Қазақстандағы оралмандардың жай-күйі Шолу Алматы 2006 ж. Каzakhstan



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет11/11
Дата30.12.2019
өлшемі1,33 Mb.
#25517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

2

гі  (елдегі  санына  қарай  екінші  орындағы  этника-

лық  топтың)  15%  респонденттер  немесе  әрбір 

алтыншысы  оралмандарды  жақтырмайтынын 

айтты.  Зерттеулердің  тағы  бір  көрсеткені  мұндай 

көзқарас барлығына тән емес, кейбіреулері жұмыс 

табуда  немесе  тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуде 

оралмандар  тарапынан  қауіп  қатер  тууы  мүмкін 

деп  есептейді.  ӘТО  өткізген  зерттеулер  табысы 

жоғары респонденттердің оралмандарға көзқарасы 

жақсы,  табысы  аз  халық  тобы  оралмандарға 

жақсы  қарамайтындығын,  яғни  қарама-қайшы 

қатынастарын көрсетті.

Жергілікті  халықтың  географиялық  жағдайларға 

байланысты оралмандарға қатынасы мынадай:

4.3. кесте. регион бойынша оралмандарға жергілікті халықтың қарауы

Өңірлер


Жақсы

Шыдамдылықпен 

қарау

Селқос, енжар 



халық

Нашар


Солтүстік

28,8


34,6

24,2


5,6

Оңтүстік


42,5

19,7


15,4

7,4


Батыс

46,4


13,7

23,7


4,8

Шығыс


26,2

18,4


24,6

17,2


Орталық Қазақстан

31

28,4



29

10,6


 Алматы қаласы

28,2


33,6

18,1


16,1

Жалпы ел бойынша

34

25

22,5



10,1


2

V БөліМ.

орАлМАНдАрғА сЫртқЫ көМек

Бүгінгі  күнде  елде  шамамен  оралмандардың  ин-

тегрциялауымен  айналысатын  20  ҮЕҰ  жұмыс  іс-

тейді.  Олардың  жұмыстарының  негізгі  бағыттары 

мыналар:

• 

ақпараттық  және  анықтама  қызметін 



көрсету;

• 

құқықтық  қызмет  көрсету  (кеңестер,  тір-



кеуге  көмек  беру,  квотаға  енгізілгенде 

статус  алуға  өтініш  жазуға  көмектесу, 

азаматтық  алуда,  әлеуметік  төлемдерді 

алуда көмек);

• 

қоныстанған кезде көрсетілетін көмек; 



• 

мектепке  және  ЖОО  түсу  кезінде  бала-

ларға көрсетілетін көмек;

• 

Қазақстанның  мәдениеті,  тарихымен  ті- 



лін  игеруде,  заңдармен  танысуда  және 

шағын бизнесті ашуда қажетті білімдерді 

беретін курстарды ұйымдастыру; 

• 

біліктілігін  жоғарылататын  курстарды  ұй-



ымдастыру;

• 

оралмандардың  құқығын  қорғау  және  құ-



қықтық және әлеуметтік сұрақтарды жер-

гілікті жерде талқылау;

• 

гуманитарлық көмек көрсету;



• 

тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуде  көмек 

көрсету;

• 

бизнес  жоспарды  және  шағын  бизнесті 



бастауда көмек көрсету; 

• 

жергілікті және шет ел донорларына өтінім 



жасауда көмек көрсету;

• 

оралмандар  сұрақтары  бойынша  кезде-



сулерді,  семинарларды,  дөңгелек  үстел 

мен конференцияларды ұйымдастыру; 

• 

оралмандардың  құқықтық  стандартын 



жақсарту бойынша ұсыныстар жасау жә- 

не  оларды  парламентке,  үкіметке,  жер-

гілікті басқару органдарына беру. 

Мұндай  ҮЕҰ-дардың  ерекшелігі  сонда,  көбінесе 

мұндай  ұйымдар  ды  оралмандар  өзі  құрды.  ҮЕҰ-

дардың  олардың  қызмет  ету  шеңбері  айрықша, 

қаржыландыру  көздеріде,  оралмандарға  қатысты 

сұрақтарды  шешуде  де  әр  деңгейде  жүргізіледі.

41 

Тәжірибелі  және  танымал  ҮЕҰ-дарға  «Асар»  жә- 



не  ҚР  Қызыл  Жарты  Ай  қоғамы  жатады  .  ҮЕҰ  

«Асар»  Алматы  облысында  1998  жылы  Монғо-

лиядан  келген  квотаға  енгізілмеген  оралмандарға 

тұрғын  үймен  қамтамасыз  етуде  көмек  көрсету 

мақсатымен  құрылды.  Бұл  ұйымның  әр  аймақта 

12  өкілдігі  бар,  және  олардың  ең  негізгі  жетістік- 

тері мыналар:

• 

квотаға енгізілмеген 183  оралмандар от-



басына үй салуға жер бөлу;

• 

ХКҰ  мен  бірге  осы  селода  инфрақұры-



лымды дамыту жұмыстарын жүргізу

42

;



• 

Қазақстанның  6  өңірінде  оралмандарға 

курстар ұйымдастыру;

• 

әр түрлі аймақтарда қоныстандыруға жер 



алу;

• 

оралмандарға  арналған  «Көш»  газетін 



шығару;

• 

Рахат  ТВ  апта  сайын  шығатын  теле-



визиялық шоу дайындау; 

• 

әр  түрлі  мәдени  шараларды  ұйым-



дастыру.

Қазақстандық  Қызыл  Жарты  Ай  қоғамы,  атап 

айтқанда,  18  облыстық  комитетінің    үшеуі  орал-

мандармен  2000  жылдан  бастап  жұмыс  істейді.  

ХКҰ  мен  ҚЖАҚ  бірігіп  іске  асырған  жоба  шеңбе-

рінде  9  әйел  оралмандарды  қолдау  орталықтары  

ашылды.  Содан  бері  ҚЖАҚ  комитеті  оралман-

дарға  әр  түрлі  көмектер  көрсете  бастады,  соның 

ішінде жаңа мамандықты игеруге оқыту, құқықтық, 

медициналық,  материалдық  және  гуманитарлық 

көмек көрсету.

ҮЕҰ-дардың  Қазақстанда  ықпалы  нығайғанмен, 

мемлекеттік  органдар,  әсіресе  жергілікті  жерде 

олардың  қызметіне  селқос  немқұрайлы  қарайды 

және олармен жұмыс істеуге жылы ықылас білдір-

мейді.


Тек  қана  Халықаралық  көші-қон  ұйымы  (ХКҰ) 

халықаралық  ұйымдардың  ішінде  бір  өзі  орал-

мандар  интеграциясы  шеңберінде  жұмыс  істей-

ді.  1997  жылдан  бері  ХКҰ  осы  үрдісті  жақсарту 



41

 Кейбіреулерін донорлар қаржыландырады, ал кейбіреулері ешқандай сыртқы көмексіз жұмыс істейді. МЕҰ-дардың бір қатары 

оралмандармен мақсатты түрде жұмыс істейді, кейбіреулері, жалғыз басты әйелдер, қашқындар, жетімдер сияқтя халықтың қорғалмаған, 

табысы аз тобына көмектеседі.   

42

 Байбесік, Алматы қаласының жанында орналасқан.


2

мақсатымен  және  әлеуметтік  проблемаларды  

шешуде әр түрлі шаралар жүргізді. Бұл жұмыстар 

мемлекеттік  және  жергілікті  билік  органдары-

мен,  оралмандармен  және  мемлекеттік  емес 

ұйымдармен бірлесіп жүргізді. 

ХКҰ  жұмыстарының  осы  бағыттағы  негізгі  жұ-

мыстары мыналар:

• 

өмір  сүру  жағдайларын  жақсарту  -  Са- 



ры-Ағаштағы  оралмандар  қоныстанған 

мекен жайдың инфрақұрылымын дамыту 

(Оңтүстік  Қазақстан  облысы);  Шымкент 

бейімделу  орталығын  күрделі  жөндеуден 

өткізу;  Байбесік  (Алматы  қаласы  жа-

нында)  мекен  жайын  жоспарлауда  кө-

мек  көрсету;  Байбесік  мекен  жайының 

инфрақұрылымын дамыту.

•  

Қазақстанның  алты  аймағында  («Асар» 



ҮЕҰ-мен  бірге)  оралмандарға  орыс  тілі- 

нен, бизнес дамытудан, құқықтан оқу кур-

сын ұйымдастыру;

•  


құқықтық  үрдістерде  көмек  көрсету  –

Нұрлы  селосының  оралмандарына  (Ал-

маты  облысы)  азаматтық  алуына  және 

тұруға  рұқсат  қағаз  алуда  және  тірке-

уге  қажетті  300 000  өтініштің  бланкісінің 

көшірмесін,  500000  анкетаны  таратуда 

көмек көрсетті;

•  


оралман  әйелдерге  табыс  табу  мақса-

тымен кәсіпкерлік қызметпен айналысуға 

көмек  көрсету  (КОКК–мен  бірлесіп  Қа-

зақстанның  үш  өңірінде  тоғыз  қоғамдық 

орталық ашу жобасы және мини-гранттар 

бөлу);


•  

семинарлар,  тренингтер,  дөңгелек  үстел, 

конференциялар  мен  оқу  іс  сапарларын 

ұйымдастыру;

•  

оралмандармен  жұмыс  істейтін  ҮЕҰ 



қолдау;

•  


ХКҰ–ның  мигранттарға  құқықтық  көмек 

көрсету  жобасы  шеңберінде  оралман-

дарға  әріптестік  ұйымдар  арқылы  (Адам 

құқығы  және  заңды  орындау  қазақстан- 

дық бюросы) құқықтық көмек көрсету;

•  


зерттеулер  жүргізу,  басылымдарды  шы-

ғару:  Қазақстандағы  және  шет  елдер-



дегі  иммигранттардың  интеграциясы 

туралы  салыстырмалы  аналитикалық 

жазбалары;  Қазақстанның  жаңа  аста-

насындағы  оралмандар  туралы  зерт- 

теулер;  оралмандарға  арналған  ақпа-

раттық кітапша.

Осы  айтқанға  қосымша  ретінде  ХКҰ  ҚР  көші- 

қон  саясатын  дайындау  мен  іске  асыруда  жұмыс  

істейтін  министрліктер  арсындағы  жұмыс  то-

бын  құруға  бастамашы  болды.  Сыртқы  істер  ми-

нистрлігінің  вице-министрі  бұл  топты  басқарады, 

мемлекеттік ведомстволар бастықтары мен орын-

басарлар  деңгейінде  мәжілістер  өткізіледі.  Бұл 

жағдай  көші-қон  жұмысының  толық  спектры  со- 

ның  ішінде  негізгісі,  оралмандардың  көшіп  келуі  

мен  қоныстануы  бойынша,  ынтымақтастық  жұ-

мыстар жүргізуге жағдай жасайды.




0

ҰсЫНЫстАр

Қазақстан  Үкіметіне  оралмандардың  экономикалық  және  әлеуметтік  жағдайын  жақсарту  үшін, 

оралмандардың интеграция саясатындағы ең қажеттісі квоталау жүйесін қайта қарау қажет. Бұл үрдіс- 

тің  мөлдірлігін  қамтамасыз  ету  үшін  «Халықтың  көші-қоны»  Заңына  оралмандарды  квотаға  енгізудің 

нақты  критерийлерін  бекіту  қажет.  Квота  бойынша  көрсетілетін  мемлекеттік  көмек  (көшуге  берілетін  

субсидиялар, бір жолғы берілетін жәрдемақы, баж төлемдерінен босату, тұрғын үйге берілетін жәрде-

мақы)  мұқтаж  адамдарға  берілуі  қажет.  Оралмандардың  көшіп  келуі  және  олардың  интеграциялану 

үрдісін  тиімді  басқару  мақсатымен  көші-қон  комитеті  мен  оның  жергілікті  облыстық  департаменттері- 

нің өкілеттігін күшейту қажет. Оралмандар санының өсуімен қатар, оларға бөлінетін қаржылар да көбейіп 

жатыр, бірақ комитеттің құрылымы, жұмыскерлер саны және олардың техникамен қамтамасыз ету жағ-

дайы 1997 жылғы осы комитет құрылған кездегі деңгейде қалып отыр. Жұмыскерлердің штатын көбейту, 

оларды жүйелі түрде оқыту, жұмыс жағдайын жақсарту комитеттің үйлесімді жұмыс істеуіне жағдай жа-

сайды. Әрине, бұл жағдайда ең негізгі рөл мемлекетте болып отыр.

Заң  құжаттарында  ресми  түрде  оралмандарды  жұмыспен  қамтамсыз  ету,  тілге  үйрету  бекітілгенмен, 

іс жүзінде тіл үйрету курстары, ақпарат және анықтама материалдарына қол жеткізу, жұмысқа тұрғызу 

және қайта даярлау курстары сияқты арнайы интеграциялық бағдарламалар жоқтың қасы. Жұмыспен 

қамту шеңберіндегі арнайы интеграциялық бағдарламалар жаңа мамандықты игеруге, оралмандардың 

біліктілігін  жоғарылататын  қазақ  тілінде,  орыс  тілінде  ұйымдастырылатын  нұсқаулықтарды  кіріктіреді. 

Қазақстанда оралмандарға тезірек еңбек рыногына қатысуға мүмкіншілік беру үшін, мемлекет олардың 

еңбек  ету  құқығын,  лайықты  статус  алған  соң  бекітуі  қажет  (оралманның  куәлігін  алудан  бастап

43

.  


Оралмандардың  ресми  және  бейресми  квалификациялары  (дипломдарын  қосқанда)  бағалаудан  өтіп, 

тиісті өзіне тән жағдайда мойындалуы қажет.



43

 Кейбіреулерін донорлар қаржыландырады, ал кейбіреулері ешқандай сыртқы көмексіз жұмыс істейді. МЕҰ-дардың бір қатары 

оралмандармен мақсатты түрде жұмыс істейді, кейбіреулері, жалғыз басты әйелдер, қашқындар, жетімдер сияқтя халықтың қорғалмаған, 

табысы аз тобына көмектеседі. 


1

БИБлИоГрАфИЯ 

заңдар 

Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қон туралы» Заңы, 26 маусым, 1992 жыл

Қазақстан Республикасы «Халықтың көші-қон туралы» Заңы,13 желтоқсан 1997 жыл (2001, 2002ғ 2004 

жылғы толықтырулар мен өзгерістермен бірге)

«2003 жылғы республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы,

12 желтоқсан  2002 жыл

«2004 жылғы республикалық бюджет туралы», Қазақстан Республикасының Заңы,

5 желтоқсан  2003 жыл

«2005 жылғы республикалық бюджет туралы», Қазақстан Республикасының Заңы,

 2 желтоқсан 2004 жыл

«2006 жылғы республикалық бюджет туралы», Қазақстан Республикасының Заңы,

22 қаңтар 2005жыл

«Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 17 шілде 2001 жыл

президент Жарлықтары

«2005-2007  жылдарға  арналған  оралмандардың  көші-қон  квотасы»  туралы  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің Жарлығы,  27 желтоқсан  2004 жыл

«2004  жылдарға  арналған  оралмандардың  көші-қон  квотасы»  туралы  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің Жарлығы,  31 қараша  2004 жыл

«2003  жылдарға  арналған  оралмандардың  көші-қон  квотасы»  туралы  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің Жарлығы, 10 ақпан  2003жыл 

Үкімет Қаулылары

18  тамыз  1999  жылғы  «Оралмандарға  арналған  республикалық  бюджеттен  бөлінетін  қаржыларды 

мақсатты пайдалану тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

9 шілде 2002 жылғы «Оралмандарға жеке үй салуға бөлінетін жерді бөлу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің қаулысы

18 қараша 1991 жылғы «Басқа республикалардан және шет елдерден қазақ халқы өкілдерін Қазақ СРО 

көшіру тәртібі» туралы Қазақ СРО Мнинитрлер Кабинетінің қаулысы

11 қараша 2002 жылғы «Орта кәсіби білім беретін және жоғары білімді мамандық алу үшін кейбір халық 

топтарына квота бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

21 желтоқсан 2004 жылғы «2005 жылға арналған кепілдік берілетін медициналық көмектің көлемін анықтау 

туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

көші-қон және демография туралы Агенттіктің бұйрықтары (кҚдА)

17 август 2004 жылғы «Оралманнның статусын анықтау және квотаға енгізу туралы нұсқаулықты бекіту» 

турлалы КҚДА бұйрығы

14  сәуір  2000  жылғы  «Бейімделу  мен  фильтрден  өту  орталықтарының  көшіп  келгендерді    қабылдау 

тәртібін бекіту туралы» КҚДА бұйрығы

1998 жылғы 25 желтоқсандағы «Оралмандарға және басқа көшіп келгендерге бейімделу орталықтарын 

құру туралы» КҚДА бұйрығы 



2

Басқа мемлекеттік органдардың қаулылары

30 көке 2005 жылғы № 2/241 Алматы қаласы әкімінің «2005-2007 жылғы Алматыға көшіп келген имигрант-

тарды қабылдау  және қоныстандыру туралы» қаулысы

10 ақпан 2005 жылғы Бюджет комитетінің «2000-2004 жылғы көші-қон комитетінің  бюджет қаржыларын 

қолдануын тексеру нәтижелері туралы» №6 қаулысы

есептер

Қазақстандағы Адам дамуы туралы БҰҰДБ есебі , 2004 жыл

«Қазақстанда және шет елдерде имигранттардың интеграциялауын салыстыру тәжірибесі», 

Аналитикалық жазба ХКҰ-Қазақстан, 2004 жыл 



статистикалық көрсеткіштер

Көші қон комитетінің ресми ақпараттары

Статистика жөніндегі Агенттіктің ресми ақпараттары

Қазақстандағы БҰҰДБ статисткалық базасы



зерттеулер

«Оралмандар:  қазіргі  жағдайы,  проблемалары  және  перспективалары,  Әлеуметтік  технологиялар 

орталығының басылымдары, 2005 жыл

«Оралмандар: сапалы білімге қол жеткізу мүмкіндіктері» - Білім-Орталық Азия және білім беру саясатын 

талдау Орталықтарының зерттеулері, 2005 жыл  

конференция материалдары 

Президент  Назарбаевтың  қазақтардың  25  қыркүйек  2005  жылғы  Астана  қаласында  өткен  үшінші  сам-

митіндегі сөзі (www.zakon.kz) 

Қазақстан Республикасы көші-қон комитетінің төрағасы Абдиев мырзаның Орталық Азиядағы халықаралық 

көші-қон туралы өткізілген конференциядағы сөзі (Алматы қаласы, 12-13 май 2005 жыл)

Интернет сайты 

Қазақстандық құқықтық портал  

www.zakon.kz

«Казинформ» Ұлттық ақпараттық агеттігі 

www.inform.kz

Gazeta .kz ақпараттық-аналитикалық портал 

www.gazeta.kz

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 

www.enbek.kz 

Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен сұхбат «Миграциялық 

басымдықтар тиым салусыз болмайды», Казахстанская Правда, 02.09.05 

www.kazpravda.kz 






қос

ЫМ

ш

А

лА

р

о

ралм

андар

дың негізгі қоныстанған ж

ер

лерін көрсе

те

тін Қа

зақстан 

ре

спуб

ликасының кар

тасы.

Document Outline

  • КРАТКОЕ СОДЕРЖАНИЕ
  • ФОРМИРОВАНИЕ И РАЗВИТИЕ политики ЭТНИЧЕСКОЙ ИММИГРАЦИИ 
  • Особенности расселения оралманов
  • ЭКОНОМИЧЕСКАЯ И СОЦИАЛЬНАЯ ИНТЕГРАЦИЯ ОРАЛМАНОВ
  • КУЛЬТУРНАЯ ИНТЕгрАЦИЯ ОРАЛМАНОВ
  • Приложения
  • Рекомендации
    • Библиография 
  • ВНЕШНЯЯ ПОмощь ОРАЛМАНАМ

жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау