10
1.1. сурет. 2005-1991 жж Қазақстан халқының саны (млн адам)
Дерек көзі: Статистика Агенттік, 1991-2005 ж Қазақстан.
1991 жылы 18 қарашада Қазақстан тәуелсіздік
алғанға дейін Үкіметтің «Ауылдық жерде жұмыс
істеуге талпынысы бар басқа республикада, шет
елдерде тұратын қазақтарды Қазақ ССР – на кө-
шіру тәртібі мен шарттары туралы» қаулысы қа-
былданды, бұл қаулы қазақтардың иммграциясын
реттеп қана қоймай, сол кезде орасан дағдарысқа
ұшыраған қазақ ауылы мен ауыл шаруашылық ке-
шендерін дамытуға септігін тигізді.
Осының нәтижесінде 1991-1992 жылдары Қазақ-
станға 61 609 этникалық қазақтар көшіп келді.
1992 жылы мамыр айында «Көші-қон туралы»
Заң қабылданды. Осы заңның 1 бабына сәйкес,
этникалық қазақтарға тарихи отанына көшіп ке-
луге құқық берілді. Заң жүзінде оралмандарға
иммиграциялық квота бекітіліп, этникалық им-
миграция бойынша жұмыс істейтін арнайы орган
құрылды.
Экономикалық және тарихи тұрғыдан этникалық
қазақтардың тарихи отанына көшіп келуі мем-
лекеттің ұлттық ерекшелігін сақтап қалуға және
ішкі тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізеді. Со-
вет Одағы кезінде көптеген қазақтардың әдет-
ғұрыптары жоғалды, қазақ тілін қолдану тек қа-
на ресми деңгейде ғана емес, бейресми деңгей-
де де төмендеп кетті. Осыған байланысты қазақ
тілі де, қазақ мәдениетінің көптеген элементтері
де жоғалуға жақын болды. Осы бағытта орал-
мандардың көшіп келуі, қазақ мәдениетін сақтап
қалуда мемлекеттің иммиграциялық саясатының
негізгі бөлігі болды.
1.3. оралмандарға квотаны анықтау
Оралмандардың иммиграциясының квотасы ха-
лық санының өзгеруіне, елдің экономикалық жә-
не қаржылық жағдайына байланысты әр жылға
анықталады.
Квотаның көлемі ҚР Президентінің жарлығымен
бекітіледі. 1993 жылы бірінші рет жылдық кво-
та бекітілген болатын, осы квотаға сәйкес 10000
(шамамен 40000 адам) отбасының көшіп келуіне
немесе репатриация жасауға мүмкіндік берді. 90-
жылдары квотаның көлемі едәуір өзгерді, 1999
-2000 жылдары 500 отбасына дейін төмендеді.
2002 жылы экономикалық жағдайдың жақсаруы-
мен байланысты квота көлемі 2005 жылы 15000
отбасына дейін жоғарылады.
Квотаға енгізу өтініші (ҚР дипломатиялық неме-
се консулдық миссияларына) шет елден келген
соң немесе келмей тұрып, беріледі. Елде тұрып
жатқандардан өтініш Астана қаласындағы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
көші-қон комитеті арқылы немесе жергілікті де-
партаменттер арқылы беріледі. Сонымен қатар,
оралмандар отбасыларының квотаға енгізілу кри-
териилері «Көші-қон туралы» Заңда , нормативтік-
құқықтық актілерде нақтыланбаған. Осының сал-
дарынан квотаға енгізілу барысында жемқорлыққа
жол берілген.
Квота Қазақстанға оралмандардың көшіп келуіне
шектеу бермейді. Басқа елдердің иммиграциялық
квоталар жүйелерінен айырмашылығы, (мысалы
оралмандар иммиграциясының квотасы
Жыл
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
Отбасы
саны
10 000
7000
5000 4000
2200
3000
500
500
600
2655
5000 10 000 15 000
11
Германия), Қазақстанда квотаға енгізілуі орал-
ман отбасыларының елге кіруіне және ол жерде
тұрақты өмір сүруіне талаптар қоймайды. Осының
салдарынан квотаға енгізілмеген оралмандар от-
басылары көбейіп отыр. Соңғы жылдары, мыса-
лы, көрші Өзбекстаннан, соның ішінде Арал теңі-
зінің жағалауында тұратын (Қарақалпақ, Навои об-
лыстары) квотаға енгізілмеген оралмандар отба-
сылары көптеп көшіп келіп жатыр. Сонымен, орал-
мандардың екі тобы пайда болды: біріншісі квотаға
енгізілгендер және квотаға енгізілмегендер.
1.2 суретте қазақ иммигранттарының жалпы са-
нымен квотаға енгізілген оралмандардың айырма-
шылығы көрсетіліп отыр.
Графиктен көріп отырғанымыздай, (1.2 сурет) 1995
жылға дейін елімізге көшіп келгендер саны бекітіл-
ген квотадан төмен болып отыр. Бірақ, 1996 жыл-
дан бастап, оралмандар саны бекітілген квотадан
асып түсті, ал 2001 жылда тарихи отанына қайтып
келгендер саны бекітілген квотадан 15 есе көп бо-
лып отыр. 2002 жылы квотаның 2000 отбасына
көбейтілгеніне қарамастан, иммигранттар саны 4
есе көбейді. 2004 жылы квота 10000 отбасына
көбейсе де, жалпы иммиграция квотадан 86%-ке
жоғары болды.
Квотаға енгізілген оралмандар мен квотаға енгі-
зілмеген оралмандар санының айырмашылығын
Қазақстанда өмір деңгейінің жоғарылауымен (бас-
қа елдермен салыстырғанда) және де этникалық
қазақтардың Қазақстанның оралмандар саясаты-
1.2. сурет. 1993-2004 жылдары оралмандардың көшіп келуі
Дерек көзі: Көші-қон комитетінің ресми деректері.
на қызығушылық таныту белсенділігінің артуы деп
түсіндіруге болады.
1.4. оралмандарды мемлекет
тарапынан қолдау
Оралмандарды құқықтық қолдау 1997 жылы
шыққан «Халықтың көші-қоны туралы» Заңға
негізделген, бұл заңда Қазақстанға көшіп келген
барлық оралмандарға байланысты интеграция-
лық шаралар қарастырылған. «Халықтың көші-
қоны туралы» Заңнан басқа әр түрлі нормативтік
– құқықтық актілер бар.
7
Жыл сайын оралмандардың интеграциясына
қаржы бөлінеді, 2005 жылы 8 млн тенге бөлінді.
Мемлекеттік дотациялардың көлемі анағұрлым
көбейіп отыр. Мысалы, 2002 жылы мемлекеттік
бюджеттен интеграциялық үрдістерге 375 млн.
тенге ақша қарастырылды. 2003 жылы бұл көрсет-
кіш 2 млрд тенгеге өсті. 2006 жылы 11,1 млрд.тенге
болады деп күтілуде.
8
Бюджеттік қаржылар квотаға енгізілген орал-
мандарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге жә-
не жәрдемақы беруге жұмсалады. Тұрғын үй алу-
ға арналған жәрдемақы мен әр отбасы мүшелеріне
берілетін жәрдемақы квотаға енгізілген орал-
мандарға беріледі және де жол шығындары өте-
ліп, шекарадан мүліктерін өткізген кезде кеден
баждарынан босатылады. Квотаға енгізілмеген
оралмандар қазақстандық азаматтық алуға құ-
жаттарын бере алады және оралмандарға тиесілі
7
Республикалық бюджетен оралмандарға бөлінетін қаржыларды мақсатты бағытта қолдану тәртібі (Үкімет қаулысымен бекітілген).
Оралмандарға жеке үй салу үшін жер бөлу тәртібі (Үкімет қаулысы бойынша бекітілген). Тұлғаларды уақытша адаптациялық
орталықтарда қоныстандыру нұсқаулығы (Қазақстан Республикасы көші-қон және демография Агенттігі төрағасының бұйрығы бойынша
бекітілген). ҚР мигранттар мен оралмандарға арналған адаптациялық орталықтар туралы нұсқаулық (Қазақстан Республикасы көші-
қон және демография Агенттігі төрағасының бұйрығы бойынша бекітілген). Оралманның статусын анықтау және оларды иммиграция
квотасына енгізу нұсқаулығы (Қазақстан Республикасы көші-қон және демография Агенттігі төрағасының бұйрығы бойынша бекітілген).
8
2003-2006 ж «Республикалық бюджет туралы» Заңдар.