1
буына әсер ететін құқықтық кедергілер. «Халықтың
көші-қон туралы» Заң оралманның статусын
анықтағанмен, заңда осы статусты айқындайтын
оралманның құқтары мен міндеттері көрсетілген
нормалар жоқ.
Сондықтан, заңда оралманның статус алғаннан
кейінгі құқықтық нәтижелері бекітілмеген. Бұл нор-
малар басқа да заңдарда, атап айтқанда еңбек
және салықтық заңдарда да көрсетілмеген. Мы-
салы, Қазақстанның еңбек туралы заңдарында
жұмысшылар екі түрлі топқа бөлінеді (резидент-
тер және резиденттер емес) және резидент емес
деп саналатын оралмандарға арнаулы құқықтық
режим бекітілмейді. Сондықтан да жұмыс беруші
оралманды жұмысқа алса, онда оған арнайы ли-
цензия алу қажет, бұл оңай емес…
Тағы да осыған ұқсас құқықтық кедергілерге
азаматтықты растау жатады. Ресми түрде Қазақ-
станда жұмыс істеу үшін оралмандар азаматтық
алу керек немесе уақытша тұруға рұқсат керек
(осылай қазақстан азаматтығын ресми түрде және
жұмыс істеу құқығын алу үшін). Бірақ азаматтық
алу үшін оралмандар тұратын жеріне тіркелуі
қажет. Сондықтан тұрақты мекен жайы жоқ орал-
мандар үйіне тіркеуге тұрғызатын адамдарды ізде-
уге мәжбүр болады.
16
Екінші экономикалық интеграцияға кедергі бо-
лып отырған жайт тіл проблемасы. Орыс тілін-
де сөйлей алмайтын немесе осы тілді нашар
меңгерген оралмандар жұмыс іздеуде, әсіресе,
солтүстік аймақтарда елеулі кедергілерге тап
болады. Қазақ тілі жақсы дамыған оңтүстік об-
лыстарда тілге байланысты проблемалар көп
емес, дегенмен ондай қиындықтар аздап кезде-
седі. Мысалы, Қытайдан, Ауғанстаннан және
Пәкістаннан келген оралмандар ескі қазақша-
да (негізінде араб алфавиті кірген) жазады, ал
Түркияда латин графикасы қолданылады. Осы
елдерден көшіп келген оралмандар қазақ тілін-
де оқи да, жаза да алмайды. Сондықтан, екі тілді
де білмеу оралмандарға жұмыс табуында едәуір
қиындықтар туғызады.
Білім деңгейіндегі айырмашылық та жұмысқа
орналасуға кедергі жасайды. Жоғары білімі бар
оралман егер оның дипломы елімізде мойын-
далмаса, жұмысқа орналаса алмайды
17
. Кей-
бір жағдайларда оралмандар өз мамандықтары
бойынша (инженерлер, технологтар, дәрігерлер,
экономистер) жұмысқа орналаса алмайды, бұл
жағдай арнайы білімі жоқ сатушыларға да
қатысты.
Сауалдардың нәтижесі көрсетіп отырғандай,
оралмандардың 20%-і Қазақстанға көшіп кел-
генге дейін мемлекеттік секторда жұмыс істе-
ген (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым және
т.б.), бірақ, соның ішінде 7,2%-і ғана сондай
құрылымдарда жұмыс таба алған. Оралмандар-
дың ішінде қол өнерімен айналысқандар саны
2%-тен 5%-ке өсіп отыр. Майда сауда-саттықпен
айналысқан оралмандардың саны екі есе өсті
(1,9% көшкенге дейін 4,9% көшкеннен соң). Басқа
жағынан қарағанда көшіп келгенге дейін ауыл
шаруашылығымен айналысқан оралмандар саны
4%-тен 1%-ке төмендеп кетті.
Респонденттердің ішінде жұмыссыздар көбейіп
бара жатыр. Иммиграциядан кейін бұл көрсеткіш
24,4%-ке өсті. Оралмандар арасындағы жұмыс-
сыздықты талдау барысы көрсетіп отырғандай
олардың көбісі жұмыссыздар.
3.2. сурет. оралмандар арасындағы
жұмыссыздық (жылдар саны)
ҚР «Халықтың көші-қоны» туралы Заңға сәйкес (29-
3 бабы) мемлекет оралмандарға жұмыс беруде,
біліктілігін жоғарылатуда және жаңа мамандықты
таңдауда көмек көрсетуге тиісті. Бірақ, соның
өзінде, оралмандарды жұмыспен қамтуға бай-
ланысты көмектер беру туралы интеграциялық
бағдарламалар жоқ. Оралмандарға көмек беру
өкілеттігі бар жергілікті органдар
18
, оларға жергілік-
ті жұмыспен қамту органдарына тіркелуге ақыл бе-
реді немесе «қоғамдық жұмыстарды» ұсынады.
19
16
МЕҰ өкілдеріне сауал қою барысында бізге белгілі болғаны, үш жағдайда оралмандарды өз мекен жайына тіркегені үшін ақша алған.
17
Қазақстанда , мысалы қытай дипломы мойындалмайды.
18
Жергілікті әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаменты.
19
Қоғамдық жұмыстар дегеніміз- шамамен 10000 теңге айлығы бар уақытша жұмыс.
1
Жалақысы төмен уақытша жұмысты ұсынумен
қатар жергілікті жұмыспен қамту органдары жаңа
мамандықты игеру курстарын ұйымдастырады.
Бірақ мұндай курстар тек қана орыс тілінде
жүргізілетіндіктен, бұл тілді білмейтіндер қатыса
алмайды. Оқу бағдарламаларының тақырыптары
да өте тар. Мысалы, Алматыдағы жұмыспен қамту
орталықтарында бухгалтерлердің, жүргізушілердің
курстары ғана ұйымдастырылған. Бір жұмыспен
қамту орталығы мұндай курстардың жұмыс
іздеушілердің ішінде, әсіресе, оралмандар арсын-
да онша сұранысы жоқ екенін айтты.
Қойылған сұрақтар көрсетіп отырғандай, он
оралманның тек қана біреуінің тұрақты табысы
бар; көшіп келгенге дейін олардың бірден төрт
бөлігінде (23,9%) тұрақты табысы болған. Уақытша
жалақы алатын немесе зейнетақы мен әлеуметтік
төлемдер алатын оралмандар саны екі есе өсті.
3.4. кесте. оралманның бір отбасысының
айлық табысы
Табыс
%
оралмандар
Табысы жоқ
2,1
5000 тенгеден аз
13,7
5000-10 000
23,4
10 000-15 000
21,4
15 000-20 000
16,2
20 000-30 000
12,8
30 000-40 000
6,5
40 000-60 000
3,2
60 000 және одан да жоғары
0,7
2003 жылы Қазақстанда БҰҰДБ ең төменгі күнкөріс
минимумын 1 адамға шаққанда 5128 теңге көле-
мінде анықтады
20
. Кестеден көріп отырғанымыздай,
оралмандардың 45% (сауалдарға орай) 2000-
нан 15000-ға дейін табысы бар. Демек, оралман
отбасысының табысы күнкөріс минимумынан асып
тұрған жоқ.
Қазақстандағы заңдарға сәйкес, оралмандардың
жеңілдіктер мен төлемақы алуға құқығы бар, соның
ішінде мүгедектерге, жұмыссыздарға арналған жәр-
демақы мен зейнетақылар, атаулы әлеуметтік кө-
мек кіреді. Мұндай жеңілдіктерді алу үшін орал-
ман статусы қажет болғанымен, жинаған дерек-
тер бойынша көріп отырғанымыздай жергілікті
үкімет органдары мекен жайын тіркеу қағаздарын
талап етеді, сөйтіп, жеңілдіктерді алуға қиындық-
тар туғызады. Заңға сәйкес, барлық оралмандар
еңбек өтіліне және бұрынғы елде қандай жұмыс
істегеніне қарамастан ең төменгі мөлшерде мем-
лекеттік зейнетақы ала алады
21
. Осыған байланыс-
ты, кейбір оралмандар, әсіресе Қытай мен Ресейден
келгендер қазақстанның азаматтығын алғылары
келмейді, бұрынғы азаматтығын қалдырғысы ке-
леді.
22
3.2. тұрғын үй
Интеграция үрдісінде мемлекеттік органдардың
алдында оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз
ету проблемасы тұрады. Квотаға енгізілу дегені-
міз, тұрғын үймен қамтамасыз ету деген сөз, сон-
3.3. сурет. табыстардың негізгі көзі (сауалдар бойынша)
20
БҰҰДБ ақпараттық базасы.
21
Көші-қон комитетінің деректеріне сүйенсек, 2005 жылы жалпы зейнеткер-оралмандар саны жалпы оралмандар санынан 23 988 адам
немесе (5,17%) болды.
22
2005 жылы 1 қаңтарда ең төменгі зейнетақы 6200 тенгені құрады.