«Самұрық-Қазына» АҚ 2012 жыл ішіндегі қаржылық есептілігінің егжей-тегжейлі талдамасы
Астана, 2013 жыл
МАЗМҰНЫ
Беті
Қор тобына шолу.............................................................................................................. 3
Операциялық қызметтің нәтижелері және күрделі шығындар................................... 16
Шоғырландырылған қаржылық көрсеткіштер........................................................ 16
ЕДБ-сіз шоғырландырылған қаржылық көрсеткіштер............................................ 18
Сегменттер бөлінісіндегі қаржылық көрсеткіштер және күрделі шығында........ 21
«Мұнай-газ» сегменті ............................................................................................. 23
«Тау-кен өнеркәсіп» сегменті................................................................................. 27
«Тасымалдау» сегменті........................................................................................... 30
«Энергетика» сегменті............................................................................................. 32
«Телекоммуникация» сегменті ............................................................................... 35
«Қаржы және даму институттары» сегменті.......................................................... 37
«Корпоративтік орталық және жобалар» сегменті................................................ 38
Айналым капиталын талдау..................................................................................... 39
Өтімділік ............................................................................................................................. 39
Ақша қаражатының қозғалысын талдау ................................................................. 39
Қаржылық тұрақтылықты талдау ............................................................................ 40
«Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) қаржылық есептілігінің егжей-тегжейлі талдамасы Қордың 2012 жыл ішіндегі аудиттелген шоғырландырылған және жеке қаржылық есептілігіне қосымша дайындалды.
Талдама шоғырландырылған қаржылық есептілікті қосымша ақпаратпен ашу, қызметтің ашықтығын арттыру, Қор тобының есепті кезеңдегі қаржылық жағдайын және қызметінің нәтижелерін түсіну мақсатында әзірленді.
Талдауда пайдаланылатын терминдер «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы №550-IV Заңына (жаңа редакцияда) сәйкес:
Ұлттық әл-ауқат қоры - ұлттық басқарушы холдинг.
Компаниялар – ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар.
Қордың тобы – Қор, компаниялар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, осы Заңмен өздеріне қатысты арнаулы құқықтық жағдай белгіленетін заңды тұлғалар (бұдан әрі – Қордың тобы).
Бұл ретте Қордың тобына:
кепілге салынған акцияларын (қатысу үлестерін) сату жөніндегі сауда-саттық Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) азаматтық заңнамасына сәйкес өткізілмеді деп жарияланған кезде акциялары (қатысу үлестері) Қордың тобына кіретін банктің меншігіне келіп түскен заңды тұлғалар;
банк кредиторларының мүдделерін қорғау және ҚР банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында акциялары ҚР заңнамасына сәйкес ҚР Үкіметінің шешімі бойынша Қордың меншігіне келіп түскен банктер кірмейді
Қор тобына шолу
Қор «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және тұрақтылығы жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы мен «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
Қор тобының қызметі «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңымен, сондай-ақ Салық кодексімен, Бюджет кодексімен, салалық заңдармен, мемлекеттік мүлік туралы, акционерлік қоғамдар туралы ҚР заңдарымен және уәкілетті мемлекеттік органдардың жекелеген нормативтік актілерімен реттеледі. Бұдан басқа, жекелеген компаниялардың қызметтер, жұмыстар және тауарлар ұсынуы табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау туралы заңдармен реттеледі.
Қордың 2012-2022 жылдарға арналған даму стратегиясы ҚР Үкіметінің 14 қыркүйектегі №1202 қаулысымен бекітілген. Қазіргі кезде еншілес ұйымдар даму стратегияларын Қордың стратегиясымен сәйкес келтіруде.
Қордың миссиясы Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту және Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқару арқылы Қазақстан Республикасының ұлттық
әл-ауқатын арттыру болып табылады.
Миссияны іске асыру үшін Қор үш стратегиялық бағыт бойынша әрекет етеді:
1. Компаниялардың ұзақ мерзімді құнын арттыру;
2. Ұлттық экономиканы әртараптандыруға және жаңғыртуға қатысу;
3. Әлеуметтік жауапкершілік.
Қордың Жалғыз акционері ҚР Үкіметі болып табылады. Қордың Директорлар кеңесі жалғыз акционер сайлайтын төрағадан және мүшелерден тұрады. ҚР Премьер-Министрі лауазымы бойынша Қор директорлар кеңесінің төрағасы болып табылады.
Қордың директорлар кеңесінің құрамы ҚР Үкіметі мүшелерінің арасынан, Қордың басқарма төрағасынан, тәуелсіз директорлардан және өзге де тұлғалардан қалыптастырылады. Директорлар кеңесінің сандық құрамы Қордың жарғысымен айқындалады, бұл ретте тәуелсіз директорлардың саны директорлар кеңесі сандық құрамының бестен екі бөлігінен кем болмауға тиіс.
Қор тобының құрылымына мұнай-газ, электр энергетикасы, көлік, телекоммуникация және басқаларды қоса алғанда, экономиканың негізгі секторларының компаниялары кіреді.
Қор тобының құрылымына 619 компания, оның ішінде «Самұрық-Қазына» корпоративтік орталығы, барлық деңгейлердегі 381 еншілес ұйымдар (бұдан әрі – ЕҰ) және «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қордың тобына кірмейтін заңды тұлғаларды және банктерді қоса алғанда, 237 қауымдасқан және бірлесіп бақыланатын ұйымдар кіреді.
Қордың қаржылық есептілігін шоғырландыру кезінде ЕҰ мынадай сегменттер бойынша топталады:
Мұнай-газ
Тау-кен өнеркәсібі
Тасымалдау
Телекоммуникациялар
Энергетика
Қаржы институттары және даму институттары
Корпоративтік орталық және жобалар.
Шоғырландырылған қаржылық есептілікке 36 елеулі еншілес, 3 қауымдасқан ұйымдар кіргізілді.
Осы талдаманың ІІ бөлімінде операциялық қызметтің нәтижелері сегменттер бойынша сипатталады.
Қордың тобы мемлекеттік мүлік туралы заңға және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес өз қызметін Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында, Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – ҮИИДМБ), темір жол саласы, энергетика, мұнай-газ секторы және т.б. саласындағы даму бағдарламаларында белгіленген елдің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағыттайды.
Қор тобының 2012 жыл ішіндегі қызметіне мынадай макроэкономикалық көрсеткіштер де әсер етті.
Атауы
|
2012 жыл
іс жүзінде
|
2011 жыл
іс жүзінде
|
Өзгеріс, %-бен
|
ЖІӨ нақты өсімі, %
|
105,0
|
107,1
|
-2,1
|
Кезеңнің аяғындағы инфляция, %
|
6,8
|
5,1
|
1,7
|
Теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы
|
149,1
|
145,8
|
3,3
|
Мұнайдың әлемдік бағасы Brent, есепті кезеңде орта есеппен АҚШ доллары/баррель
|
111,6
|
111,3
|
0,3
|
Қор тобының ҚР Үкіметімен өзара іс-қимылы Қор қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады, ол ҚР Үкіметі функцияларының Қорға қатысы бойынша әр алуан сипатына байланысты: акционер, тарифтік реттеуші, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды үйлестіруші.
ҚЕХС-ке сәйкес Қордың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне сай 2012 жылы Қордың Акционерге жіберген дивидендтерінің жалпы сомасы 168,2 млрд. теңгені құрайды, атап айтқанда:
директорлар кеңесінің 2011 жылғы 20 шілдедегі №67 шешіміне сәйкес 2011 жылғы
13 желтоқсанда іс жүзінде республикалық бюджетке аударылған, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы
19 қаңтардағы №139 қаулысына сәйкес есептелген 2010 жыл ішіндегі қызметтің қорытындылары бойынша Қордың 9,1 млрд теңге мөлшеріндегі дивидендтері;
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы №850 қаулысына сәйкес 2011 жылдың қорытындылары бойынша Қордың 159,1 млрд теңге мөлшеріндегі дивидендтері. Жоспарлы сомадан асу (9,1 млрд.теңге) ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 3 мамырдағы №570 қаулысына сәйкес «Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлестерді басқару жөніндегі компания» ЖШС қатысу үлесінің 100% сатып алу есебінен 150,1 млрд.теңге мөлшерінде қосымша дивиденд төлеу есебінен болды.
Бұдан басқа, Қор компанияларының тобы бойынша 2012 жыл ішінде Акционерге өзге де бөлу, ҚЕХС сәйкес дивидендтермен тең танылатын ол 63 890 млн.теңгені құрады, оның ішінде:
Кроме того, прочие распределения Акционеру по группе компаний Фонда за 2012 год, которые согласно МСФО признаются наравне с дивидендами, составили 63 890 млн.теңге, в том числе:
49 497 млн.теңге мөлшерінде объектілер салу және беру: ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша Астана қаласында «Қазақстан тарихының мұражайын», «Телерадиокешенінің ғимаратын», «Мұз сарайын», сондай-ақ Мәскеу қаласында «Дүниежүзілік көрме орталығын» (бұдан әрі мәтін бойынша «Көрме орталығы») қайта жөндеу жөніндегі міндеттемелер; мұнай төгілуіне ден қою Солтүстік Каспий экологиялық базасын (СКЭБР) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарауына беру жөніндегі міндеттемелер;
Акционердің тапсырмасы бойынша әлеуметтік, мәдени-көпшілік және спорт іс-шараларын қаржыландыру үшін 14 393 млн.теңге мөлшерінде, оның ішінде Қор бойынша жалпы сомасы 9,1 млрд. теңгеге қайрымдылық көмегін көрсету: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінде болған
28 ақпандағы кеңестің №20-5/И-76 хаттамасына және Премьер-Министрдің 2012 жылғы 20 наурыздағы №20-14/И-176 шешіміне сәйкес V Астана экономикалық форумын өткізу жөніндегі іс-шараларды; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы отырысының №18 хаттамасына және Астана қаласы әкімі орынбасарының 2012 жылғы 4 маусымдағы №10-29/867 хатына сәйкес Астана күнін мерекелеу жөніндегі іс-шараларды; ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы отырысының №18 хаттамасына және ҚР Сыртқы істер министрлігінің 2012 жылғы 5 маусымдағы №20-4/982 хатына сәйкес «Eye on Kazakhstan 2012» теле жобасын; ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы отырысының №18 хаттамасына және ҚР Спорт істері агенттігінің 2012 жылғы 5 маусымдағы №09-03/792-И хатына сәйкес ұлттық құрама командаларды Лондон қаласындағы 2012 жылғы XXX жазғы Олимпияда ойындарына және XIV жазғы Параолимпияда ойындарына сапалы дайындау үшін қажетті іс-шараларды; ҚР Мемлекет басшысының 2012 жылғы 9 сәуірдегі №1753 тапсырмасына және ҚР Премьер-Министрінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі №20-51/1837 тапсырмасына сәйкес «Назарбаев Университет» БҰ қаржыландыру; ҚР Үкіметі отырысының 2012 жылғы 24 шілдедегі №27 хаттамасына және Футбол федерациясының 2012 жылғы
24 тамыздағы №1872 хатына сәйкес 2012 жылы Қазақстан Футбол федерациясының іс-шараларын;
ҚР Үкіметі отырысының 2012 жылғы 24 шілдедегі №27 хаттамасына және «Қазақстан Заңгерлер одағы» РҚБ 2012 жылғы 7 қыркүйектегі №07 хатына сәйкес заңгерлердің Астана ЕуроАзиялық форумын өткізу жөніндегі іс-шараларды; 2014 жылы Қазақстан Республикасында өртке қарсы-құтқару спорты бойынша
Х әлем чемпионатын өткізуді; 2012 жылғы 18 қазанда Лондон қаласында Қазақстан Бизнес-форумының өткізілуін; EXPO-2017 жөніндегі іс-шараларды; Олимпиада чемпиондары үшін тұрғын үй сатып алу жөніндегі іс-шараларды; Индустрияландыру картасының жобаларын таныстыру жөнінде жалпыұлттық телекөпір өткізуді; ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 8 қыркүйектегі №1027 қаулысымен бекітілген «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын қаржыландыру.
Тұтастай алғанда, Қор компани яларының тобы бойынша 2012 жылы 800 млрд.теңге сомасына салықтар мен төлемдер төленді, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 8,3% және 2010 жылмен салыстырғанда 32,3% көп. Салықтар мен төлемдердегі негізгі үлесті экспортқа рента салығы (20%) және корпоративтік табыс салығы (19,7%) алады. 2012 жылы 2011 жылмен салыстырғанда осы салықтар бойынша мұнайға әлемдік бағаның өсуі және ренталық салық ставкасының 16%-дан 22% дейін артуы себебінен тиісінше 7% және 25% өсу байқалады.
Қор компанияларының тобы елдегі инвестициялық белсенділіктің локомативі болып табылады. Бірқатар негізгі салаларда күшті позицияларды иелене отырып, Қор жобаларды іске асыру үшін меншікті және қарыз қаражатын, сондай-ақ шетелдік инвесторлардың тікелей инвестицияларын тартады. Еншілес ұйымдар арқылы жүзеге асырылатын Қордың инвестициялық бағдарламасы жалпы құны 12,1 трлн. теңге іске асырылатын және іске асырылуы жоспарланған 100 ірі инвестициялық жобаны қамтиды, олардың кейбіреуі қазіргі сәтте аяқталды, басқалары – іске асыру сатысында тұр.
Төменде тиісті инвестициялық жобалардың салалық құрылымы көрсетілген.
млрд. теңге
Сегмент
|
Ағымдағы инвестициялық қоржын
|
Перспективалық жобалар
|
Қоржын жобаларының жалпы саны
|
2012 жылға дейін іске асырылған жобалар
|
Іске асырылатын жобалар
|
Саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
саны
|
сомасы
|
Мұнай-газ
|
31
|
7 111
|
9
|
1 091
|
22
|
6 020
|
32
|
4 134
|
Химия
|
7
|
1 031
|
-
|
-
|
7
|
1 031
|
6
|
1 502
|
Тасымалдау
|
22
|
2 311
|
13
|
353
|
9
|
1 958
|
6
|
116
|
Телекоммуникация
|
5
|
199
|
-
|
-
|
5
|
199
|
-
|
-
|
Энергетика
|
8
|
1 223
|
2
|
64
|
16
|
1 159
|
32
|
1 997
|
Тау-кен өнеркәсібі
|
8
|
192
|
-
|
-
|
8
|
192
|
-
|
-
|
Атом саласы
|
2
|
44
|
1
|
5
|
1
|
40
|
-
|
-
|
Машина жасау
|
7
|
29
|
2
|
10
|
5
|
19
|
3
|
3
|
ЖИЫНЫ
|
100
|
12 140
|
27
|
1 522
|
73
|
10 619
|
79
|
7 752
|
Қор Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауларын, ҮИИДМБ, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын және елдің басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру шеңберінде ұлттық экономиканы әртараптандыру және жаңғырту жөніндегі міндеттерді іске асыруға барынша жәрдем көрсетеді.
ҮИИДМБ шеңберінде Қор жалпы құны 4,2 трлн. теңге 18 инвестициялық жобаны іске асырады. Салалық бөліністе тиісті жобалар мұнай-газ, мұнай-химия, көлік, энергетика, химия, металлургия салаларын қамтиды. Көрсетілген жобаларды іске асыру құрылысын салу кезеңінде 38 мың жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 16 мыңнан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік, салалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Үкіметтің тапсырмасы бойынша іске асырылатын жобалар салынған капиталға беру жөніндегі Қор компанияларының ең аз талаптарын орындамайды. Сондықтан компаниялар әлеуметтік жобаларды іске асыру кезінде, әдетте, республикалық бюджеттен және ҚР Ұлттық қорынан қаржыландыру алады.
Валюталық тәуекелдерді азайту мақсатында Қор компаниялары қарыз алудың бір бөлігін капиталдың ішкі нарығында жүзеге асырады. Капитал шығындарын қаржыландырудың қосымша көзі ІРО өткізуден тартылатын қаражат болады. Сондай-ақ Қордың тобында ішкі топтық қаржыландыру пайдаланылатын болады.
ҚР экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырыстарының
2012 жылғы 5 сәуірдегі №17-5/и-380 хаттамаларына сәйкес ҚР Ұлттық қорында және республикалық бюджетте көзделген 352,1 млрд.теңге сомасындағы қаражатты 2012-2013 жылдар ішінде қайталап пайдалану туралы шешім қабылданды, 2012 жылғы 21 қыркүйектегі №11-5/11-7 қбпү «Арқалық-Шұбаркөл» и «Жезқазған-Бейнеу» темір жол желілерінің құрылысын салуға бөлінген Ұлттық қордың қаражатын қайта бөлу бекітілді.
«Мұнай-газ» сегменті бір компаниядан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-тан тұрады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) қызметінің негізгі түрлері мұнай-газ саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысу, келісім-шарттарға үлестік қатысу арқылы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда мемлекет мүдделерін білдіру, корпоративтік басқару және көмірсутегілерін барлау, әзірлеу, өндіру, өңдеу, сату, тасымалдау, мұнай құбырлары мен газ құбырларын және мұнай-газ кәсіпшілігі инфрақұрылымын жобалау, салу, пайдалану мәселелері болып табылады. ҚМГ құрылымына
7 деңгейдегі 209 компания кіреді.
2012 жылдың ішінде Қазақстан Республикасында шамамен 79,2 млн. тонна мұнай өндірілді,
14,2 млн. тонна мұнай өңделді. 2011 жылмен салыстырғанда мұнай өндіру азаюы 1,1%, ал мұнай өңдеу өсімі – 3,6 % құрады. Қазақстандағы мұнай мен газ конденсатын өндірудің жалпы көлеміндегі ҚМГ үлесі 2012 жылы 26,4%-дан 27% дейін, мұнай өңдеу бойынша өзгерген жоқ және 83,3% құрады, мұнай экспорты бойынша 13,4%-дан 13,9% дейін ұлғайды.
2012 жыл ішінде ҚМГ-да мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 914 қаулысымен «ҚазТрансГаз» АҚ (бұдан әрі – ҚТГ) газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор болып белгіленді;
2) «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (бұдан әрі – ҚМГ БӨ) Директорлар кеңесі «Өзенмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалдарын акцияларының 100% ҚМГ БӨ тиесілі болатын акционерлік қоғамдарға қайта ұйымдастыру қажеттілігімен келісті;
3) «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» АҚ (бұдан әрі – ҚТКФ) қазақстандық металл өнімін тасымалдауға кірісті. 2012 жылғы 26 сәуірде 5 мың тонна көлеміндегі алғашқы партия Анзали портына (Иран Ислам Республикасы) дейін тасымалдау үшін Ақтау портындағы ҚТКФ кемесіне тиелді;
4) «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (бұдан әрі – АМӨЗ) Қытайдың Экспорт-импорт банкімен, Japan Bank for International Cooperation, Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ және Қазақстанның Даму банкімен Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенін салуға кредиттік келісімге қол қойды.
АМӨЗ-де ҚР, Қытай Халық Республикасы, Жапония мұнай компаниялары басшыларының, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені құрылысының іргетасына «бірінші тас қалау» салтанаты өткізілді;
5) Қазақстанда корей компаниясының тапсырысы бойынша Жамбыл жобасында Теңіз-Бұрғылау («ҚазМұнайТеңіз» АҚ ЕҰ) операторы пайдаланатын Каспий қайраңында пайдалануға арналған алғашқы Caspian Explorer бұрғылау қондырғысы салынды;
6) 2011 жылғы 14 желтоқсанда Қараығанақ жобасына қатысатын компаниялар мен Қазақстан Республикасының арасында «Реттеу туралы келісімге» қол қойылды, соның нәтижесінде Қазақстан Республикасына жобаға қатысу үлесінің 10% берілді;
Келісімнің нәтижесінде Қарашығанақ консорциумына қатысу үлесі мынадай түрде бөлінді: BG Group 29,25%, Eni 29,25%, Шеврон 18%, Лукойл 13,5% және Қазақстан Республикасы 10%;
Осыған байланысты ҚМГ «Өнімді бөлу туралы түпкілікті келісімдегі үлестерді басқару жөніндегі компания» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 100% сатып алды;
7) ҮИИДМБ шеңберінде іске асырылатын «Құрық кентінде кеме жасау/кеме жөндеу зауытын салу» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды;
8) Ромпетрол компаниясы қыркүйекте Петромидия мұнай өңдеу зауытын жаңғырту бағдарламасын аяқтады;
9) «Қазтрансгаз» АҚ «Тараз қаласындағы газ бөлу жүйесін жаңғырту» жобасын іске асыруға кірісті;
10) «ҚазМұнайТеңіз» МҰК» АҚ (бұдан әрі – ҚМТ) орталық кеңсесі Астана қаласынан Ақтау қаласына көшірілді;
11) Fitch Ratings рейтингілік компаниясы ҚМГ шееетттелдіііккк валютадағы эмитент дефолтының ұзақ мерзімді рейтингін (ЭДР) «Тұрақты» болжамымен «ВВВ» деңгейіне дейін көтерді;
12) 2012 жылғы 19 сәуірде ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 822 қаулысына сәйкес Қорға «Арқагаз» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті берілді. Өз кезегінде ҚМГ негізгі компаниядан «Арқагаз» АҚ қатысу үлесінің 100% сатып алды;
13) «ҚазТрансОйл» АҚ ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 8 қазандағы № 1273 қаулысына сәйкес магистралдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор болып белгіленді;
14) 2012 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан қор биржасында «ҚазТрансОйл» АҚ жай акцияларын қайталама нарықта сауда-саттығы басталды. «ҚазТрансОйл» АҚ өз акцияларын «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде орналастырған алғашқы компанияға айналды.
Іс жүзіндегі орташа саны өндірістік персоналмен қосқанда 84 349 бірлікті құрады.
«Тау-кен өнеркәсібі» сегменті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ, «Біріккен химия компаниясы» ЖШС, «Тау-Кен Самұрық» ҰТКК» АҚ, «Қазгеология» ҰГК АҚ топтастырады.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – ҚАӨ) атом энергетикалық станцияларына арналған уранның және оның қосылыстарының, ядролық отынның, арнайы жабдықтар мен технологиялардың, қосарлы қолдану материалдарының экспорты мен импорты бойынша Ұлттық операторы болып табылады. ҚАӨ қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:
уран өндіру, уран өнімдерін өңдеу және сату;
тантал мен бериллийден жасалған бұйымдар шығару және сату, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен әзірленімдер;
электр энергиясын, жылу энергиясын және су өндіру және сату;
өзге де өнімдер өндіру және сату және негізгі өндіріс үшін қызметтер көрсету.
ҚАӨ активтерінің құрылымы 4 деңгейдегі 72 компаниядан тұрады. Одан әрі топ активтерін қайта құрылымдау жөнінде жүргізілетін іс-шаралардың шеңберінде ҚАӨ бақылау алу және ықпалды күшейту мақсатында тәуелді және бірлесіп бақыланатын өндіру ұйымдарындағы үлесті ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыратын, сондай-ақ компания қызметінің қаржылық нәтижелерін жақсарту мақсатында бейіндік емес активтер мен объектілерді сататын, тарататын, мемлекеттік органдарға беретін болады.
2012 жылы мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) 2012 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында Мемлекет басшысының қатысуымен 50 МВт белгіленген қуаты немесе еуропалық стандарт пен сападағы 230 мың фотоэлектр модульдер қуатындағы фотовольттік пластиналар жасау жөніндегі зауыт іске қосылды;
2) Қызылорда облысында қуаты жылына 50 мың тонна күкірт қышқылы зауыты пайдалануға енгізілді («СКЗ-U» ЖШС);
3) Степногор қаласында қуаты жылына 1500 тонна сирек жер металдары концентраттары болатын SARECO БК сирек жер металдары ұжымдық концентраттарының тәжірибе-өнеркәсіптік өндірісін іске қосу болды.
Іс жүзіндегі орташа сан 21 215 бірлікті құрады, оның ішінде 19 057 бірлік өндірістік персоналдікі.
«Тау-Кен Самұрық» ҰТКК» АҚ (бұдан әрі – ТКС) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 15 қаңтардағы №10 қаулысына сәйкес, тау-кен металлургия саласын одан әрі дамыту мақсатында құрылды.
ТКС негізгі қызметі қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, басым қатты пайдалы қазбалардың (ҚПҚ) шикізаттық базасын тиімді игеру, өндірістік активтерді біріктіру және оларды тиімді басқару есебінен компанияның құнын арттыруды жүзеге асыру болып табылады.
Бүгінгі таңда ТКС инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді, перспективалық объектілерге геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізу үшін жобалық қаржыландыру тартуды, техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану құқықтарын алуды көздейтін инвестициялық даму кезеңінде тұр.
ТКС құрылымына 2 деңгейдегі 6 компания кіреді, олардың 3-і стратегиялық әріптестермен бірлесіп инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында құрылған.
2012 жыл ішінде ТКС мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) 2012 жылғы 7 ақпанда ТКС Басқарма төрағасы болып М.А.Тұрмағамбетов тағайындалды.
2) 2012 жыл ішінде ТКС құрылымында мынадай ұйымдар құрылды:
Кейіннен әріптестен қатысу үлесінің 50% сатып алумен Қазақстанда минералдық ресурстардың кен орындарына қайта бағалауды жүргізу үшін әріптеспен бірлескен «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС және ТКС қатысу үлесінің 100%-мен БК-ны «Тау-Кен Жоба» БК» ЖШС еншілес ұйымы етіп қайта ұйымдастыру (05.03.2013ж.);
Ешкіөлмес кен орнында алтынды, мысты барлау және өндіру жобасын іске асыру мақсатында әріптеспен бірлескен «Тау голд копер»БК» ЖШС;
«Қарағанды облысының Алайғыр кен орнында полиметалл рудаларын өндіру» инвестициялық жобасын іске асыру мақсатында ТКС қатысу үлесінің 100%-мен «Алайғыр» БК» ЖШС;
Тау бөктеріндегі Кетпен учаскесінде алтынды барлау жобасын іске асыру мақсатында ТКС қатысу үлесінің 100%-мен «Тау Кетпен» ЖШС.
3) 2012 жылғы 3 шілдеде аффинаж зауытының құрылысы басталды;
4) 2012 жыл ішінде мынадай жобалар бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар жасалды:
Ақмола облысындағы Ешкіөлмес кен орнында алтынды, мысты барлау және өндіру;
Қарағанды облысындағы Батыс Саяқ кен орнында титан-магний рудаларын барлау және өндіру;
Алматы облысы Тау бөктеріндегі Кетпен учаскесінде алтынды барлау және өндіру;
Ақмола облысындағы Жақсылық учаскесінде марганец рудаларын барлау.
«Біріккен химия компаниясы» ЖШС (бұдан әрі – БХК) ҚР Үкіметінің 2008 жылғы
13 қазандағы кеңейтілген отырысы барысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «химия саласының жобаларымен айналысатын арнайы компания құру» жөніндегі тапсырмасын орындау үшін құрылды.
БХК жергілікті және әлемдік нарықта қажет етілетін қазіргі заманғы химия өнімдерін шығаруға арналған отандық көмірсутегі және минералдық шикізатты тереңдетіп қайта өңдеуге бағытталған инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру жолымен Қазақстан Республикасында химия өнеркәсібін дамытуға жәрдемдеседі.
2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша БХК активтерінің құрылымы 8 компаниямен ұсынылады.
2012 жылы мынадай елеулі оқиғалар болды:
1) ҚР Президенті «Тараз химия паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Жарлыққа қол қойды;
2) БХК «Атырау облысында біріктірілген газ-химия кешенін салу – 2 фаза (полиэтилен)» жобасының операторы – «KLPE» ЖШС (бұрын «Ammonia production and distribution» ЖШС) қатысушысына айналды. «KLPE» ЖШС басқа қатысушылары – «Sat&Company» АҚ және «LG Chem Ltd.»;
3) БХК «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-дан «KPI Inc.» ЖШС-дағы қатысу үлесінің 51% сатып алды.
2009 жылғыыы қааазззаннан бастап осы үлес БХК-ның сенімгерлікпен басқаруында болды;
4) «Officium ProjectsLtd.» және «Tecnimont S.p.a.» бірлесіп «БХК Инжиниринг» ЖШС мамандандырылған инжинирингілік компания құрылды;
5) «Propylene Pack» ЖШС бірлесіп «Полимер Продакшн» ЖШС – Атырау облысында полимер өнімдерін өндіру жобасының операторы құрылды;
6) «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-мен бірлесіп «ХИМ-плюс» ЖШС – үш хлористі фосфор, каустикалық сода, хлор және глифосат өндіру жобаларының операторы құрылды.
Есепті кезеңнің қорытындылары бойынша іс жүзіндегі орташа сан 150 бірлікті құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |