|
11-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тарту
1. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
1) егер кепiл туралы шарт немесе кепiл талаптары бар өзге де шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 307-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
2) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi тұлға жасамаған;
4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаған жағдайларда, кепiлдi тiркеуден бас тартады.
2. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжді бас тартуды жібереді.
3. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тартуға не оны тiркеуден жалтаруға мүдделi тұлға сот тәртiбiмен шағым жасай алады.
|
11-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тарту
1. Тiркеушi орган, нотариус және (немесе) Мемлекеттік корпорация:
1) егер кепiл туралы шарт немесе кепiл талаптары бар өзге де шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 307-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
2) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеген;
3) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi тұлға жасамаған;
4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаған жағдайларда, кепiлдi тiркеуден бас тартады.
2. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган, нотариус және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжді бас тартуды жібереді.
3. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тартуға не оны тiркеуден жалтаруға мүдделi тұлға сот тәртiбiмен шағым жасай алады.
| 1 бәсеке бойынша тексеріс
«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Заңның 5 бабының 1 тармағына сәйкес, Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия өз құрамын бойынша төмендегілерді қамтамасыз ету қажет болатын салаларда енгізіледі:
Конституциялық құрылыс;
Ұлттық қауіпсіздік;
Қоғамдық тәртіпті сақтау;
Адам құқықтары мен бостандықтары;
Халық денсаулығы.
|