1
Мұндай қоныстандыру жағдайы әр түрлі фак-
торлармен түсіндіріледі. Біріншіден, квота өңірлік
бөлініске бағытталған, сондықтан да квота өмір
сүру жерлерін шектейді. 90-жылдар квота көбі-
несе Солтүстік Қазақстанға бағытталған бола-
тын. Бұл етек алған солтүстік және орталық ау-
мақтардағы эмиграциялық ағымдардың халық
санын төмендетуге әкеліп соққан залалдарын
жабу мақсатында жүргізілген болатын. Мигра-
циядағы өзгерістерге сай квота кейінгі жылдары
оңтүстік облыстарға жылжи бастады, бұл орал-
мандардың қоныстандыру үдерісіне (географи-
ялық бағытына) сай келеді. Мысалы, 2005 жылы
квотаға енгізілген оралмандардың 73% (15 000
отбасының 10 885-і) Өзбекстаннан көшіп келіп,
Оңтүстік Қазақстанға қоныстанды.
Квотаға енгізу өтінішін бергендер қай облыста
тұрғысы келетіндігін көрсетеді. Таңдау өкілеттігі
бар облыстық комиттер, өтініш бойынша квота
лимитіне негізделген нақты шешім қабылдайды.
Белгілі бір облысқа өтпей қалған өтініш берген
оралман басқа облысқа квотаға енгізілмейді. Егер
оны бұл облысқа квотаға енгізбесе, ол тіптен еш-
қандай квотаға енгізілмейді. Квотаға енгізілме-
гендер өтінішін тек қана келесі жылы қайта бере
алады.
Квотаға енгізілмеген оралмандарды қоныстан-
дыруға көшіп келген елдің жақындығы, жұмыспен
қамту деңгейі сияқты факторлар әсер етеді. Мы-
салы, Оңтүстік Қазақстанға көптеген оралмандар
Өзбекстаннан, Тәджікстаннан, Түркменстаннан,
Ираннан, Ауғанстаннан, Пәкістан мен Түркиядан
көшіп келеді, олар бұл облысты бұрынғы тұрған
жеріне жақын болғандықтан және жылы климаты-
на байланысты таңдайды. Орыс тілінде сөйлей
алмайтын оралмандар бұл облыста қазақ тілін-
де сөйлейтіндердің көптігін де еске алып таң-
дайды. Облыстарды таңдауда оралмандардың
туысқандары болуы және тарихи байланысы қо-
сымша себеп бола алады.
Маңғыстау облысы – оралмандар санына бай-
ланысты екінші орында тұр - Түркменстаннан,
Өзбекстаннан, әсіресе, Қарақалпақ автономдық
республикасынан келген оралмандарға тартым-
ды. Олар осы облыста тұрып жатқан оралман-
дардың 95%-ін құрайды. Мұндай қоныстанудың
негізгі себебі Түркменстан мен Өзбекстанның та-
рихи түбірінің жақын болуы. Маңғыстау облысы
оралмандарға жоғары жалақы деңгейімен де тар-
тымды. 2002 жылы Маңғыстауда бұл көрсеткіш
жалпы ұлттық деңгейден 91,1% -ке көбейді.
Соңғы 10 жыл көлемінде көшіп келгендер туралы
ақпарат шектеулі. Осыған қарамастан жыл сайын
Өзбекстаннан көшіп келіп жатқан оралмандар ту-
ралы ақпаратты соңғы 55 жылда байқауға болады.
2001 жылы осы елден Қазақстанға 24859 адам,
2002 жылы 87596 адамға дейін көшіп келді. 2004
жылы бұл көрсеткіш 46787 адам болса, 2005 жылы
қыркүйекте тағы да күрт өсті (78 123-ге дейін).
Олардың көшіп келу себебін көшкен елдерінің эко-
номикалық жағдайының тұрақсыздығы, ал Қазақ-
станға келсек , керісінше, позитивтік жаңалықтардың
болғаны деп түсіндіруге болады.
2.3. оралмандарды қоныстандырудың
ерекшеліктері
Оралмандар Қазақстанның барлық өңірленде-
рінде тұрады. Оңтүстік Қазақстан облысында
оралмандардың басым бөлігі тұрады (122 131).
Бұл шамамен Қазақстанда тұрып жатқан барлық
оралмандардың 26%-н құрайды. Екінші орында
оралмандар саны бойынша Маңғыстау облысын
бөліп көрсетуге болады. Бұл жерде 61 737 адам
немесе барлық оралмандардың (13%) тұрады. Ал-
маты және Жамбыл облыстарында 60 770 және
49 365 оралман тұрады. Ең аз оралмандар тұра-
тын облыстарға Батыс-Қазақстан, Атырау облысы
мен Алматы, Астана қалалары жатады.
2.3. сурет. оралмандарды облыстар
бойынша қоныстандыру
1
2.4. Қайталанған көші-қон үрдісі
Қайталанған көші-қон үрдісі (немесе басқа об-
лысқа, ауданға көшу) оралмандар арасында жиі
кездесетін жағдай. Зерттеулерге сүйенсек, орал-
мандардың 24%-і тұрған жерлерін кем деген-
де 1 рет өзгерткен. Қайталанған көші-қон үрдісі
әсіресе ауылдық жерде қоныстанған оралман-
дар арасында жиі кездеседі. Солтүстік аудан-
дардан оңтүстік аудандарға ауысып көшу 90-
жылдары кең етек алған, бұл квотаның геогра-
фиялық тұрғыдан өзгеруіне байланысты, ауылдық
жерлерден қалаға көшуі әлі де жиі кездеседі.
Мұндай миграцияның жоғары деңгейіне ауыл-
дық жерлерде жұмыс орнының болмауы (кол-
хоз, совхоздардың күйреуі); мектептер мен
ауруханалардың тапшылығы, кейбір аудандарда
бала оқыту мүмкіншілігінің болмауы; жақын қа-
лаға бару үшін көлік ақысының жоғары болуы жә-
не ауылдық инфрақұрылымның нашар дамы-
ғандығы сияқты факторлар жатады. Орталық жә-
не солтүстік аймақтардағы оралмандар ауылдық
жерлерден қалаға жиі көшеді. Маңғыстау мен
Оңтүстік Қазақстан облыстарында респондент-
тердің ең аз бөлігі өздерінің бастапқы тұрған жер-
лерін өзгерткен.
1
III БөліМ.
орАлМАНдАрдЫҢ
ЭкоНоМИкАлЫқ ЖӘНе
ӘлеуМеттік ИНтеГрАЦИЯсЫ
3.1. Жұмыспен қамтылу
Иммигранттардың экономикалық интеграциясы
немесе жұмыспен қамтылу деңгейі еңбек рыно-
гына қатысуы жаңа қоғамға кіруіндегі негіз-
гі көрсеткіш болып табылады. Зерттеулердің
нәтижелері көрсетіп отырғандай, оралмандардың
экономикалық интеграцияға жеткен деңгейі өте
төмен.
Көші-қон комитетінің ресми статистикасына жү-
гінсек, оралмандардың тек қана 61,5% ғана жұ-
мыспен қамтылған.
15
2000 жылдағы жұмыспен қам-
тылу деңгейі 32% болғанына қарамастан бұл көр-
сеткіш 2004 жылы 91,6% болған барлық халық-
тың жұмыспен қамтылу деңгейімен салыстыр-
ғанда өте төмен болып отыр. Оралмандар арасын-
дағы жұмыссыздық деңгейі жалпы ел бойынша көр-
сеткіштен (2004 ж 8,4%) анағұрлым жоғары.
Аймақтар бойынша жұмыспен қамту деңгейінде
айырмашылық бар. Мысалы Астанада оралман-
дардың 91% жұмыспен қамтылған. Алматы об-
лысында сұрақ қойылған оралмандардың 83%
жұмысымыз бар деп жауап берді. Солтүстік Қа-
зақстан облысында зерттеу барысында оралман-
дардың 79%-не жұмыс орны табылды. Оңтүстік
аймақтарда жұмыспен қамту деңгейі өте төмен.
Оңтүстік Қазақстанда сұрақ қойылған оралман-
дардың 38%-інде ғана жұмысы бар. Осындай тө-
мен көрсеткіштер зерттеу барысында Батыс Қа-
зақстан облысында да байқалды, ол жерде сұрақ
қойылған оралмандардың 41% ғана жұмысымыз
бар деп жауап берді.
Оралмандар ішіндегі жұмыссыздық деңгейінің
жоғары болуын әр түрлі себептермен түсіндіруге
болады. Біріншіден, оралмандардың жұмыс та-
3.1. сурет. облыстар бойынша оралмандардың жұмыспен қамтылуы
15
2005 жылы 1 қаңтардағы көші-қон комитетінің мәліметтері.