АлғЫ сөЗ
Осы зерттеу Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағ-
дарламасының көмегімен жүргізілді. Оның негізгі
мақсаты республикадағы оралмандардың интегра-
ция жағдайын айқындау болып табылады.
Экономикалық және әлеуметтік жағынан миг-
ранттар әлсіз болатындығын ескеріп, бұл зерт-
теуде оралмандардың қазақстандық қоғамдағы
жағдайын толыққанды әрі нақты көрсетуге талпы-
ныс жасадық.
Зерттеу мақсаттары:
-
оралмандардың әлеуметтік қызмет алу
мүмкіндігінің деңгейін және олардың сапа-
сын анықтау;
-
оралмандар отбасыларының негізгі қар-
жы көздерін анықтау және өңірлерде орал-
мандардың жұмыспен қамтылу деңгейін
анықтау;
-
оралмандардың денсаулығы мен тұрғын
үй сапасына байланысты кедейшіліктің
негізгі көрсеткіштерін айқындау;
-
оралмандарды жұмыспен қамтуда негіз-
гі қиыншылықтарды анықтап, олардың
әлеуметтік және медициналық қызмет алу
мүмкіншілігін қарастыру
.
Әдістемелік
Оралмандардың әлеуметтік және экономикалық
интеграциясы әлеуметтік зерттеулерге (одан ары
қарай-зерттеулер) негізделген. Бұл зерттеулер
географиялық жағынан, оралмандардың қоныс-
тануымен ерекшеленетін Қазақстанның бес облы-
сында (Алматы, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан,
Павлодар, Қарағанды) жүргізілді.
Зерттеулерді «Сандж» зерттеу агенттігі 2004
жылдың сәуір айының ортасынан маусым айының
ортасына дейін жүргізді. Бұл зерттеулерде ар-
найы анкеталар арқылы 20 тереңдетілген интер-
вью жүргізіліп, оралмандардың, жергілікті тұр-
ғындардың көзқарасы айқындалған. Зерттеуге 600
оралман мен 300 жергілікті тұрғындар
2
мына-
дай үш негізгі талаптар бойынша теріліп алынды:
Қазақстанның азаматы болуы, квотаға енгізілуі
және қайтып оралу мерзімі мен қай елден кел-
гендігі. Әр облыс орталығында, бірнеше селоның
тұрғындарымен интервью жүргізілді; тереңдетілген
интервью – көші-қон комитетінің жергілікті депар-
таментінің мамандарымен, Еңбек және әлеуметтік
қорғау министрлігінің, Денсаулық сақтау министр-
лігінің, Білім және ғылым министрлігінің маман-
дарымен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, МЕҰ
қызметкерлерімен және де басқа қызығушылық
танытқан тұлғалармен жүргізілді.
Зерттеулер оралмандардың қолы жеткен интегра-
ция деңгейін анықтайтын негізгі көрсеткіштерге не-
гізделген:
Тіл – барлық коммуникацияның негізі болып табы-
лады, сондықтан тіл интеграциясы өте маңызды;
мигранттардың қабылдаған елдің тілін меңгеру
деңгейі осындай интеграцияның негізгі көрсеткіші
болып табылады.
Мигранттардың әлеуметтік интеграциясы – қа-
былдаған елдің қоғамдық өміріне қатысу деңгейі-
мен айқындалады, сондай-ақ, әлеуметтік қызмет-
ке қол жеткізу деңгейі, мысалы, медициналық қыз-
метті алу мүмкіншілігі .
Білім деңгейі – интеграциялық үрдістің көрсеткіші
ретінде келешектегі экономикалық интеграцияның
негізгі шарты бола алады. Оралмандардың білім
деңгейі, білім сапасы, мектептер мен жоғары ор-
гандарды таңдауы жергілікті оқушылармен са-
лыстыруға жағдай жасайды.
Экономикалық интеграция – мигранттардың ең-
бек рыногына қатысуына, жалпы, мемлекеттің
экономикалық өміріне қатысуына жағдай жасай-
ды. Ол мигранттар арасындағы жұмыссыздық пен
жалпы елде қалыптасқан жұмыссыздық деңгейінің
ара-қатынасы арқылы анықталады. Оралмандар
отбасының табысы мен жергілікті халықтың табы-
сын салыстыру арқылы сапалы ақпарат алуға бо-
лады.
Мигранттардың тұрғын үй интеграциясы қабыл-
даған елдің азаматтарының тұрғын үй жағдайы
мен оралмандардың тұрғын үйлерінің жағдайы
мен орналасу жеріндегі айырмашылықтарын көр-
сетеді.
2
Квотаға енгізілген 150, 300 квотаға енгізілмеген оралман және 150 ҚР азаматтығын соңғы екі жылда алған орламандар.
I БөліМ.
ЭтНИкАлЫқ ИММИГрАЦИЯ
сАЯсАтЫНЫҢ қАлЫптАсуЫ
МеН дАМуЫ
Қазақстанның этникалық иммиграциялық саяса-
тын айқындауда өткен жүзжылдықтағы 90-жыл-
дары орын алған экономикалық және әлеуметтік
өзгерістер, сондай-ақ, эмиграцияның шарықтауы
шешуші рөл атқарды. Өткен уақытта орын алған
әр түрлі репрессиялар мен қуғындардың салда-
рынан болған әділетсіздікті жою үшін қабылданған
этникалық иммиграциялық саясат халықтың ор-
нын толтыру жұмыстарын жүргізуде де маңызды
орын алады. Осы тұрғыда қазақтардың этникалық
иммиграциясын дамыту ұлттық көзқарасты да-
мыту үрдісімен, ұлттық ерекшелік пен мәдениетті
сақтап қалуда және мемлекеттің ішкі тұрақтылығын
қамтамасыз етумен тікелей байланысты.
1.1. тарихи түбірлер
Қазақстаннан тыс 6 млн этникалық қазақтар 40
– тан астам елде тұрып жатыр. Шамамен 1,5 млн –
Өзбекстанда, 1,5 млн – Қытайда, 1 млн – Ресейде,
100000 – Түркменстанда, 80000 - Монғолияда және
45000 – Қырғызстанда. Қазақ диаспорасының ба-
сым бөлігі Турцияда, Ауғанстанда, Иранда тұрады.
3
Қазақтар сондай–ақ, Батыс Еуропада, Азияда, Сол-
түстік және Оңтүстік Африкада өмір сүреді.
Шет елдегі этникалық қазақтардың басым бөлігі –
20-шы және 30-шы жылдары, саяси қуғыншылық-
тан, репрессиядан, аштық пен коллективизация-
лаудан қашып, Совет Одағын тастап кеткен аза-
маттардың тұқымдары.
4
200000 казақтар Совет Одағынан қашып, Қытай,
Монғолия, Индия, Ауғанстан, Иран, Турцияға көшіп
кетті, осы кезде көрші советтік республикаларда
1926 жылдар мен 1930 жылдар арасында қазақтар
2,5 есе көбейіп, 794000 адам болды.
18-19 ғасырда басталған, совет одағы кезеңінде
жалғастырылған күштеп жүргізілген миграция мен
«славяндық» иммиграцияның арқасында қазақтар
өз елінде ұлттың ең аз бөлігіне айналды. 1959 жы-
лы орыс халқының саны қазақ халқынан басым
болды. Кейінгі кездері бұл көрсеткіш өзгергенмен,
1989 жылы қазақтардың саны орыстарға қарағанда
бәрібір басым болған жоқ
5
.
1.2. совет одағынан кейінгі мезгіл
Совет Одағы ыдырағаннан соң, Қазақстан этника-
лық орыстар мен немістердің эмиграциясының
өсуіне байланысты халық санын азайтып алды.
1991 жылмен 2004 жылдар аралығында 3 158 400
адам елден кетті. Эмиграция ағымының өсуімен
бірге адам тууы азайды, иммиграция төмендеді.
Есептеулерге қарағанда 1989 жылмен 1999 жыл-
дар аралығында республика халқы 16,5 млн адам-
нан 15 млн адамға азайды.
6
3
Президент Назарбаевтың 25 қыркүйек 2005ж Астанада өткізілген үшінші Дүниежүзілік құрылтайшылар съезінде сөйлеген сөзінен
4
Қазақстанда қазақ халқы 1926 жылы 3,36 млн адамнан 1939 жылы 2,31 млн адамға азайды Осы кезеңде этникалық орыстар 1,26 млн
адамнан 2,45 млн адамға көбейді. (1926 мен 1939 жылы болған халық санағының ресми деректері).
6
Статистика Агеттігінің мәліметтері бойынша, 2005 ж. 1 желтоқсаныңда Қазақстан халқы 15 205 100 адам болды.