Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2014 жылғы 14 наурыздағы
№ 95-ө бұйрығымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан оралмандар және олардың отбасы мүшелерін бейімдеу және ықпалдастыру тетігін жетілдіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобы туралы ереже
Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан оралмандар және олардың отбасы мүшелерін бейімдеу және ықпалдастыру тетігін жетілдіру үшін ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі – ведомствоаралық жұмыс тобы) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Ведомствоаралық жұмыс тобы қызметінің мақсаты Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары (бұдан әрі – ОБЫО) мен Оралмандарды уақытша орналастыру орталықтары (бұдан әрі – ОУОО) жұмыстарының сапасын арттыру бойынша шаралар кешенін айқындау болып табылады.
3. Ведомствоаралық жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді, осы Ережені басшылыққа алады.
Ведомствоаралық жұмыс тобының негізгі міндеттері мен функциялары
4. Орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) арасындағы оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін бейімдеу және ықпалдастыру тетігін жетілдіру үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша өзара іс-қимыл жасау ведомствоаралық жұмыс тобының негізгі міндеттері болып табылады.
5. Ведомствоаралық жұмыс тобының функциялары:
1) оралмандар және олардың отбасы мүшелерін бейімдеуді және ықпалдастыруды жетілдіру, сондай-ақ этникалық көші-қон жөніндегі жекелеген мәселелер бойынша ұсыныстар жинақтау және ұсынымдар әзірлеу;
2) оралмандарды бейімдеуге және ықпалдастыруға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін орталықтар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарды қарау;
3) оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің ОБЫО және ОУОО тұру тәртібі мен мерзімдерін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4) орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылын дамыту;
5) оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін қоныстандыру тәртібін жақсарту бойынша ұсыныстарды қарау;
6) оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін бейімдеу және ықпалдастыру тетігін жетілдіру бөлігінде ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының нәтижесі жөніндегі ұсыныстарды талдау болып табылады.
Ведомствоаралық жұмыс тобын құру тәртібі
6. Ведомствоаралық жұмыс тобының құрамы орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және ҮЕҰ-ның өкілдерінің қатарынан құрылады.
7. Ведомствоаралық жұмыс тобы жетекшіден, оның орынбасарынан, хатшыдан және ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерінен тұрады.
Ведомствоаралық жұмыс тобы қызметінің тәртібі
8. Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
9. Ведомствоаралық жұмыс тобы қаралған мәселелер бойынша көпшілік дауыспен ұсынымдық сипаты бар шешім қабылдайды. Барлық шешімдер ведомствоаралық жұмыс тобы отырыстарының хаттамаларында көрсетіледі, олардың көшірмелері ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелеріне беріледі.
Шешіммен келіспеген ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері өз пікірлерін жаза алады, олар отырыстың хаттамасына міндетті түрде енгізіледі.
10. Ведомствоаралық жұмыс тобының жетекшісі:
1) оның отырыстарына төрағалық етеді;
2) отырыстардың хаттамаларына және ведомствоаралық жұмыс тобының өзге де құжаттарына қол қояды;
3) жұмыс жоспарын, ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының күн тәртібін бекітеді.
11. Ведомствоаралық жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары:
1) жетекші болмаған кезде отырыстарға төрағалық етеді;
2) ведомствоаралық жұмыс тобының жұмыс жоспарларын дайындауға, ведомствоаралық жұмыс тобының отырысына тартылатын адамдардың құрамын қалыптастыруға қатысады.
12. Ведомствоаралық жұмыс тобының хатшысы:
1) ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырады;
2) ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелеріне отырыс болатын күні және уақыты туралы хабарлайды;
3) Ведомствоаралық жұмыс тобының жартыжылдыққа арналған жұмыс жоспарын пысықтайды;
4) ведомствоаралық жұмыс тобының талқылауына арналған құжаттар жобасы мен шешімдерді дайындап, ведомствоаралық жұмыс тобының төрағасымен келіседі;
5) отырыстың хаттамаларын, сондай-ақ алдағы отырысқа материалдарды жүргізеді, ресімдейді және ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелеріне таратады;
6) ведомствоаралық жұмыс тобының қызметі үшін мәні бар іс-шаралар мен құжаттар туралы ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелерін хабарландырады;
7) ведомствоаралық жұмыс тобының мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқығы жоқ.
13. Ведомствоаралық жұмыс тобының жұмысына шақырылған адамдар:
1) ведомствоаралық жұмыс тобының отырысына қатысады және өз пікірлерін айтуға құқылы;
2) ведомствоаралық жұмыс тобының тапсырмасы бойынша жазбаша қорытынды, есептер және қаралатын проблема бойынша пікірлері көрсетілген өзге де құжаттарды дайындайды.
Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
14. Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерінің:
1) ведомствоаралық жұмыс тобы отырыстарының күн тәртібін қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) ведомствоаралық жұмыс тобы отырыстарына қатысу үшін шақырылатын адамдардың кандидатураларын ұсынуға;
3) ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарында талқыланатын мәселелерді жариялау бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
4) қаралатын мәселелер бойынша материалдар дайындауға қатысуға құқығы бар.
15. Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері мәселелерді талқылаған және дауысқа салған кезде тең құқыққа ие болады.
16. Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері ведомствоаралық жұмыс тобының отырыстарына өзі қатысуға міндетті және өз өкілеттігін өзге адамдарға беруге құқығы жоқ.
17. Ведомствоаралық жұмыс тобының шешіміне сәйкес оның жұмысына оның мүшесі болып табылмайтын кеңесші дауыс құқығы бар адамдар тартыла алады.
Ведомствоаралық жұмыс тобының қызметін тоқтату
18. «Көші-қон проблемаларын шешу, шектес мемлекеттерден көші-қон ағындарын бақылауды күшейту, отандық білікті кадрлардың шетелдік еңбек нарығына шамадан тыс кетуін болдырмау үшін оларға қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған кешенді жоспар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1593 қаулысының күшін жою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі ведомствоаралық жұмыс тобының қызметін тоқтатуға негіздеме болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |