12
Қазақстанда жоғары білім беру жүйесі ұшқыр дамыды,
осыған байланысты мемлекеттік, сондай-ақ жекеменшік
университеттердің саны айтарлықтай өсті Бұл жоғары білім
беру жүйесінде студенттерге өте бәсекелес сұранысты
тудырады Жастардың миграциясы және университеттерді
қаржыландыру секілді аймақтық проблемалар да
бар Нәтижесінде, жоғары оқу орындары білім беру
провайдерлері ретінде өздерінің мәртебесін нығайту үшін оқу
бағдарламаларын жетілдіруге және ғылыми қызметін кеңейтуге
тырысады Интернационалдандыру әлдеқайда маңызды
нәтижелерге жету үшін тиімді әлеуетті құрал деп саналады
Осыған байланысты дербес бағалаудың барысында келесі
мезеттер белгіленді
Университеттер интернационалдандыруға мүдделі және
оған ұмтылады
Университеттердің бәрі интернационалдандыруға ұмтылады
және түрлі дәрежеде тәптіштелген серіктестік және
халықаралық жұмыс стратегиялары бар Университеттердің
бәрінің дәл осындай функцияларға ие халықаралық бөлімі
немесе орталық аппараты бар Бірнеше университет
қойған сұрақтардың бірі – шетелдік университеттердің
ынтымақтастыққа ынтасын қалай туғызуға болады Басқа
талаптардың қатарында, университеттерге әлеуетті шетелдік
серіктестіктер үшін білім беру немесе ғылыми мақсаттардағы
ынтымақтастықтың дәл сондай басымдықтарының нақты және
сенімді көрінісін қалай жасау керек екенін ойластыру керек
Бұл орайда тек білім беру және ғылыми жұмыстың академиялық
басымдықтарын ғана емес, сонымен қатар ондай серіктестік
ұсынатын аймақтық және ұлттық мәдениет пен бизнес-
мүмкіндіктерді де ескеру керек
Ынтымақтастық көршілес елдерге бағдарланады
Мүмкін, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ортақ білім беру
жүйесі мен жоғары оқу орындары желісін мұраланудың
себебінен болса керек, университеттер көршілес елдермен
ортақ түсініктің және өткен курстар мен пәндерді өзара
есепке жатқызумен сабақ беру тәсілдерінің негізіндегі мықты
байланыстарды, сондай-ақ ұқсас сапаны қамсыздандыру
жүйелерін дамытты Мұндай тығыз байланыстар
университеттер үшін бағалы актив болып табылады және
қолдау көруге әрі мүмкіндігіне қарай кеңейтілуге тиіс
Бұл орайда, өздерінің ықпалын және ұсынатын білім
беру бағдарламаларының танылуын жоғарылату үшін,
университеттерге бірінші кезекте білімдерін белсендірек
бөлісетін, соның ішінде Ұлыбритания, АҚШ, Канада мен
Австралияның жүйелерін, ағылшын тілінде білім берудің жалпы
танылған жүйелерімен серіктестіктер құрудың мүмкіндіктерін
іздеу керек
Қазақстаннан едәуір шалғай орналасқан, елеулі экономикалық,
саяси және мәдени нәтижелер алуға болатын енді бір маңызды
аймақ – ЕО Ұтқырлық және алмасу бағдарламаларымен
қатар, мысалы, бірлескен магистрлік бағдарламаларды
әзірлеу саласындағы әлеуетті бірлесіп үдетуді қоса алғанда,
ынтымақтастықты әлдеқайда жоғары деңгейге шығару керек
Erasmus+ осындай ынтымақтастық бастамаларын қолдау үшін
нақты қаржыландыру схемаларын көздейді
Негізгі кедергі – құны
Зерттеуге қатысқан университеттер көбінесе шетелде оқу
құнын тым қымбат деп санайды Қаржыландыру проблемасы
тек университеттердің басшылығы үшін ғана емес, сонымен
қатар шетелде білім немесе тәжірибе алуға мүдделі
оқытушылар мен студенттер үшін де негізгілердің бірі болып
саналады Университеттердің басшылығы үшін шығындар
мәселесіне сондай-ақ уақыт шығыны, яғни, оқытушылардың
шетелде білім алуына байланысты, олардың болмауы кіреді
Тіл – негізгі қозғаушы фактор әрі бөгет
Студенттерге шетелде оқыған ұнайды, себебі олар өздерінің тіл
құзыреттіліктерін дамытады, сондай-ақ академиялық білім мен
халықаралық тәжірибеге ие болады Бұл орайда тіл сондай-ақ
елеулі мазасызданудың себебі болып табылады Студенттер
мен оқытушылардың көпшілігі көбінесе шетелде оқу мүмкіндігін
қарастырмайды, себебі шет тілдерін еркін меңгермеген
Жаңа тәсілдемелер қажет
Интернационалдандыру бойынша университеттердің
жұмысындағы кедергілер түсінікті: қаржыландыру, тіл білу,
уақыт шығыны және алынатын басымдықтар мен ықтимал
жетістіктердің қандай болатынының белгісіз екендігі
Студенттер мен оқытушылардың көзқарасы тұрғысынан
құндылықтар мен мүмкіндіктерді көруге сәйкес инновациялық
шешімдер қабылдау үшін бизнеспен және мемлекетпен
бірлесіп жұмыс істеуге тиіс Университеттер бағыт сілтеуге
және дамуды ынталандыруға тиіс Жаңа қаржыландыру үлгілері
бар ма? Технологиялар интернационалдандыруды ілгерілетуде
анағұрлым белсенді қызмет атқара ала ма? Шетелдік жоғары
ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ
13
оқу орнымен ұлтаралық білім беру бағдарламасы прогреске
болыса ала ма?
Шетелде білім немесе тәжірибе алу мүмкіндіктері туралы
ақпаратқа еркін қол жеткізу мүмкіндігі қажет Сондай-ақ
халықаралық тәжірибе жұмысқа орналасудың орайын
жоғарылатады деген идеяны тарату қажет Университеттік
білім беру саласындағы мемлекеттің жаңа басым бағыттарын
ескере отырып, қазақстандық жоғары білім беру жүйесін
жақын арадағы бірнеше жылда үлкен өзгерістер күтеді және
интернационалдандыру саласындағы университеттердің
стратегиялары да сондай-ақ тиісті түрде дамуға тиіс
Интернационалдандырудың заңнамалық негіздері
2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді
дамыту бағдарламасы Қазақстанның білім беру жүйесінің
бәсекелесу қабілетін арттыруға бағытталады Әлемдік
білім беру кеңістігіне интеграциялану, еңбек нарығының
қажеттіліктерін, елді индустриялық-инновациялық дамыту
міндеттерін қанағаттандыратын жоғары білім беру сапасының
биік деңгейіне жету – осы құралдың интернационалдандыруға
қатысты аса маңызды тұстары Интернационалдандыру
қырларына тікелей ықпалы бар көрсеткіштерге келетін
болсақ, мыналарды атауға болады: жетекші халықаралық
жоғары оқу орындарының рейтингтеріндегі екі жоғары оқу
орны, халықаралық стандарттарға сәйкес аккредиттеу және
профессорлар мен оқытушылар құрамының импакт-факторы
жоғары журналдардағы жарияланымдары Білім, ғылым мен
өндірісті интеграциялау процесі – интернационалдандыруға
оң ықпалын тигізе алатын енді бір оң аспект Электрондық
оқыту және білім беру ұйымдарын интернетке жалғау –
интернационалдандыру саласындағы прогрестің маңызды
құрамдастары Магистратурада, докторантурада оқуға
және ғылыми машықтанудан өтуге мүмкіндік беретін
«Болашақ» бағдарламасы – Қазақстанның жоғары оқу
орындарын интернационалдандыруды дамытудың тағы
бір аспектісі Академиялық ұтқырлықты дамыту, яғни, білім
алушыларға бір академиялық кезеңнің барысында шетелде
оқу мүмкіндігін ұсыну еуропалық жоғары білім беру
аймағына интеграциялаудың артуына болысады Назарбаев
Университеттің тәжірибесі және оны елдің басқа жоғары оқу
орындарына енгізу – тағы бір маңызды фактор
«Болашақ» елдің білім беру алаңындағы негізгі ойыншы
болып қалуда 2014 жылы Британдық Кеңес ұйымдастырған
Going Global халықаралық конференциясында «Болашақ»
бағдарламасы әлемдегі ең үздік стипендиялық бағдарлама
деп аталды Студенттер Ұлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия,
Германия, Ирландия, Ресей, Қытай мен басқа елдердің жетекші
университеттерінде білім алды
2017 жылы
«Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының
академиялық және басқару дербестігін кеңейту
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы
қабылданды Заң жобасы жоғары оқу орындарының бәсекеге
қабілетін жоғарылатуға бағытталған және оларға білім беру
бағдарламаларын дайындауда академиялық бостандық;
коммерциялық емес акционерлік қоғамдар (КЕАҚ) ретінде
қайта құрылу арқылы басқарушылық дербестік; корпоративтік
басқару органдарына есеп беруді қамтамасыз етудің есебінен
қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін жоғарылатуды; нарық
жағдайларына бейімделу және экономикалық қатынастарға
дербес қатысу мүмкіндігін; кіріс көздері мен қаржы ағындарын
белсенді әртараптандыру мүмкіндігін; заманауи басқару
және бюджеттендіру әдістерін енгізуді; халықаралық
ынтымақтастықты кеңейтуді; университеттердің нысаналы
капитал қорын (эндаумент-қорды) дамытуға инвестициялар
тартуды ұсынады Студенттерді «Болашақ» бағдарламасы
бойынша жетекші жоғары оқу орындарына жолдау,
консультативтік кеңес құру, шетелде жоғары оқу орындарының
филиалдарын құру және нысаналы капитал қорын (эндаумент-
қор) құру – интернационалдандыру процесінің негізгі
қозғалтқыштары
Академиялық бостандықты кеңейтуді тежейтін ықтимал
факторларға мыналар кіреді: академиялық бостандықтың
шынайы рухы, академиялық бостандық концепциясын
іске асыруға арналған құралдардың болуы, академиялық
бостандықты қадірлеу және мысалдардың шағын саны (Bisam
Central Asia) Сонымен бір мезгілде, орталықсыздандыру
жоғары оқу орындарына әлеуметтік және экономикалық
деңгейлерде қойылатын талаптарға қатысты жылдам
әрекеттенуге мүмкіндік береді
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары – бес
институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100
нақты қадамында» интернационалдандыру міндеттері 78-ші
және 79-шы қадамдарда аталады Білім беру және, жанама
түрде, интернационалдандыру мәселелері басқа қадамдарда
да көрініс тапқан
78-ші қадамда Назарбаев Университеттің тәжірибесін ескере
отырып, академиялық бостандықты кеңейтудің, сондай-ақ
жекеменшік жоғары оқу орындарын халықаралық іс-тәжірибеге
сәйкес коммерциялық емес ұйымдарға өзгертудің қажеттілігі
атап көрсетіледі
78-ші қадамда мектептер мен жоғары оқу орындарында
шығарылатын кадрлардың бәсекеге қабілетін жоғарылату және
білім беру секторының экспорттық әлеуетін өсіру мақсатында
ағылшын тілінде оқытуға көшудің қажеттілігі туралы
айтылады
2020 жылға дейін аймақтарды дамыту бағдарламасында
облыстық маңызы бар ірі қалаларға ерекше назар аударылады
Тиісінше, барлық мемлекеттік реформалар елдегі
интернационалдандыру процесін басты басым бағыттардың
бірі ретінде стратегиялық тұрғыдан қолдайды Әрине, қойылған
міндеттерді икемді іске асыруды қамтамасыз ету үшін дұрыс
механизмдер мен жағдайлар қажет