Қазақстандағы оралмандардың жай-күйі Шолу Алматы 2006 ж. Каzakhstan



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата30.12.2019
өлшемі1,33 Mb.
#25517
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



қЫсқАшА МАЗМҰНЫ

Қазақстан  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  1,1  млн  им-

мигранттардың, соның ішінде 464000 – этникалық 

қазақтар  мен  оралмандардың  баспанасына  ай-

налды.

1

Этникалық иммиграциялық саясаты бар басқа ел- 



дер  сияқты  (мысалы  Германия,  Израиль)  Қазақ- 

станда  этникалық  өкілдердің  репатриациясы  әле-

уметтік күйзелістердің залалдарын болдырмаудың 

негізгі  (тиімді  және  нәтижелі)  тәсілі  болып  табы-

лады,  сондай-ақ,  ішкі  тұрақтылықты  қамтамасыз 

етуге және ұлттық төлтуманы, ерекшелікті сақтауға 

мүмкіндік жасайды.

Оралмандардың  тарихи  отанына  қайтып  келуі  

әр түрлі жолдармен ынталандырылады. Бұл бағыт-

та көптеген жұмыстар жасалды, дегенмен, ел ішін- 

де оралмандарды қоныстандырғаннан кейін эконо-

микалық  және  әлеуметтік  интеграциялау  әлі  де 

өзекті мәселе болып тұр.

Қазақстан экономикасының даму үрдісі жоғары бол- 

ғанына  қарамастан,  оралмандар  айтарлықтай  қи- 

ыншылықтарға  кездеседі,  халықтың  әлжуаз,  қор-

ғалмаған топтарына кіреді.

Жүргізілген ізденістер барысында интеграция үде- 

рісінде  оралмандардың  тарихи  отанында  кездес-

тіретін қиындықтарына талдау жасап, осы жағдай-

ды бағалауда нақты жұмыстар жасалды. 

Қазақстан  Республикасының  бес  өңірінде  (Ал-

маты,  Маңғыстау,  Оңтүстік  Қазақстан,  Павлодар,  

Қарағанды  облыстарында)  2004  жылы  сәуір  ай-

ының  ортасынан  бастап,  мамыр  айының  ортасы-

на дейін жүргізілген әлеуметтік зерттеулер топтық 

пікірталастар  арқылы,  әр  топтың  өкілдерімен 

жүргізілген  20  тереңдетілген  интервью  арқылы 

оралмандардың,  жергілікті  халықтың  зерттеліп 

отырған  проблемалардың  әр  түрлі  аспектілері  ту-

ралы көзқарастарын білуге жағдай жасады.

Зерттеулерге  600  оралмандар  мен  300  жергілікті 

тұрғындар тартылды.

Бұл шолу ресми статистика органдарының дерек-

теріне және ақпаратты талдау нәтижелеріне негіз-

делген.


Шолудың құрылымы

I  Бөлімде  Қазақстандағы  этникалық  иммиграция-

ның пайда болуы, оралмандар  туралы  мемлекет- 

тік  саясаттың  ерекшеліктері  және  қайтып  келуі  

мен  интеграциясын  реттейтін  құқықтық  негіздері, 

сондай-ақ, оралмандардың қайтып келуіне жағдай 

жасау  шаралары  мен  интеграция  үдерісінде  көр-

сетілетін көмектер қарастырылған. 

II  Бөлімде  жалпы  ақпарат  беріліп,  Қазақстандағы 

оралмандар  туралы  негізгі  елдер  мен  қоныстанд-

ыру ерекшеліктеріне жалпы мазмұндама берілген. 

III  және  IV  бөлімде  Қазақстан  Республикасында- 

ғы интеграция үрдістері көрсетілген.

  IV  бөлімнің  негізін  мәдени  интеграция  мен  тілге 

бейімделу жағдайын талдау қалайды

Жұмыспен  қамтамасыз  ету,  тұрғын  үй,  білім  беру 

сияқты  негізгі  көрсеткіштер  арнайы  бөлімге  кірік-

тірілген.

Осы  көрсеткіштер  бойынша  зерттеудің  негізгі  нә-

тижелері көрсетілген. 

Зерттеулер  жүргізу  барысында  көріп  отырға-

нымыздай,  оралмандардың  негізгі  қиыншылығы, 

әсіресе квотасыз келгендерге, тұратын үй табу бо-

лып табылады.

2004 жылға дейін келгендердің тек қана 51,2 % ға-

на тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

Зерттеулер  көрсетіп  отырғандай  квотамен  және 

квотадан  тыс  келген  оралмандардың  көбісі  

(78,5%),  мемлекеттік  емханаларың  медициналық 

қызметін  алады,  әрбір  алтыншы  оралман  ақ-

ша  үнемдеу  мақсатымен  емханаға  бармайды.  

Оралмандардың  көбісі  (80%)  емдеуге  ақы  тө-

лемейді.

1

 «Оралман» деген ұғымды «қайтып келгендер» деп түсінуге болады. Кең ұғымда оралмандар дегеніміз-өздерінің тарихи отанына қайтып 

келген қазақтар. Сандық көрсеткіштер 1991 жылдар мен 1.01.2005 жылдар аралығында қайтып келген оралмандарды көрсетеді.





Медициналық  қызметпен  қатар  мемлекет  орал-

мандарға  орта  білім  алуға  кепілдік  береді.  Жоға- 

ры оқу орындарына оқуға квота бөлінген.

Оралмандардың  балалары,  зерттеулер  көрсетіп 

отырғандай, сабақты жақсы оқиды. Бірақ бұрынғы 

тұрған  елдердің  жазу  ерекшеліктеріне  байланыс-

ты қиындықтар туындайды. Оралмандардың бала-

ларының  ішінде  сабаққа  бармау  көрсеткіші  өте 

жоғары,  олардың  ішіндегі  23%-і  негізгі  себебін 

аурумен  және  қаржылық  қиындықтармен  түсінді- 

реді.


Оралмандардың  қазақстандық  қоғамға  интегра-

циялануы тілмен, психологиялық және мәдени бей-

імделумен тікелей байланысты.

ТМД–ға  кірмейтін  елдерден  келген  оралмандар 

орыс  тілінің  кең  ауқымда  қолданылуына  байла-

нысты проблемалармен кездеседі.

Бұл  проблема  еліміздің  солтүстік  аймақтарында 

жиі кездеседі.

Мәдени  және  этникалық  бейімделу  оңтүстік  және 

шығыс  өңірлерде,  батыс,  солтүстік  және  орталық 

аймақтардағы  моноэтникалық  аудандарда  жеңіл-

деу  болып  отыр,  өйткені  бұл  жақтарда  ұлттық, 

соның ішінде тілді қолдау дәстүрлері сақталынған.

V  бөлімде  оралмандардың  интеграциялауына 

жағдай  жасайтын  халықаралық  және  мемлекеттік 

емес ұйымдардың көмектері қарастырылған.

Оралмандарға  құқықтық  көмек  (заңдар  бойынша, 

әлеуметтік қорғау, азаматтыққа тіркелу құжаттарын 

қазақ  тіліне  аудару)  көрсететін  көптеген  ұйымдар 

бар; олар конференциялар, семинарлар, дөңгелек 

үстел өткізеді, құқықтарын қорғайды. Өкінішке орай, 

мұндай  ұйымдардың  мемлекеттік  құрылымдар- 

мен қатынас деңгейі жоғары емес.

Шолудың  қорытындысында  оралмандардың  ин-

теграциялану  үрдісін  жақсартатын  ұсыныстар  кі- 

ріктірілген.  Жалпы,  зерттеулер  көрсетіп  отырған-

дай,  оралмандарға  қатысты  экономикалық  және 

әлеуметтік  саясатты  жаңартып,  үйлестіру  қажет. 

Қазақстандағы  оралмандардың  бейімделуіне  жағ- 

дай  жасайтын  мемлекеттік  бағдарламалар  қажет. 

Мұндай  жаңа  қаржылық  тәсілге  негізделген  бағ-

дарлама квотаға енгізілген немесе квотаға енгізіл-

меген  оралмандардың  жағдайын  теңдестіреді, 

экономикалық бейімделу мәселелерін, соның ішін- 

де  жұмыспен  қамтумен,  кәсіпкерлікпен  айналысу 

проблемаларын  шешсе,  тұрғын  үймен  қамтама- 

сыз  ету,  медициналық  қызмет,  білім  алу  ба-

ғытындағы  әлеуметтік  бейімделуді  жүзеге  асыра-

ды және мәдениетке, тілге байланысты бейімделу 

қарастырылады.

Оралмандардың  қоныстануы  мен  бейімделуі  де- 

мографияға,  Қазақстанның  әлеуметтік  және  эко-

номикалық саясатына үлкен маңызы бар. Осыған 

байланысты  оралмандардың  тарихи  отанында 

интеграциялануының  дамыу  мен  интенсифика-

циясын  жандандыратын  механизмдерді  қолдану 

өзекті мәселеге айналып отыр. 



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау