5
Өткендегі жобалардың шеңберінде Британдық Кеңес елдің
түрлі аймақтарында қазақстандық жоғары оқу орындарында
сегіз Кәсіптік даму және өзара әрекеттестік орталығы
желісінің құрылуына қолдау көрсетті Бұл орталықтардың
жұмысы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және
университеттердің жұмысының нәтижесін барынша
жоғарылату мақсаттарында, олардың ғылыми кадрлары мен
басқа да жұмыскерлерінің кәсіптік құзыреттілігін дамытуға
бағытталады
2017 жылдың қазан айында Британдық Кеңес жоғары оқу
орындарының интернационалдандыру бойынша жұмысын
дербес бағалауға арналған құралды әзірлеуге кірісті
Бағалауға аймақтық қазақстандық алты жоғары оқу орны
қатысты, олардың бесеуінде Кәсіптік даму және өзара
әрекеттестік орталықтары жұмыс істейді Барлық жоғары
оқу орындары Қазақстанның екі басты қаласы – Астана мен
Алматының шектерінен тыс орналасқан
ЖОБА ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
АҚПАРАТ
6
ӘДІСТЕР
Жобаның техникалық тапсырмасына сәйкес дербес бағалау
құралының (ДБҚ) прототипі ретінде сауалдама әзірленді
Құжаттың жобасы зерттеуге қатысушы алты жоғары оқу
орнының барлығына қарастыруға жолданды Жоғары оқу
орындарынан жауаптар алынғаннан кейін университеттерге
екі ақпараттық сапар өткізілді
2017 жылдың желтоқсан айында қазақстандық кеңесші д-р
Д Вудворд бірінші болып жоғары оқу орындарына барды
Оның сапарының мақсаты жұмыс тобы мүшелерінің ДБҚ
құрамына кірген мәселелердің релеванттығы мен өзектілігіне
қатысты пікірлерін жинау болды Сапардан кейін талқылау
нәтижелері британдық кеңесшіге табысталып, талқыланды
және құралдан көрініс тапты
Содан кейін құрал тиісті факультеттердің/жұмыс топтары
мүшелерінің толтыруы үшін қатысушы университеттерге
жолданды Содан соң деректерді жинау мен талдау іске
асырылды
Британдық Кеңестің өкілінің, британдық кеңесші мен
қазақстандық кеңесшінің екінші сапары 2018 жылдың
қаңтар-ақпанында өтті және 10 күннен астамға созылды Осы
сапардың барысында пікірсайыстар, презентациялар, білім
мен пікір алмасу өтті
Сапардың
мақсаттары мыналар болды:
•
жұмыс тобының мүшелерімен кездесу және
интернационалдандыру, басқару, сапаны қамтамасыз ету,
оқу бағдарламалары мен студенттерге көмек мәселелері
бойынша Британдық Кеңестің өкілімен, британдық және
қазақстандық сарапшылармен пікір алмасу;
•
жоғары оқу орындары тарапынан жауаптардың нәтижелері
бойынша алдын ала тұжырымдар мен ұсыныстамалар беру;
•
алынған жауаптардың сапасын тексеру және мүмкіндігінше
анық түсіну және талдау мақсатында, оларды нақтылау;
•
британдық университеттердегі интернационалдандыру
беталысын талқылау;
•
қазақстандық университеттер үшін Ұлыбританияның
тәжірибесін пайдалану мен оны жергілікті жағдайларға
бейімдеу мүмкіндіктерін талқылау;
•
әр университет үшін алдыңғы қатарлы іс-тәжірибенің
мысалдарын анықтау
Сапардың
нәтижесінде:
•
қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері
Ұлыбританиядағы интернационалдандыру іс-тәжірибесі
туралы анағұрлым кеңірек түсінік алды;
•
Британдық Кеңестің өкілдері, британдық және
қазақстандық сарапшылар интернационалдандыру
мен басқару процесінде университеттер тап болатын
проблемалар туралы көбірек білді;
•
Британдық Кеңестің өкілдері, британдық және
қазақстандық сарапшылар әзірленген ДБҚ-ның оңды
жақтары мен шектеулерін нақтырақ түсінді;
•
жобаға қатысушылар ұлттық және халықаралық мәтінмәнде
өздерінің интернационалдандыру, басқару және сапаны
қамтамасыз ету деңгейлерін дербес анықтау мүмкіндігіне
ие болды;
•
Ұлыбритания мен Қазақстанның арасында жоғары білім
беру саласындағы ынтымақтастық нығайды
Зерттеу барысында сандық, сондай-ақ сапалық әдістер
пайдаланылады Сандық әдістерде сауалдама жүргізу мен
статистикалық талдау қамтылды Сапалық әдістерге фокус-
топтар өткізу және алдыңғы қатарлы іс-тәжірибе мысалдарын
талқылау кірді
Деректерді талдау мен зерттеу нәтижелері бойынша
ұсыныстамалар әзірлеу әрбір жоғары оқу орны үшін жеке-
жеке емес, барлық университеттер үшін жүргізілді
Нәтижелер барлық қатысушы университеттердің өкілдері,
сондай-ақ Алматы мен Астананың жоғары оқу орындарының
өкілдері қатысқан дөңгелек үстелде ұсынылды 2018 жылғы
6 наурызда өткен дөңгелек үстелде айтылған ұсыныстар
сондай-ақ қорытынды есепхатқа кірді Дөңгелек үстелді
Британдық Кеңес ұйымдастырды
7
2018 жылдың қаңтар-ақпанында алты аймақтық
университет мақсаты олардың оқу және ғылыми қызметті
интернационалдандыруға көзқарасын білу болған зерттеуге
қатысты Жаңа сынамалық дербес бағалау құралының
көмегімен, олар өздерінің шетелдік университеттермен
жұмысы туралы сұрақтарға жауап берді
Деректер жеке-жеке университеттер бойынша жиналды, бірақ
топта талданды, яғни, «Топ» термині барлық алты университетті
білдіреді Алты жоғары оқу орның әрқайсысының өзіндік
айрықша сипаттамалары бар Сондықтан Топтың ішінде
қандай да бір салыстыру жүргізілген жоқ, яғни, ұсынылған
ақпарат аймақтардағы, атап айтқанда шекаралық және
орталық аудандардағы жоғары оқу орындарындағы
интернационалдандырудың ағымдағы жай-күйін түсіну және
ол туралы тұжырымдар жасау үшін пайдаланылды
СТУДЕНТТЕРДІҢ МОБИЛЬДІЛІГІ
Топтың университеттерінен соңғы үш жылда шетелдік
университеттерге барған студенттердің көпшілігі базалық
жоғары білім (бакалавриат), не болмаса магистр немесе доктор
(PhD) дәрежесін алған (алғашқыларының саны сәл жоғары
болды) Үш жылдық кезеңде бакалавриат бағдарламаларындағы
студенттердің саны біршама тұрақты болды; бұл орайда,
жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаларда студенттердің
саны, негізінен қаржыландыру болғанына қарай айтарлықтай
өзгеріп отырды Салыстыратын болсақ, қысқа мерзімді алмасу
бағдарламаларына қатысқан студенттердің саны айтарлықтай
аз – дәреже алудан үміткер студенттердің жалпы санының
шамамен алтыдан бір бөлігін құрады
Білім алу үшін шетелге аттанған студенттердің пайыздық
арақатынасына келетін болсақ, Топтың университеттеріндегі
студенттердің әр түрлі санын (10 мыңнан астамнан 2-3 мың
адамға дейін) ескере отырып, талдау мақсаттарында
Топтың әрбір университеті бойынша жай орташа пайыздық
арақатынас емес, безбенделген пайыз қабылданды
Деректерде шетелде оқитын жоғары оқу орнынан кейінгі
бағдарламалар студенттерінің пайызы бакалавриат
бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер
пайызынан айтарлықтай жоғары екенін көрсетеді
2014-2015 жылдары Топтың университеттеріндегі
магистрлік және докторлық бағдарламалардың тіркелген
студенттерінің 10%-дан сәл кемі шетелде білім алу үшін
аттанды Бұл олардың дипломды міндетті түрде шетелде
алатынын білдірмейді, өйткені тиісті жоғары оқу орнынан
кейінгі бағдарламаларда тіркелген студенттер үшін сондай-
ақ қысқа мерзімді алмасу бағдарламалары ескерілген
Мұндай алмасу бағдарламалары студенттерге басқа елдің
жоғары білім беру жүйесімен, басқа мәдениетпен танысуға,
сондай-ақ шет тілін меңгеру деңгейін жоғарылатуға
мүмкіндік береді Бұл пайыздың 2015-2016 жылдары
төмендегеніне қарамастан, келесі жылы көрсеткіш қалпына
келе бастады Шетелге барған сапарлардың көпшілігі
қаржылық қолдау арқылы жүзеге асырылатындықтан, бұл
көрсеткіш қаржыландырудың бар-жоғына көп кіріптар
Салыстыратын болсақ, шетелде білім алуға аттанған
студенттердің жалпы пайызы (бакалавриаттың да, сондай-
ақ жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалардың да
студенттерін ескергенде) соңғы 3 жылда біршама тұрақты
болды және 1%-ды құрады
Шетелге оқуға баратын
студенттер саны
2014/5
2015/6
2016/7
55
50
49
185
115
181
200
206
183
2018 ЖЫЛҒЫ
ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ
Шетелде білім алушылардың
безбенделген пайызы
2014/5
2015/6
2016/7
0.53%
0.57%
0.48%
9.4%
5.2%
6.6%
1.12%
1.01%
0.97%
10.00%
9.00%
8.00%
7.00%
6.00%
5.00%
4.00%
3.00%
1.00%
1.00%
UG: Бакалавриат PG: Жоғары оқу орнынан кейін EX: Алмасу
UG: Бакалавриат PG: Жоғары оқу орнынан кейін TT: Қорытындысы