|
13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөнiндегi куәлiкпен куәландырылады, онда мыналар болады:
1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;
2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке адам үшiн);
3) кепiл туралы шартты немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны және оның нөмiрi;
4) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
5) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
6) тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеу нөмiрi;
7) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi.
2. Кепілді тiркеу туралы куәлiкке уәкiлетті лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылады.
3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты екі жұмыс күні ішiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын беруді жүргізеді.
4. Тiркеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда сот тәртiбiмен жарамсыз болып танылуы мүмкiн.
|
13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк
1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөнiндегi куәлiкпен куәландырылады, онда мыналар болады:
1) тiркеушi органның, нотариустың және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;
2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке адам үшiн);
3) кепiл туралы шартты немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны және оның нөмiрi;
4) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;
5) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;
6) тiркеушi орган, нотариус және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеу нөмiрi;
7) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi.
2. Кепілді тiркеу туралы куәлiкке уәкiлетті лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның, нотариустың және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылады.
3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган, нотариус және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты екі жұмыс күні ішiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын беруді жүргізеді.
4. Тiркеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары бұзылған жағдайда сот тәртiбiмен жарамсыз болып танылуы мүмкiн..
| 1 бәсеке бойынша тексеріс
«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Заңның 5 бабының 1 тармағына сәйкес, Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.
Мемлекеттік монополия өз құрамын бойынша төмендегілерді қамтамасыз ету қажет болатын салаларда енгізіледі:
Конституциялық құрылыс;
Ұлттық қауіпсіздік;
Қоғамдық тәртіпті сақтау;
Адам құқықтары мен бостандықтары;
Халық денсаулығы.
Қызметтің бұл түрі жеке секторға, атап айтқанда, нотариатқа тапсырыла алады. Халықаралық тәжірибені, атап айтқанда, Ресей Федерациясының тәжірибесін зерттеу келесі нәтижені көрсетті. ҚР «Нотариат туралы» заңнамасының Негіздеріне сәйкес, жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік кепілдігі туралы хабарламаларды тіркеу нотариат функцияларына жатады. Бұл мақсаттар үшін, нотариаттың бірыңғай ақпараттық жүйесінде жылжымайтын заттарға жатпайтын мүлік кепілдігі туралы хабарламалардың тиісті тізілімі жұмыс жасайды. Осыған байланысты жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу бойынша қарым-қатынастарға қатысушыларды нотариустармен толықтыру ұсынылады. |