Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындарының


-БӨЛІМ. УНИВЕРСИТЕТТІҢ ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СТРАТЕГИЯСЫ



жүктеу 250,52 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата01.01.2020
өлшемі250,52 Kb.
#25647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

22

4-БӨЛІМ. УНИВЕРСИТЕТТІҢ ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ СТРАТЕГИЯСЫ

Бұл бөлімді университеттің халықаралық ынтымақтастық департаменті және/немесе интернационалдандыруға 

байланысты Университеттің ағымдағы қызметі мен жоспарлары туралы деректер мен ақпаратты жинау үшін жауап 

беретін университеттің басқару тобы толтырады.

16.  Университеттің интернационалдандыру бойынша қолданыстағы стратегиясы бар ма? Егер бар болса, онда оның 

уәждемелік мақсаттары мен негізгі міндеттерін көрсетуіңізді өтінеміз. Егер жоқ болса, онда ол қазіргі уақытта 

әзірленіп жатыр ма?

17.  Осының алдындағы сұраққа қосымша, университеттің интернационалдандыру жөніндегі стратегиясында 

көрсетілген мақсаттарға жету үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) атап көрсетуіңізді өтінеміз.

18. Интернационалдандыру үшін университеттің басқару құрылымы қандай?

19. Жаңа әріптестік қатынас құру кезінде оны қабылдау мен мақұлдау процесінің сұлбасы қандай? 

20.  Ынтымақтастық (әріптестік) жағдайында сапаны қамтамасыз ету қандай жолмен іске асады: нәтижелердің сапасын 

тексеруді және олардың күтілетін/талап етілетін стандартқа сай екенін растауды кім жүзеге асырады?

21.  Халықаралық қызметті кеңейтуге кедергі болып отырған негізгі проблемалар қандай? Негізгі 5 проблеманы/

тосқауылды атап өтіңіз. 

22.  Университет қазіргі уақытта пайдаланбай отырған әлеуетті мүмкіндіктер қандай?

23.  Жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеудің Болонья процесіне сәйкес келуі міндетті ме? Егер солай болса, бұл 

сәйкестікті көрсететін басты үш индикаторды атап көрсетіңіз.

24.  Сіздің Университетте ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде оқытылатын бағдарламалардың үлесі қандай? 2017/8 жылы 

осындай бағдарламалар бойынша оқып жүрген студенттердің үлесі қандай?

 

Келесі сұрақтар – интернационалдандыруды, университеттің автономиясын және үкімет алға жылжытып отырған 

зерттеулерді дамытуды неғұрлым терең талдау. Біздің сонымен қатар халықаралық аренада жоғары білім беру саласын 

басқаруға және дамытуға қолданылатын озық әдістерді қолдануға мүмкіндік беретін университеттің басқарылуы және оқу 

бағдарламаларының әзірленуі, сондай-ақ студенттерге қамқорлықтың жасалуы және студенттік тәжірибе туралы сіздің 

пікіріңізді білгіміз келеді.

Кейбір сұрақтар осының алдындағы бағалауда қойылған сұрақтарға ұқсас болып көрінуі мүмкін, бірақ олардың сипаты 

әлдеқайда жан-жақты. Мұндай ақпарат университетке студенттердің көзқарасына негізделіп, олардың қажеттіліктері мен 

пікірлерін түсінуге көмектеседі.

Талдау барысында мына тақырыптар қозғалады: 

1)  Шетелде білім алудың студенттер мен жас оқытушылардың арасында кең таралғандығы 

2)  Қазақстан университеттері шетелдің жоғары оқу орындарымен бірлескен бағдарламаларды әзірлеу кезіндегі 

ынтымақтастықтың уәждемесі пен пішіні

3)  Бірлескен зерттеу бағдарламаларының іске асырылу себептері

4)  Университеттің интернационалдандыру бойынша мақсаттары мен жоспарлары

Сіздің Университет үшін SWOT-талдау* интернационалдандыру, өзін-өзі басқару және зерттеулерді алға жылжыту мәселелері 

бойынша жүргізілуі мүмкін.

*SWOT-талдау: күшті, осал жақтарды, мүмкіндіктерді және қауіп-қатерді бағалайды



23

A. Интернационалдандыруды тереңнен талдау (студенттердің көзқарасы тұрғысында)

Бұл бөлімді университеттердің студенттері / түлектері және/ немесе қажет болған жерде студенттердің көзқарасы 

тұрғысынан халықаралық оқудың элементтері бар дәрежені алу бойынша қажеттіліктер, қызығушылық және шешімдер 

туралы ақпарат жинау үшін халықаралық офис толтырады.

QA1. Өзіңіз білім алу / дәреже алу үшін интернационалдандыруды қарастырасыз ба?

a.  Иә


b.  Жоқ

c.  Білмеймін 



QA2. Интернационалдандырудың жоспарланған деңгейі (қолай келетіннің барлығын белгілеңіз)

a.  Жазғы мектеп 

b.  Кәсіптік-техникалық

c.  Бакалавриат 

d.  Магистратура, PGCE (дипломнан кейін білім алу)

e.  PhD докторантурасы

f.  Оқытушылардың біліктілігі деңгейін жоғарылату үшін

g.  Басқасы (нақтылаңыз) _________________________________________________________________________________



 

QA3. Сіздің Университеттегі немесе шетелдегі халықаралық оқу бағдарламаларының оңтайлы ұзақтығы

a.  Білмеймін 

b.  Бір айдан аз

c.  1-2 ай

d.  Бір семестр 

e.  Бір жыл 

f.  2-4 жыл 

g.  4 жылдан астам 



QA4. Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шетелде оқу/шетелдің дәрежесін алу үшін қалаулы сабақтар/пәндер 

a.  Сіздің жауабыңыз:  ____________________________________________________________________________________



QА5. Интернационалдандырудың академиялық драйверлері (қолай келетіннің барлығын белгілеңіз)

a.  Шетел университетімен өзара әрекет жасау 

b.  Халықаралық деңгейде мойындалған академиялық кредиттерді алу 

c.  Менің дәрежеме оқудың /университеттің жақсырақ сапасын алу

d.  Шетелде курстың/академиялық дәрежелер алудың жақсырақ нұсқалары бар 

e.  Бізде қол жетпейтін тренингтер бар 

f.  Шетел университеттері менің университетіме қарағанда тиімдірек жұмыс істейді

g.  Шетел университетінде зерттеулер менің университетіме қарағанда жақсырақ дамыған

h.  Басқасы (нақтылаңыз) _________________________________________________________________________________

QA6. Интернационалдандырудың академиялық емес драйверлері (қолай келетіннің барлығын белгілеңіз)

a.  Басқа университеттер соған ұқсас қызметті жүргізеді/соған кеңес береді

b.  Студенттер/оқытушылар осыны сұрап отыр

c.  Менің университетті басқарудың басқа/үздік тәсілдерін білгім келеді

d.  Бұл мансаптық перспективаларды жақсарту жағынан қолдау болады 

e.  Бұл өзіне-өзі сенушілікке және толыққандылыққа жетуге көмектеседі

f.  Тілдік машықтарды жақсарту 

g.  Басқа мәдениеттермен танысу 

h.  Бұл халықаралық әріптестіктер / желістер құруға көмектеседі 

i.  Мен / Университет қаржыландыру жағынан көмек ала аламын/ала алады

j.  Мемлекеттік саясатқа сәйкестік 

k.  Басқасы (нақтылаңыз) _________________________________________________________________________________




24

QA7. Интернационалдандыруға байланысты проблемалар мен мәселелер (қолай келетіннің барлығын белгілеңіз)

a.  Шетелдік дәрежелер / біліктілік біздің елімізде мойындалмауы мүмкін

b.  Виза алудың қажеттілігі

c.  Медициналық қызмет көрсетудің сапасы

d.  Сабақ беру және оқыту мәнері қолайсыз болуы мүмкін

e.  Шетелдегі жеке қауіпсіздік

f.  Шет тілін жеткілікті деңгейде меңгермегендік

g.  Университеттің істеріне араласу

h.  Білікті оқытушылардан айырылу

i.  Проблемалар мен мәселелер жоқ 

j.  Басқасы (нақтылаңыз) _________________________________________________________________________________

QA8. Интернационалдандыру туралы ақпараттың көзі (қолай келетіннің барлығын белгілеңіз)

a.  Менің достарым /қатынасып жүрген ортам 

b.  Мемлекеттік ұйымдар 

c.  Мемлекеттік қаржыландыру ұйымдары

d.  Менің университетімнің халықаралық офисі

e.  Университеттің оқытушылары 

f.  Интернет 

g.  Басқасы (нақтылаңыз) _________________________________________________________________________________



QA9. Интернационалдандыру жөніндегі ақпараттың қолжетімділігі 

a.  Оны алу өте қиын 

b.  Айтарлықтай қиын

c.  Оңай да емес, қиын да емес 

d.  Әбден оңай 

e.  Өте оңай

f.  Білмеймін 

QA10. Интернационалдандыруды енгізу туралы шешім қабылдануына ықпал еткен факторларды, сондай-ақ олардың 

тигізген әсерін атап көрсетіңіз. 

Факторлар/Фактордың әсері 

Жағымды әсері

Бейтарап әсері

Жағымсыз әсері

a. 


Мемлекеттік саясатқа сәйкестік

b.  Университеттік бюджет үшін құны

c. 

Қазіргі жүйе үшін қажетті түзету



d.  Менің достарымның / қатынасатын ортамның 

интернационалдандыру бойынша тәжірибесі

e.  Әріптестіктің перспективалары

f. 


Менің бұрын шетелде болғанда алған өз тәжірибем


25

QA11. Интернализация үшін академиялық тосқауылдар (сәйкес келетінін белгілеңіз)

a.  Курстың / бағдарлама дәрежесінің үйлеспейтіндігі

b.  Бізге сабақ берілетін мәндер бойынша кредиттер мойындалмайды 

c.  Ең қолайлы саналатын курс шетелде ұсынылмайды

d.  Шетелдік курстар Қазақстанда мойындалмайды

e.  Шығыны тым көп

f.  Артықшылығы көзге көрініп тұрған жоқ 

g.  Басқасы (нақтылаңыз) _________________________________________________________________________________



QA12. Шетелде оқу үшін академиялық емес тосқауылдар

a.  Мені виза алу мәселесі алаңдатады

b.  Біздің студенттер мен оқытушыларымыздың басқа мәдени ортаға бейімделе алатынына сенімді емеспін

c.  Мені оқудың құны алаңдатады

d.  Мені шетелде жүргендегі денсаулығым мен қауіпсіздігім алаңдатады

e.  Өзімнің тілдік машықтарыма сенімді емеспін

f.  Қазіргі жағдайды қанағат етемін

g.  Мұны жұмыс берушілердің/мемлекеттік органдардың қалай бағалайтыны мені алаңдатады 

h.  Басқасы (нақтылаңыз) _________________________________________________________________________________

QA13. Сіздің жынысыңыз (бұл сұрақ респонденттердің пікіріне олардың жынысының әсері бар-жоғын анықтау 

мақсатымен қойылады)

a.  Ер 


b.  Әйел

QA14. Сіздің қазіргі позицияңыз / лауазымыңыз _____________________________________________________________  

 

B. Университетті басқару жүйесін модернизациялау

Бұл бөлімді университетте жасауға болатын жақсартуларға орай талдау жүргізуді және пікірталасты ынталандыру 

мақсатымен университет қызметінің кейбір (барлық емес) аспектілері жөніндегі университеттің топ менеджменті 

толтырады 

QB1. Университеттің менеджмент құрылымы қандай? Мысалы, Президент / Ректор -> Факультеттің деканы -> Бөлім 

бастығы және т.б. Стратегиялық шешімдерді қабылдайтын кеңес бар ма? Сатылы басқарудың блок-сұлбасын 

салыңыз.

Қажет болған жағдайда мұны өзгертуге болады ма? Өзгерту туралы шешімді кім қабылдай алады?



QB2. Декандарды және департамент/бөлім басшыларын тағайындау рәсімі қандай? Мұндай лауазымдарды жұмыс 

істеу мерзіміне шектеу бар ма? Әдеттегі мерзімі қандай?

QB3. Мына салалар бойынша ПОҚ жұмыс жүктемесінің пайызы қандай: сабақ беру, зерттеулер, әкімшілік және 

басқа да міндеттер? Мысалы, 1/3, 1/3, 1/3. Мансаптың жоғарылағанына қарай бұл пайыз өзгереді ме? Мысалы, кіші 

оқытушыдан профессор деңгейіне дейін өскенде?


26

Қызмет саласы

a. 


Сабақ беру

b.  Зерттеулер

c. 

Қызмет көрсету 



d.  Басқасы (көрсетіңіз)

e. 


Басқасы (көрсетіңіз)

Факультеттердің, соның ішінде декандардың және департамент/бөлім басшыларының тиімділігі қалай бағаланады?



QB4. ПОҚ жұмысы қалай бағаланады?

QB5. Факультеттің оқытушылар құрамының мүшелері мансап жолында төмен деңгейден неғұрлым жоғары дәрежеге 

дейін қалай жоғарылайды? Олардың тиімділігіне кім және қандай жолмен баға береді және жоғарылату туралы шешім 

қабылдайды?

QB6. Университеттегі профессорлардың пайызы қандай? (ҚР БҒМ беретін профессор атағы)

QB7. Университетте оқытушы әйелдердің үлесі қандай? Профессор әйелдердің пайызы қандай? Сондай-ақ 

университеттік деңгейдегі (Факультет деңгейінен жоғары) жоғары буын басшылары болып табылатын әйелдердің 

пайызы қандай? 

QB8. Университеттің оқытушыларына оқудың және біліктілігін арттырудың қандай түрі ұсынылады? Қолда бар бес 

мүмкіндікті атап көрсетіңіз. 

QB9. Оқытушылар жөнсіз қылық жасаған жағдайда (мысалы, студенттерге емтиханның сұрақ-жауаптарын таратқанда) 

қандай тәртіптік рәсімдер қолданылады?

QB10. Тәртіптік шешім қабылданған жағдайда оқытушы қолдана алатын апелляция беру рәсімі бар ма?

 

C. Оқу бағдарламаларын әзірлеу және сапаны қамтамасыз ету

Бұл бөлімді оқу бағдарламалары мен берілетін дәрежелерге және басқаруға қатысты университеттің регламенттері 

мен рәсімдері туралы ақпарат алу үшін Университеттің жоғары басқару тобы толтырады. Бұл Университеттің өзін-өзі 

басқаруына себептеседі.

CQ1. Университет/Департамент оқу жылында қандай бағдарламалардың/оқу курстарының оқытылатынын қандай 

жолмен шешеді?

CQ2. Жаңа академиялық дәрежелерді енгізу рәсімі қандай? 

CQ3. Университеттің қанша пәніне/бағдарламасына өндірістік және бизнес-сектор қатысады?


27

CQ4. Емтихан құжаттарын/сұрақтарын олар пайдаланылғанға дейін тексеру рәсімі қандай?

CQ5. Емтихандарға және студенттік жұмыстарға қойылған бағалар қалай тексеріледі?

CQ6. Университет ұсынылатын бағдарламалардың/пәндердің техникалық деңгейін және сапасын басқа 

университеттерде оқытылатын сол сияқты курстарға сәйкес қалай қамтамасыз етеді?

(Ұлыбританияда бұл оқытушылар үшін өте маңызды мәселе, себебі сол бір пәндегі дәрежелер бірдей болуға және 

тереңдігі мен кеңдігі жағынан стандарттармен салыстыруға келетін болуға тиіс. Мысалы, Абердин университетінде 

инженерлік іс бойынша алынған дәреже стандарты мен сапасы бойынша Брунель университетінде алынған дәрежемен 

салыстыратындай болуға тиіс. Бір университеттің басқа университеттерге қарағанда аздау сабақ оқытуына жол 

берілмейді).



CQ7. Университеттегі сабақ берудің сапасын мемлекеттік органдар қандай жолмен тексереді? Сабақ берудің 

сапасын факультеттердің арасында салыстыру үшін Университетте іріктеп саралау жүйесі бар ма?

CQ8. Студенттер Университеттің оқытушыларына баға бере алады ма, мысалы, оқытудың тиімділігі немесе 

алынған бағалар бойынша жазбаша баға бере алады ма?

CQ9. Университет/Факультеттер оқу бағдарламаларын қаншалықты жиі қайта қарайды? 

 

D. Студенттермен өзара әрекеттестік және студенттік тәжірибе

Университеттегі оқу кезінде студенттердің қамы қалай жасалатыны туралы ақпарат алу үшін бұл 

бөлімді жоғары оқу орнының Тіркеуші Офисі / студенттік офисі және орта жетекші тобы толтырады. Бұл 

Университеттің өзін-өзі басқаруының нығаюына себептесіп, сабақ берудің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

DQ1. Ұсынылатын бағдарламаларды/пәндерді университет қалай алға жылжытады және жарнамалайды?

DQ2. Университет/Факультеттер жаңадан қабылданған студенттерге арнап қандай қызметті және іс-

шараларды ұйымдастырады?

DQ3. Үштілдік оқыту бағдарламасын іске асыру ретінде бір емес, бірнеше тілде, мысалы, қазақ, орыс және 

ағылшын тілдерінде ұсынылатын курстардың/бағдарламалардың пайызы қандай?

DQ4. Қанша студент оқу кезінде бизнес-сектор кәсіпорындарында ұзақтығы бір айдан асатын тәжірибе мен 

тағылымдамадан өтеді? 

DQ5. Университеттегі қанша студент мүмкіндігі шектеулі оқушылар ретінде тіркелген?

DQ6. Мүмкіндігі шектеулі оқушылар ретінде тіркелген студенттер орынды жағдайларда қосымша көмек 

(мысалы, емтиханда қосымша уақыт) алады ма?

DQ7. Академиялық қабілеттері аралас студенттер тобын оқытуда, яғни бір топта үлгерімі әр түрлі студенттер 

оқитын жағдайда Факультет қандай шаралар қолданады? 

DQ8. Оқуға қабылдау кезінде студенттердің әлеуметтік жағдайы ескеріледі ме, мысалы оқуға түсу кезінде 

халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын студенттерге жеңілдіктер жасалады ма?

DQ9. Университетте студенттерге арнап құрылған оқытушылар тұлғасындағы тәлімгерлік жүйесі, мысалы, 

жеке қосымша сабақтар бар ма?

DQ10. Соңғы үш академиялық жылда бакалавриат пен магистратура түлектерінің оқуды бітірген соң 6 айдан 

кейін жұмыспен қамтылу деңгейі қандай?


E. Факультеттердің зерттеулеріне ықпалдастық жасау

Бұл бөлімді Университеттің зерттеу қызметіне/стратегияларына нақты байланысты деректер мен ақпаратты алу үшін 

университеттердің жоғары басшылық құрамы толтырады.

EQ1. Зерттеудің тиімділігі қалай бағаланады, мысалы, жарияланымдар, зерттеу гранттары, ғылыми сыйлықақы беру 

жолымен бе?

EQ2. Соңғы үш жылда бір оқытушыға келетін зерттеу жарияланымдарының, соның ішінде журналдардағы, 

конференциялардағы және кітаптардағы/тараулардағы мақалалардың орташа саны қандай?

EQ3. Соңғы бес жылдың ішінде әр жылдағы ПОҚ барлық жарияланымдарының жалпы санына қатысты алғанда 

халықаралық журналдарда жарияланған мақалалардың пайызы қандай? Кем дегенде бір шетелдік бірлескен 

автордың қатысуымен жасалған жарияланымдардың пайызы қандай?

EQ4. Соңғы бес жылдың ішінде қанша факультет жыл сайын халықаралық конференцияларда (соның ішінде 

Қазақстанда) зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндама жасады?

EQ5. Университет қандай зерттеулерге қолдау жасайды? (қолай келетіннің барлығын белгілеңіз)

а. Зерттеулер жүргізу үшін бәсекелі ішкі қаржыландыру

б. Уақыттық резерв (оқу жүктемесін азайту)

с. Зерттеулер жүргізу үшін студенттік шәкіртақыға гранттар

д. Конференцияларға баруға гранттар

е. Мойындау, мысалы жоғарылату / жалақысын көбейту / сыйлықақы беру



EQ6. Жас ғалымдардың зерттеушілік мүмкіндіктерін дамытуы үшін оларға қандай қолдау жасалады?

EQ7. Университет зерттеулер жүргізу үшін өндірістік сектормен ынтымақтастық құруды ұсынады ма? Қазіргі уақытта 

қанша?

EQ8. Университет зерттеулер жүргізу үшін шетелдегі университеттерге бірлесіп тағайындауды ұсынады ма? Қазіргі 

уақытта шетелден қанша келді?

EQ9. Университетте белсенді (жарияланымдар жасайтын немесе қаржыландырылатын зерттеу жобалары бар) ПОҚ – 

зерттеушілердің пайызы қанша? Қажет болғанда мұны әр пән / факультет / кафедра үшін жеке көрсетуге болады. 

EQ10. Сіздің университетіңізді интернационалдандыру ісіндегі ең үлкен жетістіктерді сипаттауыңызды өтінеміз. 



D

© British Council 2018

The British Council is the United Kingdom’s international organisation  

for cultural relations and educational opportunities.



жүктеу 250,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау