20
дықтан да оралмандардың квотасының өсуі қар-
жымен қамтамасыз ету және ұйымдастыру
қиыншылықтарын туғызады. Бүгінгі күнде мем-
лекеттік дотациялардың басым бөлігі оралман-
дарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жұмса-
лады.
23
Квотаға енгізілмегендер уақытша не-
месе тұрақты үй алуға мемлекеттен көмек
ала алмайды. Көші-қон комитетінің мәліметте-
ріне қарағанда оралмандардың 48,3% тұрғын үй-
мен қамтамасыз етілген.
24
Төмендегі кестеде ҚР
оралмандардың тұрғын үймен қамтамасыз етілген
мәліметтері көрсетілген.
3.5 кестеден көріп отырғанымыздай, тұрғын үй-
мен жеткілікті қамтамасыз етілмеу проблемасы
оралмандардың көп шоғырланған облыстарын-
да көрініс тапқан: Оңтүстік Қазақстан (11,9%),
Маңғыстау (31,9%), Алматы қаласы (47,1%) және
Жамбыл облысы (49,1%). Қазақстанның оңтүстік
өңірлері квотаға енгізілмеген оралмандарға және
қайтып келген иммигранттарға тартымды. Одан
басқа квотаға енгізілген оралмандар да бұл
аймақтарға көптеп көшіп жатыр.
Оралмандарға қойылған сұрақтарға орай байқа-
ғанымыз, олардың ішінде 29% жеке меншікте тұр-
ғын үйлері бар, 17% үй иесімен бірге тұрады және
12% тұрғын үйді жалға алған.
3.5. кесте. облыстар бойынша оралмандардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу
көрсеткіштері (2005 жыл 1 қаңтар бойынша )
Облыстар
үйі жоқ оралмандар
(отбасы саны), %
Облыс
үйі жоқ оралмандар
(отбасы саны), %
Акмола
97,3
Кызылорда
66,9
Ақтөбе
72,6
Костанай
79
Алматы
76,9
Павлодар
86
Атырау
82,0
Солтүстік-Казақстан
95
Шығыс Қазақстан
90,1
Маңғыстау
32
Батыс-Казақстан
50,5
Оңтүстік-Казақстан
12
Жамбыл
49,1
Астана қаласы
66
Қараганды
93,7
Алматы қаласы
47
БАрлЫғЫ
48
3.6. сурет. оралмандардың тұрғын үйді
алуға арналған қаржы көздері
Зерттеулер көрсеткендей, оралмандардың тұрғын
үймен қамтамасыз ету жағдайлары облысқа және
олардың нақты орналасқан жеріне байланысты.
Қалада тұратындар, көбінесе, қалыпты немесе
қанағаттанарлық жағдайдағы жеке өз үйлерінде
23
Оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мемлекеттік бюджеттен 2005 жылы 8 044 223 тенге бөлінді.
24
Бұл 45 635 оралман отбасына сәйкес келеді 2005 жылдың 1 қаңтар деректері бойынша. Қалған 51,7% жатақханаларда, мешіттерде,
бейімделу орталықтарында тұрады.
21
немесе жалға алған үйлерінде тұрады. Ауылдық
жерлерде оралмандар кедейленіп, үақытша со-
ғылған үйлерде тұрады. Барлық облыстарда орал-
мандарға берілген үйлер күрделі жөндеуді керек
етеді.
25
Көбінің үйінде ешқандай санитарлық жағ-
дай жоқ, тұрғын үйлердің сапасы нашар. Мұндай
селоларда асфальт жоқ, бұл өз кезегінде көліктік
қатынастарды қиындатады. Оралмандардың тұр-
ғын үй сапасын жақсартуға ақшасы болмағандық-
тан, мемлекеттен көмек күте алмайды, сондық-
тан ұзақ уақыт осындай нашар жағдайда, су құ-
бырларының, электр шамдарының, кейде газдың
болмауы орын алса да сапасыз өмір сүруге мәжбүр
болады
26
. Зерттеулер нәтижесіне қарағанда ауыл-
дық жерде тұратын оралмандардың 45% салқын
сумен қамтамасыз етілген, 10,6%-ыстық сумен,
17,3%-газбен қамтамасыз етілген. Респондент-
тердің 71% сұйық газы бар баллондарды қолда-
нады. Орталық жылу тек қана 11% үйде бар, сұрақ
қойған оралмандардың 11% үйінде ғана канализа-
ция бар.
Ауыл тұрғындары сияқты оралмандар да орталық
су құбырлары болмағандықтан суды құдықтан
алады, кейде қалалық ағын судан алады, бұл өз
ретінде бұл ауылдарда жұқпалы аурулардың тарап
кетуіне жағдай жасайды.
27
2004 жылы ақпан айында квотаға енгізілген
оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің
бастапқы механизмдері өзгертілді
28
. Жаңа тәртіп-
ке сәйкес, көші-қон Комитетінің жергілікті депар-
таменті тұрғын үйді сатып алмайды, оның ор-
нына отбасының әр мүшесіне 100 айлық есептік
көрсеткіш (АЕК) көлемінде – шамамен 97 200 тең-
ге (730 АҚШ доллары) ақша бөлінеді. Енді орал-
мандар өздері пәтер сатушымен келісім шарт
жасап үй табулары қажет. Бұл үрдісте мемлекет
ешқандай көмек көрсетпейді.
29
Бірақ, Қазақстанда тұрғын үй бағасы жылдам жо-
ғарылап жатқандықтан, бөлінген бір адамға 730
доллар үй сатып алуға жеткіліксіз (ауылда да,
қалада да
30
). Егер адамдардың жеке меншік са-
лымдары болса, жетпей тұрған ақшаны өздері
толтырады. Бірақ, жеке салымдары жоқ оралман-
дар немесе мемлекеттік грантқа қажетті пәтер
сатып ала алмайтын оралмандар бұл ақшаны бас-
қа мақсаттарға жұмсайды: мысалы автомобиль
немесе ауыл шаруашылық құрал саймандар сатып
3.7. сурет. оралман отбасыларының өмір сүру жағдайлары, %
25
Оралмандарға үй иелері қалаға көшіп кеткен тасталған үйлер беріледі.
26
Бұл қорытынды Байбесік және Сары-Ағаштағы Дастан ауылдарына барған кезде жасалды.
27
2004 жылға дейін Алматының жанында орналасқан Байбесик селосының оралмандары ластанған ағын суды қолданды.Кейіннен жергілікті
органдар құдық қазуға жағдай жасады.
28
Бұған дейін ДКҚА жергілікті департаменттері оралмандарға үй тауып беруге міндетті болатын. 25 ақпан 2004 жылы «Оралмандарға
республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыларды мақсатты қолдану тәртібі туралы» құжатқа өзгертулер енгізілді. Бұл өзгерістер
қаржыны дұрыс басқармау, тұрғын үйге баға өсуі және оралмандардың көбеюіне байланысты енгізілді.
29
Оралман нотариалдық бекіткен сату-сатып алу келісім шартын және банктік шот ашқаны туралы куәлік әкелген соң ғана, ақша
оралманның шотына аударылады.
30
Оралмандардың тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасымен айналысатын МЕҰ –дың мәліметтеріне қарағанда ауылдық жердегі
үйлердің ең төменгі бағасы 7000 – 8000 доллар ды құрайды.