Қазақстанның аймақтық жоғары оқу орындарының



жүктеу 250,52 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата01.01.2020
өлшемі250,52 Kb.
#25647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

14

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми 

министрлігінің реформаларын және үкіметтің бастамаларын 

аймақтық университеттер қолдайды және табысты іске 

асырады деген тұжырым жасауға болады  Зерттеуге 

қатысқан барлық университеттер интернационалдандыруды 

басты басым бағыттардың бірі деп санайды және сәтті 

мысал келтіре алады  Сауалдама жүргізілген барлық 

университеттердің интернационалдандыру стратегиялары 

және интернационалдандыру іс-тәжірибесінде белгілі бір 

жетістіктері бар 

Университеттер қоғам мен аймақтық экономикада маңызды 

қызмет атқарады және геосаяси контексттің маңызды 

қатысушылары болып табылады  Ортақ тіл мен мұраның болуы 

ынтымақтастық үшін жемісті негіз жасайды, бірақ шетелдермен 

ынтымақтастықтың басқа да мүмкіндіктерін дамыту қажет 

Оқудың құнымен қатар, жаңа және бұрыннан бар 

ынтымақтастық нысандарын дамыту үшін кедергі оқытушыларға 

және басқарушы қызметкерлерге түсетін  жүк болып табылады  

Профессорлар мен оқытушылар құрамының халықаралық 

ынтымақтастығын ынталандыру үшін, белгілі бір қаржылық 

механизмдер жасау және сабақ беру сағаттарының санын 

қысқарту қажет 

Тіл қозғағыш күш те, сондай-ақ бөгет те болып табылады, 

бұл үш тілді саясат енгізілетін және ағылшын тілін меңгеру 

әлемдік білім беру алаңына интеграциялану тәсілдерінің 

бірі ретінде жоғары деңгейде қарастырылатын Қазақстан 

Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 - 2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасыда белгіленген 

Қазақстан үкіметінің бағдарының дұрыстығын растайды  

Университеттерде ағылшын тіліндегі журналдарға қол жеткізу 

мүмкіндігі, сондай-ақ оның шеңберінде қолданбалы білім 

салаларындағы ең соңғы ғылыми жарияланымдар оқылатын 

және талқыланатын ғылыми-зерттеу мәдениетін дамыту 

қамтамасыз етіледі  

Қазақстанның университеттері білім беру саласында 

шамшыраққа және инновациялардың, интернационалдандыру 

мен экономикалық өркендеудің қозғаушы күштеріне 

айналуға тиіс  Жаңа тәсілдемелер мен парадигмалар 

іздеу, дамыту және енгізу қажет  Кәсіпорындар бірінші 

кезекте университеттерге шешімдер сұрап жүгінуі 

үшін, оқу бағдарламаларында мамандарға қойылатын 

талаптар көрсетілуге тиіс  Жоғары білім беру секторы мен 

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының арасындағы 

жақындағы ынтымақтастық осы міндетті шешуге бағытталған 

болатын  Интернационалдандыру іс-тәжірибесі жүйелі әрі 

университеттің басым бағыттарына, қажеттіліктері мен 

бағдарламаларына сәйкес келетін болуға тиіс 

Интернационалдандыруды жаңа деңгейге шығаруға 

арналған нормативтік-құқықтық құралдар бар  Қазақстан 

Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру 

секторындағы соңғы әзірленімдерге сәйкес келетін жаңа 

реформаларды іске асыруда  Қазақстан университеттерінің 

дербестігін жоғарылату интернационалдандыру үшін жаңа 

мүмкіндіктер туғызады 

Үкімет университеттер үшін жаңа мүмкіндіктер туғызатын 

аймақтарды дамыту бағдарламаларын іске асырады 

Ірі қалалардың, Ресей мен шетел университеттерінің 

арасындағы мектеп түлектері үшін жоғары бәсекелестікке 

қарамастан, аймақтық университеттердің әлеуеті бар және 

өздерінің аймағында көшбасы орын алуына негіз болатын 

бірегей бағдарламаларды ұсынуға мүмкіндігі бар  Үкімет 

ұсынған заң жобасы Топ университеттері және аймақтардағы 

басқа жоғары оқу орындары үшін белгілі бір артықшылықтар 

жасауға тиіс 

ТҰЖЫРЫМДАР



15

 

 



 

Құрметті жобаға қатысушылар,

Осы пікіртерімге қатысқандарыңызға алғыс білдіреміз 

Интернационалдандыру – бұл жоғары білім беру саласында 

халықаралық параметрлерді сабақ беру, зерттеу жүргізу 

ісіне және әкімшілік етуге интеграциялау үдерісі  

Интернационалдандыру университет дамуының маңызды 

элементі болып табылады  Деректерді жинау және талдау 

арқылы іске асырылатын осы өзін-өзі бағалау құралы сіздің 

университетіңіздің қазіргі жағдайының және халықаралық 

қызметке қатысуының анық көрінісін алуға көмектеседі  

Оны халықаралық ынтымақтастық департаменті немесе 

университетті дамыту саясатын әзірлейтін жоғары басқару 

тобы қолданылып отырған стратегиялардың мықты жақтарын, 

оның алдында тұрған кедергілерді және мүмкіндіктерді 

айқындау және баға беру, сондай-ақ ҚР үкіметінің жоғары 

білім беру жүйесіндегі басымдықтарына сәйкес жоспарларды 

әзірлеу үшін пайдалана алады 

Сауалнама негізгі үш бағытты қамтиды:

 

Интернационалдандыру



 

 Корпоративтік басқару және сапаны қамтамасыз ету



 

Оқу жоспары және студенттерге арналған қызметтер 

(соның ішінде шет тілінде, мысалы, ағылшын тілінде оқыту)

Осы негізгі бағыттар 4 бөлімге бөлінген сауалнамадағы 

сұрақтарда көрсетілген: 

 

1-бөлім  Студенттердің мобильділігі



 

2-бөлім  Академиялық қызмет



 

3-бөлім  Әріптестік



 

4-бөлім  Халықаралық қызмет менеджменті

 

 

 



 

Барлық сұрақтар ақпаратты қарауға және халықаралық даму 

үшін университеттің қазіргі уақытта не істеп жатқанына баға 

беруге болатын етіп құрастырылған  Кейбір деректерді жинау 

үшін айтарлықтай күш-жігер салу қажет болуы мүмкін, немесе 

олар сіздің университетке тікелей қолдануға қолайлы болмауы 

мүмкін  Сіздің университетке қатысты орынды болатын 

контексте егжей-тегжейін барынша көрсетіп жауап беруге 

талпыну керек  Сондай-ақ кейбір сұрақтардың дүние жүзіндегі 

жоғары білім беру жүйелеріндегі интернационалдандыру 

саласындағы қазіргі үрдіске және соңғы жетістіктерге меңзеп 

отырғанын атап өтуге болады 

Бұл зерттеуде біз Жоғары білімнің сапа кодексінде (the 

Quality Code) көзделгендей, Ұлыбританияның Жоғары білімнің 

сапасын қамтамасыз ету жөніндегі агенттігі (QAA) ұсынған 

айқындамаларды пайдаланамыз  Сапа кодексі барлық 

британдық жоғары білім беру провайдерлері үшін негізгі 

бағдар болып табылады  Онда жоғары білім берушілердің не 

істеуге тиіс екені, олардың бір-бірінен не күтуіне болатыны 

және студенттер мен қалың жұртшылықтың олардан не 

күте алатыны анық көрсетілген  Сапа коды Ұлыбританияның 

барлық төрт елінің (Англия, Солтүстік Ирландия, Шотландия 

және Уэльс) аумағында, сондай-ақ халықаралық деңгейде 

британдық жоғары білім беретін барлық ұйымдарға қатысты 

қолданылады  Сапа кодексі қазақстандық университеттер 

жұмыс істеуге ұмтылып отырған халықаралық контекстке 

қатысты қолданылады 

ДЕРБЕС БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ

ҚОСЫМША



жүктеу 250,52 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау