Сандық деректерді талдау. Екі топтың орта мәндерін салыстыру: Стьюденттің жұптасқан t- критерийі Биостатистика және ғылыми зерттеу негіздері кафедрасы Дәріс жоспары: - Статистикалық жорамалдарды тексеру: нөлдік және балама жорамалдар.
2. Екі топты салыстыру: тәуелді топтар. 2.1.Стьюденттің жұптасқан t-критерийі Таңдама деректері бойынша бас жиынтықтың параметрлері және қасиеттері жөнінде алдын-ала айтылған ұйғарым статистикалық жорамал деп аталады. Айтылған ұйғарымды (жорамалды) таңдама деректерімен салыстыру үрдісі статистикалық жорамалды тексеру деп аталады. . Тексерілуге жататын негізгі жорамалды нөлдік жорамал деп атайды және Н0 арқылы белгілейді. Нөлдік жорамал деп- таңдама деректерін салыстырғанда олардың арасындағы айырмашылықтың жоқтығы немесе ұқсастығы жөніндегі ұйғарымды айтады. Н1 балама жорамалы деп нөлдік жорамалмен бәсекелес, яғни оған қарама-қайшы келетін жорамалды айтады. Мысал: Популяциядағы ер кісілер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштерін салыстыру қажет болса, онда Н0 : популяциядағы ерлер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштері бірдей (екі топтың орта мәндері арасында айырмашылық жоқ, олар өзара тең); Н1 : популяциядағы ерлер мен әйелдердің шылым шегу көрсеткіштері әртүрлі (екі топтың орта мәндері арасында айырмашылық бар, олар өзара тең емес); Н0 жорамалын қабылдауға немесе жоққа шығаруға мүмкіндік беретін ережені статистикалық критери й деп атайды. Статистикалық критерийді таңдау: - талдау мақсатына, - деректер түрлеріне, - тәуелді топтар (жұптасқан деректер), - тәуелсіз топтар,
Достарыңызбен бөлісу: |