Реформалар білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты
белгілейтін бірқатар құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады,
соның ішінде:
•
Білім беру сапасын жоғарылатуға және Қазақстанның
экономикалық дамуына ықпалдасуға бағытталған, білім
беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
1
;
•
білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
2
;
•
«100 нақты қадам» – білім беру саласындағы бірқатар
шараларды қамтитын, мемлекеттің ашықтығы мен
есеп беруге міндеттілігін жоғарылатуға, заманауи
мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға, заңның үстемдігін,
экономикалық өрлеуді және әртараптандыруды
қамсыздандыруға бағытталған институционалдық
реформалар жоспары
3
Бұл орайда, егер Қазақстанның екі басты қаласында (елорда
Астанада және экономикалық орталық Алматыда) оқу
орындарында аталған реформаларды енгізу салыстырмалы
түрде белсенді жүзеге асырылса, аймақтық жоғары оқу
орындарының өзгерістерді іске асыруға мүмкіндіктері
көбінесе жетіспейді, осының нәтижесінде реформалар процесі
ұзаққа созылуда
Британдық Кеңес өз жұмысында Қазақстан Үкіметінің
жұмыспен қамту, инновацияларды дамыту және өркендеу
мүмкіндіктерін жоғарылату мақсаттарындағы ұлттық деңгейдегі
реформаларына қолдау көрсетуге ұмтылады Өзіміздің білім
беру стратегиямыздың шеңберінде біз, қазақстандықтарға
экономиканы және тұтастай алғанда қоғамды дамыту үшін
қажетті білім мен машықтарға ие болуға көмектесе отырып,
Ұлыбританияның білім саласындағы жетістіктерімен бөлісеміз
1. http://control.edu.gov.kz/ru/gosudarstvennaya-programma-razvitiya-obrazovaniya-na-2011-2020-gody
2. http://control.edu.gov.kz/sites/default/files/gpron_ukaz_ot_1.03.2016_no2015_1.pdf
3. http://www.adilet.gov.kz/ru/articles/100-shagov-po-5-institucionalnym-reformam